7


  • Учителю
  • Өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары Кешірімділік - көңіл кеңдігі (8 сынып)

Өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары Кешірімділік - көңіл кеңдігі (8 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектеп:________________________________________________________

Мерзімі: ______________ Мұғалім: _____________________________

Сынып: 8 Оқушылар саны: ___________________

Тақырып: «Кешірімділік - көңіл кеңдігі»

Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: кешірімділік, мейірімділік, түсінушілік

Мақсаты: Кешірімділіктің адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіре отырып, айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, ізгілікпен қарауға үйрету.

Міндеттері:

  • «Кешірім», «кешірімділік», кешіре білу ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;

  • Айнала қоршаған адамдардың ренішіне кешіріммен қарауға дағдыландыру;

  • Адамдарға кешірімділікпен, түсінушілікпен, мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, сабаққа қажетті оқу құралдарын түгендеу.

Сәлеметсіздерме балалар, бүгін сіздермен сабақта жүздескеніме қуаныштымын.

-5 Т ережесін еске түсіреміз

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Оқушылардың сабаққа қажетті 5 оқу құрал-жабдықтарын түгендеу.

Оқулық, жұмыс дәптері, күнделік, қаламсап, қарындаштар.

Сабақ тыныштық сәтін өткізуден басталады

2.Тыныштық сәті. («Море» музыкасы баяу үнтаспадан қойылып тұрады) «Су асты патшалығына ойша саяхат» мәтіні.



Су асты патшалығына ойша саяхат

(Оқушылардың отыруын қадағалау, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюға болады, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз.)

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз, денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы - берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ.

Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

3.Үй тапсырмасын тексеру: М.Мақатаевтың «Күндестік құрысын» өлеңінен берілген үзінді оқып келу (үй тапсырмасы берілген өлең мәтіні бойынша тексеріледі).

Сұрақтар:

-Күндестік, бақталастық деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

-Адамдар арасындағы реніштің тууына не себеп болады?

-Адам өміріне өкпе, реніш қалай әсер етеді?

-Өкпелеп, ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?

-Өкпе-реніштен туындайтын жағымсыз әсерлерден, сезімдерден қалай айырылуға болады?

-Сен біреуді ренжітіп алсаң, не сені біреу ренжітіп алса не істер едің?

Сол сәтте өздеріңе назар аударып көрдіңдер ме?

-Біреуден кешірім сұрағанда, немесе біреуді кешіргенде көңілің қандай күйде болды?

-Күншіл, қызғаншақ адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?

Өкпе, реніш-адамның көңіл күйіне, денсаулығына кері әсер етеді. Айналаңа үнемі өкпелеп, ренішпен қарау, риза болмау түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін. Егер де ауру болып жүрсе адам өзін бақыттымын деп қалай сезінеді. Менің ойымша бақыттың баспалдағы кешірімнен басталады. Арың тазарса, адал болсаң бақытқа кенелесің. Адам адам болған соң қателеспей тұрмайды, қателескен жағдайда біз көбінесе кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып өкпе-реніш танытамыз. Қателеспейтін адам болмайды сондықтан кешіре де білу керек. Ал кек сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өкпе, реніш адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа нұқсан келтіріп, өзара түсінбеушілік туғызады. Сол себепті өкпе, ренішке бой алдырмай, адамдарға түсіністікпен, ізгілікпен, құрметпен қарап дұрыс әрекет етуге ұмтылу керек.

Ескерту

4.Дәйексөз.

«Кешірімділік - анадан, кішіпейілділік - данадан» - деген қазақ халқының нақыл сөзі сабақтың дәйексөзі ретінде қолданылды. Дәйексөздің мағынасын оқушылармен бірге талқылап, түсіндіру. Дәйексөзбен жұмыс жасау кезінде тақтада берілген сөзді оқушылармен бірге қайталау. Бірінші ұлдар болып дауыстап оқу, екінші қыздар болып дауыстап оқу, содан кейін бәрі бірге қосылып қайталау. Бүгінгі сабақта берілген дәйексөзді дәптерімізге жазып алайық.

Берілген нақыл сөз бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қою арқылы олардың түсінгендерін тексеру.

- «Кешірімділік - анадан» - деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- «Кішіпейілділік - данадан» - деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Оқушылардың берген жауаптары бойынша ойларын толықтырып, қорытындылау.

Кешірім сүрағанға кешірім ете білу, кешірім беру - бұл да кісілік, қарапайымдылықтың белгісі. Кешірім етудің де өзіндік реті, жағдайы болады.



5.Оқиғаларды әңгімелеу (сұхбат)

Әңгімелеу бөлімінде «Құм мен тас» әңгімесі алынды. Екі достың арасында болған әрекетті түсіндіру.



Құм мен тас

Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді. Бір кезде екеуі ұрысып қалады да, біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Соңғысы ауырсынса да, ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің жағымнан шапалақпен тартып жіберді». Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көкорай шалғын көгалға кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жеген досы суға секіріп кетеді де, батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады». Ол өз-өзіне келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің өмірімді құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген, құтқарып қалған досы сұрайды:

-Мен сені ренжіткенде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып жатырсың. Неге?- деп сұрайды.

Досы былай деп жауап береді:

-Бізді біреу ренжіткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен.

-Бұл оқиғадан қандай ой қорытар едің? - деген сұрақ қою арқылы оқушылардың ойларын тыңдау.

Балалар адам өмірде кешіре білуі ғана емес кешірім сұрай білуіде керек, яғни адам өз кінәсін мойындай білуі керек.

- Екі достың әрекеті жайында не айтар едіңдер?

- Қалай ойлайсыңдар кешірім сұраған оңай ма әлде кешірген оңай ма?

- Сендерді қандай жағдайлар өкпелетіп, ренжітеді?

- Реніш пен өкпеден қалай айырылуға болады?

-Кешірім сұрай білу және кешіре білуді адамдардың қандай іс-әрекеттеріне жатқызуға болады?

-Кешіре алатын, кешірім сұрай алатын адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?



6.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Оқушыларды үш топқа бөліп, берілген өлең жолдарын талқылау. Ондағы ой тұжырымдарды көзқарас-себеп-мысал- қорытындылау әдісін пайдаланып, өз пікірлеріңді айтыңдар.

***

Ә.Рудаки

Өмір маған ақыл айтты - сол ізгі,

Қарап тұрсаң, өмір - ақыл теңізі.

Өмір айтты: бақытты деп өзгелер,

Күйінбесең, саған рақат кез келер.

Қанағат көр басындағы бағыңды,

Аңсар көп жұрт сенің сол бір шағыңды.

Өмір айтты:

Тоқта, біл ашуды,

Опа таппас бұл дүниеде ашынған.

Сөйлеген жан бұғау салмай тіліне,

Бұғаулатар екі аяғын түбінде.



***

М.Мақатаев

Өкінбе, өкпелеме бүгініңе,

Өмір, өмір болмайды түңілуге

Мәңні сені жазбаған сүрінуге,

Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге.

***

Д.Байрон

Жауымыз досқа айналса - сол ғанибет!

Сонымен солай қалса - абырой, құрмет!

Жаманы, өшігудің - кекке айналу,

Бір кешіп, өшігуге қайта бару.

Тапсырманы орындау барысында оқушылардың жауаптары төмендегідей жүйеде өрбуі тиіс:

Көзқарас. Оқушы өз көзқарасын айтады.

Себебі. Оқушылар өзінің былай ойлау себептерін көрсетеді.

Мысал. Оқушылар мысал келтіреді.

Жалпылау. Оқушылар өз дәлелін келтіріп, қорытады.



7.Үй тапсырмасы.

А.Бейсебайдың «Кешірімнің күші» атты мәтінін оқып келіп, сұрақтарға жауап беру. Оқулықтың 43 беті.



8.Топпен ән айту.

Кешікпей келем деп ең

Сөзі: М.Шаханов

Әні: Ш.Қалдаяқов

Аңсаған бақытым сияқтанып

Ай туып келеді қияқтанып

Жол жаққа қараймын

Сен жоқсың арайлым

</ Кешікпей келем деп ең

Мен тұрмын елеңдеумен 2

Қайтемін кінәләп бұған сені

Сағатың алдаған шығар сені

Нұр ойнап көзіңде

Уәделі кезіңде

Кешікпей келем деп ең

Мен тұрмын елеңдеумен 2

Көшеде сырласып, шалқып басып

Құрбылар барады қолтықтасып

Тағатым таусылды

Аңсадым даусыңды

Кешікпей келем деп ең

Мен тұрмын елеңдеумен 2



9.Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Сіздерден аяқ-қолдарыңызды айқастырмай, түзу отыруларыңызды өтінемін. Көздерінізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, сүйіспеншілікке толы екенін ұмытпаңыздар.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал