- Учителю
- 'Есімшенің сөйлемдегі қызметі' сабақ жоспары
'Есімшенің сөйлемдегі қызметі' сабақ жоспары
Мерзімі. Сынып: 7
Тақырыбы: Есімшенің сөйлемдегі қызметі. АКТ№
Мақсаты:
1.Есімшенің сөйлемдегі қызметі тақырыбын бекіту. Оқушылардың синтаксистік талдау жұмысын жетілдіру.
2.Оқушылардың ойлау дағдысын, сөйлеу тілін , шығармашылық жұмысын дамыту.
3. Оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
с\ түрі: бекіту сабағы
с\ әдісі: сұрақ-жауап, талдау, шығармашылық, ізденушілік.
с\ жұмысы: топпен, ұжыммен.
с\ технолог: СТО стратегиялары, дамыта оқыту.
с\ көрнекілігі: слайдтар, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
1-слайд
Күнге қолды созамын.
Күн жылуын аламын
Күн жылуын алған соң.
Жүрегіме басамын.
Осы жылулықпен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
2-слайд
1\ 176-жаттығу.Есімшені жұрнақтарына қарай ажыратып, қалай түрленіп тұрғанын, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтаңдар.
жұрнақтарықтары3.Өткен тақырыпты пысықтау
3-слайд.
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
анықтауыш
түрленуі
пысықтауыш
Есімше
баяндауыш
толықтауыш
бастауыш
Келітірілген мысалдар арқылы есімшнің сөйлемдегі қызметін анықтау ережесін қайталау.
1-сөйлем.Баланың қытығына тиетіні- осы жері.
2-сөйлем.Жұмыскерлерге барақтар салынған.
3-сөйлем.Ол көп сөйлегенді ұнатпайды.
4-сөйлем. Айтқанның аузы жаман,
Көргеннің көзі жаман.
5-сөйлем. Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр тереді.
4.Сабақ бойынша жұмыс.
4-слайд
Морфологиялық диктант
-
-ып,-іп, п қандай жұрнақтар?(көсемше)
-
Атау септігінде тұрып есімшелер қандай сөйлем мүшесі болады?( бастауыш)
-
Ілік септігінде тұрып, есімшелер қандай сөйлем мүшесі бола алады?(анықтауыш)
-
Іздегенді, көргенді есімшелері қай септікте тұр?(табыс)
-
Барыс, табыс, жатыс септігінде тұрып, есімшелер қандай сөйлем мүшесі болады? ( толықтауыш)
5.Оқулықпен жұмыс
5-6-слайд
175- жаттығу.
Мақал мәтелдердегі есімшелердің есімдерше түрленген тұлғаларына талдау жасаңдар.
1-топ:
1\Тойдың болғанынан боладысы қызық.
2\ Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.
2-топ:
1\Жас кезімде бейнет бер,
Қартайғанда зейнет бер.
2\Өзен жағалағанның өзегі талмас.
3-топ:
1\ Кедейлік жаны тәтті жалқауға үйір,
Еңбек ете білмейтін аңқауға үйір.
2\ Еңбексіз ел кезгенің -ар-ұяттан безгенің.
Талдау жұмысы
7-8-слайд
1-топ:
1\Өсетін елдің қарты қазына болар.
Өспейтін елдің қарты қазымыр болар.
2-топ:
1\Айтысқан ауыл болмас,
Болыспаған бауыр болмас.
3-топ:
1\Көп жасағаннан сұрама,
Көп көргеннен сұра.
Сергіту сәті
Өздік жұмыс
9-слайд
1\Төмендегі етістіктерден әр түрлі есімшелер жасаңдар да, түрлендіріп қолданыңдар.
-
Үлгі: жаз- жазған, жазатын, жазар, жазбақ.
-
1-топ: Күл, көмектес, кел.
-
2-топ: Айт, сөйле,ізде.
-
3-топ: Көр, түсін,оқы.
2\ Бір сөзге сатылай кешенді талдау.
-
Сөз:
-
Сөз тұлғасы:
-
Сөз құрамы:
-
Жасалу формасы:
-
Сөз табы:
-
Сұрағы:
Сабақты бекіту
10-слайд
Семантикалық картамен жұмыс
Мысалдар
Бастауыш
Баяндауыш
Толықтауыш
Анықтауыш
Тойдың болғаны
нан боладысы қызық
Оның аты байланбайтын
Көшкен ауылды іздеп табалық
Сен білгеніңді үйрет
Үйге тапсырма
11-слайд
-
178-жаттығу. Есімшелерді тауып, қандай қызметте және тұлғада жұмсалғанын көрсетіңдер.
-
Тақырып бойынша ережені қайталау.
-
Абай өлеңінен есімшелері бар шумақтарын теріп жазу.
Сабақты бағалау