7


  • Учителю
  • Урок казахского языка 'Киіз үй' 9 класс

Урок казахского языка 'Киіз үй' 9 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Киіз үй

Сабақтың мақсаты:
● Білімділігі:Қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы алған білімдерін арттыру, жаңа сабақты меңгерту

● Дамытушылығы: Оқушылардың білімдерін жинақтап, тұжырым жасай алуға, жеке, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру,грамматикалық талдау жұмыстарын жүргізу, ауызекі сөйлеу тілін дамыту
● Тәрбиелілігі: Ата дәстүрін ұмытпауға, әрқашанда қадірлеуге баулу

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап , венн диаграммасы,синквейн,постер қорғау
Сабақтың көрнекілігі: Киіз үйдің макеті, интерактивті тақта, слайд,видео,үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық жасау.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Сынып үш топқа бөлінген. Әр топтан топ жетекшілері сайланып, алдарына бағалау парақшалары таратылады. Сабақтың әр сатысынан кейін топ жетекшілері топ мүшелерінің білімін бағалап отырады.

« Сандықша ойыны» арқылы үй тапсырмасын тексеру

Сандықшадағы сұрақтар:

І топ.

1.«Балаға ат қою» мәтінін қысқаша әңгімеле

2. «Енші» сөзін түсіндір

3.«Шаңырақ иесі туды» деген ұғымды айт

4. Үш арсыз дегеніміз нелер?

ІІ топ.

1.« Бесікке салу» мәтінін қысқаша әңгімеле

2. «Жасау» сөзін түсіндір

3 «Қыз бала-жат жұрттық» деген ұғымды айт

4. Үш жұртыңды ата


ІІІ топ

1.«Тұсаукесер» мәтіні бойынша қысқаша әңгімеле

2.«Қара шаңырақ» деген ұғымды айт

3.Жеті атаны айтып шық

4.Қонақтың қандай түрлері бар?

ІІІ. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

-Түркі халқының бұрынғы баспанасы қалай деп аталады?

-Киіз үйдің құрылысы нелерден тұрады?

-Киіз түрлері қалай деп аталады?

-Киіз үй туралы қандай мәлімет білесіңдер?

Бейнебаяннан киіз үй туралы шағын мәлімет қарау

Мағынаны тану

Кіріспе сөз

-Бүгінгі сабағымызда киіз үй туралы алған білімдерімізді одан әрі дамытамыз, толықтырамыз...

1.Сөздікпен жұмыс жүргізіп,сөздерден сөз тіркестерін құрастыру,мәтінді оқытып,орысшаға аударту

Сөздік:

тұрақ жайы-кров,приют,жилище

мән-маңызы-значение

өзгертпей-здесь: не теряя

қастерлеп ұстау-уважать

дәріптеу-превознесение

бағаланды-оценился

2. Мәтінмен жұмыс:

І топ мәтін бойынша сұрақ құрастырады

ІІ топ диалог құрастырады

ІІІ топ мәтін мазмұнын айтады

Сергіту сәті (оқушылардың зейінін дамыту мақсатында)

Шаңырақ-бір-бірініңқолдарын ұстайды, кереге-иықтарына қолдарын салады, уық-қолдарын уық құсатып көтереді.

3.Грамматикалық тапсырмаларды орындату.

1.І топ: Синтаксистік талдау(82-бет,4-т. 2-сөйлем)

Оны қастерлеп ұстаған қазақ халқы екенін мақтанышпен айтамыз.

ІІ топ: Морфологиялық талдау(«Киелі» сөзі)

ІІІ топ: Синтаксистік талдау(82-бет, 4-т. 3-сөйлем)

Киіз үй- ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы,сондықтан халық қасиетті,киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді.

2. Салалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай ажырату:

1.Шаңырақтың ойықтарына айнала уықтар шаншылып, керегенің басына тізіле байланады.

2.Үйдің сүйегі толық құрылып болған соң, сыртын киізбен жабады.

3. Киіз үйде үнемі жайлы температура сақталады және оны реттеп отыруға болады.

4. Кереге артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.

5. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды.

6. Дәсүр бойынша киіз үйге басты төмен иіп, оң аяқпен кіру қажет.

ІV. І топ : «Синквейн» әдісін пайдаланып, «Шаңырақ» СӨЗІне
бес жолды өлең құрастырады.

І топ: «Болашақтағы киіз үй» тақырыбына постер қорғайды

ІІ топ: Венн диаграммасы арқылы киіз үй мен қабатты тас үйді салыстырады.
ІІІ топ : «Синквейн» әдісін пайдаланып, «Шаңырақ» СӨЗІне
бес жолды өлең құрастырады.

Сабақты қорытындылау

Бағалау:Топ жетекшілері бағалау бетшесіне қойылған топ мүшелерінің бағаларын айтады

Келесі сабақтың үй тапсырмасын орындау мақсатында «Жылжымалы киіз үй» атты видеодан үзінді көрсетіп, оқушыларға танымдық ой- пікір айтамын.

Үй тапсырмасы:«Заманауи киіз үйлердің халыққа пайдасы» тақырыбына эссе жазу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал