- Учителю
- 5Сынып. Сабақ жоспары. 'ӘДеби тілдің ауызша және жазбаша түрлері'
5Сынып. Сабақ жоспары. 'ӘДеби тілдің ауызша және жазбаша түрлері'
Сабақ жоспары
-
Пән аты: Қазақ тілі
-
Сыныбы: 5 Тексерілді
-
Күні, айы, жылы:
-
Тоқсан: І
Сабақтың тақырыбы: Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрлері
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Оқушылардың әдеби тіл және оның түрлері бойынша алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке, достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.
-
Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту.
Сабақтың типі: бекіту
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау,жаттығу, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
-
Әдеби тіл туралы түсінік.
-
7,8-жаттығулардың орындалуын тексеру.
ІІІ. Бекіту сабағын өткізу.
-
Оқулықпен жұмыс.
9-жаттығу
«Сөз» қай жерде қандай мағынада қолданылып тұрғанын айтыңдар.
ауыс тура
-
Жиналыста Марат сөз алды. 2. Сөз соңында айтарымыз-елдің,
ауыс ауыс
халықтың бірлігі. 3.Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел. 4. Сөз сүйектен
ауыс ауыс
өтеді, таяқ еттен өтеді. 5. Сөз қуған пәлеге жолығады. 6. Өлең-сөздің
тура
патшасы, сөз сарасы. 7. Көркем сөз- көрікті ойдың жемісі. 9. Жақсының
ауыс
соңынан сөз ереді.
10-жаттығу
Қалай ойлайсыңдар, сөйлеу түрлерінің (ауызша сөйлеу, жазбаша сөйлеу) қайсысы бұрын шыққан?
Өздеріңнің тілді үйрену тәжірибелеріңді ескере отырып жауап беріңдер.
Үлгі: Меніңше, ең әуелі… сөйлеу пайда болған да, содан кейін… сөйлеу шыққан. Себебі…
11-жаттығу
Өзің жазған шығарманы ата-анаңа оқып бердің делік. Осы жерде сен сөйлеудің қай түрін қолдандың? Неге?
12-жаттығу
Телехабардағы диктор сөзін тыңдағанда, «Ұлан» газетінде жарияланған мақалаларды оқығанда, біз тілдің қай формасын қабылдаймыз? Ойыңды дәлелде.
ІV. Үй тапсырмасын беру:
-
14-жаттығу. Қосымша 10 тыйым сөз жазу.
-
«Менің сүйікті кітабым» тақырыбына шығарма жазу.
V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VI. Сабақтың аяқталуы.