7


  • Учителю
  • Конспект по казахскому языку на тему 'Спорт түрлері'

Конспект по казахскому языку на тему 'Спорт түрлері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ:

қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы: Спорт түрлері


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.


Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.


Сабақтың технологиясы: модульдік технология.


Әдіс - тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, суретпен жұмыс, түсіндіру.


Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін молайту. Түрлі тапсырмалар арқылы білімдерін бекіту.

дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

тәрбиелік: Оқушыларға әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктерін және олардың қажет екенін түсіндіру. оқушыларды енбексүйгіштікке баулу.


Сабақтың құралдары: тақырыпқа байланысты суреттер, тапсырмалар.


Сабақтың барысы


1.

Ұйымдастыру.

Сәлеметсіңдерме, балалар!

Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңберінде жағымды жылы тілектер айту.

Ақпанның нешесі?

Қазір қандай сабақ?

Қазақ тілі сабағы нешінші сабақ?

2.

Үй тапсырмасын тексеру.

Сөздік арқылы үй жұмысын тексеру

3.

Жаңа сабақ.


Топ басшыларына бақылау парағын таратып беремін.

Өз топтарыңды бағалай отырыңдар.


Кіріспе әңгіме


Сөздік жұмысы:


Мәтінмен жұмыс


Бүгінгі сабақтың тақырыбы: "Спорт түрлері"

Спорт -денсаулықты жақсартады, денені шынықтырады. Спорт бүгінде елімізде жақсы дамып келеді. Спорттың қай түрін алып қарасақ та, барлығы да адамның денсаулығына пайдалы - дей отырып, оқушылар біз қазір "Спорт түрлері" атты мәтінмен жұмыс жасаймыз.

-екі рет оқиды;

-сұрақ-жауап

-Спорт нені шынықтырады?

-Ол неге тәрбиелейді?

-Спорт түрлерін ата?

-хормен айтады;

-сөз тіркестер құрастырады

қысқы - зимний

жазғы-летний

мәнерлеп сырғанау - фигурное катание


Спорттық ойындар жазғы және қысқы болып бөлінеді. Жазғы ойындарға футбол, велоспорт, волейбол, баскетбол жатады. Ал қысқы ойындарға коньки тебу, шаңғы тебу, мәнерлеп сырғанау, хоккей жатады. Спорт денсаулығына өте пайдалы.

Үлестірмелі қағаздармен жұмыс


(1-2 тапсырманы екі оқушы тақтаға жазады, қалған тапсырмаларды отырған оқушылар екі қатарға бөліп орындайды )

1. Сөйлемде қарамен жазылған сөзге фонетикалық талдау жаса.

Біздің мектепте спорттық жарыс өтті

2. Сөйлемде қарамен жазылған сөзді септе

Оған барлық оқушылар қатысты


1-тапсырма

2-тапсырма.

Дәптермен жұмыс.

Екі қатарға тапсырма беріледі.

І қатар

1. Сөйлемде қарамен жазылған сөзге фонетикалық талдау жаса.

Жазда футбол, волейбол ойнаймын.

ІІ қатар

Сөйлемде қарамен жазылған сөзді септеңдер.


Қыздарымыз, жеңіл, баскетболдан, алды, орын, бірінші.


Қай сөз тіркестерімен сәйкес келеді?


Футбол Мәреге сырғанап

жету, шаңғы тебу

Баскетбол Доп тебу, қақпаға

гол соғу

Хоккей Допты қолмен

ойнау, торға доп салу

Шахмат Мұзда сырғанау, салу.

қакпаға шайба


Шаңғы спорты Суда жүзу, мәреге жүзіп

жету

Суда жузу Мимен ойлану,

қарсыласына мат қою


4.

ІY. Сабақты бекіту.

Әр топ конверт таңдап алып, берілген тапсырманы орындап, қорытынды жасайды.

6.

Ү. Қорытындылау.

Рефлексия.


Сабақта не істедік, не білдік?

-Біз бүгін не туралы айттық?

-Сіз қандай спорт түрлерін білесіндер?

-Сізге қандай спорт түрі ұнайды?

-Мына мақалды қалай түсінесіңдер?

Бірінші байлық - денсаулық.

-Жақсы, деніміз сау болу үшін не істеуміз керек?

-Дұрыс, таңертең тұрғанда жаттығу жасау керек,спортпен айналысу керек.

Бүгінгі сабақта сендерге не ұнады? Өз ойларыңды қағазға жазып, «Тілек ағашына» іліңдер. Сәттілік тілеймін


Мұғалім сөзі


Мұғалім сөзі:

Жалпы сабаққа белсене қатыстыңдар. Маған сендердің ұйымшылдықтарың, белсенділіктерің, тапқырлықтарың ұнады. Сабақта өз ойларыңды білдіріп, шығармашылық қабілеттеріңді көрсеткендеріне рақмет, білім жолында

8.

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

Жаңа сөздерді жаттау.

9.

ҮІІ. Бағалау.

Критерий бойынша бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал