7


Сыныптан тыс тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Жігітке жеті өнер де аз» (байқау)

Мақсаты: Жоғары буын оқушыларының арасынан қабілетті, яғни білімді, спортқа икемді, еңбекке бейімді, жан- жақты, сегіз қырлы оқушыларды анықтау. Ұлтымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге, өнерде, өмірде кездесетін ұлттық нақыштарды сақтауға, тілді сүюге деген шәкірт ынтасын ояту.

Көрнекіліктер: Сахнаны безендіру, күйтаспа, қанатты сөздер.

Дайындық барысы: Жігіттерімізге қойылатын талаптармен таныстыру.

Армысыздар, арманын иығына арқалап, үмітін аламанға үкілеп қосуға даяр, жүрегі кең, жаны жомарт, қашанда әділдікті көксейтін арқалы қауым!

Бүгін лицейіміздің дүлдүл жігіттерін анықтау мақсатында өткелі отырған «Жігітке жеті өнер де аз» байқауына қош келдіңіздер!

Ж: Байқауға қатысушы жігіттеріміз әдет-ғұрып төңірегіндегі біліктілік, ақыл парасат, өнер-жігерлік пен батырлық сайысында күш сынасып тапқырлық көрсетуі керек.

Ендеше сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

1-топ « Аламан » тобына қошеметтеріңізді аямаңыздар.

2- топ « Алаш» тобын қарсы алыңыздар.

3- топ « » тобыны қошеметтеріңіз.

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім тапқыр- шешу қиын,

Қазылар алқасы нық сынға алар.

Жарысымыздың әділ төрелігін айтар қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Кеңесбаев Қасымжан

2. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Үзембаев Ерзат

3.



Толық жауап 5 ұпаймен бағаланады.



Бүгінгі сайысымыздың бөлімдері:

1.Таныстыру

2. «Ер қанаты- ат» демекші ат әбзелдері, жылқының түсін анықтау, аттың жүрісі, сондай ақ, мал төлдерін жасына қарай білу қабілеттері және білімдері сыналады.

3.Жіп, арқан байлау түрлерінен жарыс

4.Қол өнер сайысы Бұл- үй тапсырмасы (Ағаш бұйымдарынан жасалған заттарын бейнефильм арқылы түсіріп қорғау, )

5. Кім жылдам? (апатты жағдайда киетін киім кию жылдамдығы топ басшыларына)

6. Алғашқы жәрдем көрсете білу (түрлі жағдаяттан шығу)

7. Галстук байлау . (Әркім өзіне тағады)

8. Жігітке жеті өнер де аз. (Өнер сайысы. Бұл сайысқа құрама команда мүшелерінің барлығы қатысулары тиіс.) .

9 Күш сынасу

Сайыскерлеріміз номер суырып, сол бойынша кезектерін анықтап алайық.

Топ алдына шыққанда басын иіп,

Сәлемдесу- парызы әрбір жастың.

Өнерлерін паш етер жігіттермен,

Сәті келіп қалғандай танысатын- дей келе, алғашқы кезеңді бастаймыз.

(жігіттеріміз өздерін ретімен таныстырады)



Ортада « » тобы



Келесі таныстыру кезегін «-----------------------------------------» тобына береміз.



Ортада « » тобы



Ж: Жылқы-қазақ даласының екінші есімі. Қазақ ұғымында қазақ, дала және жылқы деген сөздер бір-біріне етене жақын тамырлас татағдырлас айтылады.

Жылқының қазақ тарихында алатын орны ерекше. Шетсіз -шексіз далада адам жаяу ұзақ жүре алмайды, ал астында аты бар адам қашқанда құтылып,қуса жетіп тіршілік етеді. Сол себепті қазақтың «Жылқы -ер қанаты» деген сөзі жылқының адам өміріндегі орнын көрсетеді. Ал оның жүйріктігіне, тағы да басқа қасиеттеріне қарай әсіресе батырлар жырларында жорға, су жорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл, арғымақ деп аталады.



Қазақ халқының тарлан тарихының тереңіне үздіге үңілгенде де тәнті болатынымыз-бабаларымыздың елін,жерін қорғап, ата жауымен алысқандағы қанды көйлек жолдасы да жылқы екенін көреміз. Қазақтың халық жырларындағы батырлардың қайсысыналсақ та жаяуы жоқ және олар құр көлік емес,батырдың жан серігі, жебеушісі ,құтқарушысы, өте қасиетті жануар ретінде суреттеледі.



ҚобыландыныңТайбуырылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы, Исатайдың Ақтабаны, Амангелдінің</<font color="#002060"> Шалқасқасы иелерімен бірге жыр-аңызға айналып, ел құрметіне бөленген.



Ендігі сайысымыз жылқы атауына байланысты болмақ. Үш топты ортаға шақырайық.

Бірінші тапсырма

Жылқыны тану. Үйір жылқының ішінен оның түсі арқылы танимыз. Олай болса, ат түстерінің атауын қаншалықты білеміз. Үш топтың жауабы

Торы, күрең, жирен,шабдар, ақбоз, боз, көк, қызыл, қара, шұбар, теңбіл, теңбіл көк, бурыл, қылаң, ала, кер, құла

(ақылдасқанша музыка ойналады.)

Жауаптары тыңдалып, қазылар өз бағаларын береді.



Екінші тапсырма

Жайылымда жүрген тұсаулы атты ерттеу, яғни ер тұрман мен атты арбаға жегу әбзелдерінің құрамын реті бойынша айтып, атауларына түсінік берулеріңіз қажет.

(ақылдасқанша музыка ойналады.)

Жауаптары тыңдалып, қазылар өз бағаларын береді.



Ноқта, жүген, тоқым , ер,айыл, өмілдірік, құйысқан,үзеңгі, қанжыға,

Арбаға (шпек- тоқым, ершік, қамыт, шілия,доға, құлақбау, божы, )

Үшінші тапсырма

Ер тұрманы салынған, яғни ерттелген атымыздың жүрісін анықтайық.

Ат жүрісінің жіктеу:



(Аяң

Жорға, су жорға

Бөкей желіс

Сар желіс

Бүлкек

Жортақ

Шабыс)

Төртінші тапсырма

Мал төлдерін жасына қарай атау

Бірінші топ. Жылқы

Құлын

Жабағы (1 жасқа дейін)

Тай (2 жас)

Құнан (3 жас)

Байтал/ Дөнен (4 жас)

Бест

Бесті (5 жас)

Айғыр/ бие

Аталық/ аналық

Екінші топ Сиыр

Бұзау

Баспақ (6 ай)

Торпақ (1жас)

Тайынша/ тана (1 жарым жас)

Құнажын ( 3 жас)

Дөнежін ( 4 жас)

Бұқа/ Сиыр

Аталық/аналық



Үшінші топ Қой

Қозы

Бағлан

Марқа

Тоқты

Тұсақ/ісек

Қошқар /саулық

Аталық/ аналық



Бесінші тапсырма

Жіп байлау түрлерін білу сайысы



Алтыншы тапсырма

Бір жігіт бар - құр жан,

Бір жігіт бар - тірі жан.

Бір жігіт бар - жігіт жан ... деп Шал ақын жырлаған екен. Келесі кезең «Шебердің қолы ортақ» деп аталады. Бұл кезеңде жігіттеріміз іскерліктерін көрсетеді.









Жетінші тапсырма



Алғашқы көмек көрсете білу

Бірінші топқа Жылан шаққан кездегі алғашқы жәрдемді қалай көрсетер екен.

Екінші топ суға батқан кезде құтқару, адам өмірін аман сақтап қалу шаралары.

Үшінші топ аяқ- қол сынғанкездегі алғашқы көмек.

Сегізінші тапсырма



Топ басшылары түрлі қауіпті жағдайларда киетін противогаз киімін кию шапшандығын бағалау.

Тоғызыншы тапсырма

Галстук байлау Әр топ мүшелері өздеріне галстук байлай білу қабілеттерін көрсетеді. (музыка ойналып тұрады.)

Оныншы тапсырма

Сұрақ-жауап Конвертке салынады таңдап алады.

Бірінші топ

Жеті жоқ (Жылқыда өт жоқ, Жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ Аллада бауыр жоқ, Аққуда сүт жоқ,)

Екінші топ

Топ ішінен жеті атасын атап шығу

Үшінші топ

Жеті қазына

1.Ержігіт

2. Сұлу әйел

3. Ақыл білім

4.Жүйрік ат

5.Қыран бүркіт

6.Берен мылтық

7.Жүйрік тазы

Он бірінші тапсырма

Бәйге қуып жігіттер жетер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәске түскен жігіттер кезектесіп,

Би де билеп сүрінбей өтер деймін.

Келесі сынымызда жігіттеріміздің өнерлерін тамашалайық.

Он екінші тапсырма

Бұл қазақта палуандар көп мың жыққан,

Таймаушы еді сол жігіттер шындықтан

Ата салған сара жолды жалғайық,

Күш сынасып, жеңістен құр қалмайық - дей келе, жігіттеріміздің күштерін сынап көрелік.

Гир көтеру жарысы топтың мықтылары шықсын



Осымен «Жігітке жеті өнерде аз » сайысымызда топ жарған жігіттерімізді анықтау үшін сөз кезегін қазылар алқасына береміз.

Қатысқандарыңызға рахмет. Жеңістерің құтты болсын!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал