7


  • Учителю
  • ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУҚазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық, рухани қалыптасуының жаңа міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі-мектепте көптілді және билингвалды білім беруді жолға қою болып
предварительный просмотр материала

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ


М.С. Сейткалиева, Технологиялық колледж

Павлодар қ.


Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық, рухани қалыптасуының жаңа міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі-мектепте көптілді және билингвалды білім беруді жолға қою болып табылады.
Көптілді білім-көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толлеранттілігін және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Биылғы жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында «Көп ұлттылық пен көптілділік құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты артықшылығы болып табылады » деп атап көрсетті. Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады.
Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою-бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі.

Оқыту процесінде тілдік компонентті тиімді енгізу бойынша мәселелердің шешілуіне септігін тигізетін дидактикалық жүйені іздестіру бағытындағы жұмысымызды жалғастырудамыз. Бұл компоненттің маңыздылығы тілдің атқаратын ролімен, полимәдениетті мен политілдік қоғамдағы тілдік құзыреттілігімен байланысты. Берілген аспектіде біз келешек бағыттарын қарастырамыз:

  • Аударманың салыстыру элементтерін енгізу.

  • Үштілдік сөздіктермен жұмыс жасау;

  • Оқушылардың лингвомәдениетті қызіреттілігін дамыту.

Бүгінгі күннің мәселесі - дарынды көптілді тұлғаның сапалы білімін жетілдіруіне ықпал тигізетін дидактикалық шарттарды тауып, қамтамасыз ету;

  • Әр тақырыптың, әр сабақтың толығымен тұлғаға бағытталуы;

  • Өмірде кездесетін іс - әрекеттердің түрлерін максималды түрде модельдеу;

  • Сабақта оқылатын материалдың эмоциялық қабылдауын ояту.

Жасалған жұмыстың нәтижесі толеранттілік, полимәдениеттілік, тәртіпті әдеттердің өнегелік пен әдептілікке сәйкес келуі жеке түсініктер емес, ал шындық болып табылатындылығын қорытады.

Мәселелер бар, бірақ, олардың, шешімі табылатындылығына үміттенеміз. Ең бастысы - эксперименттің идеялары біздің қоғымымыздың - елдің қауіпсіздігін және оның ары қарай дамуын қамтамасыз ететін басты міндеттерімен үйлестіндігіне сенеміз. [1, 31 - 32 бет]

Әлемдік білім беру іс-тәжірибесінде көптілді және билингвалды білім беру жаңалық емес, атап айтқанда, АҚШ пен көптеген Еуропа елдерінде, әсіресе соңғы жылдарда бұл бағытта жетістікке қол жеткен. Бірақ, қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс-тәжірибесінде қолданыс тапқан моделдерін енгізу- жаңа педагогикалық проблема, өйткені ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс.

Енді аз-кем көптілді және билингвалды білім беру ұғымдарының мағынасы туралы тоқталып өтейін. Ғылыми әдебиеттерде осы ұғымдарға көптеген анықтамалар берілген.Олардың ішінде біздің тәжірибемізге ең сәйкес келетін нұсқалары төмендегіше болады:

- Көптілді білім беру- бұл мектепте оқу пәндерін екі немесе одан да көптілде аудармасыз оқыту;

- Билингвалды білім беру- оқу және оқудан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын екі тілде іске асыру, педагогикалық үрдісте екі тілді оқыту құралы ретінде пайдалану.

Бұл өзекті мәселелерді жүзеге асыру үшін басты мақсатымызды анықтап алдық. Ол - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан, көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Көптілді және билингвалды білім беруде оқу- тәрбие үрдісінен күтілетін нәтижелер мыналардан тұрады:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде қалыптасқан білімдерін ана тілі, мемлекеттік тіл, орыс тілінде еркін білдіретін мектеп бітірушісі;

- бітірушінің көптілді коммуникативтік және ақпараттық құзыреттілігі;

- көп мәдениетті, рухани-адамгершілік, ұлтаралық қатынастар мәдениетінің жоғары деңгейі;

- ұлттық және жалпықазақстандық, құндылықтарды қастерлейтін, тілдерді меңгеруге тұрақты қызығу танытатын, отансүйгіштік және азаматтық сана-сезімдері дамыған тұлға;

- бітірушілер еңбек нарығында, өмірлік қызметте тілдік кедергілерге ұшырамайды.

Болашақ ұрпақ білімді, талантты ойы ұшқыр, ісі өнімді болуы қажет,өйткені ол қоғамның дамуына, елінің гүлденуіне, елеулі үлес қосатын жеке тұлға ретінде қалыптасуы қажет.(Н.А.Назарбаев)
Мұғалім мақсаты - бүгінгі заман талабына сай білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.Қазақ тілі сабағында шәкірттің рухани жетілуіне, әсіресе сөздік қорының бай болуына сондай-ақ жас ұрпақтың бойына халықтық салт - сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру арқылы мұғалімнің ізденспен жұмыс жасағанда ғана белгілі бір нәтижеге жетері анық. [2, 1 бет]

Құзыреттілік оқушы үшін - білім,дағды, қабілет. Ұстаз үшін - білім, тәжірибе, іскерлік.

Құзыреттілік - пайда болған мәселені өз бетінше шешу үшін қажетті,өз позициясын анықтауға,адамға қоғамдағы өмірлік нормалар мен ережелерді дұрыс орындауға мүмкіндік беретін даму деңгейі.
Ғылыми тұрғыдан құзыреттілікке негіз болатын ақпараттық құзыреттілік, коммуникативті құзіреттілік , кәсіби құзіреттілік мазмұнын шеше білгенде ғана мақсат орындалады.

Ақпараттың құзыреттілік дегеніміз-өздігінен білім алуға және ақпараттық ресурстарды пайдалануға дайындығы.

Коммуникативті құзыреттілік - тіл арқылы өндірістік, мәдени өмірдің сан алуан міндеттерін шешу, қарым-қатынас мақсатын жүзеге асыру үшін сөйлей білу.

Кәсіби құзыреттілік-белгілі тұлғаның стандартқа сәйкес міндеттерді орындай білуі.

Ал мәдениеттанымдылық құзыреттілік дегеніміз-қоғамның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, ұлттық және әлемдік әдебиеттердің құндылықтарын игерген тұлга қалыптасуы.

Құзыреттер - бұл пәндік білімдер жиынтығы емес, ол оқушының білімі, білігі және дағдыларының үйлестірмелі сипаттармен байланыстыратын жаңадан қалыптасқан сапа.

Оқушы өз жұмысын өзі жоспарлап, алдына мақсат қойып, оған қол жеткізуге үйренуі тиіс. Кез келген адамда білімділік нышандары болады. Сол нышанды дамытса әдет-дағды, дағды-дәстүрге, дәстүр-салтқа айналатын сияқты білімге құштар болу-зор талап туады. Талапты ерге нұр жауар дейді атам қазақ. Ол үшін жас жеткіншекке сөзді тыңдай біліп, кітапты көп оқып, отты сөздерді ойға тоқып, нағыз ділмарлық дәрежесіне келтірілілуі мұғалімнің, одан қала берсе ата-ананың міндеті. Сөз-адам үшін тәрбие құралы, білім, білік, мәдениет, өнер бастауы, әсемдік қазынасы. Игерген білімді сөз арқылы, тілдік қатынас арқылы жеткізе аласың.

Қазақ - көне дәуірден бастау алатын күрделі де мәдениеті ,өзіндік игі ғұрып -дәстүрі бар,этнографиялық ахуалы әр қилы,пейілі, өзінің байтақ даласындай кеңдей қонақжай халық.Халқымыздың бітім болысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей,қазақ-жайшылықта-тәубешіл,жаугершілікте-тәуекелшіл,зерделі де ойшыл,сабырлы да төзімді,шыдамды да жомарт,елгезек те еліктегіш,кеңпейіл де кішіпейіл,ерегескен мен ерегесетін,дос пен дос бола алатын,әділдікті бағалай білетін халық.

Қазақтың этникалық тәрбиесі өмір бойы жүзеге асырылатын біртұтас процесс. Адам өз халқының салты мен дәстүріне негізделген этникалық нормаларды,этникалық рөлдерді, этникалық құндылықтарды меңгереді.Нәтижесінде оның этникалық өзіндік сана сезімін,өзін этнос мүшесі ретінде сезініп, өз ұлтына деген мақтаныш сезімін, өзінің тіліне, тарихына, мәдениетіне жақсы көзқарасын,сондай-ақ басқа этнос өкілдеріне сыйластық пен түсініспеншілік сезімі қалыптасады.
Оқушыларды этникалық тәрбиелеуде қоғамның, ортаның орны ерекше.Қазақ этнопедагогика материалдарын оқу-тәрбие ісіне пайдалануды бүгінгі күн талабынан туындаған жаңашылық (инновациялық) процесс ретінде қарастыру үшін ең алдымен әдістемелік жағынан қамтамасыз етіп, оқу-тәрбие процесіне қажетті әдістемелік кешендер даярлау қажет.

«Тілі бірдің-тілегі бір», «Тіл тағдыры-ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі- тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу- басты міндетіміз. [3, 14 - 15 бет]


Қолданылған әдебиеттер:


  1. Педагогикалық альманах №1 2012 жыл

  2. Білім №2 (56) 2011 жыл


Тіркеу

  1. Сейітқалиева Мира Саттарқызы

  2. -

  3. Павлодар технологиялық колледжінің, қазақ тілі оқытушысы

  4. Ломова 169/31 тел: 543711

  5. -

  6. Оқушылардың тілдік құзіреттілігін дамыту

  7. Қазақ тілі



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал