7


  • Учителю
  • Разработка урока по казахскому языку на тему 'Етістіктен өткенді қайталау' (6 класс)

Разработка урока по казахскому языку на тему 'Етістіктен өткенді қайталау' (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі 6-сынып


Тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау

Мақсаты: 1. Етістік тақырыбы бойынша өткен материалды қайталау, бекіту,

қорытындылау. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.

2. Ой еркіндігіне, ізденімпаздыққа үйрету. Сөйлеу мәдениетін

жетілдіру. Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, логикалық

ой-өрісін дамыту. Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Оқушыларды мәдениеттілікке, ұлтжандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес (ойын сабақ)

Сабақтың типі: қайталау

Көрнекі-құралдар: киіз үйдің макеті, сызбалар, кеспе карточкалар

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, талдау, оқулықпен жұмыс

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Сабақтың ұраны: «Білген сайын келеді біле бергім»


Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, көңіл-күйлеріне бақылау жасау. Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын ояту. Бағалау парағын тарату.

-«Құрылысшы» деген қандай мамандық?

-Ол не істейді?

(балалардың жауабын тыңдап алғаннан кейін олардың құрылысшы ретінде тұрғызатын ғимаратын анықтау)


Жұмбақ шешу

Бір нәрсе өзі білік, іші қуыс,

Ол заттың сүйегі көп айқыш-ұйқыш.

Көзі бар - жарқыраған төбесінде,

Жайса үлкен, жиналғанда бір-ақ уыс.

(киіз үй)

Сонымен, бүгін біз сіздермен киіз үйді тұрғызамыз. Киіз үй қандай бөліктерден тұрады? Киіз жабдықтарын, сүйектерін атаңдар.

Сүйектері: шаңырақ, уық, кереге, маңдайша, табалдырық.

Киіз жабдықтары: Үзік (шаңырақ пен кереге арасы), туырлық (керегені жабады), түндік (киіз үйдің төбесі), баулар (желбау, белбау, үзік бау)


  1. Білімді жан-жақты тексеру.

Киіз үйді тұрғызу үшін оның жабдықтарына қол жеткізуіміз керек. Сонымен қатар оны дұрыс құру үшін берілген тапсырмаларды да дұрыс орындауымыз шарт.

  1. Ең алдымен киіз үйді тұрғызу үшін нені орнатады?

Шаңырақты

Тапсырма: а) Етістік дегеніміз не?

ә) Етістіктің мағыналық, құрылымдық топтарын ата.

Етістік

Мағыналық топтары

Құрылымдық топтары

Етіс (өздік, өзгелік, ырықсыз, ортақ)

есімше

Көсемше

Тұйық етістік

салт

Сабақ ты

болымды

болымсыз


негізгі

туынды

дара

күрделі

  1. Кереге - қанаты

Тапсырма: Есімшелерді тауып, жасалу жолын түсіндір


Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,

Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.

Көзін ашып, жұртың ояу болған сайын,

Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар.

(М.Жұмабаев)

Түнгі Алматы тұманы ашылғанда,

Алатауға ай келіп асылғанда,

Нұр жинады аспанның жұлдыздары,

Алматының үстінен шашылған ба?

(М.Мақатаев)

3) Уықтар

Оқулықпен жұмыс

264-жаттығу.

Етістіктерді теріп жазып, қай жақта жіктеліп тұрғанын анықтау.

268-жаттығу.

Морфологиялық талдау жасау.

Үлгі: Кетірген - -ір -өзгелік етіс жұрнағы, -ген есімшенің жұрнағы.

Бұзбаймыз - түбірі - бұз, -ба-болымсыз етістік жұрнағы, -й- көсемшенің жұрнағы, - мыз - бірінші жақтың жіктік жалғауы (көпше)

Сергіту сәті: Ал, балалар, тұрайық,

Мойнымызды бұрайық.

Қолымызды созайық,

Жел сияқты қалықтап,

Оңға, солға иіліп,

Денемізді бұрайық.


4)Сықырлауықты орнату.

Мына сұрақтарға шапшаң жауап берейік.

  1. Бір жұранақ екі етіске ортақ. Олар қай етістер?

( -ын, -ін,-н өздік, ырықсыз етістер)

2. Көп адамның қатысуымен істелетін іс қай етіске жатады?

( Ортақ етіс)

  1. Құс аттарымен тұлғалас етістіктерді білесіңдер ме?

(қаз, тырна, құр, қарға)

  1. Жеке алғанда есім сөздер, етістік құрамында келгенде жұрнақтар. Олар қайсылар? (-ар, -ер)

  2. Оңға да, солға да оқыса етістік. Ол қай сөздер?

(кеш -шек, қыс-сық)

5) Үзік

Тапсырма: келуім сөзін тәуелде

Менің келуім келуіміз

Сенің келуің келулерің

Сіздің келуіңіз келулеріңіз

Оның келуі келулері

6) Туырлық

«Сен маған, мен саған» ойыны (топ ішінде)

Болымды - болымсыз (жұптарын табу)

Бар-барма, көбейме-көбей, кеткен жоқ - кеткен, жазар - жазар емес, т.б.

  1. Түндік

Қайсысы салт, қайсысы сабақты етістік.

Сөзді сен баста. - сабақты

Баламды медресеге біл деп бердім. - сабақты

Балалар мәз-мейрам мектептен шықты. - салт

Көп кешікпей ауылға қайт. - салт

  1. Баулар

Тапсырма: барған етістігін септе

А.с. барған

І.с барғанның

Б.с барғанға

Т.с барғанды

Ж.с барғанда

Ш.с барғаннан

К.с барғанмен


Көсемшенің жұрнақтарын ата, мысалдар келтір.

3. Қорытындылау.

Біз сабақ барысында нені үйрендік?

Сендерге не ұнады?

Сонымен етістік дегеніміз не? Киіз үй қандай бөліктерден тұрады? Құрылысшы мамандығы ұнады ма?

4. Үй жұмысы

Етістік тақырыбы бойынша барлық ережелерді қайталау.

5.Бағалау

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

өзіндік баға

Топ жетекшісінің бағасы

Мұғалімнің бағасы

Қорытынды баға



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал