7


Денсаулық өмір негізі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты: «Денсаулық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері: - денсаулық күтімі туралы түмінік беру;- денсаулығын нығайтуға деген қызығушылықтарын дамыту;- денсаулығын күте білуге тәрбиелеу;Көрнекі құралдар: Оқулық, кеспе қағаздарСабақ
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық өмір негізі»

Дәйексөз:

Денсаулық - өмір негізі,

Денсаулық - зор байлық

Халық мақалы

Сабақтың мақсаты: «Денсаулық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- денсаулық күтімі туралы түмінік беру;

- денсаулығын нығайтуға деген қызығушылықтарын дамыту;

- денсаулығын күте білуге тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: Оқулық, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Оқушылар шаттық шеңберде тұрады. Мұғалім сабақты 3 сыныпта өтілген денсаулық құпияларының бірін балалардың есіне түсірумен бастауы мүмкін. Өйткені денсаулықтың құпиялары әлі де көп. Сондай құпияның бастысы - амандасу. Адам амандасқанда бір-біріне амандық тілейді. Қанеки, бізде амандасып көрейік. Мұғалімнің айтқанын оқушылар қайталайды, қимылдар жасайды.

Амансыз ба, күн! (Қолымызды жоғары көтеріп

Амансыз ба, дос! Қолымызбен қатар тұрған

Амансыз ба, шеңбер! Көршімізді көрсетеміз.)

Әнге қос! (қол ұстасып, қатар тұрған

көршілеріміздің қолдарын қосамыз)

Амансыз ба, ғасыр! (Қол ұстасамыз және қолдарымызды

жоғары көтереміз)

Баршаға амандық, (өзімізді көрсетеміз)

Сәлем!

(Шеңберде дөңгеленіп отырады балалар)

Балалар бұгінгі біздің сабағымыз денсаулық - өмір негізі. Біз денсаулығымызды қаншалықты қадірлейтінімізді ортаға салайықшы.

Балалар мына құпия үйімізден бүгін не шығар екен? Үлкен жүрек Балалар үлкен жүрекпен бір-біріне денсаулық туралы тілектерін айтады.

Бір-бірімізге денсаулық тілейік!

Оқулықпен жұмыс.

Балалар екі топқа бөлінеді. Жұмыс орнына жайғасады.

Өтетілеуұлы Е. Денсаулық өлең жолдарының екі шумағын І топ ІІ топ үш шумағын оқып тұсініктерін айтып берсе ІІ топқа да екі, екіден сұрақ беріледі.

· Өлеңде денсаулықтың мәні қалай түсіндірілген? Ал сендер қалай ойлайсыңдар?

· Неліктен «Басты байлық - денсаулық» деп аталады?

· «Дені саудың - жаны сау» дегенді қалай түсіндіресіңдер?

· Өз денсаулығыңды шынықтыру үшін не істейсіңдер?

· Таза жүру, тазалық не үшін қажет?

Балалардың жауаптары

- Дұрыс айтасыңдар, демек денсаулықтың тағы бір құпиясы - тазалық

Тыныштық сәті: Әжемнің әңгімесі. Ертегі. «Ең қымбат байлық».

(Дискіден тыңдалып әр бала өз пікірін айтады) Қандай сезімде болдыңдар балалар?

Жағдаяттарды шешу: Балаларға таратып беру.

1-жағдаят:

Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.

· Сендер не деп айтқан болар едіңдер?

2-жағдаят:

Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп, «Денсаулығыңды бұзасың ғой» отырып, дұрыс тамақ ішсең қайтер еді?» - деп кейіді. Самат анасына «Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?» - деп, жүре тыңдады.

· Қалай ойлайсыңдар Саматтың айтқаны дүрыспа? Сендер қалай тамақтанасыңдар?

3-жағдаят:

Аслан енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей дал болды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.

· Асланның ойы дұрыспа? Сендер Асланның орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?

Дәптермен жұмыс.

Шығармашылық жұмыс.

І тапсырма. Денсаулықтың келесі құпиясы. Дұрыс тамақтану.

Балалар екі топқа бөлінеді.

І топ - денсаулық үшін қандай тағамдар пайдалы, ІІ топ денсаулық үшін қандай тағамдар зиян екендігін жазады.

ІІ тапсырма. Жариялау. Топ жетекшілері сынып алдына шығып жазғандарын жариялайды. Оқушылар талқылайды.

Ойын-жаттығу «Пайдалы - зиянды» мұғалім оқушыларға жағдайаттар жазылғн кеспе қағаздар таратып береді. (Олар суреттермен де берілуі мүмкін) оқушылар мұғалім ұсынған жағдайаттардың денсаулық үшін пайдалы немесе зиянды екендігін ажыратуы керек.

Дайындалуға 1-2 минут уақыт беріледі.

Дәйек сөз. «Жан мен тәннің саулығы - өмірдің байлығы» деген халық даналығы жазылып қойылады.

- Балалар, сендер жан саулығы, тән саулығы үшін қандай әрекеттер жасау керек екендігін үйрендіңдер.

- Олар - таза ауа, табиғи су, спорт, амандасу, жақсы сөздер, таза ой, дұрыс тамақтану, тазалық, зиянды әрекеттер жасамау, жақсы көңіл-күй, осылардың бәрін орындасақ жанымыз, тәніміз сау болады. Жан мен тәніміз сау болса өмірде бақытты боламыз.

- Денсаулықтың тағы бір құпиясы - көтеріңкі көңіл-күй. Көңілің көтеріңкі болса, өзіңді жақсы сезінесің, үнемі күліп жымиып жүресің.

Оқушыларға шарлар таратылып беріледі. Шарларға баланың күлімдеп тұрған бейнесін салу ұсынылады. Мұғалім балаларға денсаулықтың келесі құпиясын ашады:

- Денсаулықтың тағы бір құпиясы - адамдарға, айналаңа күлкі сыйлау, отырған қонақтарға сыйлық тарату.

Жүректен-жүрекке.

Жүректен - жүрекке оқушылар өздерінің дайындаған шарларын парталастарына сыйға тартады.

Өмірің күлкіге толсын,

Денсаулығың мықты болсын!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал