7


  • Учителю
  • Разработка урока по казахскому языку

Разработка урока по казахскому языку

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала











Разработка урока по казахскому языку



























































Разработка урока по казахскому языку



Күні:

Сынып:9

Тақырып:Бесікке салу

Сабақтың мақсаты:

1Білімділік.Бесікке салу салт-дәстүрі туралы мәлімет беру. Білетіндерін қайталау,тереңдету.

2Дамытушылық.Білім деңгейіне қарай тапсырмаларды беру арқылы шығармашылық ізденіске жетелеу,негізгі ойды ажырата білуді үйрету,ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік.Туған елін,жерін сүюге,қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қалыпсыз сабақ

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Сөйлесу,баяндау,сұрақ-жауап,оқу,іздендіру,әңгімелеу,тыңдау.

Көрнекілік: интерактивті тақта.

Сабақ барысы

ІҰйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіздер ме!

Бүгін ауа райы қандай?

Сіздердің көңіл күйіңіз қандай?

Қазақ тілі сабағына қандай мақсатпен келдіңіздер?

Балалар біз өткен сабақта қандай тақырыпты өттік? Шілдехана. Дұрыс балалаh. Үйге қандай тапсырма болды? Надежда : «Шілдехана тойында» деген тақырыпта көрініс дайындау. Автор сөзі:сәби дүниеге келгенде шілдехана тойы жасалады.

Бір ауылдың жас отауында нәресте дүниеге келді.







Разработка урока по казахскому языку





Разработка урока по казахскому языку

Оля: Алақай! Сүйінші!

Жеңешем ұл тапты!

Тойға келіңдер !

Шілдеханаға келіңіздер!

Той! Той !Той!

Сол ауылдың адамдары шілдехана тойына барады.

Той иелері: Гульнар мен Виктор

Гүлмира: Сәлеметсізбе, Виктор Кіріңіз, төрлетіңіз.

Қонақтар: Таня, Оля,Әйгерім, Гульмира: «Балаңыздың бауы берік болсын!»

Валерия: Қайырлы болсын!

Гүлмира: Бірге болсын!

Таня шашу шашады: Шашу -қуашышты білдіретін ырым. Тойда әжелер үлкен табаққа ірімшік , құрт,кәмпит,теңге салады. Осылай жақсылық тілігенің білдіреді. Тойда үлкендер мен балалар шашуды теріп алады.

Автор сөзі: Қонақтар домбыра тартып,өлең айтады. Жұмбақ,жаңылтпаш айтып жарысады,әр түрлі той ойындарын ойнайды.

Әйгерім: Ал құрметті қонақтар қазір біз тойбастар әнін айтамыз

Надя , таня Айсұлу «Дастарқан» әнің орындайды. Әйгерим: ән айтқан қонақтарға тойбастар береледі (4 орамал)

Гүлнар : мен кішкентай балаға бата беремін:

Ақылды бол,дана бол,

Адасқанға пана бол.

Жақсыны мақта,

Нашарды жақта,

Момынды сыйла!

Әумин!

Гүлмира: келгеңізге рақмет, келесі баламыздың тойына шақырымыз.

Автор сөзі: Кейде шілдехана үш күн созылады.



Разработка урока по казахскому языку

Разработка урока по казахскому языку



Рақмет балалар, орындырыңызға барып отырыңыз .





Мынау адамның қолындағы хатты оқу үшін, бір сұраққа жауап беру керек . Гульмира көмектісші бізге «қырқынан шығару» туралы қысқаша айтып берші. Кәнеки, балалар оқимыз.

«Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері» грамматикалық тақырыбымыз

Ал , балалар есіне түсірейік тұрлаусыз мүшелер нешеге бөлінеді? О: екіге бастауыш пен баяндауыш

Бүгін сабақта біз бастауышты қайталаймыз. Дәптерлерді ашып,бүгінгі күні, сынып жұмысын,тақырыпты жазамыз.

Бастауыш дегеніміз не?

Оқушы:

Сөйлемде атау септігінде тұрып,іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүше. Сұрақтары кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімі? Несі?

Бастауыштың жасалу жолдарын есіне түсерейік:

Оқушы:

Зат есім: Атау септігінде кез келген зат есім. Мысалы: Күн жылынды. Досым келді.

Оқушы :

Есімдік: Атау септігіндегі зат есімнің орнына қолданылатыны.Бұл-үлкен үй. Өзін кел. Ешкім жоқ.

Оқушы;

Сын есім: Атау септігіндегі заттанған сын есім.Ақылды ісіне сенеді. Сыпайы сырын сақтар.

Оқушы :

Сан есім: Атау септігіндегі заттаған сан есім. Үшеуі сыртқа шықты. Төрт екіге бөлінеді.

Оқушы:

Есімше,тұйық етістік:Атау септігіндегі заттаған етістік. Іздеген жетер мұратына.Оқу инемен құдық қазғандай.







Разработка урока по казахскому языку

Бастауыш құрамына қарай нешеге бөлінеді?

Оқушы : Бастауыш құрамына қарай екіге бөлінеді.

Дара бастауыш: (бір сөзден тұратын бастауыш) Мысалы. Біз

алғашқыда өз көзімізге сенбедік.

Оқушы :

Күрделі бастауыш: (кемінде екі сөзден тұратын бастауыш)

Жасалу жолдары: 1. Сөз тіркесінен: Кеншілер сарайы адамға лық толы.

2. Негізгі сөз бен көмекше есімнің байланысынан: Ырыс алды -ынтымақ.

3. Заттаған күрделі сын, сан есімдер және етістіктің есімше, тұйық етістік тұлғаларынан: Жиырма бес маған қайтып келсе ғой. Адамды жақсы көру-үлкен қасиет.

Өте жақсы.



Бүгін біз бала тәрбиесіне байланысты салт- дәстүрлер тақырыбын жалғастырамыз. Бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар? Айсұлу : бесікке салу.

Бесікке салу салт-дәстүрі туралы не білесіңдер?

Әйгерім: Бала қырқынан шыққан соң атасы мен әжесі немесе әке-шешесі ауыл-аймақты жинап,баланың қарын шашын алып,бесікке салу тойын жасайды.Бесікті көбінесе баланың нағашы жұрты алдын ала арнайы жасап ,бесік тойына алып келеді.Ондағы мақсат жиен-жекжат өсе берсін,үрім-бұтағым,өрісім көп болсын деген ой-пікір көзделген.Қызды өріс,жиендерді ұрпақ,жұрағат санаған.

Ол әйел бесіктің жасау -жабдықтарын үйінен жасап әкеп,ағаш бесікке саларда нәрестеден жын-шайтан аулақ болсын деген ниетпен бесікті отпен аластайды.

Бала бөлеген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады.Әр жабылған нәрсенің өзіндік мәні бар.Ең бірінші етіп бесік көрпе одан кейін шапан,кебенек,тон,жабу,жүген және қамшы сияқты бұйымдар жабылады. Тон ,шапан жабу- ержеткенде бала халыққы қадірлі болсын деген тілек;жүген жабу-ат ұстайтын азаматболуын тілеу ,кебенек қамшы жабу-ел қорғайтын батыр болса деген тілек.

Бесікке салу тойына жиналған өлең айтып,әзіл-қалжың,ұлт ойындарын ойнап көңіл көтереді.Жас нәрестеге бата береді.



Разработка урока по казахскому языку



Енді балалар мен сендерге тапсырма беремін: «Шілдехана» тобына: Мәтінді түсініп оқу, сұрақ құрастыру, бесікке салу тақырыбына эссе жазу

«Шашу» тобына мәтінді түсініп оқу, мазмұндау, осы мәтіннен 1-2 ұнаған сөйлемдерді теріп, жазасыңдар,сөйлемдерге комментарий жасайсыңдар.

Бір-бірін мұқият тындап отырыңыз.

Мәтіндерді тындап, бір-біріне сұрақ қойыңыз.

Балалар сендер найзағай сөзін естігенде қандай ассоциативтік сөздер ойға келеді? Жарық, тез ,

Ал сабағымызды қорытындылайық.

«Найзағай» ойыны

Біздің сабақ туралы өз ойларын айтасыңдар.

Менің көңіл күйім

Сабақта қалай жұмыс істедім

Сабақ ұнады ма?

Үй тапсырмасын беру:

Күнделіктерді ашайық

Үй тапсырмасын жазайық.

«Бесікке салу» деген тақырыпта көрініс дайындау.



Бағалау :

















Разработка урока по казахскому языку</</p>











8





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал