- Учителю
- Сабақ жоспары Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы Сөзжасам. Сөз тұлғасы
Сабақ жоспары Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы Сөзжасам. Сөз тұлғасы
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Қазақ тілі
2. Сыныбы: 6 Тексерілді:
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: I
5. Мұғалім: Маширбаева Л.С
Сабақтың тақырыбы: Сөзжасам. Сөз тұлғасы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Сөзжасам туралы мағлұмат беру, сөзжасамның жасалу жолдарынан алған білімдерін пысықтау, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету
2. Тәрбиелік: Оқушыларды тілдік- эстетикалық сезімге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру,өз бетінше сөзжасаманың жасалу жолдарын ажырата білуге дағыдыландыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру, игерілген білімді пысықтау.
Сабақтың түрі: Түрлендірілген аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,түсіндіру, сын-тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері (семантикалық карта,Инсерт кестесі)
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, информатика
Сабақтың көрнекілігі: слайд, сызбалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру:
«Ой шақыру стратегиясына» ілінген шеңбер
Қималар бойынша сұрақтарға жауап береді. Шеңбердегі сұрақтар:
-
Үндестік заңы дегеніміз не? Үндестік заңының қандай түрлері бар?
-
Буын үндестігі дегеніміз не? Буын үндестігіне бағынбайтын қандай қосымшаларды білесіңдер?
-
Ілгерінді ықпал мен кейінді ықпалдың мәні неде?
-
Тасымалдың мәнін мысалмен түсіндір
-
Қандай буынды тасымалдауға болмайды? Оған мысал келтіріңдер.
-
Тіл туралы үш мақал
ІІІ. Жаңа сабақ : Бүгін сабақта біз сөзжасам және оның жасалу жолдарымен танысамыз.
«Сөзжасам» дегеніміз - жаңа сөздердің жасалуы. Ойла дегенде ой деген сөзге -ла қосымшасы жалғану арқылы ойлау іс-әрекетін білдіретін жаңа сөз (ойла) жасалған.
Қазақ тіліндегі сөздер түбір сөздер және туынды сөздер болып бөлінеді.
жол-дас-тық-қа бірінші жол бөлшегі «салған із» немесе «сапар» деген мағынаны білдірсе, оған -дас қосымшасы қосылған жолдас сөзі «серік» деген мағынаны беріп тұр. Бұл сөзге -тық қосымшасы жалғанып, адамдар арасындағы қатынас мағынасын білдіретін сөз жасалған. Соңғы -қа бөлшегі бұл сөзге жаңа мағына үстеп тұрған жоқ, басқа сөзбен байланыстыру қызметін атқарып тұр.
Сөйтіп, сөздің тұлғасы деген ұғымға түбір және қосымша деп аталатын бөлшектер кіреді.
Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер
Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер
Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөздер
Екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған туынды сөздер
Екі сөзді тіркестіру арқылы жасалған туынды сөздер
Тұтқа : 1) Есіктің тұтқасы;
2)Өмірдің тұтқасы
Құлақ: 1)Адамның құлағы;
2) Қазанның құлағы
Қара: 1)қара шаш - заттың түсін білдіріп тұр;
2) тақтаға қара- қимыл-әрекетті білдіріп тұр
Түбір+ сөз тудырушы жұрнақтар
мек
Жүр ме
ген
іс
Мысалы: Көктөбе
(Көк+ төбе)
Екібастұз
(Екі+бас+тұз)
Қызылорда
(Қызыл+орда)
Итмұрын
(Ит+мұрын)
Көлбақа
(Көл+бақа
Мысалы:
Ауыл-аймақ,
кәрі-жас,
сөйлей-сөйлей,
ақ-қара,
азды-көпті,
үгіт-насихат,
оқу- әдістемелік
Маңғыстау облысы
Он жеті
Мың тоғыз жүз жиырма бес
Сөз таптары
Қара-торы,
мал шаруашылығы
ІҮ. Оқулықпен жұмыс:
66-жаттығу
Сөздерді оқып, олардың құрамын ажыратыдар да, ауызша талдаңдар.
Үлгі: күзетшілік: күзет - түбір; оған -ші жұрнағы қосылғанда, кісі мағынасын білдіреді; -лік жұрнағы қосылғанда, қызмет түрін білдіреді.
күзетшілік, адамшылық, сәнқой, аспаз, бақташы, білімпаз, беделді, ақылды, білгіш, сулық, ақтау, ынталы, жүгіргіш, балықшы, жазушы, күзем, белдік, сенімді.
68-жаттығу
Мақал-мәтелдердегі қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.
Үлгі: Ел ағасыз болмас: аға түбіріне жалғанған -сыз қосымшасы - жұрнақ.
Ел ағасыз болмас,
Тон жағасыз болмас.
Ақылды адам елге қарайды,
Ақылсыз адам өрге қарайды.
Берекелі елдің бетін ешкім қақпайды.
Жолдасын таппаған ер азады.
Ү. Жаңа сабақты меңгеру.
Семантикалық карта №1Екі сөздің қосарлануы арқылы
жасалған туынды сөз
Екі сөзді тіркестіру арқылы
жасалған туынды сөз
Лексикалық жолмен жасалған
туынды сөз
Бүркітші
+
Бүгін
+
Арам шөп, арам тамақ
+
Үлкен үй
+
Білім
+
Баспасөз
+
Жүзбе-жүз
+
Жер серігі
+
Семантикалық карта №2Екі сөздңі қосарлануы арқылы
жасалған туынды сөз
Екі сөзді тіркестіру арқылы
жасалған туынды сөз
Лексикалық жолмен жасалған
туынды сөз
Түсім
+
Еңбеккүн
+
Қарама-қарсы
+
Суық су, суық хабар
+
Ұшқыш
+
Күн сәулесі
+
Қолбасшы
+
Көзбе-көз
+
ҮІ Бекіту: Суретпен жұмыс
-
Суретші, биші, күйші (жұрнақ арқылы)
-
Атжарыс (екі сөзді біріктіру арқылы)
-
Ыдыс-аяқ (Қосарлану арқылы)
-
Күн сәулесі (тіркесу арқылы)
-
1) Жаз мезгілінің суреті
2) Жазу жазып отырған баланың суреті (лексикалық жолмен жасалған)
ҮІІ Бекіту: Қорытынды
Сабағымызда қолданатын келесі әдіс ИНСЕРТ, яғни түртіп алу стратегиясы арқылы бүгінгі сабақта не білдік және бұл сабаққа дейін не білгенмін деген сұрақтарға жауап бере отырып сабағымызды қорытындылаймыз.Инсерт кестесі
Білетінім
Мен үшін жаңалық
Мені таң қалдырады «?»
ҮІІІ. Үй тапсырмасы:
-
Өткен тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастырып келу.
-
Сөз тұлғасы жаттау
-
67-жаттығу
VІ . Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VIІ. Сабақтың аяқталуы.