7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему Тамақтанудағы тәртіп

Открытый урок на тему Тамақтанудағы тәртіп

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Пән аты: қазақ тілі

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Тамақтанудағы тәртіп

Сабақтың мақсаты: Тамақтанудағы тәртіп тақырыбы бойынша оқушылардың қазақша сөйлеу дағдыларын, тідесімдік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тамақтанудағы қателіктер туралы мәлімет беру. Тиімді тамақтанудың қағидалары мен ұсыныстарымен таныстыру. Оқуға, білімге құштарлығын арттыруға баулу.

Тәрбиелік: Қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту. Сөйлеу мәнерлерін қалыптастыру, сөздік қорларын молайту. Есте сақтау қабілеттерін кеңейту, қалыптастыру. Ойнау, қабылдау ойын жеткізу қабілеттерін арттыру, білім қорларын жинақтап, дамыту.

Сабақтың түрі: топтың жұмыс

Сабақтың әдес - тәсілі: ой қозғау стратегиясы, түсіндіру, сұрақ жауап, жаттығу,

Сабақтың көрнекілігі: инт. тақта, бейнеролик, кластер, графикалық кесте.

Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, биология

Сабақтың барысы:

I. Ұымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару:

Шаттың шеңберін құру (оқушылар екі жеңбер құрады: ішкі және сыртқы. Ішкі шеңберді құрайтындар сыртқы шеңбердегілерге қарап тұрып, жақсы тілек айтып, оң жағына қарай бір адым жылжиды. Осылайша шеңбер бойымен барлығы бір - біріне жақсы тілек айтып, екі топқа бөлініп отырады.

3. Кезекшімен сұхбаттасу (оқушыларды түгендеу)



II. Үй тапсырмасын тексеру: 1.Денсаулық дегеніміз не? Деген сұраққа екі топ кластер арқылы жауап береді.

2. кестені толтыру. А,В,С,Д дәрумендері қанлай тағамдарда кездеседі.





III. Жаңа тақырып:

  1. Бейнеролик көрсетіледі.

</ (бейнеролик көру арқылы оқушылар тақырыпты анықтайды.)

IV. Жаңа тақырыпты меңгерту:

Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын бүгінгі сабақтың жаңа сөздерімен танысайық.





Қателік-ошибка

Майлы-жирный

Жасанды-искусственный

Құрам-состав

Сусын-напиток



Тамақтанудағы қателіктер:

Бірінші қателік- тамақты көп жейміз

Екінші қателік- майлы тамақты жақсы көреміз.

Үшінші қателік-қандай тағамды ішіп-жейтінімізді таңдап-талғай білмейміз.

Төртінші қателік-әртүрлі жасанды сусындарды көп жейміз.

Бесінші қателік -өз уақытында тамақтанбаймыз.

Алтыншы қателік - тәттіні көп жейміз.

Жетінші қателік - теледидар көріа отырып, тамақ ішкенді ұнатамыз.

Сегізінші қателік-тағамдардың құрамына көңіл бөлмейміз.



  1. «Ой қозғау» стратегиясы.

Тамақтану тәртібі дегеніміз не?

(Интерак. тақтадан тамақтануды тиімді ұйымдастыру туралы мәліметпен таныстыру, аудару)

1-тапсырма

1 - ші топ: Алғашқы үш сөйлемді көшіріп, септік жалғауларын анықтаңдар.

2 - ші топ: Қалған үш сөйлемді көшіріп, септік жалғауларын анықтаңдар.

2- тапсырма

Графикалық кестені толтыр:

Сергіту сәті

3- тапсырма

1-топ. Берілген сөздерді ілік, барыс, жатыс септігіне қойып жазыңдар.

Асхана, тамақ, денсаулық, тәтті, сусын.

2- топ. Берілген сөздерді ілік, барыс, жатыс септігіне қойып жазыңдар.

Өмір, ас, адам, тағам, құрамы.





V. Жаңа сабақты бекіту, қорыту.

«Ыстық орындық» әдісі арқылы әр топтан кофе таяқшаларының көмегімен бір оқушы шығады екінші топ сұрақ қояды.

VI. Үй тапсырмасын беру.

Интерактивтік тақтада берілген:

  1. Асқа байланысты мақал- мәтелдер жаттау

  2. Мәтінді мазмұндау



VII. Оқушылардың жауаптарын бағалау, мадақтау.

VIII. Рефлекция. Көңіл күйлерің қалай? Берілген тапсырмалар қиын болды ма? Қандай тапсырмаларды орындауда қиыншылық туды?





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал