7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңі

Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қостанай облысы Арқалық қаласы

Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта

білім беретін мектебінің қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Капарова Асел Махмутовна



Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңі

Сабақтың мақсаты: білімділік - Әбділда Тәжібаев туралы қысқаша мәлімет беру, өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу арқылы табиғаттағы,адам өміріндегі атқарар жүгін таныту,өлеңді түсініп мәнерлеп оқуға,туған жерін сүюге баулу;

дамытушылық - оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,жеке тұлғаны дамыту,ақын тіліне деген көзқарасын білу,өлеңді құрылысына талдай білуге машықтандыру,шығармашылық қабілетін дамыту;

тәрбиелік - адам өміріне жарап жатқан өзеннің пайдасын білуге,оны қорғауға баулу,қоршаған ортаны тануға,ойын еркін жеткізе алатын қолайлы орта туғызу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдіс-тәсілі : сұрақ-жауап,түсіндіру,салыстыра баяндау,ой қозғау,талдау, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың пәнаралық байланысы: қазақ тілі,тарих,география,музыка.

Сабақтың көрнекілігі: ақын суреті,шығармаларынан көрме,Қазақстан картасы,талдау-салыстыру сызбасы,электронды оқулық т.б.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру: а) сәлемдесу,түгендеу; ә) сабаққа даярлығын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау,бекіту.

  • Қане,балалар өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық? (Поэмадан үзіндіні жатқа айтады)

  • Балалар,поэма неге «Ақын өлімі туралы аңыз» деп аталады? Поэмадағы ақын кім? Поэманың тақырыбы не жайында? Поэма оқиғасы қай кезеңді суреттейді? Кімнің ерлігі суреттелген? Ол қай жылы туылған? Ал Қасым қандай ақын? Ол өзіне қандай баға берді?

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

Қасиетті қазақтың кең даласы талай ғұламаларды,жезтаңдай әншілерді,құдіретті күйшілерді,данышпан,ақылгөй билерді,ақиық ақындарды,Отанын сүйген батырларды дүниеге әкелді.Солардың бірі бүгінгі тақырыбымызға өзек болған Әбділдә Тәжібаев ағамыздың өміріне, «Сырдария» атты өлеңіне тоқталамыз.

1.Сабақтың мақсатын айту. Сабақтың жоспары интерактивті тақтадан көрсетіледі.

1) Өлеңді үнтаспадан тыңдау 2) Сөздікті жұмыс 3) Салыстыру,талдау

4) топпен жұмыс 5) Шығармашылық жұмыс.

2.Электронды оқулықпен жұмыс.

Әбділда Тәжібаев туралы мәлімет, «Сырдария» өлеңі мәнерлеп оқылады.

Балалар,өлең ұнады ма, не жайында екен? Картадан «Сырдария өзенін көрсетіп,өзен туралы қысқаша мәлімет беремін.

3.Кітаппен жұмыс (сөздікпен жұмыс).

Интерактивті тақтада сөздік жазылған (дәптеріне жазып алады).

1.Гейне - неміс ақыны 2. Рейн - Германиядағы өзен 3. Тарас - украин

4.Днепр - Украинадағы өзен 5. Пушкин - орыс ақыны 6. Еділ (Влога) - өзен

- Қане, балалар, өлеңді мәнерлеп өзіміз оқып жіберелік.

1) Өлең тақырыбы не жайында? 2) Ақын еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін қалай білдірді? 3) Оны қай жолдардан байқауға болады? 4) «Ел анасы - менің анам» деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер? 5) Анаға ұқсас ұғымды қалай,не арқылы білдіреді? 6) Лирика деген не? 7) Бұл өлең лириканың қай түріне жатады? 8. Параллелизм деген не?

(Алгебрамен байланыстыру)

4.Салыстыру, талдау.

Тірек сөздер арқылы салыстыру



«Сырдария» өлеңі»

Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңі

Сыр сұлуы

Суым сүтін

Сарқыраған өзен

Туған елі

Анам десең

Айнадай су

Ел анасы

Балық, арық қазып

Өзен рахаты

Сүті кетпеген

Егіске пайдалан

Мөлдір су



Мен анаң

Ну, орман, тоғайы



Осы үш ақынның өлеңдерін оқи отырып бір-бірімен айырмашылық пен ұқсастығына талдау,салыстыру жасаймыз. Қай өлеңде ақын өлеңге,өлең ақынға тіл қатты? (Айырмашылығы мен ұқсастығын табады. Ақынның поэтикалық тіліне талдау жасау, теңеу метафораларды табады).

5.Шығармашылық жұмыс.

1-топ. «Сырдария» өлеңін әрі «Өзен» өлеңін құрылысына талдайды. (Өлеңнің бір-бір шумағындағы тармақ,бунақ,ұйқасын,айырмашылығын табады).

2-топ. «Сырдария» өлеңіндегі (2,3,5) шумақтарынан инверцияны тауып, қара сөзге айналдырып жазады.

3-топ. Туған жеріміздегі «Машат», «Ақсу» өзені жайлы бір шумақ өлең жазады. «Су - тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазуға да болады.

IV.Сабақты бекіту. Сонымен, балалар,ақын осы «Сырдария» өлеңінде не айтқысы келді?

1.Параллелизм дегеніміз не?

2. Өлеңді оқи отырып,өзен,көлдердің адам өміріндегі пайдасы туралы не айтар едіңдер?

3. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - жасыл желекті,мөлдір сулы өлкеге айналуы тиіс» деп Қазақстан-2030 бағдарламасында айтылғандай өз жерімізді көркейтуге қандай үлес қосар едіңдер?

V.Қорытындылау.

Қазақтың халық жазушысы

драматург

ақын

50 шақты кітаптың авторы

киносценарист

Филология ғылымының докторы, профессор

әдебиет зерттеушісі

Газет редакторы болғанСабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңіСабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңіСабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңіСабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңіСабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңіСабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңіСабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңіСабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңіСабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңіСабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңі





























VI.Оқушыларды бағалау.Белсенді оқушыларды бағалау.

VII. Үйге тапсырма. «Сырдария» өлеңін жаттап, талдап келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал