7


  • Учителю
  • САБАҚ: ҚМҰҚ 'КӨНІЛДІ КӨЖЕК ПЕН ҚОНЖЫҚ'

САБАҚ: ҚМҰҚ 'КӨНІЛДІ КӨЖЕК ПЕН ҚОНЖЫҚ'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: «Көнілді көжек пен қонжық»Білім саласы: «Таным»Бөлімі: «Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру»Мақсаты: 1. Заттарды үш көлемінде санауға және оларды салыстыруға үйрету.2. Жабайы аңдар дене мүшелелерін жайында ұғымдарын (көп, аз т.б) білімдерін қенейту.3. Баланың
предварительный просмотр материала


«Көнілді көжек пен қонжық»


Білім саласы: «Таным»

Бөлімі: «Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру»

Мақсаты:

1. Заттарды үш көлемінде санауға және оларды салыстыруға үйрету.

2. Жабайы аңдар дене мүшелелерін жайында ұғымдарын (көп, аз т.б) білімдерін қенейту.

3. Баланың танымдылық қабілеттерін дамыту және моторикаларын жаттықтыру, эмоционалды қарым-қатынасын қалыптастыру.

Мейірімділік сезімге тәрбиелеу .

Билингвалдық компонент: Бір, екі, үш.

Один, два, три.

Won, Tu, Sri.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Қонжық, Көжек, себеттегі сәбіз, себеттегі саңырауқұлақ, көк дөңгелек, сары дөңгелек - бала санына, желім, қылқалам, сүлгі, түрлі - түсті пішіндер.


Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біз бір-біріміздің қолымыздан ұстасақ не пайда болады? Дұрыс айтасыңдар, шеңбер.

Біздің шеңберіміз күнге ұқсайды. Ол қуанышты әрі жылы. Бәріміз бір ауыздан дауыстап айтайық.

Күн мен ауа, су мен жер,

Досымыз жақсы білсеңдер.

Сенімді достар, білсеңдер,

Күн мен ауа, су мен жер.

Осы кезде Қонжық пен Көжек жылап кіреді. Сәлеметсіңдер ме балалар? Біз адасып, қарынымыз ашып, тонып қалдық.

Тәрбиеші: Балалар, енді оларға қалай көмектесеміз?

Балалар «Сұр көжегім» атты өлеңді іс-қимыл арқылы бірге айтады.

Көжек пен Қонжық: Рахмет сендерге балалар біз жылынып қалдық.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Енді Көжек пен Қонжықтың көңілін көтерейік. Ол үшін менің қолымдағы ыдыс ішінен түрлі - түсті пішіндерді тандап алыңдар.

Кімде көк шаршы - өнер орталығына барады, ал кімде сары дөңгелек - манипулятивтік орталығына барады. І топ- шығармашылық орталығында,Көжектің жақсы көретін тағамын яғни сәбізді қағаз бетіне, себеттің ішіне жапсырып береміз, ІІ топ - манипулятивтік орталығында түрлі - түсті пішіндерден қонжыққа саңырауқұлақ құрастырамыз.


1-ші топ. Балалардың қолынан келгенше себетке көп сәбізді жапсырады. Балалар жапсырған себеттегі сәбізді, тақтадағы себеттегі сәбізбен салыстырады және санайды.

Қазақша 1,2,3

Орысша 1,2,3

Ағылшынша 1,2,3.

Кімнің себетінде сәбіз көп?

2-ші топ. Балалар түрлі пішіндерден саңырауқұлақты құрастырады. Тақтада ілініп тұрған саңырауқұлақ пен балалар құрастырған саңырауқұлақты көрсетіп тәрбиеші сұрайды: Кімнің себетінде саңырауқұлақ көп? Балалар салыстырады, санайды.

Тәрбиеші: Балалар жасаған сыйлықтарымызды Қонжықпен Көжекке сыйлайық.

Көжек пен Қонжық: Рахмет сендерге балалар.

«Қалмай қайтала»

Барлық жаттығу үш-үштен

Үш рет көзімді жұмамын

Үш рет иықты қөтеремін

Үш рет басымды шайқаймын

Үш рет орнымда секіремін

1,2,3 -тыныс алып дем аламын


Көжек пен Қонжық: балалар енді бәріміз бірге ойын ойнайық. Ойынымыздың аты:

« Көжек пен Қонжық қандай?»

Шарты: Жабайы аңдардың дене мүшелелерін санау.

-Қонжық нешеу?

- Қонжық: менің көзім қандай? Нешеу?

-Құлағым қандай? Нешеу?

-Аяқтарым қандай? Нешеу?

-Көжек нешеу?

-Көжек: құлақтарым қандай? Нешеу?

-Құйрығым қандай? Нешеу?

-Мен нені жақсы қөремін?

Аңдар балаларға рахметін айтып қоштасады.

Балалар сендерге үлкен рахмет біз жылынып, қарнымыз тойып, көңіліміз көтеріліп қалды біз енді орманға қайтайық. Сау болыңдар.

Қорытындылау:

Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа кімдер келді?

Балалар біз оларға не сыйладық?

Балаларды мадақтап түрлі - түсті пішіндер беріледі.

Мадақтау, бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал