7


  • Учителю
  • 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары А.Құнанбайұлы Қара сөздері

9-сыныпқа арналған сабақ жоспары А.Құнанбайұлы Қара сөздері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

9-сынып қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар17.02.2015



Қазақ әдебиеті

45 минут

9-сынып





Сабақ тақырыбы:

тема

А.Құнанбайұлы Қара сөздері



Жалпы мақсат:

  1. Абай шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып, оның пікірлерінің құндылығына, өміршеңдігіне көздерін жеткізу, даналық сөздеріне талдау жасату, сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу;

  2. Оқушылардың ой еркіндігін, байқампаздығын, эстетикалық сезімін ояту, сөйлеу мәдениетін дамыту, талдау жұмыстарына дағдыландыру, тіл байлығына үлес қосуға жол ашу;



Сілтеме:

Нұсқаулық, Қазақ әдебиеті оқулығы, хрестоматия

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

АКТ пайдалана біледі. Топпен жұмыс жасай біледі. Өз бетімен жұмыс жасауға машықтанады. Әр түсінікке өз көзқарасын білдіреді. Оқушылар халықтың зар заман кезеңінде өмір сүріп,езгіге түскен қазақ халқының тағдыры мен мұң-зарын жырлаған ақындар шоғырымен танысады, сөйлеу мәдениеті қалыптасып, сөздік қоры дамиды.



Негізгі идеялар:

Оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.





Сабақта қолданылатын материалдар:

Жыраулар поэзиясының түрлері, суреттер, демонстрациялық материал, сызбалар, табиғи заттар, видеоролик, үнтаспа.



Оқыту әдістері:

Сын тұрғысынан ойлау, Топтық жұмыс, диалогтық оқыту

  1. Жеке жұмыс

  2. Топтық жұмыс

  3. Жұптық жұмыс



Дерек көздері:

Ғаламтор, қазақ халқының тағдыры мен мұң-зарын жырлаған ақындар шоғырының жинағы





Сөз маржан

Дәріптеу-үлгі- өнеге тұту,мақтан ету,мадақтау.

Райынан қайту-сабасына түсу, ашуын басу.

Қанағатсыздық-тойымсыздық.



Даналық ой

«Иә, Абай -ұлы ақын, Абай -дара дегенде оның поэзиясына әдеби, музыкалық бүкіл шығармашылық мұрасына тән жаңашылдықты айтамыз» З.Ахметов











Түрткі

(сұрақ, тапсырма, жағдаят)

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Білу



Абай - туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің қазақ поэзиясының өсіп гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршысы.



Абай Құнанбайұлының қандай еңбектерінде тәрбиеге байланысты нақты ойлар айтылған.

Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Адамгершілік пен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп, он сегіз мың ғаламның құпиясын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.

Оқыған білетін қара сөздерді талдап жіктейді

Смайликтермен топқа бөліну.

Түсіну

Абай қарасөздері - философиялық көзқарастары жайлы нақты деректер береді және ақынның шығармашылық зертханасын ашты.

Абайдың 1890-1898 жылдары жазған бір алуан шығармалары - қарасөздері. Жалпы саны - 45



Туып өскен жері ақындық өнерді ерекше қастерлеген аймақ болғанын түсініп талдау.

2. Оқулықтағы тапсырмалар:

«Қарлы кесек ойыны»

Қарасөздердің 6-7 түрі көлемі қысқа аз болып келеді. Олар: 16,18,19,20,24,31, 45. Барлығы - жетеу.



Әр оқушы екі топқа барып кітаптағы материалдардан түсінгендерін айтады



Топтың спикері белсенді оқушыларды түртіп отырады.Бағалау парағын толтырады.

Қолдану

Шығармашылық

қабілетін арттыру

Атаның сөзі - ақылдың көзі

Ерекшелігімен көзге түсетін қарасөз - отыз жетінші.



Сократтан алынған үзінді (27-сөзде) ерекшеленеді, талданады.

38-сөз- «ғақлиат-тасдихат»

«әрбір ғалым-хакім емес, әрбір хакім-ғалым».

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңімен салыстыру.

46-сөз-тарихи очерк. Мұнда қазақ халқының пайда болуы туралы айтылады. Сонымен, ерекше көзге түсетін қарасөздер саны - 11. 1-сөзде ақын өз мақсатын айтады. 2-сөзде халықтарды салыстырады.





Бағалау парағын толтырады.

Талдау









Оқушылардың ойлау қабілетін,белсенділігін,құпия сақтауға бейімділігін мейірімділігін және алға қойған

мақсатын анықтау



3-сөзде билеуші тапты сынайды. 4-сөзде күлкі әшкерленіп, «ызалы күлкі-өзі де қайғы» деп қорытынды жасайды. 5-сөзде және 29-сөзде қазақтың мақал-мәтелдері сыналады.



6, 8, 9, 10, 14, 23, 26, 29, 33, 39, 40, 41, 42, 43-сөздерде ел мінезі сыналып, надандық әшкерленіп, білім насихатталады.

43-сөзден үзінді оқылады, ол «Көк тұман - алдыдағы келер заман» өлеңімен салыстырылады.





Енді оқушылар ақынның қара сөздерінің шығу тарихымен слайд арқылы таныстырады.



Бағалау парағына жазу

Синтез/Жинақтау/

Ақын шығармашылығы туралы баяндаудың жоспарын құру

Постер құру: «Қара сөздер»

Афоризмдер. Екі-үш афоризм сөздер жазылып талданады.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

Жаман дос - көлеңке, басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың,

Басыңды бұлт шалса іздеп таба алмайсың.

12, 13, 27, 35, 36, 38, 45-сөздер дін туралы.

45-сөзден талданады.

15, 17, 18, 21, 22, 28, 30, 32, 34, 44-сөздерде адамдық қасиет талданады.

« Әуелде бір суық мұз» жатқа оқылып, қарасөзбен үндестігі байқалады.

18-сөз оқылады, талданады.



« Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ» өлеңімен ұштастырылады.



Топтық бағалаулар жасау, оны талқылау.

Бағалау















Ойын жинақтау дағдысын қалыптастыру, ізденімпаздыққа бағыттау.

«Гүл күлтелері» рефлексия

Әр гүлдің күлтелері таратылады.

Әр топтан бір - бір оқушы тұрып, рефлексияны оқып береді немесе мұғалімге тапсырады.



Белсенді оқушыларды бақылап отыру.



Үйге тапсырма Абайдың қара сөздерін талдап оқу































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал