- Учителю
- Сабақ жоспары 'Міржақып Дулатов'
Сабақ жоспары 'Міржақып Дулатов'
11 сынып қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Міржақып Дулатов.
Мақсаты:
Міржақып Дулатовтың өмірі, шығармашылығы туралы түсінік беру;
Міндеттері:
Ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, қазақ халқының ұмытылған ақын-жазушылары туралы өз беттерімен ізденіс жасауға ынталандыру.
Құралдар: оқулық, ақынның суреті, шығармалары
Сабақ түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)
Үй тапсырмасын тексеру(қалаған шығармасынан үзінді жаттау, 28 бет - сұрақтарға жауап беру)
Жаңа сабақ :
Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада Торғай уезінің (Қостанай облысы Жангелді ауданы) 1 ауылында туған.
өмір баспалдақтары:
-
Ауыл молдасынан сауат ашу
-
Ауыл мұғалімінен білім алу
-
1897 ж Торғай қаласындағы екі класстық орыс-қазақ училищесіне түсіп, 1902 жылы бітіреді.
-
Содан кейін ұстаздық өмірі басталады
-
1905 ж Қарқаралыдағы Қазақ құрылтайының ұйымдастырушыларының бірі
-
1907ж Петербургте «Жастарға» өлеңі жарық көреді
-
1907ж Уфа қаласында «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы жарық көреді, содан кейін қуғынға ұшырайды
-
Семей қаласындағы жандарм қолдарына түседі( 1,5 жыл отырады)
Тапсырма: 27-34 беттерді оқып, шығармаларының аттарын жазып алу
Шығармалары туралы әңгімелесу, сұрақ-жауап жүргізу.(37 беттегі сұрақтар бойынша)
Бекіту:
-
Міржақып Дулатов туралы қандай білім алдыңдар?
-
Міржақып Дулатов деген кім?
-
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Үйде: №1,6,11 сұрақтарға жауап беру, әңгімелеу.