7


  • Учителю
  • Б. Соқпақбаев. «Менің атым Қожа»

Б. Соқпақбаев. «Менің атым Қожа»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев. «Менің атым Қожа»



Мақсаты:

Повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізуге үйрету.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру

II.Үй тапсырмасын пысықтау

III.Мақсат қою кезеңі:

Бердібек Соқпақбаев-қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегімен, шындықты қарапайым әңгімелеу арқылы мөлдіретіп, көз алдыңа жайып салатын, кейіпкерлерді даралау мен психологиялық бәйнелеудің де өзгеше бір жолын тапқан талантты жазушыларымыздың бірі еді. Жасынан өмір талқысын көп көрген өмір баяндық деректері оның шығармаларына арқау болды. Бүгінде кез-келген қазақтың қара баласына Соқпақпаевтың кім екенін түсіндіріп жату артық болар, оның «Менің атым Қожасы» әрбір үйде Абаймен, Мұхтармен бірге ұлттық қазына ретінде сақталуда десек қателеспеспіз. Өйткені, Соқпақпаевтың есімі көзі тірісінде-ақ әрбір мектеп баласын жүрегінен мықтап орын алған болатын.

IV.Кейіпкерді таны.

1.Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш кім? (Жантас)

2.Мен оқулық емес қант аламын, сіздің не шаруаңыз бар қоя беріңіз. (Қожа)

3.Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (Сәбира Майқанова)

4.Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын, менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Сәйбек қарт)

5.Келесі сабақ қайсысың бақа аулап әкелесіңдер? (Оспанов)

V.Оқулықпен жұмыс. Сұрақтарға мәтіннен тауып оқы.

Қожаның сұрақтары: Мен он үш жыл өмірімдегі ең қатігез күн қашан болып еді? Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сөмкесіне сүңгітіп жібердім. Не болар екен? Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіндер. Сонда кімнің мәселесін қарадым?..Көз байланып кетті. Жоңышқаның төбесінде дөңбекшіп әлі жатырмын. Не істеймін?

VI.Дәптермен жұмыс. Қожамен Жантасқа салыстырмалы мінездеме беру. Теріп алу стратегиясы: әділ, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз, алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз.

VII.Шығармадағы Қожаның бейнесін ашу. Қожаның жағымды жақтарымен жағымсыз жақтарын саралап, айтып, түсінік беру.

VIII.Сергіту сәті.

IX.Ой толғаныс сатысы.

Тест.

1.Қожаның класс жетекшісі Майқановамен алғаш кездесуі?

А) Мектепте Б) Көшеде

Ә) Дүкенде

2. «Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аты?

А) Қожаберген Б) Менің де атым Қожа

Ә) Өзім туралы повесть

3.Қожаның шын аты кім?

А) Қожабай Б) Қожатай

Ә) Қожаберген В) Қожаберді

4.Жанардың фамилиясы?

А) Балабекова Б) Қадырова

Ә) Майқанова В) Тұрсынбаева

5. «Түбінде адам болатын бала» деген кімнің сөзі?

А) Сұлтан Б) Ахметов

Ә) Анасы В) Майқанова

6.Повестегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі?

А) Майқанова Б) Ахметов

Ә) Оспанов

Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» филімінен үзінді көрсетіледі.

Жанр: Комедиялық, отбасылық. Шыққан жылы:

1963 ж. режиссер: Абдолла Қарсақбай. Әңгіме авторы: Бердібек Соқпақбаев. Сценарий: Б.Соқпақбаев, Н.Зелеранский. Сазгер: Н.Тілендиев. Кейіпкерлерді сомдағандар: Қожа-Н.Сегізбаев, Сұлтан-М.Көкенов, Жанар-Г.Қорабаева, Жантас-Е.Құрмашев, Меллад-Б.Римова, Рахманов-Қ.Қожабеков, Майқанова-Р.Мухамедьиярова, Қожаның әжесі-З.Құрманбаева.

Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы «Сотқар» Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген үйлеріне келіп жүретін Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы, Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа әкесінің абыройын «Шелектеп» төктім деп ойлайды. Дегенмен Қожа-ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақ көңіл бала.

X.Ой тастау: Қалай ойлайсыздар, Қожаның әдепті жолға түсуіне не себеп?

Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктеріне, Майқанованың пед кеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?

ХІ. Үйге тапсырма: Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмі мен Еркін Рахышевтың «Менің де атым Қожа» фильмін салыстырып, ұқсастықтарын тауып жазып келу.

«Менің қиялымдағы Қожа...» қандай болу керек? Эссе жазып келу.

ХІІ. Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал