7


  • Учителю
  • қазақ тілі пәнінен 'Үстеу' 4 сынып

қазақ тілі пәнінен 'Үстеу' 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: •Түбірмен сіңісіп, көнелену арқылы үстеу жасаған септік жалғаулар:•Барыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: зорға, босқа, текке, жатқа, бекерге, әреңге, алға, артқа, ас(т)қа, үс(т)ке, бірге, кешке, ертеңіне, әзірге, қазірге, күнге.•Жатыс септіктің көнеленуінен туған үст
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі

Сабақтың

тақырыбы: Үстеу.Үстеудің жасалу жолдары

Үстеудің құрамдық түрлері


Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту


Білімділік: Үстеулердің мағына жағынан заттың қимылының, іс-әрекетінің және заттың сынының әр алуан белгілерін білдіру үшін қолданылатындығы, үстеулердің сөйлемде етістікті сипаттайтындығы жайында өз бетінше білім алуына жағдай жасау, дара және күрделі үстеулердің құрылысы мен құрамын оқып-үйренудегі әрекетін ұйымдастыру.


Дамытушылық: Оқушыларды еркін сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс жасау әрекетін арттыру, ауызекі сөйлеу мәдениетін дамыту.


Тәрбиелік: Сөз қадірін ұғына білуге, қазақтың бай тілін орынды пайдалана білуге баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әр кезеңінде қолданылатын құралдар: Оқулықтар,көрнекі құралдар, жаттығу жұмыстары. Электронды оқулықтар, интерактивті тақта.

Сабақтың кезеңдері

1Кіріспе бөлім

1.1Ұйымдастыру кезеңі

1.2. Өткенді қайталау. Тақтада етістіктің түрлерін қайталау мақсатында сөйлемдер жазылады. Үй тапсырмасын тексеру.

Алдағы іс әрекетті бақылау

Жаңа білімнің берілуін қадағалау.

1.3.Жаңа білімге өту кезеңі. Үстеудің жасалу жолдары мен құрамдық түрлері туралы түсінік. Слайд жұмыстары


  • Сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін сөздерді үстеу деп атайды.

  • Үстеудің құрамдық түрлері. Негізгі үстеу. Негізгі үстеудің - қазіргі кезде құрамы жағынан түбір мен қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер.(жылдам,тез,ерте,кеш) . Негізгі үстеудің көпшілігіне сын есім шырайының -рақ,-рек, -ырақ,-ірек және -лау,-леу,-дау,-деу,-тау,-теу жұрнақтары жалғана алады. Мысалы: жылдам-ырақ, тез-ірек, кеш-теу

  • 1)-ша,-ше: адам-ша, бала-ша, көзін-ше

  • 2)-лай,-лей,-дай,-дей,-тай,-тей: шикі-лей, қыс-тай, ақша-лай

  • 3)-дайын,-дейін,-тайын,-тейін: сұңқар-дайын, бұлақ-тайын

  • 4)-шама,-шеме(-шалық, -шелік): осыншама, осыншалық

  • 5)-майынша,-мейінше,-байынша,-бейінше,-пайынша,-пейінше: айтпайынша, оқымайынша.

  • Түбірмен сіңісіп, көнелену арқылы үстеу жасаған септік жалғаулар:

  • Барыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: зорға, босқа, текке, жатқа, бекерге, әреңге, алға, артқа, ас(т)қа, үс(т)ке, бірге, кешке, ертеңіне, әзірге, қазірге, күнге.

  • Жатыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: алда, артта, аста, үсте, кейде, әлгіде, жаңада, баяғыда, күнде, түнде, аңдаусызда, абайсызда, қапыда, ілуде, қапелімде, қапылыста, лезде, жөппелдем(е)де.

  • Шығыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: шалқасынан, жүресінен, етпетінен, төтеден, кеңінен, тезінен, қырынан, келтесінен, басынан, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, тосыннан, кенеттен, қатеден т. б.

  • Көмектес септіктің көнеленуінен туған үстеулер: кезекпен, шынымен, қалпымен, жайымен, ретімен, жөнімен, түйдегімен т. б.

  • Күрделі үстеу

  • Күрделі үстеулер-екі я одан да көп түбірдің немесе сөздердің бірігіп тіркесіп немесе қосарланып тұрақтануынан жасалады:

  • 1) Сөздердің бірігуі: жаздыгүні, таңертең, биыл

  • 2) Сөздердің қосарлануы: жоғары-төмен, анда-санда, қолма-қол

  • 3) Сөздердің тіркесуі: күні бүгін, күн ілгері, ала жаздай.


2.Тақырыпты өз беттерімен меңгеруі

3.Сабақтағы материалдарды бірлесе отырып меңгеру.

269-тапсырма. Жазбаша. Көшіріп үстеулерді табыңдар. Сұрақ қою арқылы олардың қай сөзге қатысты екенін анықтаңдар.

272-тапсырма. Ауызша. Оқып шығып, үстеулерді табыңдар. Оларға өздері қатысты сөз арқылы сұрақұ қойыңдар.

273-тапсырма. Суретпен жұмыс. Қысқы табиғат көрінісіне байланысты берілген үстеу сөздерді қатыстыра отырып, мәтін құру.


4.Рефлексия

Оқушылардың алған білімдерін көрсете білулері

Сабақтан алған білімдерін пысықтау.. Үстеу сөздерден әңгіме диалог құрастыру

5.Үй тапсырмасы: Ереже

271-тапсырма

5.1. Шығармашылық жұмыс «Күлтегін» жырынан үстеу сөздерді теріп жазу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал