- Учителю
- Қазақ тілі пәнінен 'Антоним' тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Қазақ тілі пәнінен 'Антоним' тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі
Тобы: ________ Мерзімі: ___________
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Жәнібек пен Жиренше.
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Антоним.
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: оқушыларға шешендік сөздер жайлы білімдерін толықтыру; Жиренше шешен жөнінде мәтінді оқи отырып, антонимдер туралы түсінік беру.
ә) дамытушылық: оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын дамытуға, шығармашылыққа баулу.
б) тәрбиелік: оқушыларды шешендік, нақыл сөздер арқылы шыншылдыққа, жалған сөз айтпауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.
Оқыту әдістері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, жұмбақ ойыны.
Оқыту құралдары: тірек сызбалар, сөзжұмбақ, компьютер.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі «Антонимы»
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Оқушылардың дәптерлерін тексеру.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
-
«Жәнібек пен Жиренше» мәтінін оқу, аудару.
-
Мәтіндегі түсініксіз сөздерді түсіндіру.
-
Сөздікпен жұмыс.
Сабақтың грамматикалық тақырыбын түсіндіру:
Сөзжұмбақ шешу арқылы оқушылар өздері грамматикалық тақырыптың атын табады.
-
1
Л
Е
К
С
И
К
А
2
Қ
Ұ
Н
Д
Ы
3
Қ
А
Т
А
Ң
4
Д
И
А
Л
О
Г
С
И
Н
О
Н
И
М
6
Ж
И
Р
Е
Н
Ш
Е
7
М
Ы
Қ
Т
Ы
-
Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.
-
«Бағалы» сөзінің синонимі.
-
Дауыссыз дыбыстардың жіктелу түрі.
-
Екі немесе одан көп адамдардың алма-кезек сөйлесуі қалай аталады?
-
Мағыналары бір-біріне жуық сөздер тобы қалай аталады?
-
Әз-Жәнібектің сарай биі, шешені болған адам кім?
-
«Күшті» сөзінің синонимі.
Ереже.
Антоним - грек тілінен шыққан, anti- қарсы, onota-атау дегенді білдіреді. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейміз.
Мысалы: Күн - түн, ыстық - суық,
әне - міне, кету - келу, ерте - кеш.
Сызба № 1
ІІІ. Бекіту.
-
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
-
Тапсырмаларды орындау
Тапсырма:
Мәтіннен төменде берілген сөздердің антонимдік сыңарларын тауып жазыңдар:
рас -
жалған -
танық -
хан -
Жұмбақтар ойыны
Тапсырма
Жұмбақтардың жауабын тауып, ондағы антоним сөздерді тап:
-
Күндіз ізетті, түнде күзетте. (есіктің ілгегі)
-
Қара жердің төсінде ақ қонның ізі мол. (тақтадағы жазу)
-
Тірісі өліден нан сұрайды, өлісі тіріден жан сұрайды. (тышқан және қақпан)
-
Асты тігілген, үсті сөгілген. (Қап)
-
Күндіз бар, түнде жоқ. (жұлдыз)
-
Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар. (тасбақа)
-
Ерте тұрады бір қыз,
Кеш тұрады бір қыз.
Қайткенде де солардың
Дегенімен жүрміз. (Күн мен Ай)
ІҮ. Қорытындылау:
Семантикалық картаны қолдану арқылы сабақты қорытындылау.
V. Үй тапсырмасы:
26 бет, 4 жаттығу
ҮІ. Бағалау.
Сабақ барысында тапсырмаларды орындаған, белсенді қатысқан оқушыларға баға қою.
Оқытушы: С.Ботантаева