7


  • Учителю
  • Кешірімділік-көңіл кеңдігі ашық сабақ

Кешірімділік-көңіл кеңдігі ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Кешірімділік -көңіл кеңдігі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер:Мейірімділік, адалдық, ізгілік, кішіпейілділік

Жаңа сабақты түсіну, алған білімді өмірде қолдана алу

Көрнекі құралдар; үнтаспа,сюжетті суреттер

Мақсаты: «Кешірім», «кешірімділік» туралы түсініктерін кеңейту;

Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінушілікпен, ізгілікпен қарауға үйрету;

Міндеттері:

1.Оқушыларға кешірімділік туралы терең білім беру, кешірімді болудың

пайдасы туралы түсіндіру.

2.Өз ойларын еркін айта білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту, өмірге деген

көзқарасын қалыптастыру.

3.Оқушыларды кешіре білуге және кешірім сұрай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, талдау, пікір-талас

Тыныштық сәті

Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындау.

Тыныштық сәті.

-Балалар, дұрыс отырайық, арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).

1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.

Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?

Оқушылар дем алып, ерекше күйге бөленеді, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылық ты ояту

2. Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықта берілген М.Мақатаевтың «Жүрейік, достар , күнде өстіп» өлеңін оқып, берілген сұрақтар бойынша дайындалып келу тапсырылған. Үй тапсырмасын тексеріп, оқушылар сұрақ бойынша жауап береді.

-Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

-Балалар сендер кешірімділік, кешірімді болу деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

-Өкпелеп , ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?

-Сені қандай жағдайлар өкпелетіп,ренжітеді?

-Басқаларға деген өкпе-назыңа үңіліп көрдің бе? т.б.

Жаңа сабақ

Мұғалімнің сыйы

Мұғалім әңгімені өзі айтып береді. Оқушылар әңгімені тыңдап, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Шіріген картоп

Өсиет әңгіме

Баяғы өткен заманда бір кісінің балалары әркез бір-біріне өкпелеп, ренжіп жүреді екен. Ол өкпе, реніштерінің кесірінен араларында алаауыздық, түсініспеушілік туып, отбасынан береке -бірлік кетеді.

Олардың бұл келеңсіз әркетіне әке бір күні балаларын шақыртып алып, мынандай тапсырма береді:

-Айналайын балаларым, сендерге менің бір тілегім бар, соны орындаңдар. Дәл қазірден бастап, өздерің ренжіп, өкпелеп жүрген адамдарды естеріңе түсіріп, олардың аттарын жеке-жеке картоптарға жазып, ол картоптарды дорбаға салып, жатсаңдар да, тұрсаңдар да жандарыңнан тастамай алып жүріңдер.

Балалары әкесінің жұмбаққа ұқсас тілегін түсінбесе де, айтқанын орындайды. Балалардың бірінде бірнеше картоп болса, енді бірі қаптың біраз бөлігін толтырады.

Осылайша балалар картоп салынған дорбаны күн сайын жатса да, тұрса да арқалап жүреді.Алайда күн артынан күн өткен сайын картоп салынған дорбаны арқалап жүру ыңғайсыз болғанымен қоймай, дорбадағы картоп шіріп, жағымсыз иіс шығара бастайды. Айналадағы адамдарда оларға бір түрлі көзқараспен қарайтын болды. Енді балаларға ауыр сасыған жүкті арқалап жүру азап болады. Өзара ақылдасып, әкесіне келеді.

-Әке, мына тапсырмаңызды енді одан әрі орындай алмаймыз. Картоптың ауырлығымен қоса, күн өткен сайын жағымсыз иіс шығарып шіріп барады. Мұны енді көтеріп жүру мүмкін емес. Адамдар да бізге жиіркенішпен қарайтын болды. Әке сіздің бұл сынағыңыздың мәнін түсінбедік,- деді.

- Әкесі: Айналайын, құлындарым мен сендерге бұл тапсырманы берген себебім сендердің бір- біріңе айнала қоршаған ортаға өкпе- реніштерің осы картоп сияқты екенін түсіндіргім келіп еді. Өкпе-реніште осы жүк сияқты жан дүниемізге салмақ салады. Тек қана салмақ салып қоймай, оны бүлдіреді. Ал бүлінген, ластанған жан дүние айналасына жарық сәуле шашпайды, әр кез осы сасыған картоп сияқты болады, -дейді.

Сол күннен бастап қарияның балалары айнала қоршаған ортаға, бір-біріне деген өкпе- реніштің зиянын ұғынып, әр кез кешірімді болып, кешірімділіктің күшін түсініп, тату- тәтті ғұмыр кешіпті деседі.

  • Әкесі балаларына неліктен мұндай тапсырма береді?

  • Балалары тапсырманы қалай орындады?

  • Балалар әкесінің тапсырмасынан қандай сабақ алды?

  • Өздеріңнің басқаларға өкпелеп-ренжіген кездерің болды ма? Неліктен?

  • Кешірімділіктің пайдасы қандай?

Дәйексөзбен жұмыс: «Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам да болмайды».Мартин Лютер-Балалар осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер? (Балалар жауабы)

- Енді балалар дәптерлерімізге адам бойындағы қандай кемшіліктерге жол бермеуі керек деп ойлайсыңдар соны тізбектеп жазыңдар.

Түйіндеме

  • Мәтінмен жұмыс. (5 мин)

    Оқушыларға кешірімділіктің пайдасы мен қажеттілігін ұғындыру мақсатында «Оқып үйренейік» айдарынан А. Бейсебайдың «Кешірімнің күші» мәтінімен таныстыру.

    Күнделікті өмірде көп нәрсені байқамайсың, қадірін біліп, бағаламай жатасың. Өмірде өз ойлағанымыздай болмай, қателесіп жатсақ, көбінесе кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып, өкпе - реніш танытамыз. Қателеспейтін адам болмайды, сондықтан кешіре де білу керек. Ал кек сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өзгелерге деген өкпе, реніш, ашу адам өмірін қызықсыз етіп, өзін бақытсыз сезінтіп, денсаулығын нашарлатады. Кешірімді болмай, өз жан дүниемізді қинап, өзімізге зиян келтіреміз. Жүрегімізге салмақ саламыз. Ал өзгелерді кешірген кезде, бойымыз жеңілдеп, ол адамға жақсылық жасағандай боламыз. Алайда біреуді кешіру - ең алдыменен, өзімізге жасаған жақсылық екенін түсінгеніміз абзал. Өзгелерді ылғи ренжітетін адамдар неліктен осындай қадамға, әрекетке баратыны жайлы ойланып көрейік.

    «Жаңа ақпарат және менің пікірім әдісі»

Пікірлер Менің пікірім

1. Өкпе, реніш адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа нұқсан келтіріп, өзар түсініспеушілік тудырады.

2. Өкпе, ренішке бой алдырмай, адамдарға түсіністікпен, ізгілікпен, құрметпен қарауға ұмтылу керек. Мұғалім мен оқушы арасы.

3 Өкпе, реніш - адамның көңіл-күйіне, денсаулығына кері әсер етеді. Ата-ана мен бала арасы.

4 Айналаңа ылғи өкпелеп, ренішпен қарау, риза болмау түрлі ауруларға шалдықтырады. Жақын достар арасы.

«Өзіммен-өзім» психологиялық тренингі

Оқушыларға өкпе-реніштің зиянынан бойын аулақ ұстау, іштегі өкпе-реніштен құтылу мақсатында «Өзіммен-өзім» әдістемелік тәсілін ұйымдастырамын.

Классикалық музыка жіберіледі.

- Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер.

- Демдеріңді ішке алып, сыртқа шығарыңдар және содан соң аз ғана үзіліс жасаңдар

- Енді соңғы кездердегі өкпе-реніштеріңді еске түсіріңдер.(Кімге, не себепті ренжідің?)

- Осы өкпе-реніштер бұлт болып сенің ішіңде орналысып алған екен.Ол мына кіндіктеріңнің тұсында тұр.Енді сол жерге саусақтарыңды апарып, өкпе-реніш бұлтын көтеріп алғандай сезініңдер. Бірте-бірте бұлтты жоғары көтеріп ауыздарыңыздан шығарып жіберіңіздер.

Енді оның орнын жақсы қасиеттермен толықтырайық.

Бейнебаян Кешірім

Ой толғаныс 1. Ағайындылардың арасында қандай жағдай болды?

2.Сені көбіне қандай жағдайлар өкпелетіп, ренжітеді?

Ой толғаныс

Балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтып, өз көңіл күйі қандай екенін сыныптастары алдында жария етеді.

Мыс: Менің көңіл күйім көтеріңкі, өйткені жақсы көңіл күй қуаныш әкеледі.

Кері байланыс

Соңғы тыныштық сәті:

Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз, қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме, сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса, сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

Кешірімділік-көңіл кеңдігі ашық сабақ













6. Шығармашылық жұмыс

Сыныпты топқа бөліп, әрбір топқа бір тұжырымды тапсырады. Оқушылар ол тұжырымды «себеп-мысал-қорытынды» әдісі бойынша талқылап, өз ой қорытындысын шығарады.



Ойлағаныңыз тек оң болсын,

өйткені ойлағандарыңыз - сөздеріңіз болады.

Сөздеріңіз тек оң болсын,

өйткені сөздеріңіз - әрекетіңіз болады.

Әрекетіңіз тек оң болсын,

өйткені әрекетіңіз - әдетіңіз болады.

Әдеттеріңіз тек оң болсын,

өйткені әдетіңіз - құндылығыңыз болады.

Құндылығыңыз тек оң болсын,

өйткені құндылығыңыз - тағдырыңыз болады.



6. Топпен ән айту.



Мейірімді болайықшы, ағайын

Сөзі: С. Қалидікі

Әні: Қ. Махандікі



Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы, ағайын.



Көк нөсерін көл етсе де жауынгер,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар.

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы, бауырлар!



Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп барайық.

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!



Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек.

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де, болса деп!



7. Үй тапсырмасы:

Үйге оқулықтан келесі сабақтың мәтіні «Кешірімнің күші» атты әңгімені оқып келу және сұрақтарға жауап беру тапсырылады.



Сабақты қорытындылау:

  • Адам кешірімшіл болып, кешіре білуге үйренгенде өмір қуанышқа, жақсылыққа толы болады. Ондай адам өзімен-өзі, өзгелермен үйлемімділікте өмір сүреді.

Кешірімді болу - айналаңа деген мейірімді болудың, ақылдың, өзара түсінісудің көрінісі. Адамдар өзгелерді кешіруарқылы мейірімді бола түседі.



8. Соңғы тыныштық сәті:

Баяу музыка қосылады.

Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақта алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады



Кешірімділік - көңіл кеңдігі

Жарияланды 15-07-2014, 16:38 Категориясы: Өзін өзі тану

Сабақтың мақсаты: Балалармен еркін қарым - қатынас жасай отырып, өкпе - реніштің зиянын ұғындыру; «кешірім», «кешірімділік», «кешірім сұрау» ұғымдарының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру.

Міндеті:

- «кешірім», «кешірімділік» ұғымдарына қатысты белгілі тұлғалардың ой - пікірлерімен танысып, ой түюге, қорытынды шығаруға үйрету.

- кешірімді болуға, басқа адамдармен түсінісуге дағдыландыру.

- кеңпейілділікке, адамгершілікке, өзара түсіністікке, біреуді тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, мәтінмен жұмыс, дәптермен жұмыс, топпен жұмыс

Көрнекті құрал - жабдықтар: оқулық, дәптер, интерактивті тақта, түрлі - түсті қағаз.



Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: (1 мин)

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау (мақал - мәтелдер) (3 мин)

Сабақтың мақсатын хабарлау: (1 мин)

«Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды» деп Ж. Аймауытов атамыз айтқандай, бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты - «кешірім», «кешірім сұрау», «кешірімділік» сөздерінің мәні мен маңызын түсініп, кешіре білуге үйрену.



Шаттық шеңбері (5 мин)

Ал қане, балалар, шаттық шеңберін құрайық. Үстел үстіндегі қағаздарды ала қойыңыздар. Енді екі - екіден бір - бірімізге қараймыз. Егер қағазда күлімдеу (смайлик) белгісі тұрса, бір - біріне күлімдеп ишаратпен амандасып жылы сөздерді айтамыз, егер екі смайликтің суреті тұрса, қолдасып амандасып жылы сөздерді айтамыз, жүрек белгісінде құшақтасып амандасып, жылы сөздерді айтамыз, күн белгісінде күндей бір - бірімізге жылы қарап амандасып, тілек айту керек.



Әңгімелесу (5 мин)

1. «Кешірім», «кешірімділік», «кешірімді болу» дегенді қалай түсінесіздер?

2. Өкпелеп, ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?

3. Кешірім сұраған сәтің болды ма?

4. Кешіре білу қиын ба, кешірім сұрау қиын ба?

5. Сені көбіне қандай жағдайлар өкпелетіп, ренжітеді?



Мәтінмен жұмыс. (5 мин)

Оқушыларға кешірімділіктің пайдасы мен қажеттілігін ұғындыру мақсатында «Оқып үйренейік» айдарынан А. Бейсебайдың «Кешірімнің күші» мәтінімен таныстыру.

Күнделікті өмірде көп нәрсені байқамайсың, қадірін біліп, бағаламай жатасың. Өмірде өз ойлағанымыздай болмай, қателесіп жатсақ, көбінесе кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып, өкпе - реніш танытамыз. Қателеспейтін адам болмайды, сондықтан кешіре де білу керек. Ал кек сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өзгелерге деген өкпе, реніш, ашу адам өмірін қызықсыз етіп, өзін бақытсыз сезінтіп, денсаулығын нашарлатады. Кешірімді болмай, өз жан дүниемізді қинап, өзімізге зиян келтіреміз. Жүрегімізге салмақ саламыз. Ал өзгелерді кешірген кезде, бойымыз жеңілдеп, ол адамға жақсылық жасағандай боламыз. Алайда біреуді кешіру - ең алдыменен, өзімізге жасаған жақсылық екенін түсінгеніміз абзал. Өзгелерді ылғи ренжітетін адамдар неліктен осындай қадамға, әрекетке баратыны жайлы ойланып көрейік.

Кешіру деген ол адамды түсіну шығар. Егер адамға түсінушілікпен қарасаң, сол сәтте - ақ ол адамға ешқандай да өкпелемейсің. Өйткені осындай жағдайда өзім не істер едім деп өзіңе сұрақ қоясың. Өзіңді олардың орнына қойып, мүмкін, ертең мен оның орнында болармын деп ойлайсың. Сол кезде кешіру оңайырақ болады. Ең бастысы айналаңа жақсы ниетпен қарап, жақсы көрсең, олардың қателігін кешіре де аласың. Басқаларды жақсы көру үшін өзіңді өзің сыйлап, жақсы көруің керек. Ал өзін жақсы көретін, сыйлайтын адам, өз жан дүниесін жаман сезімдермен ластап, ауырлатпайды.

Біз барлығына кешіріммен, сыйластықпен, түсіністікпен, сергектікпен қарауға тиіспіз. Өйткені өмір сондай тамаша, біз алға қарай тек қана адал ниет, ізгі істермен жүрсек, игілікке жетеміз.



Сұрақтар:

1. Өсиет әңгіменің басты мағынасы неде?

2.«Кешіру - өзгені түсінуге тырысу» дегенді қалай түсінесіңдер?



Тыныштық сәті (8 мин)

Ал енді өкпе - реніштің зиянынан бойды аулақ ұстау, іштегі өкпе - реніштен құтылу мақсатында тыныштық сәтін өткізейік.

Классикалық музыка жіберіледі.

- Көздеріңізді жұмып, денелеріңізді еркін ұстаңыздар.

- Демдеріңізді ішке алып, сыртқа шығарыңдар және содан соң аз ғана үзіліс жасаңдар

- Енді соңғы кездердегі өкпе - реніштеріңді еске түсіріңдер.(Кімге, не себепті ренжідің?)

- Осы өкпе - реніштер бұлт болып сенің ішіңде орналасып алған екен. Ол мына кіндіктеріңнің тұсында тұр. Енді сол жерге саусақтарыңды апарып, өкпе - реніш бұлтын көтеріп алғандай сезініңдер. Бірте - бірте бұлтты жоғары көтеріп ауыздарыңыздан шығарып жіберіңіздер.

Енді оның орнын жақсы қасиеттермен толықтырайық.

Күннің шуағындай осы жақсы қасиеттердің ішінен бүгінгі сабағымызға қатысты қасиетті алып, ішімізге орналастырайық.

Осының ішіндегі ең маңызды қасиет деп нені көрсетер едіңіздер.

- Адамгершілік.

Олай болса, оны жүрегімізге орналастырып алайық. Қане адамгершілігі мол кең пейілді жүрегімізге қол соғып қояйық.



Дәптермен жұмыс. (5 мин)

Дәптеріміздегі осы тақырыпқа байланысты 1 тапсырманы орындайық.



Сергіту сәті. (1 мин)

- Қалай жағдайың?

- Жақсы! (саусағымен көрсетеді)

- Қалай жүресің?

- Былай! (екі саусақпен жүріп көрсету)

- Қалай жүгіресің?

- Былай! (екі қолын жинап, жүгірген кездегі қимылды көрсету)

- Түнде қалай ұйықтайсың?

- Былай! (екі алақанын бетіне қояды)

- Қалай аласың?

- Былай!

- Қалай бересің?

- Былай!

- Қалай бұзық боласың?

- Былай! (екі ұртын томпитып, жұдырықпен соғу)

- Қорқытасың ба?

- Былай! (саусақ көрсету)

- Көңіл - күйің қалай?

- Өте жақсы!



Дәйексөз. (3 мин)

Кешіре білген адам - күшті адам. (А. Йүгінеки)



Жамандық кешіре білмеуден туады. Егерде біз кешірімшіл болсақ, ызаланбас едік. Сонда бізге бәрі де жақсы көрінер еді. Егерде бір нәрсе көңілдегідей болмаса, ашуланасың. Қазақ ертегісі

Кешірім сұрай білу - кісілік.

Ш. Айтматов

Кешірім сұрау - бақыттың баспалдағы.

М. Шаханов



Ойын. (5 мин)

Екі топқа бөлініңіздер. Енді бұлттардың суреті жапсырылған ватманның бетін түрлі түсті гүлдермен толтырыңдар. Гүлдерге жақсы сөздер жазу керек. Екі топ сөздерді дауыстап оқып береді.

Қорытынды: (1 мин)

Бүгінгі сабақтан не алдыңдар? Не үйрендіңдер?

Жүректен - жүрекке: (2 мин)

Енді сіздерді «жүректен жүрекке» айдарына шақырамын. Шеңбер болып тұрып, тақтадағы мына сөздерді хормен айтамыз.

- Мен жайдарлы, ақкөңіл, белсендімін.

- Менің қолымнан барлығы келеді.

- Мен айналама тек жақсылық тілеймін.

- Мен бақыттымын.

Сабақтың тақырыбы: ІІ тарау. Қарым-қатынас жарастығы

9 - сабақ

Кешірімділік - көңіл кеңдігі

Сабақтың мақсаты: балалармен еркін қарым-қатынас жасай отырып, өкпе-реніштің зиянын ұғындыру; «кешірім», «кешірімділік», «кешірім сұрау» ұғымдарының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру.

А) «кешірім», «кешірімділік» ұғымдарына қатысты белгілі тұлғалардың ой-пікірлерімен танысып, ой түюге, қорытынды шығаруға үйрету.

Ә) кешірімді болуға, басқа адамдармен түсінісуге дағдыландыру.

Б) кеңпейілділікке, адамгершілікке, өзара түсіністікке, біреуді тыңдай білуге тәрбиелеу.



Шаттық шеңбері

Балалар, бүгін сіз бен біздің тамаша кездесулеріміздің тағы бір сәті туды. Сіздердің ұқыпты, келісті, бауырмал, жайдарлы, бейбіт жүздеріңізді көріп тұрғаныма өте қуаныштымын. Бүгінгі шаттық шеңберіміз амандасудың ерекше жарқын көрінісі болсыншы. Қане, үстел үстіндегі дөңгелекшелерді ала қойыңыздар. (Балалар шеңберде екі-екіден біріне-бірі қарап тұрады). Егер дөңгелекте күлімдеу белгісі тұрса,бір-біріне күлімдеп ишаратпен амандасу,егер алақан суреті тұрса, қолдасыпп амандасу; жүрек белгісінде құшақтасып амандасу, күн белгісінде жылы сөздер айтып амандасу керек.



Ән. «Адам»

Сөзі: Т.Молдағалиевтікі

Әні: Ә.Бейсеуовтікі

Сабақтың мақсатын хабарлау:

«Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды» деп Ж. Аймауытов атамыз айтқандай, бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты - «кешірім», «кешірім сұрау», «кешірімділік» сөздерінің мәні мен маңызын түсініп, кешіре білуге үйрену.



Тыныштық сәті

Экранда алдын-ала дайындалған видео-көрініс көрсетіледі.

1-оқушы. Т. Молдағалиев

Күн қандай сұлу еді, күнге қарап,

Кеудемнен кетті-ау менің нұр домалап.

Қыс түсті, айналаны бүркеді қар

Жаз шықты, міне, тағы гүлдеді алап.

Өзгермей, жап-жасыл боп тұр қарағай,

Мәңгілік жақсылықты жырлады арай,

Сүреміз қалай өмір, адамдар -ау,

Күн сайын күн жүзіне бір қарамай



2-оқушы. Саған да, маған да ортақ мына бақыт,

Өткіздік талай кешті думандатып,

Жүргендер күнді ұмытып, көкірегіне

Алады қара түнді ұялатып,

Жасасаң өз еркіңде кімге құрмет

Кешірімді, кең пейілді болу міндет

Таң ертең ояна сап күнге қара

Амандас, аманыңа шүкіршілік ет



М.Мақатаевтың «Халыққа хат» өлеңі

3-оқушы Туған халқым,

Қатемді кешір менің.

Сенің арқаң сескенбей,есіргенім.

Егер де жырың болмай,ұрың болсам,

Алақанға саласың несін мені.

Жоқ!

Менің жүрегім емес төсімдегі,

Ол бір от сенің ұлы көшіңдегі.

Өзіңнің жандырғаның,өшіргенің

Әзірге тастаған жоқ есім мені.

Уа,жұртым!

Кешір мені!

Кешір мені!



4-оқушы Туған ел,көз жасы үшін кешір мені,

Кешегі жетімдер мен жесірлердің?

Ортасында өшу мен өсулердің

Таяғын тарттым талай кесірлердің,

Туған ел, сол үшін де кешір мені.

Туған халқым!

Қатемді кешіре гөр!

Кешіре гөр!

Кеш қылмай несібе бер.

Ақынды ая,

Өмірге ақын бергін!

Көрікті болсын десең көшің егер

Ал мені... Кешіре гөр!

Кешіре гөр!....



5- оқушы М.Мақатаевтың «Кешіріңдер» өлеңі

Кешіріңдер,туыстар,

Кешіріңдер,ағайын.

Өр көкірек бейбаққа өкпеледің талайың.

Кірсіз көңіл ақ туын

Жоғары ұстап,ағайын

Ақ киімге оранып,алдарыңа барайын.

Кешіріңдер,жарандар,

Қошақаның болайын.

Сый сұрағам жасыңнан,

Мейір күткем қартыңнан.

Еркелеп ем сендерге,

Емін еркін шарқ ұрғам.

Екенмін ғой антұрған

Сөз ергізіп артымнан,

Арыла алмай келемін

Бала күнгі қалпымнан.

Кешіріңдер,достарым,

Кешіріңдер,қастарым.

Есім кіре бастады,

Мен-мен емес,басқамын...

Еркелікті тастадым

Естеріңе алғайсың еркін жүрген қалқаны.

Бейне-сұрақ әдісі:

Балалар, «кешірім сұрай білу», «кешіре білу» деген ұғымдарды сарапқа салмас бұрын,сіздердің назарларыңызға өз құрдастарыңыздың ұйымдастырған бейне-таспаны ұсынамын.

Жетелеу сұрақтары:

1.Кешірім сұраған сәтің болды ма?

2. Өкпелеп,ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?

3.Кешіре білу қиын ба,кешірім сұрау қиын ба?

4.Сені көбіне қандай жағдайлар өкпелетіп,ренжітеді?

5. Айналаңнан не үшін кешірім сұрап едің?



«Жаңа ақпарат және менің пікірім әдісі»





«Өзіммен-өзім» психологиялық тренингі

Оқушыларға өкпе-реніштің зиянынан бойын аулақ ұстау ,іштегі өкпе-реніштен құтылу мақсатында «Өзіммен-өзім» әдістемелік тәсілін ұйымдастырамын.

Классикалық музыка жіберіледі.

- Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер.

- Демдеріңді ішке алып,сыртқа шығарыңдар және содан соң аз ғана үзіліс жасаңдар

- Енді соңғы кездердегі өкпе-реніштеріңді еске түсіріңдер.(Кімге, не себепті ренжідің?)

- Осы өкпе-реніштер бұлт болып сенің ішіңде орналысып алған екен.Ол мына кіндіктеріңнің тұсында тұр.Енді сол жерге саусақтарыңды апарып, өкпе-реніш бұлтын көтеріп алғандай сезініңдер. Бірте-бірте бұлтты жоғары көтеріп ауыздарыңыздан шығарып жіберіңіздер.

Енді оның орнын жақсы қасиеттермен толықтырайық.









Күннің шуағындай осы жақсы қасиеттердің ішінен бүгінгі сабағымызға қатысты қасиетті алып,ішімізге орналастырайық.

Осының ішіндегі ең маңызды қасиет деп нені көрсетер едіңіздер.

-Адамгершілік.

Олай болса,оны жүрегімізге орналастырып алайық.Қане адамгершілігі мол кең пейілді жүрегімізге қол соғып қояйық.

«Социометрия » әдісі

«Кешірімді жан»

Оқушылардың ішіндегі ең кешірімді жанды анықтау мақсатында жағдаятпен байланыстыра отырып сұраққа жауап аламын.

Ең көп (+) жинаған оқушының жүрегі кең, кешірімді деп танылады.



1.Есет Ринат

2.Алдияр Бақыт

3.Бақытов Құсманәлі

4.Кимбай Жансая

5.Кенжебаева Алмагүл

6.Қабдолов Райымбек

7.Мақсұт Жасұлан

8.Мақашев Жалғас

9.Сержан Гүлнұр

10. Көпбергенова Нұрсұлу



+ + + + + + + +

+ + + + + +

+ + + + + + + + + + +

+ + + + + + +

+ + + + + + + +

+ + + + + + +

+ + + + + + + + + + + + +

+ + + + + + + + +



Кешірімділік - көңіл кеңдігі

0

240

Тақырыбы: Кешірімділік - көңіл кеңдігі

Мақсаты: 1.Оқушыларға кешірімділік туралы терең білім беру, кешірімді болудың

пайдасы туралы түсіндіру.

2.Өз ойларын еркін айта білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту, өмірге деген

көзқарасын қалыптастыру.

3.Оқушыларды кешіре білуге және кешірім сұрай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, пікір алмасу,тренингтер.

Көрнекілігі: слайд, гүлдер, үнтаспа.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

-Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.

Жаңа сабақ:

Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды шаттық шеңберіне шығарып «Адам» әнін орындау.

-Балалар сендер кешірімділік, кешірімді болу деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

-Өкпелеп , ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?

-Сені қандай жағдайлар өкпелетіп,ренжітеді?

-Басқаларға деген өкпе-назыңа үңіліп көрдің бе? т.б.

Дәйексөзбен жұмыс: «Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам да болмайды».

-Балалар осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер? (Балалар жауабы)

- Енді балалар дәптерлерімізге адам бойындағы қандай кемшіліктерге жол бермеуі керек деп ойлайсыңдар соны тізбектеп жазыңдар.

Жаңа ақпарат.

Адам адам болған соң қателеспей тұрмайды, қателескен жағдайда біз көбінесе кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып өкпе-реніш танытамыз.Қателеспейтін адам болмайды сондықтан кешіре де білу керке. Ал кек сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өкпе,реніш адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа нұқсан келтіріп,өзара түсінбеушілік туғызады.Сол себепті өкпе,ренішке бой алдырмай,адамдарға түсіністікпен,ізгілікпен,құрметпен қарауға ұмтылу керек.

Өкпе,реніш-адамның көңіл күйіне,денсаулығына кері әсер етеді.Айналаңа ылғи өкпелеп,ренішпен қарау,риза болмау түрлі ауруларға шалдықтырады.

Жағдаятты шешу.

Нұрбол мен Арман бір үйдің балалары. Олар біраздан бері бір-біріне өкпелеп, сөйлеспейді.Үйде үнсіз ғана әрекет жасайды.Нұрбол үлкендігін ойлап, Арманды кешіре салғысы келгенімен, інісінің кішілік көрсету керектігі есіне түскенде, бұл ойынан айнып қалады. Ал Арман болса, ағасы үлкендік танытып, оны үнемі қамқорлыққа алуы тиіс деп, кішірейетін емес. Бүгін ауылдан анасы телефон шалды.Телефон тұтқасын көтерген Арман ағасына ертең анасын вокзалдан күтіп алу керектігін қалай айтарын білмей тұрып қалды.

Тапсырма: Берілген өлең жолдарын оқыңдар. Ондағы ой тұжырымдарды

Көзқарас

Себеп

Мысал

қорытындылау

әдісін пайдаланып, өз пікірлеріңді айтыңдар.

- Балалар адам өмірде кешіре білуі ғана емес кешірім сұрай білуіде керек, яғни адам өз кінәсін мойындай білуі керек.

- Қалай ойлайсыңдар кешірім сұраған оңай ма әлде кешірген оңай ма?

Ойын: Кешірім гүлін сыйлау.

  • Балалар сендер гүлдерге соңғы кезде ренжіткен адамдарыңа кешірім сөздерін жазып сыйлаңдар. (Балалар бір-бірінен және мұғалімдерден немесе ата-аналарынан кешірім сұрап кешірім гүлін сыйлайды.)

Сабақты қорыту:

Топтастыру әдісімен жаңа сабақты бекіту.

Балалар берілген сөздерді барлығы хормен айтады.

Мейірімділік

Ақылдылық

Ізгілік

Кешірімділік Рақымшылдық

Адамгершілік

Азаматтық

Ақкөңілділік

Үйге тапсырма:

Дәптерде 21-22 беттердегі тапсырмаларды орындап келу және «Достарым » әнін жаттап келу.

Жүректен жүрекке шеңберіне тұрып, оқушылар «Мен ризамын….» атты тренингте бір-біріне ризашылықтарын білдіреді.

КЕШІРІМДІЛІК -КӨҢІЛ КЕҢДІГІ

ADMIN · АПР 9TH, 2016 · 0 COMMENT

Атырау қаласы

Жұмыскер ауылы

№35 мектеп-гимназиясының

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі:

Қамиева Ардақ Бектемісқызы

Тақырыбы: Кешірімділік -көңіл кеңдігі

Құндылық: «Қиянат жасамау»

Қасиеттер: түсіністік, сыйластық, қамқорлықСабақ мақсаты: Кешірімділіктің адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру.Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінісушілікпен,ізгілікпен қарап, «Қиянат жасамау» құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі:Адамдарға ізгілікті көзқараспен қарау түсініктерін кеңейту, кешірімді болу арқылы кемелдікке жетуге болатындығын ұғындыру;

Дамытушылығы:Қарым-қатынас жасауда өзара түсінікте болу дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелігі:Кешірімділікке, сыйластыққа,кеңпейілділікке,сыйластыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Классикалық әуен, слайд,маркер,формат қағаз, шарлар, қанатты сөздер, тақтада ілінген суреттер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (5 мин)

Сабақта «5 Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәтiн ұйымдастыру.

«Өзіммен-өзім»

Елестетіп көріңіз: Сен үйіңнен шығып,сабаққа қарай бет алдың.Жол бойы адамдарға қарап келесің. Айналаңдағы адамдардың барлығы шаттанып, жүздері жайнап, бақытты көңіл күйде жүр. Сен де бақыттысың,себебі кеше көптен бері түсініспей жүрген досың радио арқылы кешірім сұраған еді. Бүгін досыңды көру үшін үйден ерте шықтың. Не деген керемет! Өзіңді жеңіл сезініп келесің. Қашаннан бері осы күнді күтіп едің. Бар тілегіңмен досыңмен бірге болып, қайта қауышқың келген. Міне, шын тілеу орындалады екен. Сенің айналаңа айғайлағың келді: -Мен досыммен қайта татуластым!-деп. Бірақ өз-өзіңді ұстадың. «Кешірші!» деген бір-ақ ауыз сөздің қандай күшке ие екенін кеше түсіндің. Енді ойлап келесің. «Адамдар өздерін текке қинайды екен ғой» деп. Көңіліңде титтей де ніл жоқ болса,бәрі де басқаша болады екен деп ойладың.Кешегі күнге дейін адамдардың күлкісіне назар аудармайтын едің,енді байқап келесің, жарасымды көріністерден көз алмай қарап бара жатқаныңды да сезбей қалдың. Өз-өзіңнен ұялып : -Мә,бұрылып қарағаным не,ұят болды-ау!-деп қысылып та кеттің. Әлем басқаша сияқты.Тезірек жетсем екен мектепке деп, енді ғана асықтың. Мектеп ауласынан кірген кезде досың елеңдеп сені іздеп тұр екен. Көре сала асығып аяңдадың.Шыдай алмай, атын атап шақырдың. Ол да сені көріп, саған қарай жүрді. Екі езулерің жиылмай келеді. Бір-біріңе жеткен кезде құшақтасып ұзақ тұрдыңдар. Бір-бірлеріңді сағынып қалғандарың сонша-айрылғыларың келмеді.Бұл-сендер үшін үлкен сынақ болғанын түсіндіңдер.Қол ұстасқан күйде мектеп кіріп кеттіңдер.Іштеріңнен ойлап бара жатырсыңдар: Барлық реніш осылай аяқталса ғой,шіркін! -деп.

Осы сезімде cәл отыра тұрайық.

Енді жаймен көзімізді ашамыз.

Оқушылар тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөліседі.

Сабақ барысын талдау:

2.Үйге тапсырмасын тексеру ( 5 мин)

«Кешірім күші» атты А.Бейсебайдың мәтінін оқып келу.

1.Әрдайым өмір біз ойлағандай бола ма?

2.Кек сақтаудың адам өміріне тигізетін қандай залалдары бар?

3. Сенің біреуді кешірмеуің немесе кешіре алмауың неге әкелуі мүмкін?

5.Кешіре алмаудың қиянатқа қандай қатысы бар?

6. Кешіру қандай күшке ие?



3.Дәйексөз (5 мин)

Кішінің тәубәсі болса,үлкеннің кешірімі бар.

Халық даналығы

1.Дәйексөзді дәптерлеріне жаздыру.

2.Оқушыларға дәйексөздің мағынасын ашқызу.

3.Оқушыларға үш рет қайталатып айтқызу.



4.Оқиғаларды әңгімелеу (әңгімелесу) ( 7 мин)

Бейнебаян «Әке мен бала»

1. Оқиғаның желісі қалай аяқталды?

2. Жақсылықпен аяқталуға себеп болған кім?

3. Атасының қиянат көрмеуінің себебі не деп ойлайсыңдар?

4. Баласының шешімі бұндай болмағанда не болар еді?

5. Ойланбай жасаған қателіктің соңы неге ұрындырады?



5.Шығармашылық іс-әрекеттер,топтық жұмыс (7 мин.)

1-топ: Берілген мәтінді сурет ретінде бейнеле. Кемелдікке жеткен адамның көкірегінде кек болмайды.Ол әрқашан мейірімді.Мейірімділіктен қайырымдылық шығады. Басқа адам оған қастық істесе де,тек қайырымдылықпен жауап қайырады. Ол -жан-жағына махаббат пен нұр шуағын сыйлап жүретін адам.

2-топ: «Кешірім хат» Өзіңнің көңіліне қаяу түсірген адамыңнан кешірім сұрап, хат жазу.

3-топ: «Сахналық қойылым» Араларында реніш туындаған екі досты татуластыру.



6.Сергіту сәті (5 мин)

«Кешірімді жан» анықтайық.

1.Сен өз сыныптастырыңмен байқауға қатынаспақшы болып,күн сайын дайындалып жүрдің.Нағыз байқау болатын күні бармай қалдың.Олар орын ала алмапты. Саған қатты ренжіген. Осы жағдайды кешіретін досыңды ата.

2. Әрдайым сыныптағы түсініспеушілікті шешіп, келісімге шақыратын үш адамды жаз.

3. Сыныптағы жиһаз сынып қалатын болса,бірінші болып мойындай алатын сыныптасың кім?

4.Ешбір адамға да, ешбір тіршілік иелеріне де қиянат жасамайтын «жүрегі таза жан»деп кімді атар едің?

5. Әрдайым өзін өзгенің орнына қоя алатын, сөйтіп кешірім сұрауға бірінші қадам жасайтын сыныптасыңды жаз.

Қорытынды. (2 мин)

Сынып оқушыларын «Кешірімділік сыйы» деген тақырып бойынша сөйлету.

Барлық оқушылар суретті таңдай отырып, сол таңдаған сурет арқылы өз ойын байланыстырып, қорытындылайды.

Оқушыларға ұсынылған суреттер: терек,желкенді қайық,тау,ақша, жол,егіс даласы,көгершін,қамшы, гүл, шарлар, жалғыз адам, сіріңке,құлып,бұлт,ою-өрнек,май шам, дауыл, көбелек,сыйлық, біріккен қолдар,домбыра,өрмекшінің торы,күн нұры.

Берілген суреттің ішінен таңдау жасалады. Кейбір суреттер таңдалмауы мүмкін.





7.Топпен ән айту. Оқушыларға ұнайтын көңілді әнді бірге айту.

«Армысыңдар,адамдар!» әнін айту. (3 мин)

Мұқағали Мақатаев

1.Күн батты ма,түн келді ме,таң атты ма қайтадан,

Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта,Адам?

Арма,өмір,бар әлемді баурына алып шайқаған! 2рет

2.Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар,

Отырардай опат болған қала жоқ па,жарандар?

Тату-тәтті бармысыңдар,армысыңдар,Адамдар! 2рет

3.Әлем -дархан,саялаңдар,бәріңе де орын бар,

Қорған емес,салтанатты, сәнді сарай соғыңдар.

Ей,Адамдар,сендер тату,сендер тату болыңдар! 2рет

4.Анамыз-Жер,сол Анадар жаратылдық, туыстық,

Алайда біз қан да төктік,қалжырадық,ұрыстық…

Армысың,сен,арамызда жалғыз перзент-Тыныштық! 2 рет



8.Үйге тапсырма. (0,5)

Тапсырма.Оқулықтағы ұсынылған ойларды салыстырып,өз ойларымен түйіндеу. Дәптердегі тапсырманы орындау.



9. Соңғы тыныштық сәтi. (1 мин)

.



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп Жақсы №1орта мектебі Мерзiм 30 .10.2013ж. № 9

Тақырып Кешірімділік көңіл кеңдігі

Құндылық Дұрыс әрекет Қасиеттері: мейірімділік, ақылдылық, рақымшылыдық, адамгершілік

Мұғалiм Ғазез Жансая Серікқызы Класс 8 Оқушылар саны 25

Сабақ мақсаты: Кешірімді болу адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет жасауға үйрету.

Міндеттері:

1. Кешірімділіктің дұрыс әрекет екендігін ұғындыру.

2. Кешіре білу қасиеттерін дамыту;

3.Мейірімділік, ақылдылық, рақымшылыдық, адамгершілік қасиеттерін көрсете білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

слайд,өлеңнің аудиодискісі.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

№9 М.Мақатаевтің өлеңін жаттау. 40 бет

Сұрақтар:

· Реніштің тууына не себепші болады?

· Күндестік достыққа ұласа ма?

· Өкпе, ренішті сақтаған адамның денсаулығы қандай болады?

· "Өзіңе тілемегенді, өзгеге тілеме" осы сөздің мәнін қалай түсінесіңдер?

· Сені ренжеткен адамдарың болды ма, оған қандай кешіріммен қарадың?

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Кешіре білген сайын абыройың арта түседі»

Публилий Сир

(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады)

  1. Әңгiмелеу Құм мен тас

Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді. Бір кезде екеуі ұрысып қалады да, біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Соңғысы ауырсынса да, ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің жағымнан шапалақпен тартып жіберді».

Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені суға секіріп кетеді де, батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады». Ол өз-өзіне келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің өмірімді құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген, құтқарып қалған досы сұрайды:

-Мен сені ренжеткенде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып жатырсың. Неге?- деп сұрайды.

Досы былай деп жауап береді:

-Бізді біреу ренжеткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен.

Сұрақтар:

· Не себепті ренжегенін құмға жазды деп ойлайсың?

· Жақсылық жасағанды тасқа неліктен жазды?

· Бұл оқиғадан қандай ой қорытар едің?

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Фильмнен үзінді көру, ойларын айту.

</<font face="Times New Roman, serif">Сұрақтар:

· Фильмнің соңында әкесі мен баласын не біріктірді?

· Өмірде кешірімді жасаудың маңызы қандай?

· Бұл фильмнен қандай ой қорытасыңдар?

Кешірімшіл баламыз!

(Дос болайық бәріміз! әніне салып орындау)

1-ші топқа

1.Мейірімді баламыз,

.......................................,

Нұрлы күн сөнбесін!

.........................................,

Өшігуді білмейміз,

........................................!

2-ші топқа

Тату өмір сүрейік,

.................................,

Бақытты баламыз!

......................................,

Жақсыға бой түзейік,

......................................!

  1. Топпен ән айту.

Кешірімшіл баламыз!

(Өз шығармашылығымнан)

1.Мейірімді баламыз,

Байтақ біздің даламыз,

Нұрлы күн сөнбесін!

Жамандықты көрмейміз,

Өшігуді білмейміз,

Қара бұлт төнбесін!

Қайырмасы:

Кішіпейіл баламыз,

Кешіріммен қараймыз.

Әдептілік сақтаймыз, сақтаймыз,

Ұқыпты біз баламыз.

2.Тату өмір сүрейік,

Жақсыға көз тігейік,

Бақытты баламыз!

Шаттықпен тек күйлейік,

Жақсыға бой түзейік,

Ұқыпты боламыз!

  1. Үй тапсырмасы.

№10 А.Бейсебайдың «Кешірімнің күші» мәтінін оқып, түсінігін айту. 43 бет.

Дәптермен жұмыс №9 1,2 тапсырмаларды орындау.

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.

- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал