- Учителю
- Қазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып 'Есімдіктер'
Қазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып 'Есімдіктер'
Сабақтың тақырыбы: Есімдіктердің түрленуі. Жіктеу есімдігі
Сабақтың мақсаты:Білімділік - есімдіктердің түрленуі, ерекшеліктерін ұғындыру және оқушыларға жіктеу есімдіктерінің ерекшеліктерін байқату.
Дамытушылық - оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттыру, өз бетімен және топпен жұмыс істеуге баулу.
Тәрбиелік - оқушыларды сауаттылықа, ұқыптылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, баяндау, ой қозғау, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы: Ι. Ұйымдастыру кезеңі.ΙΙ. Үй тапсырмасын сұрау.ΙΙΙ. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
Ой қозғау.
-Есімдіктер дегеніміз не?
Есімдіктер-есім сөздердің орнына жүретін сөз табы.
Заттық ұғымдағы (субстантивті)
Көптеліп, септеліп, тәуелденіп, жіктеліп қолданыла береді
Заттың белгісі (атрибутивтік)
Мен, сен, кім? не?
Бұл, сол, қай?
Жіктеу есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімдерше септеледі және жіктеледі.
септіктер
мен
сен
ол
біз
сіз
А
І
Б
Т
Ж
Ш
К
мен
мен-ің
ма-ған
мен-і
мен-де
ме-нен
мені-мен
сен
сенің
саған
сені
сенде
сенен
сенімен
ол
оның
оған
оны
онда
одан
онымен
біз
біздің бізге
бізді
бізде
бізден
бізбен
сіз
сіздің
сізге
сізді
сізде
сізден
сізбен
Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі
Жақ
Ммн,біз
сен,сіз, сендер,сіздер
ол, олар
І
ІІ
ІІІ
мен-мін
біз-біз
сен-сің
сіз-сіз
сендер-сіңдер
сіздер-сіздер
ол
олар
Мәтінмен жұмыс.
97-жаттығу. Өлеңді оқып, есімдіктерді табыңдар. Олар есімдіктердің қай түрі екенін айтыңдар, түрлену жолдарын түсіндіріңдер.
-
Тапсырма. Ақынның кімді құрметтеңдер деп тұрғанын әңгімелеңдер.
98-жаттығу.
-
Мәтінді мәнерлеп оқып, Баубек Бұлқышев жайында естеріңе түсіріңдер.
-
Батыр жазушы нені өсиет етті?
-
Мәтіннен ашық және жасырын қолданылып тұрған есімдіктерді тауып, қандай тұлғада келгендігін талдаңдар.
Өздік жұмысы.Мәтінді оқып, Мағжан ақынның ақындық қасиетін өзіңе үлгі ет, ұлы адамдардың ізгі істері- үлкен тәрбие деп түсін.
Мағжан- алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсың.
Қай өлеңін оқысаң да, не ақынмен, не өз жүрегіңмен, не ел жүрегімен сырласқандай боласың. Ақынның өзі көрінбейтін өлеңдерін оқысаңыз да, еріксіз бір сезім туғыады. (Ж.Аймауытов)
-
Қарамен жазылған сөздердің мағыналарын анықтап, олардың қай сөз табына жататынын айтып беріңдер.
-
Есімдіктерді табыңдар.
Сабақты қорытындылау.
-Есімдік дегеніміз не?
- Есімдіктің басқа сөз таптарынан ерекшелігі неде?
- Жіктеу есімдігі септелгенде қандай ерекшелік байқалады?
- Жіктеу есімдігі тәуелдене ме?
Үйге тапсырма.97-жаттығу.
Мәтінді оқып, мазмұнын сұрақ-жауап әдісімен әңгімелеңдер.
Мәтінге байланысты сұрақтар дайындап келу.
Мәтіндегі жіктеу есімдіктерін тауып, қалай түрленіп тұрғанын дәлелдеңдер.
Тексерілді:______Досманова А
Тақырыбы: Сілтеу есімдіктерінің түрленуі ( тәуелдену үлгісі)
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Сілтеу есімдіктерінің түрленуі, ерекшеліктерін ұғындыру және оқушыларға сілтеу есімдіктерінің тәуелденуін, септелуін ұғындыру, ерекшеліктерін байқату.
Дамытушылық:оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттыру, өз бетімен және топпен жұмыс істеуге баулу.
Тәрбиелік:оқушыларды сауаттылықа, ұқыптылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, баяндау
Сабақтың барысы: Ι. Ұйымдастыру кезеңі:
ΙΙ. Үй тапсырмасын сұрау.
-
Жіктеу есімдігін ата.
-
Жіктеу есімдіктерінің септелуін ата.
ΙΙΙ. Жаңа сабақ. Сабағымыздың мақсаты сілтеу есімдіктерінің тәуелденуі мен септелуін ажыратып, түсініп, оның ерекшеліктерін байқау және осыған байланысты жаттығу жұмыстарын орындау.
Сілтеу есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімше тәуелденеді және септеледі.
Сілтеу есімдіктері септелгенде заттанып, зат есімнің орнына жұмсалады. Септелгенде олардың мынандай рекшеліктері байқалады:
-
Бұл, ол, сол деген сілтеу есімдіктері мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктері сияқты септеледі;
а) ілік, табыс, жатыс септіктерінде түбірдегі л дыбысы түсіп қалады.
ә) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н дыбысына айналады.
б) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында ы дәнекері пайда болады.
-
Барыс септік жалғауы - ған түрінде осы, мына, ана деген сілтеу есімдіктеріне де жалғанады;
3. Осы, бұл, ол, сол сілтеу есімдіктері табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып толықтауыш қызметін атқарады.
Сілтеу есімдіктері сөйлемде атау септікте тұрып, бастауыш болғанда сызықша қойылады.
Мысалы:
1)Бұлар - станцияның маңдай алды құрылысшылары.
2) Бұл - аңыраған ана Наталья.
Сілтеу есімдігінің тәуелдену үлгісі
Тәуелдену
Жақ
Бұл
Сол
Ол
Оңаша
І менің
ІІ сенің сіздің ІІІ оның
бұным бұның
бұныңыз
бұнысы
соным
соның
соныңыз сонысы
оным
оның оныңыз
онысы
Ортақ
І біздің
ІІ сендердің
сіздердің
ІІІ олардың
бұнымыз
бұларың
бұларымыз бұлары
сонымыз соларың
соларымыз
солары
онымыз
оларың
оларымыз олары
Септелу үлгісі
Атау септік
Ілік септік
Барыс септік
Табыс септік
Жатыс септік
Шығыс септік
Көмектес
бұл
бұның
бұған
бұны
бұнда
бұдан
бұнымен
сол
соның
соған
соны
сонда
содан
сонымен
ол
оның
оған
оны
онда
одан
онымен
-
100 - жаттығу (ауызша талдау)
Мәтінді оқып, жіктеу, сілтеу есімдіктерін табу және олар қандай тұлғада тұрғанын көрсету.
-
101 - жаттығу жазбаша.
ΙV. Бекіту. Үлестірмелі парақшалар.
-
Сол, бұл, ана сілтеу есімдіктеріне сөйлем құра.
-
Мен мұнда бұрын болмаппын. Бұл ғажап екен. Менің жүрегімде бір үлкен сезім қалды.
Мына сөйлемдердің ішінен сілтеу және жіктеу есімдіктерін тап.
-
Мен сіздерді көргенім қандай тамаша. Бұған өзім де сенер - сенбестей болып аң - таң қарап қалыппын.
-
Мына сөйлемдердің ішінен жіктеу есімдігін тап.
V. Үй тапсырмасын беру.
1. 102 - жаттығу.
2. Сілтеу есімдігіне байланысты 5 сөйлем құрау.
3. Ережені оқу.
VΙ. Бағалау. Үй тапсырмасын айтып, сұраққа жауап берген, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Тексерілді:______Досманова А
Сабақтың тақырыбы: Өздік есімдігінің түрленуі
Сабақтың білімділік мақсаты: өздік есімдігінің түрленуін түсіндіру;
дамытушылық мақсаты: әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлауын дамыту.
тәрбиелік мақсаты: тілін сүюге, елжандылыққа баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі: смын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары ,сұрақ-жауап,жаттығу., талдау, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар, кестелер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау.
Есімдіктің мағыналық түрлері
Сұрау
Өздік
Жалпылау
Болымсыздық
Жіктеу
Белгісіздік
Сілтеу
102-жаттығу. Берілген сұрау есімдігін қатыстырып сөйлем құрап жазу.
Кімнің, қайсымыз, нешеуі, кімдермен, нешеуден, кімсіздер, қандаймыз.
Мысалы: Сен кімнің баласысың?
103-жаттығу. Нешінші, қайсысы деген сұрау есімдіктерін жіктеп және тәуелдеп жазып, мағыналық, тұлғалық жағынан салыстырыңыздар.
Жіктеу І нешіншімін, қайсымын
ІІ нешіншісің, қайсысысың
нешінсіз, қайсысыз
ІІІ нешінші, қайсысы
Тәуелдеу І нешіншім, қайсысым
ІІ нешіншің, қайсысың
нешіншіңіз, қайсысыңыз
ІІІ нешіншісі, қайсысы
Жаңа сабақ. Өз есімдігі тәуелденіп барып септеледі.
Өздік есімдігінің септелу үлгісі (оқулықта берілген)
Өздік есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі.
Өздік есімдігінің жіктелуі (оқулықта берілген)
Өзім есімдігін септеп, біреуіне сөйлем құра.
Атау септік өзім
Ілік септік өзімнің
Барыс септік өзіме
Табыс септік өзімді
Жатыс септік өзімде
Шығыс септік өзімнен
Көмектес септік өзіммен
Өзің есімдігін жіктеп, біреуіне сөйлем құра.
І. Өзіңмін, өзіңбіз
ІІ. Өзіңсің , өздеріңсіңдер
Өзіңсіз, өздеріңсіздер
ІІІ. Өзің
Өлеңдегі түсірілген сөздерді орнына қойыңдар.
Өзім- тәңірі табынамын ........(өзіме)
Сөзім-құран, бағынамын.......! (сөзіме)
Бұзушы да, түзуші де.......(өзіммін)
Енді, ескілік, келдің өлер..........! (кезіңе)
Мағжан Жұмабаев
Керекті сөздер: сөзіме, өзіме, өзіммін, кезіңе
Тапсырма: өздік есімдігін тауып, олардың қалай түрленіп тұрғанын анықта.
Өзім- түбірі өз,- ім тәуелдік ж.І жағы
Өзіме- түбірі өз,-ім тәуелдік ж.І жағы, е барыс септігі
Өзіммін- түбірі өз,-ім тәуелдік ж. І жағы, -мін жіктік ж. І жағы.
Мақал-мәтелдерді сөйлем мүшесіне талда.
-
Хас сараң өз затын өзінен қызғанады.
-
Қорқақ өзінің көлеңкесінен де қорқады.
Тәуелсіз Қазақстан
Отан деген не? Бұл сөзді әрқайсымыз күн сайын әлденеше рет естіп жүрміз. «Отан отбасынан басталады» дейді халық. Отан дегеніміз- әр адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен, бүкіл дос-жарандарымен бірге тұратын мекені. Қазақ елінде тұратын барлық адамның Отаны- Қазақстан Республикасы. 1991 жылы 16 желтоқсан біздің еліміз Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы қаншама қиыншылықты бастан өткізді. Әр мемлекеттің дербес, тәуелсіз ел болуы- барша бақыттың бастауы. Елдің өз құқы өз қолында, ешкімге тәуелді емес.
Бұл күнде дүние жүзінің барлық елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танып отыр. Осы бақыт әр қазақстандықтың жүрегіне нұр құяды.
«Қазақстан тарихынан»
Жаңа материалды бекіту.
Логикалық диктант
-
Өздік есімдігіне қандай сөз жатады? (өз)
-
Өзісіздер есімдігі қандай тұлғада тұр? (түбірі өз, -і- тәуелдік жалғаудың ІІІ жағы, -сіз- жік.ж. ІІ жағы (сыпайы түрі), -дер-көп.жалғау)
-
Өзіңмен қай септікте тұр? (қөмектес)
-
«Өз үйім-өлең төсегім» деген мақалда өздік есімдігі қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр? (анықтауыш)
-
Өздік есімдігі бар бір мақал жаз.
Қорытынды. Кластер стратегиясы.
Үйге тапсырма
-
Эссе жазу «Менің қиялымдағы болашақ Қазақстан» (есімдіктерді, әсіресе өздік есімдіктерін қолдану)
-
Тест құрастыру.
Бағалау.
Тексерілді:______Досманова А