- Учителю
- Қалмахан Әбдіқадыров шығармаларының көркемдік ерекшеліктері ғылыми жоба
Қалмахан Әбдіқадыров шығармаларының көркемдік ерекшеліктері ғылыми жоба
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .............................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Қалмақан Әбдіқадыровтың шығармашылық өмірбаяны және
поэзиялық шығармалары
1. 1 Қалмақан Әбдіқадыровтың шығармашылық өмірбаяны.........................5
1. 2 Лирикалық өлеңдері .................................................................................9
-
3 Қ.Әбдіқадыров поэмалары......................................................................12
2 Қаламгер прозасының көркемдік ерекшеліктері
-
1 Жазушы әңгімелерінің реалистік сипаты ................................................16
-
2 Қаламгер повестеріндегі басты кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы......18
-
3 Қ.Әбдіқадыровтың аудармашылық шеберлігі.........................................23
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .........................................................25
Аңдатпа
№152 қазақ орта мектебінің 8 сынып оқушысы Бақназарова Шұғыланың шығармаларының көркемдік ерекшеліктері» атты ғылым жобасы қазақ әдебиеті тарихындағы белгілі тұлға, атақты классикалық шығарма «Мың бір түнді» қазақ тілінде сөйлеткен жерлесіміз Қ.Әбдіқадыровтың шығармашылық өмір жолын терең зерттеу.
Жұмыстың мақсаты: Қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен келген жерлес ақын, жазушы, аудармашы Қалмақан Әбдіқадыровтың өмірі мен шығармашылығын терең зерттеу, оның мәңгілік өшпес әдеби мұрасына кеңінен талдау жасай отырып, оның әдебиетіміз бен мәдениетіміздегі алар орнын айқындау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, Қалмахан Әбдіқадыровтың шығармашылық өмір жолы жан-жақты талданып, қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны өз дәрежесінде танытыла білсе, онда жас ұрпақтың бойында ата-бабаларымыздың атқарған істеріне, әдебиетіміз бен мәдениетімізге деген құрметтері артып, таным қабілеттері арта түсер еді.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: Бабалар ісін ардақтау, құрметтеу, оларды үнемі есте сақтау қажеттілігінің нәтижелілігі айқындалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта Қалмахан Әбдіқадыров еңбектерін әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге көмекші құрал, сондай-ақ мектептің әдебиеттану пәндерінен эллективті курстардың бағдарламасына енгізуге болады.
Зерттеудің дербестік нәтижесі:
-
Жазушының өскен ортасы, шыңдалу кезеңдері мен атқарған қызметтері жайы кеңінен баяндалады;
-
Көркем әдебиетке қосқан өзіндік сүбелі үлесі жүйеленіп, жинақталған;
-
Әңгімелеріндегі реалистік сипат баса көрсетіледі;
-
Поэзиялық шығармаларына зерттеушілердің талдаулары, көзқарастары, әр жылдардағы айтқан пікірлері қамтылады.
-
«Қажымұқан» повесінде батыр тұлғасын берудегі жазушының қолданған көркем тәсілдері (мінездеу, портреттік бейнелеу, психологизм, ішкі монолог, диалог) анықталады;
-
Қаламгердің аудармашылық қарым-қабілеті ашылып көрсетіледі.
Жұмыстың орындалу әдістері. Жазушының шығармашылық өмірімен терең танысу, естеліктер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу, әдеби талдау, салыстыру әдістері қолданылған.
Кіріспе
"Көгерген көк сияқты көрдім жарық,
Адаммын - адамзаттан тудым анық.
Жәрдемшім, жарылқаушым, жазалаушым,
Сүйерім, сүйенерім, тәңірім - халық!
Қ.Әбдіқадыров
Қазіргі қазақ әдебиетінің өсіп, өркендеп, биік белеске көтерілуі, дүниежүзілік реалистік әдебиеттің іргелі бір арнасына айналуы болып табылады. Қазақ әдебиетіндегі шығармалар - халқымыздың қалыптасуы, дамуы кезеңдерінің көркемдік шындықпен бейнеленген рухани қазынасы десек, сол қазынаның әр саласынан қалам тартқан, артына мол әдеби мұра қалдырған Қалмақан Әбдіқадыровтың шығармаларының өзіндік орны ерекше.
Бүгінгі таңда әдебиетінің, соның ішінде прозаның тақырыптық, идеялық, шеберлік аумағы әдеби үрдіске сай кеңеюде. Әдебиетіміздің өсу тәжірибесінен байқалатын шындық - қаламгерлеріміздің әлеуметтік өмір тәжірибелерін неғұрлым толық зерттеуге ұмтылуы, өздерінің дарынына лайық жанр талдап, мәнер, стильді қатыстыруы,
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әдебиет жанрының дамуына өз үлесін қосып, халықтың тұрмыс-тіршілігінің сан қырын өз шығармасына арқау еткен жазушы Қалмақан Әбдіқадыровтың мұралары терең зерттеуді қажет етеді.
Қ. Әбдіқадыров - қазақ әдебиеті тарихында белгілі тұлға. Ол - артына мол мұра қалдырған, қазақ кеңес әдебиетіне елеулі үлес қосқан көрнекті қаламгер.
Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, оның қас-қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт.
Ақындық өмір жолын 1925 жылы «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Социалистік Қазақстан») газетінің редакциясында көшір болып істеген жылдардан бастаған, білім жинау жолында ресми мектеп бетін көрмеген Қ. Әбдіқадыров бас-аяғы «он жылдың ішінде белгілі жазушылардың қатарына кірді» (С. Сейфуллин). Әрине, бұл құбылыстың өзіне тән саяси-әлеуметтік ерекше бір сыр-сипаты бар-тын. Біріншіден, Қ. Әбдіқадыров - еңбекші-жалшының өз ішінен шыққан, сол таптың өмірі мен күресін көрсетуші өзінің негізгі шығармашылық принципі ете білген қаламгер. Екіншіден, бұрын езгіде болған еңбекші қауым өкілдерін Совет өкіметінің тұңғиық қара түнектен құтқарып, дүниенің жарық төріне шығарған жебеуші құдіретін анық тани біліп, өзінің осы идеясы мен тақырыбынан ешқашан ауытқымай, айнымай, қайта сол ұлы мұрат-мақсаттың жеңімпаз істерін заман көші, қоғам дамуына лайық тереңдетіп, салаландырып жырлаған ақын. Үшіншіден, өзінің алдындағы аға буын қаламгерлердің
бірсыпырасы секілді Қалмақан да, жүйелі білім ала алмаса да, оның әдебиеттің әр жанрына қалам тартып, елеулі еңбек жасауы - кітап оқуға, білім жинауға деген қызығушылығының молдығынан, өмірдің өзінен оқып, қалам еңбегімен өскендігінен деп түсінген жөн.
Әдебиет әлеміне өзгеше сарынмен келген Қалмақан Әбдіқадыровтың өмірі мен шығармашылығы, поэзия, проза, аударма саласындағы шығармалары сөз болып, арнайы зерттеудің өзектілігі айқындалады.
Зерттеудің нысаны. Ақын, жазушы, аудармашы Қалмақан Әбдіқадыровтың өмірі мен шығармашылығы (өмірі, прозасы, поэзиясы, аудармасы).
Зерттеудің мақсаты. Қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен келген жерлес ақын, жазушы, аудармашы Қалмақан Әбдіқадыровтың өмірі мен шығармашылығын терең зерттеу, оның мәңгілік өшпес әдеби мұрасына кеңінен талдау жасай отырып, оның әдебиетіміз бен мәдениетіміздегі алар орнын айқындау.
Зерттеудің міндеттері:
- Қалмақан Әбдіқадыровтың өмірі, өскен ортасы, өсу жолдарын зерттеу;
-
Ақынның поэзиялық шығармаларының яғни лирикасы мен поэмаларының ерекшеліктерін саралау;
-
Жазушының проза жанрындағы әңгіме, повестерін жүйелеу;
-
«Қажымұқан» повесі жөніндегі шындықты жазудағы мақсатын айқындау;
-
Аударма жасаудағы суреткерлік шеберлігін анықтау.
Негізгі бөлім
1 Қалмақан Әбдіқадыровтың шығармашылық өмірбаяны және
поэзиялық шығармалары
-
1 Қалмақан Әбдіқадыровтың шығармашылық өмірбаяны
Әдебиет жанрының әр саласынан қалам тартқан, халық өмірінің түбегейлі мәселелерінің бәріне үн қосып, саяси-әлеуметтік, көркемдік-тілдік мәні зор өлеңдер мен эпикалық дастандарының авторы, артына мол әдеби мұра қалдырған Қалмақан Әбдіқадыров 1903 жылы 15 сәуірде бұрынғы Түркістан өлкесі, Ақмешіт уезі, Жүлек болысына қараған 15-ауылда (қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі ауылында) почтаның атын айдаушы момын шаруа Әбдіқадырдың отбасында дүниеге келеді. Әбдіқадырдың руы - алтыбас-қыпшақ, қостанайлық атақты Қойлыбай бақсының немересі. Қалмақан әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, ежіктеп хат танитын күйге жетеді. «Әкем - кариб. Оның кем-таршылығы болғандықтан, он жасымнан былай жұмысқа үлкен кісідей қатыстым» - деп жазады.
«1913 жылы Шиелі базарында Тәжімбет дейтін кәуап сатушы кісі болатын. Әкеммен жасы қатар кісі еді. Біздің үйге мал алып қойып, бордақылап семірген соң, содан кәуап істейтін. Базар күні соның қасында болып, оның «Кәуап, кәуап!... жүгірсең - жеттің, жортсаң - қалдың» дегенін қызық көретін едік. Ол мені күзге қарай әкемнен өзіне жәрдемшіге сұрап алды. Ол кісі Дүйсенбай, Мұсабай деген байлармен бірге тұрады екен. Олар Түркістаннан көшіп келген көпестер еді... маған осы үйде бір қызық жаңалық тап болды. Бір күні сауда ерте бітті де, шалдың қасаптан алған етін үйге әкелсем, қызы екі жеңгесімен бірге кітап оқып отыр екен. Мен сол кітаптың мұқабасын аштым да, «Бес бәйіт» дедім. «Ойбай, мына жүгірмек хат тани ма?» - деді үлкен жеңгесі. Олар хатты шала танитын жандар екен де, Қалмақан ежіктеп жатпай, зулатып тез оқи жөнелгенде, аң-таң қалысады. Сөйтіп бала Қалмақан кәуапшы шалдың қыз-келіншектеріне сол кітапты күн сайын оқып беріп жүреді, ал кемпір-шалдары «Қисса-Әмбияны» оқытып, ермек етеді. Осындай үш кітап оқығаннан кейін Қалмақан шағатай-түрік тілдерінде еркін оқитын, түсінетін ахуалға жетеді.
1914 жылы Орта Азияның үлкен-үлкен қалаларынан келіп, Шиелі базарынан түйе сатып алушылар түйелерін айдауға кірекештер жалдайды. Ақан Серінің «Құлагер» әнін сүйіп, жақсы айтатын болғандықтан, жұрт «Берібай» атандырып жіберген Қалмақанның әкесінің немере інісі Жүсіп екеуі саудагерлерге жалданады. Күзде Шиеліден шығысқа қарай жол тартқан түйелі керуен Самарқан, Бұхара, Әндіжан, Наманған базарларына аялдап, сауда-саттық жасайды. Әндіжан, Наманғаннан шыққан соң, саудагерлер Жақып ахун деген қашқарлықтың ұсынысы бойынша керуенді Қашқарияға айдауға келіседі. Бес кісінің бірі болып «Ұлы сапарға» Қалмақан да нар тәуекел етеді. Жиырма алты күн жүріп, Мағират тауының асу бермес асқарларынан асып, шекараның ала бағанасынан өткен кезде көгілдір түтіні, ондағы көк күмбезді сағанат-ғимарат үйлерінің биік төбесі көрініп тұрған Қашқария қаласының «дәмі тартпай» керуен кейін қайтарылады. Сол жылы (1915 жылы) Шиелі керуеннің жүрдек түйелері арып, шаршап, Қоқан қаласына келіп қыстайды. Түйелі керуен қаладан жиырма шақырым жердегі Паудақ деген далаға орналасады. Жолы болмай, қарызға белшесінен батқан пайдакүнем саудагерлер және кірешілер мен олардың көліктерін - түйелерін азық - түліктен қыса бастайды. «Ол жылы Ферғана алқабында ашаршылық еді, - деп еске алады Қалмақан, - бізді де қатты күйзелтті. Қожайыннан қорыққан түйекештер бір-біріне «бар-барлап» отырып, оған ақыры мені жібереді. Мен қожайындардың құжырасына кіргенде, алпамсадай біреуі «Рисала» кітабын оқып отыр екен. «Екеуі қалғып, тыңдап отыр, бір-екеуі ұйықтап қалыпты. Мені көріп қожайыным жақтырмай шығып кетті. Мен етпеттеп жата қалып, зуылдатып оқи бердім. Менің даусымнан оянып кеткен бір саудагер жанындағысын түртіп оятты. «Оқы» деді оянғаны. «Анау ит былжыратып оқи алмай отыр екен ғой, баланыкі түсінікті сияқты» деді. «Апрель айына шейін 80-90 кітап оқып бердім-ау деймін. Міне, шығыс әдебиетімен танысуым». Өзінің тұрмысында дарыған әдеби қабілеттілігін сезінген Қалмақанның білімге деген ынта-ықыласы, кітапқа құмарлығы осы кезден басталады.
Қалмақан өлең сөзге, ел ішіндегі ақын-жыршылар шерткен әңгіме-хикаяларға бала күнінен үйір болады. Оның өз жанынан өлең шығарып айтуы 13 жасынан басталады. Бертін келе ауыл ішінде «ақын бала» атанады. Ол шығарған әзіл-оспақ өлеңдерді де, ел ішінде жігіт-желең, қыз-келіншектер жаттап алып, айтып жүреді.
Сыр бойындағы 1918 жылдары болған ашаршылық салдарынан әкесі Әбдіқадыр өзінің туған еліндегі жамағайын, аталас рулас туыстарын сағалап, Қостанайға көшіп келеді. Мұнда болашақ ақын Дүйсеке деген байға үш жыл жалданып, жалаң аяқ жар кешіп, қызыл аяқ қыр кешіп жоқшылықтың ащы құйқасын тоя жейді. Осы жылдардың ішінде әке-шешесі, қарындасы өліп, кіші қарындасы мен інісі Қалмақанға қарап қалады. Жастайынан жетім қалып, көңілі мұңды болған үш бала 1920 жылы туған еліне - Сырдарияға қайта қоныс аударады.
1921-22 жылдары Кенжебек дегенге өзі жалданып, Шәдібай дегенге інісін жалдайды. Қаршадайынан жоқшылық тақсіретін тартып, кісі есігінде өмірі өксіген Қалмақан қыр соңынан қалмай қойған кесірлі қырсыққа нәлет айтып, 1922 жылы «Қырсықпен айтыс» деген өлең шығарады. Оның алғашқы жазып шығарған бұл өлеңі ел ішіне лезде тарап кетеді.
1922-25 жылдары бала ақын Шиелі аудандық орман шаруашылығына қарасты Домалақ тоғайдағы сексеуіл дайындау тресінде жүк тиеуші, Қазақстан астанасы Орынбордан Қызылордаға көшумен байланысты бірқатар жүк тиеушілер сонда жіберілгенде, Қалмақан да жаңа астанаға келіп, бұрынғы жұмысын жалғастырады. Жұмыстан қолы босаған кезде жатақханадағы жұмысшылармен әңгіме-дүкен құрып, жазған өлеңдерін оқып жүреді.
1925 жылы Қалмақан «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясына ат айдаушы болып орналасады. Мұның өзі, Қалмақанның көкірегінің оянып, дүние көзінің ашылуына, әлеуметтік күрестің мағына-мәнін түсінуге жан дүниесін тербеген арманы - ақындық өнермен, поэзиямен шұғылдануына игі ықпалын тигізеді. Әуелі ат айдаушы, кейін экспедитор болып істеп жүріп, ол өзінің саяси-идеялық бағытын бекіте түсумен қатар, жатса-тұрса қазақ еңбекшілерінің жыршысы болуды армандайды.
Қалмақанның Қызылордада жазылып, алғашқы баспа бетін көрген өлеңі «Сырдария» деп аталады (1925 ж). Осыдан кейін Қалмақанның есімі «Еңбекші қазақта» жиі көріне бастайды. Көп жазып, оқиғаларға шапшаң үн қосып отырады. Сөйтіп, газетпен байланысты болу Қалмақан поэзиясының актуалдығын арттырып, өлеңдерінің өткірлене түсуіне игі ықпалын тигізеді.
1926 жылы жас ақын ҚазАПП-қа мүшелікке қабылданады. Келесі жылы ол кәсіподақ қызметкерлерінің бес айлық курсын тамамдап, «Еңбекші қазақ» газеті жергілікті комитетінің төрағасы болып қайта келеді.
1927 жылы Қалмақанның «Жалшы» атты тұңғыш өлеңдер жинағы баспадан шығады. Жинаққа енген 25 өлеңнің тақырыбы - ауылдағы кедей-жалшылар өмірі, олардың әлеуметтік өмірге араласуы, табиғат пен адам арасындағы байланыс, еңбекшілердің колхозға ұйымдасуы, жаңа өмір жасауға құлшынған қазақ шаруаларының қарқынды еңбегі болып келеді.
1927 жылдың күзінен келесі жылдың күзіне шейін білім аңсаған жас ақын Қызылорда халық ағарту институтының дайындық бөлімінде оқиды. Сол жылы (1928 ж) Қалмақан партия қатарына енеді. Бұдан соң 1929 жылы Шиелідегі Домалақ тоғай отын дайындау тресінің жұмысшы комитетінің төрағасы болып істейді. 1929-30 жылдары «Еңбекші қазақ» газетінің жұмысшы тілшілер бюросы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 1930 жылы күзде газет редакциясы жолдамасымен Алматы қалалық КомВУЗ-да оқиды (бұрынғы жоғарғы партия мектебі). Бұл жылдары ақынның әр мезгілде, әртүрлі тақырыптарды қозғап, ел өміріндегі маңызды оқиғаларға үн қосу ретінде жазылған лирикалық қысқа өлеңдері мен поэмалары өз алдына екі кітап болып баспадан шықты.
Оның бірі - «Екпін» (1932 ж), екіншісі - «Шахтер» (1933 ж). Бұлардан басқа ересектер мен балаларға арнап жазған «Еңбекке қарғыс нәр қылмайды» (1933), «Колхоз малы» (1933), «Еңбек үлгісі» (1933), «Боранбай ауруханада» (1934), «Ленин мен Махмұт» (1934), «Құрушылар» (1934), «Каспийді кешкенде» (1934), «Алатаудың бауыры» (1935), «Түз» (1936), «Өміртайдың ауылы» (1936), «Тәтті қауын» (1936), «Таңба» (1936) тағы басқа көптеген шығармалары баспадан шығады.
1934 жылы Совет жазушылар Одағына мүшелікке өткен 31 жастағы Қалмақанға М.Горький өз қолынан 1701-нөмірлі жазушылық билетін тапсырады. 1935 жылғы қыста күллі Қазақстан жұртшылығы Қалмақан Әбдіқадыровтың әдеби қызметінің он жылдық мерейтойын тойлау қарсаңында ақынның «Таңдамалы өлеңдар жинағы» мен «Амантай», «Қыз жиналған жерлер» атты әңгімелер жинағы шығады. Ақын сол жылы «Қазақ СССР-нің XV жылдығы» белгісімен марапатталады. 1930 жылдардың бас шенінен 1938 жылға дейін ақын Алматыда газет-журнал және баспа орындарында әртүрлі жауапты қызметтер атқарады. «Сәтпаев» (1937) повесі орыс тілінде басылып, одақ оқушыларының ілтипатына ие болады.
Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.
Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты
арқылы ала аласыз!
10