- Учителю
- Урок Мақал-мәтелге байланысты тапсырмалар
Урок Мақал-мәтелге байланысты тапсырмалар
Тақырыбы: Мақал - мәтел бәйгесі
Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, іздемпаздығын,
білім деңгейін дамыту.
Міндеті: Мақал - мәтел мағынасын терең ұғындыру.
Жоспары:
1 - тур. Мақал - мәтел
тақырыбы: Туған жер, Отан, сөз өнері.
2 - тур. Мақал - мәтел табу.
Тақырыбы: Еркін
3 - тур. Тұрақты сөз тіркесін табу.
4 - тур. Супер ойын. Екі жақ топ басшысына сұрақ.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар, бүгін сіздер мақал - мәтел
бәйгесіне қатысқалы отырсыздар. Сайыс 2 топтан құралған.
«Білгірлер» және «Тапқырлар». Әр топта 7 оқушы.
Мен сіздерге осы сайыста, бар ойларыңызды жинақтап, жеңіске
жетулеріңізге тілектеспін.
Шарт: 1-ші топтың айтқанын 2-ші топ қайталамайды.
Ал ойынды бастаймыз!
1 - тур.
Білгірлер: Отан - елдің айнасы
Ел - ердің анасы.
Тапқырлар: Отан үшін күрес.
Ерге тиген үлес.
Білгірлер: Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас.
Тапқырлар: Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл
Білгірлер: Туған жердің қадірін,
Шетте жүргенде білесің.
Тапқырлар: Туған жердің ауасы да шипа.
Білгірлер: Жат жердің қаршығасынан,
Өз еліңнің қарғасы артық.
Тапқырлар: Орағың өткір болса,
Қолың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.
Білгірлер: Ел елдің бәрі жақсы.
Өз елің бәрінен де жақсы.
Тапқырлар: Ел іші алтын бесік.
Тәрбиеші: Қандай керемет.
«Мақал - сөздің мәйегі» демекші, құрғақ сөздің ғұмыры қысқа ғой,
сол себепті өмірімізде мақал - мәтелдерді жиі қолданған жөн.
Сонымен 2 - турымызды бастайық. Ойымызды бұдан да күштірек
жинақтайық.
2 - тур. Бұл турда сендер мен айтқан мақалдың жартысын табуларың
қажет.
Білгірлер: Бал тамған тілден, (у да тамады)
Тапқырлар: Білімсіз өмір, (сөнген көмір)
Білгірлер: Құлақтан кірген суық сөз, (жүрекке барып мұз болар)
Тапқырлар: Өзбектің кигенін ал. (қазақтың мінгенін ал)
Білгірлер: Отансыз адам, (Ормансыз бұлбұл)
Тапқырлар: Еңбек адамның (екінші анасы)
Білгірлер: Туған жердің қадірін, (Шетте жүргенде білесің)
Тапқырлар: Жас жемісті жұлма. (Жас баланы ұрма!)
Білгірлер: Армансыз адам. (Алысқа бармас).
Тапқырлар: Жүз күн жәннаттан, (Бір күндік тіршілік артық.)
Білгірлер: Көктен тіле, (Жерден өндір.)
Тапқырлар: Талап қылмай, (мұратқа жетпес)
Білгірлер: Есектің жүгі жеңіл болса, (Жатаған болады)
Тапқырлар: Білекті бірді жығар. (Білімді мыңды жығар.)
Тәрбиеші: Ой керемет!
Ұлы афиналық ақын Демосфеннің айтуы бойынша, құр сөздің ғұмыры
қысқа демекші сөз өнерін кең байытып, көркемдеп сөйлеу керек.
Бұрынғы кезде, ата бабалармыз көп мақалдап, ойын астарлап жеткізіп
отырған.
Сонымен осыншама талаппен ынтамен 3-турымызды бастайық.
Бұл жерде сіздердің қазақ тілінен өтіп жүрген, тұрақты сөз
тіркестері кездеседі. Мен оқыған осы тұрақты сөз тіркестерінің
мағынасын ашуларың қажет. Ал, бастаймыз.
3 - тур.
1. Иығынан су кетті. (жолы болмау)
2. Тонның ішкі бауындай. (тату - тәтті дос)
3. Сүт пісірім уақыт. (жылдамырақ)
4. Ат шаптырым жер. (алыс жер)
5. Таяқ тастам жер. (жақын жер)
6. Екі көзі төрт көз болды. (күтіп қалу)
7. Көз салды. (қарады)
8. Құлақ түрді. (тыңдады)
9. Тайға таңба басқандай.(анық)
Тәрбиеші: Енді балалар келесі сұрақ топ басшыларына беріледі. Мен
ортақ сұрақ қоямын. Ойлану 2 минут. Мұқият тыңдаңдар!
Бір күні Төле би ұзақ сапар шегіп, жол жүреді. Сөйтіп Ақылбайдың
үйіне тоқтайды. Төле биді жақсы қарсы алып, дастархан жайып, алдына
бас әкеледі. Сонда, Төле би қолына пышақ алып, етті кесе бастайды,
бір бөлігін аузына салып, құлағы мен таңдайын Данагүлге береді.
Тапсырма: Ал, енді сендер Төле бидің Данагүлге не мақсатпен құлақ
пен таңдайды берді. Оқушы өз ойларын айтады.
Тәрбиеші: Төле би: Данагүлге таңдай берген себебім дарынды да
ақылды шешен болсын деп бердім, ал құлақ берген себебім көптеген
шешендік сөздерді естіп менің өсиеттерімді елге таратсын дегенім -
деген екен
Жеңімпазымызды әділқазылар анықтағанша ән шырқалады.
Тәрбиеші: сонымен балалар «Мақал - мәтел бәйгесі» аяқталды.
Көп - көп рахмет!
</