7


  • Учителю
  • Курстық жұмыс Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі

Курстық жұмыс Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

МАЗМҰНЫ





Кіріспе...........................................................................................................................3

1 Грамматикалық ұғымдар туралы түсінік...............................................................5

2 Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкестігі.........................11

2.1 Грамматикалық мағына......................................................................................11

2.2 Грамматикалық форма........................................................................................19

Қорытынды.................................................................................................................30

Пайдаланылған әдебиет............................................................................................32





































































КІРІСПЕ





Курстық жұмыстың өзектілігі. Тілімізде белгілі бір грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық форма - тұлға арқылы берілетіні белгілі. Яғни, грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір-бірімен тығыз байланысты.

Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі сөз болғанда категориялық грамматикалық мағына негізге алынады, өйткені грамматикалық мағынаның осы түрі ғана арнайы грамматикалық форма арқылы беріледі

Грамматикалық мағына білдірмейтін грамматикалық форма болмайды және грамматикалық формасыз грамматикалық мағына да берілмейді дегенді бұлардың жаңағы қасиетінің негізінде және категориялық грамматикалық мағына шеңберінде ғана тек шартты түрде айта алуымыз - курстық жұмысымыздың негізгі өзектілігі болып есептеледі.

Зерттеу нысаны: Грамматикалық мағына мен оны білдіретін грамматикалық формалар және олардың сәйкестігі.

Зетттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты - грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі категориялық грамматикалық мағына негізін талдау. Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттердің шешілуі көзделді:

  • грамматикалық мағынаның грамматикалық форма арқылы берілуі;

  • грамматикалық мағынасыз грамматикалық форма болмауы және грамматикалық формасыз грамматикалық мағына берілмеуі;

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Курстық жұмысымызда «Қазақ грамматикасы», және «Қазақстан мектебі» журналының №4 санында 1961 жылы басылған А.Ысқақовтың «Грамматикалық мағына және грамматикалық форма» мақаласы, С.Исаев, Н.Оралбай, т.б. ғалымдардың еңбектері негізге алынды. Грамматикалық мағына мен форманың сәйкестігін нақтылау, дәлелдеу үшін, көркем шығармадан 55 мысал талдауға түсті.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

  • грамматикадағы әр алуан грамматикалық құбылыстың өзіне тән грамматикалық мағынасы болу;

  • белгілі грамматикалық формасы үнемі бірлікте болады;

  • олар бірінсіз-бірі өмір сүре алмауы мысалдармен нақты дәлелденеді.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Курстық жұмысымыздың қорытындылары мен тұжырымдарын жоғары оқу орындарында тіл мен әдебиет мамандарын даярлауда оқылатын «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» және «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы»пәндерде қосымша пайдалануға болады.







Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

  • Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың бір-бірімен тығыз байланыстылығы анықталды;

  • Грамматикалық мағына білдірмейтін грамматикалық форма болмайтындығы және грамматикалық формасыз грамматикалық мағынаның да берілмеуін нақты мысалдармен дәлелдеу;

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Грамматикалық мағына мен форманың сәйкестігін салыстыру барысында баяндау, сипаттау, талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.





































































































1 ГРАММАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК





Грамматика (грек. лат.grammatike (techne) - әуел баста әріптерді оқи алу және жаза білу өнері, лат.gramma - әріп) -

  1. тілдің ішкі (грамматикалық) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі;

  2. тілдің грамматикалық құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, граммат. тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрлысын, сездердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зертттейтін тіл білімінің бір сапасы.

Лингвистикада грамматика деген ұғымның мағынасы өте кең. Осыған байланысты лингвистикалық әдебиеттерде грамматикаға, сайып келгенде, мән-мазмұны, түпкі төркіні бір, түрлі-түрлі анықтама беріледі.

Грамматика - тілдегі сөздердің өзгеруі мен сөйлемдегі сөз тіркестері ережелерінің жиынтығы; сол ережелерді сипаттайтын оқулық «грамматика» деп аталады. (С.И.Ожегов).

Грамматика - сөз формаларының жасалу, қолданылу жолдары мен сөйлемдегі сөз тіркестерінің өзгерілу заңдылықтары туралы ілім. (Н.И.Кондаков).

Грамматика - тілдің құрылысы туралы ілім; тіл білімінің сөз формаларының өзгеру жолдарын, сөз тіркесткрі формулаларын және сөйлем типтерін зерттейтін тарауы. (О.С. Ахманова).

Тілдің грамматикасы дегеніміз - тілге тән грамматикалық категориялар жиынтығы мен жүйесі. (Б.Н. Головин).

Жоғарыда келтірілген анықтама-түсініктемелерді қысқаша қорытындыласақ: грамматика - лингвитиканың үлкен бір тарауы; грамматика - тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім; грамматика - тілдің негізгі коммуникативтік қызметін жүзеге асырушы амал-тәсілдер туралы ілім.

Дәлдеңкірей түссек, грамматиканың негізгі объектісі - тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысу, тіркесу жолдары мен типтері. [1, 201б.]

Граматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады:

  1. сөзжасам процесінің тәсілдері - сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сез байлығын молайту амалдары;

  2. морфология - сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты;

  3. синтаксис - сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.

Қазір грамматика - лингвистиканың негізгі терминінің бірі, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейтін дербес саласы. Бір тілдегі грамматикалық мағына мен сол мағынаның берілу амал-тәсілдері-сол тілдің грамматикалық құрылысы деп те аталады. Ал ондай амал-тәсілдер тілдегі жеке-жеке сөздердің басын қосып біріктіріп, бір-бірімен байланыстырады. Соның нәтижесінде айтылмақшы ой-пікір мағыналы сипатқа ие болады. Екінші сөзбен айтсақ, тіл атаулының негізгі коммуникативтік функциясы, яғни тілдің қарым-қатынас, пікір алысу, адамдардың бір-бірімен өзара түсінісу құралы болу қызметі, сол тілдің грамматикалық құрылысы арқылы атқарылады.Бұдан шығатын қорытынды: грамматика-тілдің негізгі функциясын, қарым-қатынас құралы болу функциясын, жүзеге асыру жолдары мен амал-тәсілдері туралы ілім. Грамматиканың негізгі объектісі-тілдің сөзжасамдық, морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары менсол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысу, тіркесу жолдары мен типтері.

Сөзжасам- тілдегі сөздердің жасалу процесін зерттейтін грамматиканың бір саласы.

Морфология - гректің morphe (форма) деген сөзінен алынған термин. Морфология- тілдің морфологиялық категориялары жөнінде ілім. Дәлірек айтсақ, морфология-белгілі бір тілге тән сөздердің грамматикалық категориялары мен сөз формалары , грамматикалық категориялардың жиынтығы мен жүйесі.

Синтаксис - гректің syntaxis (құрастыру, түзу) деген сөзінен алынған термин. Синтаксис тілдегі сөздерді байланыстырып сөйлеу құрылысын зерттейді. Синтаксис- сөйлеудегі негізгі единицаларды, яғни сөз тіркестері мен сөйлемді зерттейтін ілім. Өзінің объектілеріне орай синтаксис бірнеше салаға бөлінеді: сөз және оның формалары синтаксисі, сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем синтаксисі, мәтін синтаксисі. Синтаксистің негізгі нысаны-синтаксистік құрылымдар. Синтаксистік құрылым дегеніміз-бір бірімен грамматика ережелері бойынша байланысқа түскен сөздер тобы мен сөз тіркестері немесе сөйлемдер тұтастығы.

Мектеп оқулықтары мен кейбір зерттеулерде тілдің мәнді бөліктерін құрайтын дыбыстар жүйесіне, сөздер мен сөйлемнің ырғақты әуеніне (интонация) байланысты фонетикалық құбылыстар да, дұрыс жазуға байланысты орфографияның, сөздегі дыбыстардың айтылуына байланысты орфоэпияның, сейлемде тыныс белгілерін дұрыс қоюға байланысты пунктуацияның мәселелері де грамматика шеңберінде қаралады. Сөзжасамға тілімізде туып отыратын жаңа сөздердің жасалу амал-тәсілдері, лексика-семантикалық яғни бөтен тілден сөз aлу, жаңа ұғымға байланысты сөз мағынасының өзгеруі арқылы жасалған туындылар, синтетикалық яғни қосымшалар арқылы жаңа сөз жасау, аналитикалық яғни сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі т.б. сөзжасам үлгілерінің өнімді-өнімсіз, құнарлы-құнарсыз түрлері, олардың заңдылықтарымен бірге бұрыннан да жасалып, қалыптасып кеткен сездердің құрамдық-құрлыстық сипатын анықтау жатады. Тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауда оған тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды, олардың сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің грамматикалық құрылысындағы белгілі жүйелер, заңдылықтар, атап айтқанда тілдегі сөздердің белгілі бір ортақ грамматикалық қасиеттері арқылы топ-топқа белінуі, сөйлеуде сол сөздердің бір-бірімен байланысқа түсуі, сейлем құрап, белгілі бір қызмет атқаруы негізгі грамматикалық ұғымдармен сипаттапады. Олар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория. Бұл үшеуі бір-бірімен диалектикалық байланыста және бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған грамматикалық құбылыстар мен жүйелер осы ұғымдардан туындайды. Тілдің грамматикалық құрылысындағы осындай ерекшеліктері мен заңдылықтары әр дәрежедегі мектептерге оқулық ретінде ұсынылып жарияланған грамматикаларда сипатталады. Орта мектептерге арналған оқулықтар нормативті грамматика, ал жоғарғы оқу орындарына (институттар мен университеттерге) арналған оқулықтар мен академиялық басылымдар ғылыми грамматика деп аталады. Нормативті граматикада сөздердің грамматикалық мағынасының түрлену жүйесі болатындығы, сөз таптарына бөлінетіндігі, бір-бірімен байланысып, тіркесіп, сөйлем құрау қызметі, сөйлемнің құрылысы мен түрлері баяндалады. Ал ғылыми граматикада осы құбылыстардың сипаты, заңдылықтары ғылыми тұрғыда анықталып, мәні ашылады, әрбір тілдік құбылыстың сипаты басқа тілдік құбылыстармен байланыста, себеп-салдарлық ыңғайда нақтылы зерттеулердің нәтижесінде сипатталады. Ғылыми грамматиканың қатарына салыстырмалы-тарихи грамматика да жатады. Ол туыстас тілдердің және әр дәуірдегі көне тілдің грамматикалық құрлысындағы тілдік құбылыстардың сәйкестіктерін салыстыра отырып, даму процестерін зерттеуге, ол тілдік құбылыстардың мәні мен сырын ашуға арналады. [2. 414 б.]

Грамматика тілдегі грамматикалық бірліктерді топтастыратын, қатынас жасауда іске жарататын, әрі олардың бірі-бірінен жігін ажырататын тәсілдерді, құралдарды зерттейді.

Грамматикалық негізгі единицалар - морфема, сөз, сөз тіркесі және сөйлем.

Морфема сөз құрамында қолданылып, белгілі бір мағынаны білдіреді. Ол - сөздің ары қарай бөлшектенбейтін, ең кіші мағыналық бөлшегі. Сөз - морфемалардан құралып, заттарды, құбылыстарды, іс-әрекетті, сапа-белгіні, олардың бір-біріне қатысын белгілейтін, даралық қасиетке ие болатын, басқа сөздермен сан алуан қарым-қатынасқа, байланысқа түсетін және дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын бірлік. Сөз тіркесі - кемінде екі дербес сөздің емін-еркін тіркесінен жасалып, құбылыстарды бір-бірімен байланысын, қарым-қатынасын білдіретін грамматикалық бірлік. Сөйлем - сөздерден (немесе бір сөзден) құралып, біршама аяқталған ойды білдіретін грамматикалық бірлік.

Аталған бірліктердің (морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем) ішінде екі жақты құбылыс ретінде қаралатын бірлік - сөз. Сөз тілдің лексикалық жүйесінің бірлігі ретінде лексикологияда қарастырылғанда, біріншіден - лексикалық мағынасы, мағыналық құрылымы (смысловая структура) жағынан, екіншіден, - шығу тегі жағынан, үшіншіден, - қолдану аясы мен шеңбері жағынан, төртіншіден, - экспрессивті-стильдік сипаты жағынан қарастырылады. Ал сөз тілдің грамматикалық бірлігі ретінде грамматикада қарастырылғанда, біріншіден, - оның бойында лекссикалық мағына мен бірнеше грамматикалық мағынаның ұштасып келуі жағынан, екіншіден, - морфологиялық құрылымы мен құрылымдық элементтері жағынан, үшіншіден, - формалары жағынан, төртіншіден, - лексика-грамматикалық топтарға (сөз табына) қатысы жағынан, бесіншіден - сөз тіркесі мен сөйлемнің құралуына қатысы және олардағықызметі жағынан қарастырылады.

Грамматикалық единица ретінде қаралатын сөздің басқа барлық бірліктердің ішінде алатын орны да, атқаратын қызметі де айрықша. Сан алуан грамматикалық құбылыстар сөзден тарайды және сөзге келіп тірелмейтін, оның қатысы болмайтын бірде-бір грамматикалық бірлік жоқ десе де болады. Сөз, біріншеден, - грамматикалық жүйенің ішінде морфемамен бірлікте болып, бұл бірліктер (сөз бен морфема) бір-бірімен өзара тығыз байланысқа, қарым-қатынасқа түскен күйінде грамматикалық құрылыстың морфологиялық саласын құраса, екіншіден, - сөз тіркесі және сөйлеммен өзара қарым-қатынасқа, тығыз байланысқа түсіп, олармен бірге грамматикалық құрылымның синтаксистік саласын құрайды.

Сөз де, сөз тіркесі де сөйлем құрауға қажетті бірліктер ретінде қызмет атқарады. Сөйлемнен тыс, тек соған керекті құрылыс материалы ретінде қаралатын сөз бен сөз тіркесі тілдің номинативті құралдарының қатарына енеді. Сөйлем ойды жеткізудің негізгі құралы болып саналады да, коммуникативті қызмет атқарады. Мұнан, әрине, сөз бен сөз тіркесінің коммуникативті қызметке қатысы жоқ деген ұғым тумауы тиіс. Мұндай қызметті олар да атқара алады. Бірақ сөз бен сөз тіркесі коммуникативті қызметті өздігінен, жеке дара күйінде емес, сөйлем арқылы, сөйлем құрамында қолдану арқылы атқара алады. Сөз де, сөз тіркесі де сөйлемнің құрамында қолданылғанда, оның құрылымдық элементтері ретінде қарастырылады.

Тіл өзінің қатынас құралы, ойды білдіру, пікір алысу құралы болу қызметін, біріншіден, - өзін құрайтын элементтердің немесе бірліктердің әрқайсысы белгілі бір мағынаны, мазмұнды білдірген жағдайда, екіншіден, - ол бірліктер грамматикалық құралдар, амал-тәсілдер арқылы өзара қарым-қатынасқа түсіп, ұйымдасқан жағдайда ғана атқара алады. Тілдегі бірліктер - морфема, сөз, сөз тіркесі, және сөйлемнің мағынаны, мазмұнды білдіретіндігі жоғарыда айтылды. Ал грамматикалық және ондағы құралдар мен амал-тәсілдердің тілдік бірліктерді қарым-қатынасқа түсіріп, ұйымдастыру қызметін атқаратындығын түсіну үшін грамматикалық абстракция туралы мәселені білу қажет [1.213].

Лексикалық тұрғыдан орман, өзен деген сөздер әр басқа сөздер ретінде танылса, грамматикалық тұрғыдан бұл екі сөздің бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Бұлай болатындығы мынадан: аталған сөздердің (орман, өзен) бір-бірінен лексикалық мағыналары жағынана ажыратылуы грамматика үшін басты нәрсе емес, өйткені грамматика нақты сөздерді емес, жалпы сөз атаулыны немесе белгілі бір лексика-грамматикалық топқа бөлінетін сөздерді ескереді. Грамматика үшін орман, өзен және т.б. осылар тәріздес сөздердің басты жағы мынада: бұлар - атау тұлғадағы, жекеше түрдегі зат есімдер. Аталған сөздер және олар тәріздес т.б. сөздер септелгенде, біркелкі септеледі. Септік жалғауларының алдында (-дың, -дің, -ға, -ге, -ды, -ді, -дан, -ден) орман, өзен деген сөздер тұра ма немесе тау, жер, су, оқушы, етікші және т.б. осылар тәріздес сөздер тұра ма - оның грамматика үшін пәлендей мәні жоқ, әйтеуір септелеті сөздер келсе болғаны.

Сөйлемде құру үшін де грамматика сөздердің нақтылы лексикалық мағыналарынан абстракцияланады. Осыдан келіп, белгілі бір сөйлемдегі бір сөзді, сөйлемнің құрылысын бұзбай-ақ, басқа бір сөзбен қалауымызша ауыстыра аламыз. Мысалы, Біз ауылға бара жатырмыз деген сөйлемнің құрамындағы ауылға деген сөздің орнына, ыңғайына қарай, көлге, тауға, қалаға деген сөздердің қайсысын болса да, біреуін қойып айта беруге болады.

Грамматика сөздердің бір-бірімен қатынасын білдіреді. Ол қатынас - белгілі бір сөздердің нақтылы қатынасы емес, ешбір нақтылығы жоқ грамматикалық қатынас. Бірақ грамматика қатынасқа ғана сүйеніп қоймайды, сонымен бірге мағынаға да сүйенеді. Бұл арада лексика мен грамматиканың арасында мынадай айырмашылық бар: лексикада мағына категориясы ең басты орынға, қатынас категориясы кейінгі орынға ие болса, грамматикада ең алдымен қатынас категориясы, содан кейін ғана барып мағына категориясы мәлім болады. Бұған қоса, лексикадағы мағына грамматикадағы мағына котегориясымен сәйкеспейді. Грамматикалық мағынаның лексикалық мағынадан айырмашылығы сол, грамматикалық мағына логикалық ұғыммен ұштасады да, шындық өмірдегі заттармен тікелей ұштаспайды. Ал лексикалық мағына логикалық ұғыммен де, шындық өмірдегі заттармен де қатынаста болып, екеуімен де ұштасады.

Әрбір тілдің өзіне тән белгілі бір құрылымы болады. Құрылым тілді құрастырушы бірліктер - сөзде де, сөз тіркесінде де, сөйлемде де бар. Тілдің құрылымына талдау жасау, сайып келгенде, оны құрастырушы тілдік бірліктер - сөздің құрылымына, сөз тіркесінің құрылымына және сөйлемнің құрылымына талдау жасау болып шығады. Сөздің құрылымы грамматиканың морфология бөлімінде қарастырылса, сөз тіркесінің құрылымы мен сөйлемнің құрылымы грамматиканың синтаксис бөлімінде қарастырылады.

Тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктерін анықтауда (сол арқылы ғана сөздің гарамматикалық сипаты ашылмақ) оған (тілдің грамматикалық құрылысына) тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды ажыратып, олардың ерекшеліктерін, сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің грамматикалық құрылысы сала-сала жүйелерден құралады да, олардың тұтастығы сол жүйелерге тән белгілі заңдылықтарға сүйенеді. Сөйтіп, қазақ тілінде ең басты грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына оның берілу тәсілінің бір түрі грамматикалық форма және екеуінің жүйелі жиынтығын құрайтын грамматикалық категория енеді. Бұл үшеуі бір-бірімен диалектикалық бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған жекелеген грамматикалық единицалар мен құбылыстар, жүйелер осы ұғымдардан туындайды.

Тілдегі негізгі грамматикалық ұғымның бірі - грамматикалық категория. Грамматикалық категория деген ұғым, бір жағынан, грамматикалық мағынамен де, грамматикалық формамен де байланысты, екінші жағынан олардан күрделі болып келеді.

Грамматикалық категория грамматикалық сипаты жағынан, жасалу жолы мен тұлғалық жүйесі жағынан біркелкі емес. Қайткен күнде де грамматикалық категориялар белгілі грамматикалық топтағы сөздердің тұлғану, түрлену жүйесімен, соған лайық олардың грамматикалық мәнімен, сөйлеу процесінде сол сөздердің атқаратын қызметімен, басқа сөздермен қарым-қатынасымен байланысты болғандықтан да, грамматикалық категорияларды тілдік деңгейге қатысты шартты түрде морфологиялықкатегория жәнесинтаксистік категория деп бөлуге де болады. Сондай-ақ морфологиялық категорияларды сөз түрлендіруі мәнді (слово изменительные) морфологиялық категориялар және топтау я жіктеу мәнді (классифицирующие) морфологиялық категориялар деп те бөлу дәстүрі бар.

Грамматикалық немесе морфологиялық категориялар сөз таптарына қарай топталып жіктеледі. Бұның өзі грамматикалық (морфологиялық) категория сол сөз табының грамматикалық ерекшелігі, түрлену жүйесінің сипаты екендігін көрсетеді. Бірақ тіліміздегі сөз таптарының барлығында бірдей грамматикалық (морфологиялық) категория бола бермейді. Кейбір сөз табында (мысалы, сан есім, есімдік, үстеу, т.б.) грамматикалық категория атымен болмауы мүмкін, өйткені бұлар (бұл сөз таптарына енетін сөздер) белгілі парадигмалық жүйемен өзгермейтін, грамматикалық, тұлғалық түрлері жоқ сөздер болып келеді. Ал грамматикалық категориялары бар сөз таптары - зат есім, сын есім және етістік. Олар мыналар: зат есімнің сан- мөлшер (көптік) категориясы, тәуелдік категориясы, септік категориясы, сын есімнің шырай категориясы, етістіктің салт-сабақты етістік (немесе салттылық - сабақтылық) категориясы, етіс категориясы, болымсыз етістік (болымдылық - болымсыздық) категориясы, рай категориясы, шақ категориясы, жіктік (жақ) категориясы [3, 18 б.].



















2 ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНА МЕН ГРАММАТИКАЛЫҚ ФОРМАНЫҢ СӘЙКЕСТІГІ

2.1 Грамматикалық мағына





Тілдегі әрбір сөздің нақты лексикалық мағынасымен бірге жалпы грамматикалық мағынасы да болады. Сөздің лексикалық мағынасы - нақты, ұғымдық мағына, яғни бір сөзден екінші сөзді айыратын реестрлік сөздің мағынасы болса, грамматикалық мағынасы - сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің лексикалық мағынасының жалпылануы немесе оған әр түрлі тұлғалар үстелу арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналар болып табылады.

Грамматикалық мағына сайып келгенде, сөздің лексикалық мағынасымен тікелей байланысты болады. Бірақ грамматикалық мағыналардың өзі біркелкі емес. Тікелей лексикалық мағынадан туатын да, сөздің түрлену жүйесі негізінде тұлғалануынан да пайда болатын грамматикалық мағыналар бар. Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл, Қыз таныстыр - қызыққа жұрт ыржаңшыл (Абай75б.)деген сөйлемді талдап көрейік. Сөйлемде қолданылған әрбір сөз бір-бірінен лексикалық мағынаны және бірнешеден грамматикалық мағынаны білдіріп тұр:

  1. күйеу, лексикалық мағынасы - әйелдің ері, жұбайы деген мағынада; грамматикалық мағыналары -1) жалпы зат атауы; 2)атау тұлғада;

  2. келтір, лексикалық мағынасы - нақты келтіру деген қимыл; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіруі; 2) ол қимыл сабақты; 3) ырықсыз етіс;

  3. қыз, лексикалық мағынасы - кәмелетке толған қыз; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы; 2) атау тұлғада; 3)деректі;

  4. ұзат, лексикалық мағынасы - құтты орнына қондыру деген қимыл; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіруі; 2)ол қимыл сабақты; 3) ырықсыз етіс;

  5. тойыңды, лексикалық мағынасы - қуанышты мереке, мейрам; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы;2) тәуелділік мағына; 3) екінші жақ, жекеше;

  6. қыл, лексикалық мағынасы - жалпы жасау деген қимыл; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіруі; 2) қылу қимылының амалын білдіру; 3) екінші жақ, бұйрық рай мәні;

  7. қыз, лексикалық мағынасы - кәмелетке толған қыз; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы; 2) атау тұлғада; 3) деректі;

  8. таныстыр, лексикалық мағынасы - нақты танысу деген қимыл; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіруі; 2) ырықсыз етіс мәнде; 3) ол қимыл салтты; 4) қимылдың танысу бағытын білдіруі;

  9. қызыққа, лексикалық мағынасы - тартымды көрініс; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы; 2) жартылай деректі; 3) барыс септік;

  10. жұрт, лексикалық мағынасы - жалпы адам деген мағынада; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы; 2) атау тұлғада; 3) деректі;

  11. ыржаңшыл, лексикалық мағынасы - жалпы адамның көңілі; грамматикалық мағыналары: 1)жалпы сын атауы; 2) қатыстық; 3) адъективтенген.

Осы шағын талдаудан көрінетіндей, сөйлемдегі әрбір мәнді сөз бір лексикалық мағына және бір я бірнеше грамматикалық мағынаны білдіреді. Және грамматикалық мағыналар біркелкі емес, олардың берілу тәсілдері де әр түрлі. Осы сөздерді кейбір ортақ грамматикалық мағыналарына қарап топтауға да болады. Мысалы, жалпы затты зат атауын білдіруіне қарай: күйеу, қыз, тойыңды, қызыққа, жұрт сөздерін бір топ етіп, екінші жақ субъектінің қимылын білдіруі жағынан келтір, ұзат, қыл, таныстыр сөздерін бір топ етіп, тәуелділік мәніне қарай тойыңды сөзін бір топ етіп т.б. топтауға болар еді. Сөйтіп, жалпы мағына, грамматикалық мағынаның бірыңғайластығы, ортақтығы жағынан сөздерді белгілі топтарға жіктеуге болады. Сонымен бірге ол грамматикалық мағыналардың түрлері де, берілу жолдары да біркелкі емес. Мысалы, келтір, ұзат, қыл, таныстыр, сөздерінің жалпы қимыл, іс-әрекетті білдіруі мен салттылық (туғанда, кірер)я сабақтылық (ашады) мағыналары нақты қимылдың абстракцияланып, жалпылануы арқылы пайда болған. Сондай-ақ күйеу, қыз, тойыңды, қызыққа, жұрт сөздерінің жалпы зат атауын білдіруі нақты заттардың абстракцияланып, жалпылануы арқылы пайда болып отыр. Демек, бұл тәрізді грамматикалық мағыналар сөздердің лексикалық мағыналарының абстракциялануы, жалпылануы арқылы беріледі. Сөйтіп, бұл -грамматикалық мағына білдірудің семантикалық тәсілі (жолы) екен.

Берілген сөйлемдегі күйеу, қыз, тойыңды, жұрт сөздерінің әрқайсысы - жеке-жеке ұғымды білдіретін заттың аты, келтір, ұзат, қыл, таныстыр - нақты қимыл ұғымын білдіретін сөздер, ыржаңшыл -нақты сынды білдіретін сөз, сондай-ақ бес, тоғыз - нақты санды білдіретін сөздер, қара, жасыл, көк - заттың нақты түсін білдіретін сындар, т.б. Атап айтқанда, күйеу - қыз айттырған, үйленген жігіттің қайын жұртына туыстық қатынасы (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 425 б.), қыз - әйел бала, бойжеткен (ҚТТС, I, 550 б.), тойыңды - халық көп жиналатын салтанатты, қуанышты мереке, мейрам (ҚТТС, I, 806 б.), жұрт -ел-жұрт, халық (ҚТТС, I, 319 б.) дегендердің осы көрсетілген лексикалық мағыналарында ешбір ортақтық, жақындық жоқ, әрқайсысы - бөлек-бөлек заттардың атауы; келтір - келу, әкелу (ҚТТС, 379 б.), ұзат - қалыптасқан дәстүр бойынша түрлі ырым-сырым жасап, қызды күйеуге беру (ҚТТС, 835 б.), қыл - жасау, істеу, ету (ҚТТС, ІІ, 554 б.), таныстыр -танысу (ҚТТС, 781 б.)дегендердің осы көрсетілген лексикалық мағыналарында ортақтық, ұқсастық жоқ, бір-бірінен осы мағыналары арқылы ажыратылады; ыржаңшыл - ыржаңға үйір, жеңілтек (ҚТТС, 946 б.); бес - төрттен кейінгі сан (ҚТТС, IX, 243 б.), тоғыз - сегізден кейінгі сан (ҚТТС, 794 б.) дегендердің де лексикалық мағыналары бөлек-бөлек; қара -көмірдің, күйенің түсіндей (аққа қарама-қарсы) (ҚТТС, I, 476 б.), жасыл - жапырақтың түсіндей түс (ҚТТС, ІІ, 278 б.),көк - заттың көгілдір, ашық аспан тәрізді түсі (ҚТТС, III, 407 б.)дегендердің де лексикалық мағыналары бөлек-бөлек, өйткені бұлар әр түрлі түсті білдіреді. Сонымен бірге бұл нақты (лексикалық) мағыналары жалпылануы да мүмкін. Атап айтқанда, күйеу, қыз, тойыңды, қызыққа, жұрт жалпы зат атауларын білдіреді, келтір, ұзат, қыл, таныстыр жалпы қимылды, іс-әрекетті білдіреді, бес, тоғыз -жалпы бір санды білдіреді, қара, көк, жасыл -жалпы түсті білдіреді яғни сапалық сынның білгілері. Міне бұл соңғы көрсетілгендер -нақты лексикалық мағыналардың жалпылануы арқылы пайда болған жалпы грамматикалық мағыналар яғни бұлар белгілі бір сөздің ғана мағыналық сипаты емес, белгілі бір топтағы (айталық, заттың атын білдіру немесе қимыл іс әрекетті білдіру, т.б.) сөздердің ортақ жалпы мағынасы. Осы жалпы мағыналарының ортақтығы арқылы сөздер топтасып, белгілі бір грамматикалық топ құрайды күйеу, қыз, тойыңды, қызыққа, жұрт -заттың атын білдіретін сөздер -зат есім, келтір, ұзат, қыл, таныстыр іс-әрекетті білдіретін сөздер -етістік, бес, тоғыз -заттың санын білдіретін сөздер - сан есім, ыржаңшыл, қара, көк, жасыл (жақсы, үлкен, биік) заттың сынын білдіретін сөздер -сын есім, т.б. Сөйтіп сөз лексикалық мағынасы арқылы басқа сөзден дараланып, жекеленіп, бөлініп отырса, жалпы грамматикалық мағынасы арқылы керісінше басқа сөздермен ортақ сипат алып, жақындап, жалпы грмматикалық топ құрауға бейімделеді.

Сөзде лексикалық мағынаның жалпылануы негізінде пайда болатын жалпы грамматикалық мағына (жалпы заттың аты, жалпы қимыл, т.б.) басқа да жалпы грамматикалық мағыналарды білдіруге негіз болады. Яғни, мысалы, жалпы заттың атауы болу мағынасымен бірге ол жалпы грамматикалық мағына жекелеген ( жалпы) заттың атауы болуы мүмкін немесе алуан түрлі заттың атауы болуы мүмкін немесе алуан түрлі заттың жалпы ортақ атауы болуы мүмкін (жалпы есім); деректі немесе дерексіз зат атауы болуы мүмкін; адамға байланысты (кімдік) немесе адамнан басқа затқа байланысты атау болуы мүмкін, т.б. Сондай-ақ заттың сынын білдіретін сөздер сапалық сынға немесе қатыстық сынға байланысты болуы мүмкін, қимылды білдіретін сөздер салттық немесе қимылдың неше түрлі семантикалық сипаты болуы мүмкін (қалып, қозғалыс, амал -әрекет, ойлау қабілетіне байланысты, көңіл күйіне байланысты, т.б.). бұлардың барлығы да сөздің жалпы семантикасынан туындайтын жалпы грамматикалық мағыналары. Сөйтіп, сөзде жалпы грамматикалық мағына біреу ғана емес, бірнеше де болуы мүмкін.

Оқулықтарда грамматикалық мағына деп лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін немесе грамматикалық тұлғалар арқылы және басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу арқылы және басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу арқылы пайда болатын (туатын) жалпы мағына деп көрсетіледі. «Сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынасына айқындай, саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздер мен қарым-қатынастары арқылы да айтылады». Ең алдымен грамматикалық мағына -лексикалық мағынамен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін мағына емес, сөздің сол лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы туатын жалпы мағынасы. Лексикалық мағынаға қарағанда грмматикалық мағына алдымен лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болып, содан кейін сөйлеу процесінде сөздің жұмсалу мақсатына қарай оған әр түрлі тұлғалардың қосылуы арқылы немесе сөйлемде басқа сөздермен әр қилы қарым-қатынасқа түсуі арқылы үстеледі, демек, осының нәтижесінде екінші қатардағы мағына болып табылады. Сондай-ақ лексикалық мағынаның мәні дара болса, сөйтіп, сөздерді бір-бірінен саралап, бөлуге негіз болса, грамматикалық мағына жалпы болады, жеке сөздерге (формаға) ғана емес, солардың белгілі топтарына тән болғандықтан, сөздерді грамматикалық сипаты жағынан, жоғарыда көрсетілгендей, топтауға негіз болады. Оның үстіне сөз бір ғана лексикалық мағынаны білдірсе, грамматикалық мағына сөйлемдегі сөзде әдетте бірнешеу болады. Екіншіден, грамматикалық мағына, дұрыс көрсетіліп жүргендей, сөйлеу процесінде сөздің әр түрлі грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуінен де туады, көрінеді. Үшіншіден, грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздердің басқа сөздермен әр қилы қарым-қатынасынан да пайда болады. Бұлардың барлығы да грамматикалық мағына деп танылғанмен, олардың әрқайсысының мәні, сипаты, грамматикалық сипатын айқындаудағы ролі бірдей емес. Сондықтан да грамматикалық мағына атаулыны жасалу тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне қарай жалпы грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына және қатыстық грамматикалық мағына деп үш түруге бөлуге болады.

Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық мағынаны жалпы грамматикалық мағына деп атайды.

Қазақ тілінде грамматикалық форма арқылы берілетін мағынаны категориялық грамматикалық мағына деп атайды.

Грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация , т.б. аналитикалы, қатыстық тәсілдер арқылы да беріле береді. Оны қатыстық грамматикалық мағына деп атайды [5, 14 б.].

Жалпы тіл білімінде грамматикалық мағынаны дәл осындай үш түрге бөлу тәжірибесі жоқ. Қазіргі қырғыз тілінде грамматикалық мағынаның типтері ретінде оны екіге бөліп қарау тәжірибесі бар: бірі -жалпы категориялық мағына және екіншісі -жеке грамматикалық мағына. Жалпы категориялық мағынаға, мысалы, зат есімнің заттық, сын есімнің сындық, етістіктің қимыл-әрекеттік мағыналары яғни сөздің әр түрлі формада түрленіп өзгеруінен емес, түбір білдіретін және сөздің барлық грамматикалық формаларында бола беретін мағыналары жатады да, жеке грамматикалық мағынаға сөздің түрленіп тұлғалануы арқылы пайда болатын мағыналары жатады, сондықтан бір сөзде бір жалпы грамматикалық мағына және бірнеше жеке грамматикалық мағына болады.

Грамматикалық мағына жоғарыда көрсетілгендей, ең алдымен, сөйлеу процесінде лексикалық мағынадан туындайды, яғни лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы грамматикалық мағына пайда болады. Жалпы, сөйлеу процесінен (сөйлемнен яғни контекстен) тыс грамматикалық мағына болмайды. Үй, тас, жасыл, немесе кел, т.б. дегендердің заттық және иелік, жалпылық немесе сындық, түсті білдіру немесе қимылдық, т.б. грамматикалық мағыналары сөйлеу процесінде әбден қалыптасқан, сондықтан ондай тиесілі мағына сөйлемсіз-ақ ойымызда тұрақталып қалған. Одан әрмен сол сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсуі арқылы да, түрлі грамматикалық формалар үстелуі арқылы да, дауыс ырғағы, орын тәртібі, ішкі флексия, т.б. арқылы да грамматикалық мағына үстеледі.

Грамматикалық мағынаның түрлері оның берілу жолдарына байланысты және соған сай олардың (грамматикалық мағыналардың) грамматикалық немесе лексика-грамматикалық (семантикалық), қызметтік (функциялық), т.б. сипаттары айқындалады. Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикаылық мағынаны жалпы грамматиалық мағына деп бөлуге болады. Жалпы грамматикалық мағына грамматикалық формасыз-ақ ішкі семантиканың абстракциялануы, жалпылына түсуі арқылы қалыптасады да, сол арқылы сөздердің семантикалық жақындығы, ортақтығы пайда болып, грамматикалық топтар құралады. Жалпы грамматикалық мағынаның әрі қарай шектеле, ұсақтай түсуі нәтижесінде үлкен грамматикалық (шынында лексика-грамматикалық) топтарынан өз ішінде кіші топтар да бөлініп шығып отырады. Мысалы, үй, бала, Алматы немесе жақсы, көк,тасты, құмсыз немесе кел, тұр, ойла, т.б. сөздердің лексикалық мағыналарының жалпылануы нәтижесінде жалпы заттық немесе жалпы сындық немесе жалпы қимыл, іс-әрекеттік сияқты жалпы грамматикалық мағына байқалып, кішірек топтарды көрсетуге болады. Жалпы заттық мағынадағы сөздерді адамға байланысты (кімдік) заттар (бала, кісі, жолдас, т.б.), адамнан басқа затқа байланысты (нелік) заттар (үй, тас, ағаш, т.б.), жалпылық немесе жалқылық ерекшелігіне байланысты (Алматы, Құлагер, Ертіс, т.б.), сондай-ақ деректі-дерексіз, т.б. топтарға бөлуге болады. Жалпы сындық мағынадағы сөздерді сапалық сын-белгі (жақсы, жаман, үлкен,биік, т.б.), түске байланысты сын (көк, қызыл, ақы, т.б.), қатыстық сын (тасты, құмсыз, аудандық, т.б.) деп, жалпы қимылды білдіретін сөздерді қимылдық мәнді (кел, кет, шап, т.б.) қалыпты білдіру (тұр, отыр, жатыр, т.б.), абстракты іс-әрекет (ойла, қиялда), т.б. толып жатқан мәнді білдіруіне қарай топтарға бөлуге болар еді.

Сөйтіп, жалпы грамматикалық мағына сөз таптарының семантикалық сипаты болып табылады. Сөздерді таптастырудың семантикалық деп аталатын принципі сөздердің осы жалпы грамматикалық мағынасына негізделеді. Грамматикалық мағына арнайы грамматикалық формалар арқылы да беріледі. Грамматикалық форма деген ұғымға, ең алдымен, сөзге (түбірге) үстелетін қосымшалар, сондай-ақ префикстер мен жүйелі түрдегі ішкі флексия, супплетивтік тәсіл жатады. Ал қазақ тілінде префикстік те, флексиялық та, супплетивтік те тәсіл жоқ. Бірлі-жарым кірме сөздің құрамындағы бей, би (бишара, беймаза), на (наразы) сияқтылардың жеке басында ешбір грамматикалық , семантикалық сипат жоқ, олар тілімізде сөз құрамынан бөлінбей, тұтасып кеткен. Қазақ тілінде грамматикалық форма арқылы берілетін мағынаны категориялық грамматикалық мағына деп атау қажет. Жалпы грамматикалық мағына лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы беріліп, сөздің сыртқы тұлғасына, түріне қатысты болмай, демек, түрлену жүйесіне қатысты болмай, таза грамматикалық семантика ретінде болса, категориялық грамматикалық мағына, ең алдымен, белгілі грамматикалық формалар арқылы беріледі де, екіншіден, сол арқылы белгілі грамматикалық топтағы сөздердің (сөз таптарының) түрлену жүйесін, парадигмалық сипатын, соның нәтижесінде ол топтардың грамматикалық, лексика-грамматикалық категориялар шеңберін, мәнін айқындайды.

Грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация, т.б. аналитикалық, қатыстық тәсілдер арқылы да беріле береді. Оны қатыстық грамматикалық мағына деп атау қажет. Түсінікті болу үшін бірнеше мысалды талдап көрейік. Бірінші бала зат атауы (адам), атау септігі арқылы субстанттық, иелік (таянбау қимылының иесі), 3-жақ мағыналарын білдіріп тұрса, екінші бала заттық мағынада емес, (сындық-қатыстық) мағына бала сөзінің бүркіт сөзімен тікелей тіркесуінен пайда болып, соның арқасында адъективтену процесіне ие болған. Есеней-ау, басқа ермегім қалды ма? (Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» 37 б.) дегенде сұраулық мағына ма шылауы арқылы беріліп тұр. Бұл -кітапты көп оқиды және бұл кітап дүкенде сатылып жатыр деген сөйлемдегі бұл сөздерінің интонациясына назар аударсақ та жеткілікті. Әрине, бірінші бұл дегеннің атау септік тұлғасында тұрғаны -бөлек әңгіме. Немесе мына диалогта кітапханаға сөзінің мағынасына назар аударайық:

  • Қайда бардың?

  • Кітапханаға.

  • Кітапханаға? Қай кезде?

Басқа грамматикалық мағыналарды ескермегеннің өзінде екінші кітапханаға дегенге сұрау мағынасы тек интонация арқылы берілген.

Сөйтіп, қатыстық грамматикалық мағына сөздердің сөйлемде атқаратын қызметтерімен байланысты және көбіне контекстік болып келеді де, сөздерді таптастыруда сөздердің синтаксистік қызметі принципіне негіз болады. Сонымен бірге грамматикалық мағынаның грамматикалық форма деген ұғыммен байланыстылығын және грамматикалық категория деген ұғымының мәнін, шеңберін айқындауға негіз болатынын категориялық мағына көрсетсе, екінші жағынан, кейде тек ол морфология саласымен шектеліп қоймай, синтаксиске де еніп келетінін қатыстық грамматикалық мағына көрсетіп, морфология мен синтаксистің арасын жымдастыра түсуге себін тигізеді. Үшінші жағынан, жалпы грамматикалық мағына жекелеген сөз топтарының семантикалық сипатын айқындайды. [2, 415 б.]

Тілде қанша сөз болса, соның әрқайсысының өзіне тән нақтылы лексикалық мағынасы және, сонымен қатар, грамматикалық мағынасы болады. Ол грамматикалық мағына, ең алдымен, жеке сөздің өз тұлға-тұрпатына байланысты. Бірақ, солай бола тұрса да, сөздің грамматикалық мағынасы әсіресе сөз бен сөздің, сөздер мен сөздердің ара қатынастарынан жақсы аңғарылады. Мысалы, Талап қыл артық білелік, Ерінбей оқып көрелік, Оқалы киім киелік (Абай, 59 б.) деген сөйлемдердегі білелік, көрелік, киелік деген сөздердің әрқайсысының өздеріне тән нақтылы лексикалық мағынасы бар. Атап айтқанда: олардың әрқайсысы белгілі іс-әрекетті, демек, біріншісі - білу, екіншісі - көру, үшіншісі - кию әрекеттерін білдіреді. Сонымен қатар, осы үш сөздің үшеуінің де сол нақтылы лексикалық мағыналарымен тікелей байланыспайтын, бірақ сол лексикалық мағыналармен жарыса жүретін, үшеуінің де бірдей бойынан табылатын, үшеуіне де бірдей ортақ жалпы мағыналар бар. Ол мағыналар: біріншіден, осы үш етістіктің үшеуі де дәл осы сөйлемдерде қазіргі кезде істелініп жатқан я істелініп отырған істі де емес, қазірге дейінгі істелініп болған істі де емес, алдағы уақытта істелінбекші әрекетті білдіреді, екіншіден, үшеуіне де автор тыңдаушыларға (оқушыларға) жар салып, сол етістіктер арқылы іске жұмылуға әрі бұйырып, әрі шақырып тұр; үшіншіден, сөйлеуші (автор) өзін де, өзгелерді де (тыңдаушыларды) бір ұдай етіп бірінші жаққатоптап, «бәріміз (біз) білелік, бәріміз (біз) көрелік, бәріміз (біз) киелік» деп тұтас қамти айтып отыр; төртіншіден, ол әрекетті істеу бір адамға емес, көп адамға қаратылып (мысалы, біз білелік деу, әрине, көптік мағынада) айтылып тұр; бесіншіден, осы шақыру мағынасында айтылған ұсыныстар есім сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, т.б.) арқылы емес, амал, іс-әрекетті білдіретін етістіктер арқылы айтылып тұр; алтыншыдан, ол етістіктерде сабақтылық, салттық деген сияқты грамматикалық мағыналар да бар; жетіншіден, бұл сөздер осы сөйлемдерде баяндауыш болып қызмет атқарып тұр.

Міне талданған бұл үш сөздің үшеуіне де тән осындай ортақ мағыналарын жалпы грамматикалық мағыналар деп қараймыз. Осы мағыналарды жалпы грамматикалық мағыналар дейтін себебіміз мынадан: жоғарыда аталған грамматикалық мағыналар осы үш етістіктің басында ғана емес, сол мағынада және сол тұлғада жұмсалатын басқа да етістіктердің барлығында да болады. Мысалы, сол мағыналарды «Зарланып, ойланалық, Не болам деп енді мен, Құрбылардан қорланалық» (Абай, 124 б.) деген сөйлемдердегі «ойланалық, қорланалық» дегендерден де, сондай-ақ келелік, тыңдалық, отыралық, жазалық, сөйлелік деген тәрізді сөздерден де оп-оңай таба береміз.

Сөздің жалпы грамматикалық мағынасының, оны дұрым анықтаудың грамматика үшін маңызы төтенше зор. Сөздердің грамматикалық мағыналары дұрыс анықталмаса, олардың грамматикалық қасиеттерін тануда шалағайлық болмақшы. Ал ондай шалағайлық, әдетте, сөздерді белгілі-белгілі грамматикалық топтарға бөлуге де, ол топтың әрқайсысына тән грамматикалық ерекшеліктерді дұрыс ашуға да айтарлықтай нұқсан келтіреді.

Грамматикалық мағынаның мәні, орныжәне өзгешеліктерді неғұрлым кеңірек анықталса, солғұрлым тілдің жалпы грамматикалық құрылысының сыр-сипаттары да молырақ ашылмақ. Мысалы: «Қалтаң бүтін болса, ақшаң түгіл шақшаң да түсіп қалмайды» (Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» 76 б.) деген сөйлемдердегі «қалтаң, ақшаң, шақшаң» деген үш сөзден нақты үш түрлі нәрсені түсінеміз. Ол түсініктер, әрине, - олардың нақтылы лексикалық мағыналары. Бірақ бұл мағыналардан заттардың сынын я санын, күйін я әрекетін түсінбейміз, нағыз заттың өз аттарын, демек, грамматика тілімен айтқанда, зат есімдерді ұсынамыз. Бұл ұғым осы сөздердің грамматикалық мағынасы болады. Бұл мағынада, демек, зат есім деп тану ұғымы, - осы үш сөздің үшеуіне де және олардың басқа да сол сияқты заттық атауларға да тән жалпылама ортақ мағына.

Оның бер жағында, бұл сөздердің қайсысында болса да көптік ұғым жоқ, тек жекелік ұғым ғана бар. Бұл ұғым да олардың грамматикалық мағыналары болады. Сондай-ақ, «қалтаң, ақшаң, шақшаң» деген сөздерден сол нәрселердің белгілі біреуге, грамматика тілімен айтқанда, - екінші жақтағы адамға тән (меншікті) я тәуелді екенін аңғарамыз. Ал тәуелділікті білдіретін бұл мағына да жалпы грамматикалық мағына болып есептеледі. Өйткені бұл мағына да зат есім деп аталатын басқа сөздердің бәріне де тән қасиет, мысалы: қолын, көзін, басын, кітабын, қаламын дер зат есімдерді екінші (тыңдаушы) жаққа тәуелдеп қолдана береміз. Бұл айтылғандардың үстіне осы жоғарыдағы үш сөздің де сөйлемде бастауыш болып тұрған қызметін қоссақ, грамматикалық мағына деген ұғымның мәні де зор,грамматикада алатын орны да үлкен, қарымы да кең екенін аңғаруға әбден болады.

Сонымен, сөздің нақтылы лексикалық мағынасына тікелей байланысты болмағанымен, оның сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасы грамматикалық мағына дейміз [7, 60 б.].

Грамматикалық мағынаорыс.грамматическое значение - тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинакты, дерексіз тілдік мағына. Морфология саласында сөз таптарынын жалпы мағыналары болсын немесе сөз тұлгалары мен сөздердін жеке мағыналары болсын морфологиялық категориялар дәрежесін сактай отырып, бір-бірінен езгеше болып келеді. Синтаксис саласында грамматикалық мағына предикативтіліктен, сондай-ақсөз тіркестері мен сөйлем компоненттерінін әр түрлі қатынасын білдіретін дерексіз грамматикалық құрылымдардан көрінеді. Мысалы: семантикалық субъект пенобъектінің мағынасы, құрмалас сөйлемдердіңшылау аркылы байланысы т.б. Грамматикалық мағынағасөз таптарында қалыптаскан жалпы сөзжасамдық мағыналарда жатады. Грамматикалық мағына сөздерге немесе сөздердін белгілі топтарына ғана тән, дерексіздігі әлсіз лексикалык мағыналардан өзгеше. Грамматикалық мағыналар жүйесі болмыстағы заггар мен құбылыстардын және олардын өзара байланыстары мен қатынастары туралы ұғымдардың дерексізденуі арқылы қалыптасады. Мысалы, қимыл ұғымы етістіктін жалпы мағынасымен бірге неғұрлым шағын категориялық мағыналарынын (шақ, жақ, етіс) дерексізденуінен туады.

Грамматикалық мағына референциялық (синтаксистік емес) және реляциялық (синтаксистік) болып бөлінеді. Референциялық мағына тілден тыс болмыстағы заттар мен кұбылыстардың касиеттерін білдіреді, мысалы, көлемдік, мөлшерлік, қимыл-әрекеттік сиякты мағыналар. Ал реляциялық мағына сөз тіркесі мен сөйлем құрамындағы байланысты білдіреді [kk.wikipedia.org/wiki/].



1.2 Грамматикалық форма



Грамматикалық мағына әр түрлі тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағынаны білдіретін синтетикалық тәсілдің бір типі - грамматикалық формалар. Яғни грамматикалқ мағынаның бір түрі, атап айтқанда, категориялық грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөйтіп, грамматикалық формалар белгілі топтпғы сөздердің қосымшалар, грамматикалық тұлғалар (жұрнақ, жалғау) арқылы белгілі жүйелі парадигма бойынша түрленуі болып табылады да, сол арқылы әр тұлғаға сай категориялық грамматикалық маына беріледі.

Осы уақытқа дейін жарық көрген еңбектерде, зерттеулерде грамматикалық форманы анықтағанда грамматикалық мағынаны білдірудің сыртқы жағы, грамматикалық тәсілі деп, грамматикалық ағынаны түр-түрге бөлмей, грамматикалық форманың ішкі мазмұны ретінде қаралып келді.

Сөйтіп грамматикалық мағына мен грамматикалық форма деген ұғымдар біреуі әрдайым бір нәрсенің ішкі жағы, мазмұны, екінші оның сыртқы жағы, тұлғасы немесе сол мазмұнның іске асу, көріну тәсілі деп анықтап келдік. «Қандай грамматикалық мағына болса да, оның өзіне тән грамматикалық формасы болады, керісінше қандай бір грамматикалық форма болса да, оның өзіне тән грамматикалық мағысы болады. Грамматикалық мағынасы жоқ грамматикалық форма болмайды, грамматикалық формасы жоқ грамматикалық мағына болмайды» [3,18б.]. «Тілдегі мағына мен форма, соның ішінде грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір-бірімен тығыз байланыста болады. Белгілі бір грамматикалық формасы болған жағдайда ғана грамматикалық мағына жайында сөз ете аламыз. Керісінше белгілі бір форманың грамматикалық форма ретінде танылуы үшін, оның міндетті түрде грамматикалық мағынаны білдіруі қажет» [4, 16 б.] - деген пікірлер осыған дәлел. Бұл екі ұғымды осындай балама мәнде, бір нәрсенің екі жағы дер түсіну тіпті де дұрыс емес, өйткені олар әр уақытта бір-бірімен балама, сай бола бермейді. Лексикалық мағынаның абстракцияланып, жалпылануы арқылы пайда болатын жалпы грамматикалық мағына, сондай-ақ аналитикалық тәсіл арқылы берілетін қатыстық грамматикалық мағына ешбір грамматикалық формасыз-ақ берілетінін жоғарыдан байқадық. Мысалы, тау, тас, үй, көл және бала, қыз, әке сияқты сөздердегі жалпы заттық мағына, алғашқы топтағы сөздерде жансыз заттар, соңғы топтағы сөздерде адамға байланысты заттар мағынасы грамматикалық мағыналар екендігінде ешбір күмән жоқ. Бірақ бұлардың ешқайсысы да ешбір грамматикалық форма арқылы берілмеген. Сондай-ақ аналитикалық тәсілдің түрлері болып табылатын негізгі сөздердің бір-бірімен тіркесуі, негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесуі арқылы, сөздердің қосарлануы, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен дауыс ырғағы, интонация, т.б. арқылы грамматикалық мағынаны білдіруде ешбір форма жоқ. Сондықтан да грамматикалық форма арқылы грамматикалық мағынаның берілуі дегенде әңгіме жалпы граммматикалық мағына атаулы емес, грамматикалық мағынаның бір түрі болып табылатын категориялық грамматикалық мағына жайында ғана болу керек. Қазақ тілінде грамматикалық форма дегенге белгілі бір грамматикалық топтағы сөздердің түрлену, өзгеру жүйесі болып табылатын парадигмалық сипаттағы тұлғалары, форма тудырушы қосымшалары жатады. Өйткені олар, ең алдымен, белгілі бір грамматикалық мағына білдірумен байланысты, екіншіден, грамматикалық мағына біреу ғана емес, бірнеше болуы мүмкін де, түрлену жүйесіне байланысты әрі тектес, бір ыңғайлас, әрі өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы мәндегі грамматикалқы мағыналардың бірлігінен тұрады. [2, 422 б.]

Мысалы, Сайра, тілім! (Абай, 95 б.) дегенде сайра етістігі бұйрық райдың екінші жақ жекеше, анайы тұлғасында тұрғанын, ол, бір жағынан, белгілі форма, өзіне қатысты сөзбен байланысынан көрініп тұр; түбір тұлға емес арқылы көрініп тұр, екінші жағынан, осы тұлғаның өзі белгілі түрлену жүйесінің парадигмалық бірліктің жалпы бұйрық райдың, ал бұйрық райдың өзі жалпы рай жүйесінің бір көрінісі болып табылады да, сол жүйенің әрі тектес, бірыңғай, әрі одан ерекшелігі бар оған қарама-қайшы мәнді көрсетеді. Сондықтан да бұйрық райдың жекеше, анайы екінші жағы мағынасымен формасы сол жүйенің, біріншіден, екінші жақ жекеше, сыпайы және анайы, көпше, екінші жағынан бірінші, үшінші жақтағы мағыналары мен тұлғалары арқылы парадигмалық жүйе құрайды. Ал бұның өзі жалпы рай категориясының парадигмалық жүйесі болып табылады. Сондай-ақ тілім зат атауы тұлғасы жағынан тәуелдік жалғауының Iжағы болып, мағынасы жағынан зат атауының объектісі мәнін білдіріп, тәуелдік жалғау жүйесінің бір түрі болып тұр. Ал мұндай ерекшелік сайра деген түбірде жоқ. Сөздің негізгі түбірі -сай, -ра - жаңа сөз тудырушы қосымша. Бұл жерде -ра парадигмалық жүйенің бір көрсеткіші ғана емес, тек грамматикалық мағына ғана үстеп тұрған жоқ, ол жаңа сөз жасап тұр, сондықтан сайра деген етістіктегі жалпы грамматикалық мағына лексикалық мағынаның абстракциялануы, жалпылануы арқылы пайда болған. Сөйтіп қазақ тілінде грамматикалық формаларға жалғаулар және форма тудыратын жұрнақтар жатады. Грамматикалық форма, бір жағынан, сөздің сөйлеу процесінде түрлену жүйесінің тұлғалық көрінісі болып есептелсе, екінші жағынан, белгілі мәндегі грамматикалық мағынаны білдірудің жолы болып табылады. Яғни, белгілі бір грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формалар жүйесі я оның түрі арқылы беріліп отырады. Мысалы, тәуелдік мағына (оңаша түрі) 1-жақта -ым, -ім, -м, 2-жақта анайы -ың, -ің, -ң, сыпайы -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз, 3-жақта -сы, -сі, -ы, -і тұлғалары арқылы беріледі. Міне осындай мәндегі тұлға грамматикалық форма деп аталады.

Әрбір сөз сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түскенде белгілі бір формада қолданылады. Сондай жағдайда ол (сөз) өзінің нақтылы лексикалық мағынасынан басқа, бір я бірнеше жалпы грамматикалық мағынаны білдіре береді және бере де алады. Бірақ қандай бір грамматикалық мағына болса да, әрбір тілдің грамматиалық құрылысына сәйкес жүйе-жүйе болып қалыптасқан амал-тәсілдер арқылы беріледі. Мысалы, жоғарыда сөз етілген грамматикалық мағыналардың қай-қайсысы болса да, белгілі грамматикалық амал-тәсілдер арқылы айтылған.

Белгілі бір жүйе бойынша қалыптасқан әрбір тілдің әр алуан тілдік амал-тәсілдері грамматикалық формалар деп аталады.

Грамматикалық формалары жоқ тіл болмайды. Тіл-тілдің қай-қайсысының болса да өзіне тән грамматикалық құрылысы болатындықтан, оның қайткенде де өзіне тән грамматикалық формалары да болуы шарт, өйткені тілдің грамматикалық құрылысысол тілдегі сөздердің грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формаларының бірлігінен және солардың жинағынан құралады.

Сөздің грамматикалық мағыналары әр алуан тәсілдер арқылы беріледі, демек, ондай грамматикалық тәсілдер грамматикалық мағынаны білдіруге керекті дәнекер ретінде қызмет етеді [7, 61 б.].

Сөздің грамматикалық мағынасы сол сөздің өзінің әр қилы түрлері (формалары) арқылы да, немесе сол сөздің сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынастары арқылы да айтылуы мүмкін. Бірнеше мысал келтірейік:

Бетім барда бетіме кім шығар деп,

Кімі паңдау келеді, кімі тантық - (Абай, 55 б.)деген сөйлемдердегі бетім және бетіме сөздері мен кім және кімі сөздері өзара түбірлес, сонымен бірге олардың тұлғаларында ұқсастық та, айырмашылық та бар. Алғашқы екі сөздің бет деген түбірі, әрине, бір, сондай-ақ оған қосылған -і қосымшасы да бір. Сондықтан олардың грамматикалық мағыналары да грамматикалық формалары да бірдей: екеуі де - тәуелдік жалғауының 1-жақ қосымшасы жалғанған зат есім. Ал екіншісіне сол ортақ форманың үстіне барыс септіктің - е жалғауы жалғанып, ол қосымша арқылы жаңа грамматикалық мағына жалғанып тұр. Осы айырмашылыққа қарай, бетім және бетіме сөздерінің грамматикалық мағыналарында да, грамматикалық формаларында да ерекшелік бар. Бірі атау формасында, екіншісі барыс септік формасында тұр. Олардың осыған орай грамматикалық мағыналары да, қызметтері де басқа-басқа.

Бірінші сөйлемдегі кім және екінші, үшінші сөйлемдердегі кімі деген сөздердің сыртқы формаларындағы өзгешелікке байланысты грамматикалық мағыналарында да өздеріне тән айырмашылықтары бар.

Қонақ бір күн қонса - құт; екі күн қонса - жұт (мақал); Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, аузымен орақ орған өңкей қыртық (Абай,49 б.); Есеней көтерілгелі не бары он ауыға Сибан ауылының қатары қосылды(Ғ.Мүсірепов «Ұлпан», 54 б.); Далада өскен қазақ қызына жылдың төрт мезгілі ғана емес, әр күннің өзінде әлденеше мезгіл бар (сонда, 56 б.); Өкпелерің орынды, жігіттер... Ескі көшке ермей қалып, жаңа көшті бастай алмай, әрі-сәріге салғаным рас (сонда, 59 б.); Мүсіреп аға, күлгеніме өкпелей көрмеңіз, күлкім келіп күлгенім жоқ(сонда 63 б.) деген сөйлемдердегі қонақ және қонса, сөзіңнен және сөзді, орақ және орған, ауылға және ауылының, мезгіл және мезгіл, көшке және көшті, күлгеніме және күлгенім сөздерінің өзара (екеу ара) негіздері бір болғанымен, қосымшалары басқа-басқа. Ол қосымшалар - сол сөздің әрқайсысының грамматикалық формалары. Грамматикалық формаларының басқа-басқа болуына байланысты, бұл сөздердің өзге сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсуінен туатын грамматикалық мағыналары да бір-бірінен, әрине, өзгешерек.

Бұл мысалдардың барлығында да грамматикалық мағыналар бір сөздің әр түрлі формалары (морфологиялық түрлері) арқылы, демек, бір сөздің өзінің әр түрлі грамматикалық формалары арқылы айтылып тұр. Өйткені ауылға және ауылының дегендер ауыл сөзінің түрленген формалары болса, кешке және көшті дегендер - көш сөзінің өзгерген әр алуан грамматикалық формалары.

Грамматикалық мағына негізгі сөздерге шылау сөздердің селбесуі арқылы да туады. Мысалы: Қырық жетіні не үшін сұраса да бер деп ағасын өзі жұмсап кеткен (Ғ.Мүсірепов «Ұлпан», 105 б.); Сіз үшін оңаша отырып сырласуларыңыз әсер еткен секілді (сонда, 106 б.) деген сөйлемдердегі үшін шылауы өздерінен бұрынғы сөздерге (не, сіз) қосымша грамматикалық мағына үстеп, оларды кейінгі сөздерге жалғастыруға дәнекер болып тұр. Бұл арада үшін шылауының орнына неге, сізге деп айтып, барыс септік жалғауын қолдануға болады. Бұдан үшін шылауының мағынасы дәлме-дәл болмағынымен, барыс септіктің мағынасына жақын екенін көруге болады. Осы себептен бұл сөздерді я үшіншылауынсыз, я барыс септік жалғауынсыз қолдансақ, бұл сөйлемдердегі сөздердің өзара байланысы да бұзылады, мағыналарын түсінуге де нұқсан келеді.

Есеней күн сайын даушылардың ортасында (Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» 109 бет); Бұларының не екенін өздері де білмей минут сайын есікке қарады (сонда, 120 б.) деген сөйлемдердегі сайын шылауының да белгілі грамматикалық мағынанаы білдіруге себепкер болып, грамматикалық форма ретінде қызмет атқарып тұрғанын байқау қиын емес. Бұл сөйлемдердегі күн сайын, минут сайын деген селбескен сөздердің беретін мағыналары дәл бірдей болмағанымен, әр күнде (әр күні), әр минутта деген формалар арқылы айтуға болады. Бірақ еш уақытта да ондай сөйлемдерді сайын шылауын алып тастап қолдана салуға болмайды.

Бұл сөзде ақыл да бар, ғибрат та бар;

Өзіңе екіншіде пайда болар.

(Абай, 110 б.);

Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай

Қыстың басы бірі ерте, біреуі жәй.

(Абай, 77 б.);

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар;

Кәрі құдаң - қыс келіп әлек салды.

(Абай, 78 б.).

Осы тәрізді, бұл сөйлемдерде де әрі грамматикалық мағына туғызуға себепкер болып, әрі сол грамматикалық мағыналардың формасы болып қызмет етіп тұрған шылаулар бар. Олар: шейін, ғана (қана), та (те, да, де), па (пе, ба, бе), бен (мен), я, не шылаулары. Бұлардың, әрине, әрқайсысының мағыналары да, қызметтері де бірдей емес, өз алдарына басқа-басқа. Мысалы: шейін шылауы белгілі бір қатынастың я көлемдік, я мезгілдік шегін білдірсе, ба (бе, па, пе) шылауы сөзге шылау мағынасын үстейді.

Кәсіп іздеген қайықшылар ол діңгектегі жұмыртқаны қайық-қайық қып тасып шығарса да, тауыса алмайды (С.Мұқанов) деген сөйлемдегі қайықшылар және қайық-қайық сөздерінің бастапқы түбірі де, нақтылы лексикалық мағынасы да бір екені шексіз. Бірақ бұл текстегі сол сөздердің формалары мен грамматикалық мағыналары басқа-басқа. Ең алдымен, қайықшылар деген сөзді алсақ, оған қосылған алғашқы -шы қосымшасы бастапқы қайық деген зат есімнен қайықшы деген туынды зат есім жасауға дәнекер болса, онан соңғы -лар қосымшасы қайықшы біреу емес, әлденешеу (көп) екенін білдіретін форма ретінде қызмет атқарып тұр.

Ал сол түбірдің екі рет қайталанған қайық-қайық деген түрі әлденеше қайықпен (я көп қайықпен) әлденеше рет тасып шығарса дегенгі мағынамен пара-пар мағынаны білдіреді.

Бұл жоғарыдағы мысалға «Орай-орай соққан төкпе жаңбыр ақ түйені көк жібек шымылдықпен орап алғандай екен» (Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» 100 б.); Әр жерде үйіріліп қалған төбе-төбе тас (сонда, 108 б.); Түйеге артқан жүктің үстінен айқара жаба салған екі оюлы текемет пен шағын-шағын екі түкті кілемді жұлып тастады (сонда 112 б.); Әйелдер екі сандыққа кезек-кезек жүгіріп естерінен танып қалды (сонда 112 б.) деген сөйлемдердегі шелек-шелек, төбе-төбе, тарау-тарау, еспе-еспе, қатар-қатар деген қосарланған сөздердің мағыналары мен формалары да жоғарыда айтылған пікірдің дұрыстығын қуаттайды.

Сөз тек осы жоғарыдағыдай, бастапқы формасында қосарланып қана я тек сол формада тұрып қана қолданылып қоймайды, басқа да формаларда қосарлана да, қолданыла да береді. Мысалы: Қазақ қонақтар үйге кірген бетінде көріп отырғанын да көрмеген болып, момақан отырады (Ғ.Мүсірепов «Ұлпан», 177 б.); Өзді-өзі тұспалдасқан болып, біріне-бірі ыңғай көрсетті де мелшиіп отырып қалды (сонда, 185 б.). Саврасовтың сөзін қазақ тіліне Тұрлыбек сыр білдірместен сөзбе-сөз түгел аударып шықты(сонда, 185 б.); Үш үлкен үйді-үйге, төрт-бес отау үйді-үйлерге, төрт-бес ақсақал адамдарға, қартаң әйелдерге деп алған сыйлығым бар(сонда, 194 б.) деген сөйлемдерде өзді-өзі, біріне-бірі, сөзбе-сөз, үйді-үйге, үйді-үйлерге деген қос сөздер бар. Бұлардың ішінен үйді-үйге, үйді-үйлеріне деген сөздер түрленіп қосарланып үстіне бастапқы түрлерінен өзгеріп басқа формаларда қолданылып тұр. Бірінші сөйлемдегі үйге түріндегі жалаң сөз бен екінші сөйлемдегі үйді-үйге түріндегі қос сөздің формаларында қандайлық өзгешелік болса, олардың араларындағы мағыналарында да сондайлық айырмашылық бар. Сол сияқты үшінші сөйлемдегі үйді-үйлеріне деген қос сөздің формасы да, мағынасы да, әрине, үйге және үйді-үйге сөздерінен өзгешерек. Ол өзгешелік сол үш сөзде де кездесетін барыс септік жалғаудың формасына байланысты емес, бұл жағынан олар формалас. Ал өзгешелік ең әуелі, жалаң форманың (үйге және үйді-үйге дегендерді салыстырыңыз) араларындағы, одан соң, жекеше форма мен көпше форманың араларындағы (үйді-үйге және және үйді-үйлерге дегендерді салыстырыңыздар) сыртқы айырмашылықтарға байланысты. Әрине, қосарланған соңғы екі сөздің өзара жай формасы мен тәуелдеулі формасының арасындағы (үйді-үйге және үйді-үйіне дегендерді салыстырыңыздар) ерекшелікке сәйкес мағыналық та ерекшеліктері барлығы естен шықпасқа тиіс.

Сөйтіп бұл мысалдардан мынадай қорытындылар шығады:

Біріншіден, сөзді қайталап (қосарлап) қолдану - тіліміздің грамматикалық құрылысына тән әрі үйреншікті, әрі құнарлы грамматикалық тәсілдің бірі, екіншіден, сөзді қайталап (қосарлап) қолдану арқылы да тиісті грамматикалық мағыналар жасалады; үшіншіден, сөзді қайталап (қосарлап) қолдану тәсілі белгілі грамматикалық мағыналардың грамматикалық сыртқы формасы ретінде жұмасалады.

Тілімізде өзіне тән нақтылы лексикалық та, дербес грамматикалық та мағынасы бар бір алуан сөздер белгілі бір тіркестерде негізгі сөзге тек қана үстеме грамматикалық мағына жасайтын дәнекер сөздер ретінде жұмсалады. Мысалы: Абайдың мына бір өлеңін алайық:

Көңілге шек-шүбәлі ой алмаймын,

Сонда да оны ойлар қоя алмаймын,

Ақылдың жетпегені арман емес.

Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын.

Алғашқы жолдағы алмаймын деген сөздің екінші және төртінші жолдардағы ойлап қоя алмаймын, мүлгуге тоя алмаймын дегендердегі алмаймын дегеннен сыртқы тұлға жағынан, демек, түбірі мен қосымшала жағынан ешқандай да айырмасы жоқ. Бірақ ой алмаймын дегеннен алмаймын сөзі өзінің бастапқы лексикалық мағынасын да, грамматикалық дербестігін де толық сақтап тұр. Ал соңғы екі тіркестегі алмаймын сөзінің бастапқы лексикалық мағынасы сақталмай, әбден солғындап кеткен. Грамматикалық абстракцияның нәтижесінде бұл сөз әуелгі мағынадан айырылып, негізгі етістік арқылы айтылатын істің жүзеге асуға мүмкіншілігі барлығын, я жоқтығын білдіретіндей ғана көмекшілік қызмет атқаруға көшкен

Грамматикалық форма орыс.грамматическая форма - грамматикалық мағынаның қалыпты (стандартты) көрінісін білдіретін тілдік белгі. Эр түрлі тілдерде грамматикалық мағынаны білдіретін Грамматикалық форма - аффикстер (оның ішінде нөлдік), дыбыстық алмасулар ("ішкі флекция"), екпін, қайталау, көмекші сөздер, сөздердін орын тәртібі, интонация арқылы көрінеді. Сөздері түрленетін тілдердегі морфологиялық тұлғалар дегеніміз белгілі сөз таптарындағы сөздердін үнемі өзгеріп отыруы болып табылады. Олар морфологиялық бірнеше мағыналарды да, бір мағынаны да білдіре алады, Мысалы, орыс тіліндегі зат есімнін көпше атау септігі, етістіктін осы шағынын жекеше 1-жақ тұлғасы т. б. Сөздін өзгеріске түскен барлық тұлғалары оның парадигмасын жасайды. Морфологиялық тұлғаларсинтетикалық (қарапайым) және аналитикалық (күрделі) түрлерге бөлінеді. Белгілі бір морфологиялық тұлғада келген нақты сөз сөз тұлға (словоформа) деп аталады. Грамматикалық форманың көрінісі мен мағынасы бірқатар жағдайда бір-біріне сәйкеспейді. Мысалы, флективті емес түбір тілдерде грамматикалық мағына негізінен сөздердін синтаксистік</ тіркесімділігі арқылы беріледі [kk.wikipedia.org/wiki/].

Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкестігі

Тілімізде белгілі бір грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық форма - тұлға арқылы берілетіні белгілі. Яғни, грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір-бірімен тығыз байланысты.

Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі сөз болғанда, әдетте, категориялық грамматикалық мағына негізге алынады, өйткені жоғарыда көрсетілгендей, грамматикалық мағынаның осы түрі ғана арнайы грамматикалық форма арқылы беріледі.

Әрине, грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір-бірімен сай келеді дегенде, сөздің құрамында ол екеуінің саны да әрдайым бірдей болады деген қорытынды тумайды. Қазақ тілі жалғамалы тіл болып саналғанмен, онда аз да болса флексиялық сипат та кездесіп отырады. Кейде бір тұлғаның өзі бірнеше грамматикалық мағынаны және керісінше, бірнеше грамматикалық форма бір мағынаны білдіріп те тұрады. Мысалы, тарағым сөре үстінде жатыр дегендегі тарағым сөзі тарақ деген түбір, -ым деген тәуелділік жалғауынан тұрады. Бұл жерде түбір білдіретін жалпы грамматикалық мағына мен атау септік тұлғасы мен мағынасы сөз болып тұрған жоқ. Оларға әдейі назар аударылмай отыр. Ал осы -ым деген бір тұлға үш мағынаны білдіреді: 1) тәуелдік мағына, яғни тарақ деген зат екінші затқа тәуелді, осының меншігі екенін білдіреді, бұл - негізгі мағынасы. Бұл жағынан қарағанда, тарағың, тарағы, тарағымыз, тарағыңыз т.б. сөздер құрамындағы -ын, -ы, -ымыз, -ыңыз деген тұлғалардың бір-бірінен мағынасы жағынан ешбір айырмасы жоқ, бәрі де тәуелдік, екінші затқа меншіктілік мағынаны білдіреді. Міне, осыдан бір грамматикалық мағына бірнеше грамматикалық форма арқылы берілетіні анық көрінеді. Бірақ -ым қосымшасы тек тәуелдік мағынаны білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге екінші жақтық мағынаны да білдіреді. Яғни зат қай жаққа тәуелді екені көрініп тұр. Ол - айтушы жақ. Әрбір жақтың өзі де бірнешеге бөлінеді: көпше, жекеше және II тыңдаушы жақ - анайы, сыпайы. Міне, сондықтан 3 -ым тұлғасы бірінші, айтушы жақты білдірумен бірге сол затқа ие бір-ақ адам, - мен екендігін көрсетіп тұр. Сөйтіп, сөз таптарының әрбір грамматикалық форма - тұлғасы сөзге арнайы форма тудырушы қосымша қосылу арқылы грамматиканы білдіреді. Ол грамматикалық мағына сөйлеу процесінде, контекст ішінде айқындалады. Сондықтан да жеке тек осы тұрғыдан грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкес болады дейміз.

Осы тұста мына бір мәселеге назар аудармауға болмайды. Ол грамматикалық мағынасыз грамматикалық форма болмайды және грамматикалық формасыз грамматикалық мағына берілмейді деген қалыптасқан түсінік.

Грамматикалық мағына білдірмейтін грамматикалық форма болмайды және грамматикалық формасыз грамматикалық мағына да берілмейді дегенді бұлардың жаңағы қасиетінің негізінде және категориялық грамматикалық мағына шеңберінде ғана тек шартты түрде айта аламыз. Өйткені кейбір жағдайларда қазіргі тілімізде ешбір арнайы грамматикалық тұлғасыз-ақ белгілі бір грамматикалық мағына беріліп тұрады. Сондай-ақ кейде сөз құрамында белгілі бір грамматикалық форма болғанмен, ол өз бетінше грамматикалық мағына білдіре алмай, факультативті түрде ғана қолданылады, яғни сөз ол формасыз жұмсалмайтын болғанмен, сол сөз тұлғалары білдіретін мағынаны ол форма бейтарап болып тұрады. Мысалы: Онымен үйінде сөйлесетін. Аулына менімен қайтатын тәрізді сөйлемдердегі әрбір сөзге, олардың тұлғаларына және сол тұлға беріп тұрған мағыналарға назар аударайықшы. Морфологиялық жағынан бұл сөздерді мынадай бөлшектерге бөлуге болады: он (ол, л дыбысына біткен жіктеу, сілтеу есімдіктері септелгенде, л не түсіп қалады, не н дыбысына айналып кетеді), үй, сөйле, ауыл, мен, қайт дегендер сөздің түбірі, -мен, -де, -на, көмектес, жатыс, барыс септік жалғаулары, -с ортақ етіс, -тын, -тін есімше жұрнақтары. Үйінде, аулына сөздеріндегі -ы, -і тәуелдік жалғаулары, одан кейінгі -н тұлғасы қазіргі грамматикаларымызда септік жалғауларының құрамында қаралып жүр (-нде - жатыс септік, -на - барыс септік болып), шындығында -н септік жалғауының көрсеткіші емес, түркологияда бұл тәуелдік жалғаудың 3-жағының қалдық формасы деген пікір бар, яғни тәуелдік жалғауы 3-жақта қазіргідей -ы, -і, -сы, -сі болмай, -сын, -сін болған да, кейінгі соңғы -н түсіп қалған. Бұл арасы тіл білімінде әлі шешілген жоқ. Қайткен күнде де 3-жақ тәуелдік тұлғада тұрған сөзге барыс, жатыс септік жалғаулары жалғанғанда, бұлардың арасында пайда болатын -н септік жалғау құрамында қаралғанмен, белгілі бір грамматикалық категорияның көне көрсеткіші, я оның бір жаңқасы, бөлшегі болған. Бертін келе өзі білдіретін грамматикалық мағынадан айырылып қалған да, сөз құрамында факультативтік элемент ретінде сақталып қалған. Бұл -н тұлғасы тек септік жалғауларының ғана алдынан емес, тәуелдік жалғаудың 3-жағынан кейін жалғанған -ша, -ше, -дай, -дей жұрнақтарының алдынан да -нша, -нше, -ндай, -ндей болып шыға келеді: біреудің көз-і-нше, айту-ы-нша, бала-сы-ндай, үн-і-ндей т.б. Осының өзінен көрінетіндей, -н тұлғасының белгілі қосымша құрамында болуы септіктен гөрі тәуелдік жалғау құрамында келуі тұрақты болып көрінеді. Яғни құрамында қаралып жүрген барыс -на, -не және жатыс септік -нда, -нде құрамынан гөрі 3-жақ тәуелдік жалғаудың құрамында енуі лайықты сияқты, өйткені -ша, -ше мен -дай, -дей жұрнақтарының құрамында келіп отыруы -н тұлғасының септік тұлғасы құрамынан гөрі басқа бір жүйенің, тәуелдік жалғау жүйесінің және тек 3-жақ тұлғасының құрамына жатқызу жөн сияқты.

Сөйлемдегі онымен, менімен деген сөздердің құрамында да түбір (ол-он, мен) мен көмектес септік жалғаудың (мен) арасында қазір ешбір грамматикалық мағына білдірмейтін -ы, -і тұлғасы жұмсалады. Тарихи тұрғыдан қарасақ, бұл тұлға ілік септік жалғауының қалдық көрсеткіші. Өйткені көмектес септік жалғауы -мен, -бен, -пен (және осы тұлғалас жалғаулық шылау да) бірлән, білән, илән септеулік шылаудан қалыптасқаны күмән тудырмайды және бұл шылау (білән) көне кезде өзі қатысты негізгі сөздің ілік септік тұлғасымен байланысқан. Бұны әр дәуірге жататын көне жазбалар тілінің материалдары дәлелдейді. Көне жазбаларға білән (бірлән) септеулігі мен, сен, ол есімдіктерімен ілік септік тұлғасында тіркескендігін көреміз: тақи ант йад қылур аның бірлә (Тәфсир) және онымен ант етеді. Сонда менімен деген сөз тұлғасының қалыптасуы былай болған: менің бірлән - менің білә - мені(ң) - менен - менімен - меніменен. Ал енді қазіргі кезде менімен деген сөздегі -(н)і (-ы) тұлғасы ілік септік мағынасынан айырылып қалған, басы артық реликт форма ретінде ғана сөз құрамында жұмсалады.

Ілік септік тұлғасының үстіне басқа септік жалғауларының үстеліп қолданылуы - тілдің дамуындағы әр кезеңінде болып отырған құбылыс. Мысалы, ұйғыр тілінде 1-жақ жіктеу есімдігіне барыс септік жалғауы ілік септік формасына да жалғанып, менинге болып жұмсалады, ілік септік формасына «Құтадғу білікте» жатыс, шығыс септік жалғаулары да жалғанған: сәниң-дин, аның-да, сениң-дә т.б. Бұның өзі септік жалғауларының қалыптасуы кезеңі мен жолы әр түрлі екенін көрсетеді. Және бұлардың барлығы бір грамматикалық категорияның ішіне еніп, соның бір көрсеткіші болып қалыптасуының өзі шартты екенін және бүгінгі күн тұрғысынан танылатынын көрсеткен жөн. Септік жүйесіндегі ішкі қайшылықтардың, айталық, кейбір жағдайда бір септік тұлғасының үстіне екінші септік тұлғасының жалғануы және бұл тұрақты заңдылық болмаса да, мысалы, қазақ тілінде кейбір есімдіктерге көмектес септік тұлғасы көне ілік септік тұлғасының үстіне қосылуы, немесе кейбір орта ғасырлық жазба ескерткіштер тілінде болмаса, қазіргі түркі тілдерінің кейбірінде барыс септік тұлғасы, я шығыс немесе жатыс септік жалғауы ілік септік тұлғасының үстіне жалғануы, олардың тумысында біркелкі және бір қалыпты, бір мезгілде дүниеге келмегенін, біртіндеп барып қалыптасып, жақындасып, бірден емес, бірте-бірте болып грамматикалық категория болып қалыптасқанын көрсетеді. Осындай ерекшеліктері айқын көрінетін септік категориясының түрлері түгіл тәуелдік және жіктік жалғау категориясының, бір жағынан 1 және 2-жақтары, екінші жағынан, 3-жағы біркелкі жүйелі бірлік деуге келмейді, 3-жақтың мәні де, грамматикалық тұлғасы да, синтаксистік қызметі де 1 және 2-жақ көрсеткіштерімен салыстырғанда бір мезгілде, бірдей қалыптасқан болу керек. Оған бірнеше жақтың яғни айтушы жақтың біреу немесе бірнеше болса да нақты болып, екінші жақтың, яғни тікелей тыңдаушы жақтың да біреу немесе бірнеше болса да нақты болып, ал үшінші жақ тек ол я олар ғана кез келген зат атауы болуы және соның арқасында нақты жақ мәнінің шекарасы кеңейіп кеткендігі байқалады. Сондай-ақ осыған да байланысты болса керек, 1-2-жақ жалғаулары, түптеп келгенде, 1-2-жақ жіктеу есімдіктерінен туып қалыптасса, 3-жақта оның жөні мүлде бөлек екендігі де әсер еткен. Яғни, бұл жақтың 1-2-жақтармен біртектестігі де сондықтан шартты, тілдің қазілгі деңгейімен ғана анықталады.

Сондай-ақ сөйлесетін, қайтатын деген сөздердің құрамындағы -а, -е көсемше тұлғалары да өз мағыналарынан айырылып қалған да, бұл жерде көсемше көрсеткіші бола алмай тұр. Тарихи жағынан келгенде, есімшенің -тын, -тін жұрнағы тұрған көмекші етістіктен қалыптасқаны белгілі. Сөйлесетін, қайтатын деген сөздер былай қалыптасқан: сөйлесе тұрған - сөйле тұғын - сөйлесетін, қайта тұрған - қайта тұғын - қайтатын. Көсемше жұрнағы -а, -е алғашқы негізгі етістіктің құрамында өзінің грамматикалық мағынасында жұмсалып, көмекші етістікпен тіркесіп, күрделі етістік құраған, кейін көмекші етістік тұлғасын өзгертіп, бірте-бірте ықшамдалып, жұрнаққа айналып кеткен кезде, көсемше жұрнағы мағынасынан айырылып қалған, бірақ түсіп қалмай, реликт тұлға ретінде сақталып қалып қойған. Сондықтан да қазіргі кезде -а, -е, -й көсемше тұлғасы, -тын, -тін есімше жұрнағынан бөліп алынып қаралмай, тұтас тұлға ретінде берілуі орынды.

Сөйтіп, тілімізде қазіргі кезде ешбір грамматикалық мағына білдіре алмайтын қалдық формалар да бар. Осындай қасиетінің арқасында (грамматикалық мағынадын айырылып қалуының нәтижесінде) әдетте оларды жеке бөліп алмай, басқа формалардың құрамында қараймыз. Сонда грамматикалық мағына білдірмейтін грамматикалық форма болмайды десек, оны диалектикалық мәнде және тілдің қазіргі статикалық күйі тұрғысынан түсіну керек. Тілдің грамматикалық құрылысында кездесіп отыратын ондай тұлғалар, біріншіден, бір кезде грамматикалық мағына білдірген. Ал кейін, екіншіден, ол білдірген грамматикалық мағына жоғалып кеткен де, ол форма сөз құрамында факультатив тұлға ретінде сақталып қалған [5, 32 б.].

Грамматикалық формасыз грамматикалық мағына беріле ме?

Кейбір жағдайларда ешбір грамматикалық тұлғасыз-ақ белгілі бір грамматикалық мағына білдіріліп тұрады. Ол грамматикалық мағына сөз түбірі білдіретін грамматикалық мағынадан бөлек болады. Яғни әңгіме мағына жайында. Міне, сондай арнайы қосымша көрсеткіші болмай, тұлғасы көрінбей тұрып-ақ белгілі грамматиккалық категориялық грамматикалық мағына білдіруді нөлдік тұлға деп атауға болады, өйткені арнайы көрсеткіш, формалық тұлғасы болмағанмен, онда түбір білдіретін мәннен бөлек арнайы грамматикалық мағына болады. Әр уақытта нөлдік форманы түбір формамен салыстырып отырудың басты себебі, біріншіден, екеуінің сырт тұлғасы, формасы сәйкес болуында, екіншіден, түбір - әр түрлі грамматикалық тұлға жасауға негіз болатын тұлға. Жартасқа бардым, күнде айғай салдым. Одан да шықты жаңғырық (Абай, 92 б.),Сайра, тілім(Абай, 95 б.)мысалдағы етістік баяндауыштың әрқайсысы бірнеше морфема бөлшектен тұрып, сөздің әрбір тұлғасы ойға лайық жеке-жеке грамматикалық мағына беріп тұр: бар-ды-м, (айғай) сал-ды-м, шық-ты, сай-ра.Осындағы түбір тұлғалар қимылды білдіріп, одан кейінгі -ды, -ты морфемалар сол қимылдың айтып тұрған сәтке байланысты болу мезгілін шақтық мағынаны, яғни сол қимылдың айтып тұрған кезден бұрын болғандығын білдіріп тұр. Алғашқы екі сөздегі -м тұлғасы қимылдың иесін, яғни сол қимылды орындаушы кім субъект екенін және қимыл иесі кез келген біреу емес, бірінші яғни айтушыжақтың өзі екенін көрсетіп тұр. Ал үшінші сөзде ондай грамматикалық тұлға жоқ, соған қарап бұлсөз қимыл иесін білдірмейді екен деп ойлауға болмайды. Осы сөздің формасы арқылы шығуды іске асырушы субъектіні біле аламыз, ол үшінші, бөгде жақ, ол (жаңғырық) сонда қимыл иесін меңзеп, үшінші жақты білдіріп тұрған қандай форма? Сөздің соңғы формасы - тыондай мағынаны білдіре алмайды, оның мағынасы - тек өткен шақтық мағына. Міне, осы сөздің құрамында формальды түрде арайы тұлға болмағанымен, ерекше грамматикалық мағына, жақтық мағына бар. Ол мағына контекс арқылы айқын сезіледі. Осындағы 3-жақтық мағына нөлдік тұлға арқылы берілген. Сондай-ақ сайра сөзі жалпы іс-әрекетті және қимылдың сабақты мәнін білдірумен бірге бұл мағыналар түбір арқылы яғни лексикалық мағынаның абстракцияланып, жалпылануы арқылы беріліп тұр, бұйрықтық мағынаны және ол 2-жаққа қаратылып, онымен бірге анайылық және жекешелік мағыналарды білдіреді. Бұл соңғы грамматикалық мағыналар, біріншіден, категориялық грамматикалық мағыналар болып табылады, екіншіден, тұлғасы бар арайы грамматикалық форма арқылы берілмеген. Соған қарамастан мұнда грамматикалық форма бар, ол - тұлғасыз форма, яғни сол жүйедегі басқа парадигмалық түрлену көрінісінде бұл мағына қарама-қайшы, оппазиция болатын, бірақ бір грамматикалық категорияның шеңберінде бірлікте тұратын форма бар: 2-жақ сыпайы түрі -ңыз (сайра -ңыз), 2-жақ көпше түрі -ңдар (сайра -ңдар) т.б. сондай-ақ бірінші мысалдағы шықты сөзіндегі 3-жақтық мағына жіктік жалғаудың тұлғасыз формасы нөлдік форма арқылы берілген. Оны да осы сөйлемдегі 1-жақ жекеше мағынада қолданылған бардым, (айғай) салдым сөздеріндегі -м формасымен салыстыру арқылы тануға болады.

Тілімізде осындай арнайы белгілі грамматикалық мағынасы бар, бірақ арнйы көрсеткішсіз тұлғада жұмсалатын, кейде сөйлемде түсіп қалатын ерекше форма 3-жақ жіктік жалғауы ғана емес, басқа да грамматикалық түрлері жүйесінен көрінеді. Мына мысалға назар аударайық. Мәскеу бардым, не көрдім (Жамбыл). Тексер мені, шарқ ұрып (Абай, 102 б.), Ғылым таппай мақтанба (сонда, 103 б.). Интернатта оқып жүр талай қазақ баласы (сонда,58 б.), Иығымда сіздің шаш, айқайласып тайталас (сонда,98 б.) осы сөйлемдердегі бөлініп көрсетілген сөздердің формасы мен грамматикалық мағыналарына көз жіберейік: Мәскеу осы сөйлемде ешбір грамматикалық формасыз қолданылған, бірақ соған қарамастан қимылдың бағытын білдіріп, барыс септіктің мағынасын беріп тұр: ғылымды таппай, тексер, мақтанба етістіктері негізгі түбір күйде және өздік етіс пен болымсыз тұлғада 2-жаққа қаратылып, бұйрықты мағынада қолданылған, бірақ соңғы мағынаны білдіретін арнайы граммкатикалық форма жоқ. Шаш сөзі керісіншетәуелділік мағынаны білдіріп тұр: сіздің шашыңыз. Ол мағынаны білдіретін тәуелдік жалғауы түсіп қалған. Міне осы көрсетілген сөздердің бәрі де берілген сөйлемдерде ешбір тұлғасыз-ақ белгілі грамматикалық мағына білдіреді, ол грамматикалық мағына сөздің түбірі білдіретін мағынадан бөлек.

ҚОРЫТЫНДЫ





Грамматикалық мағына түрлі грамматикалық көрсеткіштер арқылы түбір сөзге үстеледі. Мысалы, қалам + дар - бұл сөздегі көптік мағына көптік жалғауы арқылы берілген. (Жарық) күнді (көрдім) дегенде көру қимылының нысаны мағынасын табыс септік жалғауы білдірген. (Менің) жүзігім дегенде меншіктілік мағынаны тәуелдік жалғауы білдірген.

Грамматикалық мағына абстракты, дерексіз. Сондықтан грамматикалық мағына үлкен мағыналық топқа қатысты.

Грамматикалық мағына сөйлемдегі сөзде бірнешеу бола береді. Мысалы, Байлық - еңбекте, жерде (Ыбырай Алтынсарин). Елегізем, басымды ұстаймын (Сабит Мұқанов). Осы сөйлемдердегі байлық, еңбек, жер, елегіз, бас, ұста деген сөздердің әрқайсысында бірнешеден, әр түрлі грамматикалық мағына бар: байлық, еңбекте, жерде деген сөздердің үшеуінде де заттық атау деген жалпы грамматикалық мағына бар және оларда жекешелік мағына бар, байлық сөзінде тағы атау септік мағынасы бар. Сонымен бірге, еңбекте, жерде дегенде ол грамматикалық мағынаның үстіне жатыс септік жалғауы мекен грамматикалық мағынасын косқан. Сөйтіп байлық сөзі сөйлемде жалпы заттық ұғымды блдіреді, субъект мәнін білдіреді, жекешелік мағынаны білдіреді. Ал, еңбекте, жерде сөздері жалпы зат атауы мағынасында, жекешелік мағынада, мекен мағынасында қолданылған. Осы мысалдардағы елегізем етістігінде жалпы қимыл атау мағынасы, ауыспалы осы шақ мағынасы, жекешелік мағына, 1-жақ мағынасы бар. Ұстаймын етістігінде де дәл осы мағыналар. Басымды сөзі жалпы заттық атау ұғымын, жекешелік мағынаны, объекті мағынасын, меншіктілік мағынаны, 1-жақ мағынасын, жекеше меншіктілікті білдіреді.

Грамматикалық мағына (я мағыналар) тілден көне замандардан бері қарай бірте-бірте дамып қалыптасқан грамматикалық құрылысының жүйесінен туады және сол жүйеге енеді. Сол себептен ол грамматикалық мағыналар сол тілдің грамматикалық құрылысында бар тәсілдер арқылы айтылады. Міне, сондай жалпы грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық амал-тәсілдер грамматикалық формалар деп аталады.

Тіліміздің грамматикалық құрылысы жүйелі, сала-сала грамматикалық құбылыстардан құралады. Ал сондай әрбір грамматикалық құбылыстың екі жағы болады: біріншісі - сол құбылыстың бірдемені (белгілі бір ұғымды я түсінікті) білдіретін ішкі жағы, демек, мазмұны, яғни грамматикалық мағынасы; екіншісі - сол мазмұнды, яғни грамматикалық мағынаны (грамматкалық ұғымды я түсінікті) қалай я не арқылы білдіретін сыртқы жағы, демек, - грамматикалық формасы.

Әрбір құбылысты тексергенде, оның осы айтылған екі жағы бірдей тұтас қамтылуы керек. Мысалы, «оқылық» деген сөзді белгілі бір грамматикалық құбылыс деп есептеп талдағанда, біріншіден, оның ішкі жағы - ішкі мазмұны - бәрімізді алдағы уақытта (келер шақта) белгілі бір істі (оқу ісін) жүзеге асыруға шақыратын ұғымды (түсінікті) білдіретінін ажыратамыз да, грамматикалық мағынасын анықтаймыз; екіншіден, осы грамматикалық мағына сол сөздің сыртқы жамылышының (формасының) қандай бөлшегі арқылы, демек, қандай грамматикалық форма арқылы білдіріліп тұрғанын айқындау үшін, ең алдымен, ол бастапқы оқы деген түбірі амалды тек бір адамға ғана істеуге бұйырып тұрғанын бағдарлаймыз. Содан кейін оған «бәріміз оқылық» дегендегі жоғарыдағыдай анықталған грамматикалық мағынаның қосылып тұрғанын және ол мағынаны -лық қосымшасы білдіріп тұрғанын ажыратамыз. Сөйтіп, бұл грамматикалық құбылыстың (сөздің я грамматикалық бөлшегінің, ішкі грамматикалық мағынасы (мазмұны) мен сыртқы грамматикалық формасын), демек, екі жағын бірдей қамтып, оның грамматикалық сыр-сипатын ашамыз.

Грамматикадағы әр алуан грамматикалық құбылыстың өзіне тән грамматикалық мағынасы және оның белгілі грамматикалық формасы үнемі бірлікте болады, олар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Грамматикалық мағына - грамматикалық құбылыстың (сөздің я оның бөлшегінің) мазмұны болса, грамматикалық форма сол мазмұнды білдіретін формасы болып саналады.



























































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР





  1. Ә.Хасенов. Тіл білімі. - Алматы, «Санат» 2003. - 416 бет

  2. Қазақ грамматикасы. - Астана, 2002. - 784бет

  3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі, морфология. Алматы: «Ана тілі», 1991.- 384 бет

  4. Аханов К. Грамматикалық теорияның негіздері. Алматы, «Санат», 1996. - 240бет

  5. С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы: «Рауан», 1998, 304бет

  6. Ысқақов А. Грамматикалық мағына және грамматикалық форма «Қазақстан мектебі» журналы, 1961 №4, 60-66 бет

  7. Н.Оралбай. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. - Алматы, 2007. - 388бет

  8. Уикипедия, Қазақша Ашық Энциклопедия,(сайт:kk.wikipedia.org/wiki/)

  9. Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық жинағы. - Алматы: Жазушы. - 2004. - 296 бет.

  10. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, - Алматы: Дайк-Пресс, 2008. - 968 бет.

  11. Мүсірепов. Ұлпан. Роман. - Алматы: Атамұра, 2003. - 264 бет

  12. А.Қалыбаева. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. - Алматы: Ғылым, 1989. - 367 бет.

  13. Б.Момынова, Ж.Сәткенова Қазақ тілі морфологиясы. Есімдер. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. - 120 бет.

  14. Ф.Ш.Оразбаева, Г.Сағидолла, Б.Қасым, т.б. Қазіргі қазақ тілі: Оқулық. - Алматы, 2005. - 535бет.

  15. Ы.Маманов Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. - 488 бет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал