7


  • Учителю
  • Мазмұндама 'Қарлығаштың ұясы' (7 класс)

Мазмұндама 'Қарлығаштың ұясы' (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 7

Уақыты:-------

Сабақтың тақырыбы: Қарлығаштың ұясы

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік . Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін байқау, тыңдау дағдыларын жетілдіру, өз ойын көркем сөзбен жеткізе алу машықтарын жетілдіру

2. дамытушылық Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыра отырып біліктіліктерін арттыру

3. Оқушыларды қамқорлыққа , табиғатты аялауға үйрету

Сабақтың түрі: мазмұндама

Сабақтың әдіс -тәсілдері:оқу, тыңдау,жазу

Пәнаралық байланыс: табиғат тану, биология

Мазмұндама

Қарлығаштың ұясы

Ботагөз бен Қарагөз апалы- сіңілілі. Үй іші Шымкентке көшпекші еді. Тек оқу жылының аяқталуын күтіп жүрген.

Міне, көптен күткен күн де келді. Көкесі бірнеше жігітті ертіп келіп, дәу көк қасқа машинаға үй жиһаздарын тией бастады. Ботагөз бен Қарагөз де жүктерді тасуға көмектесті. Көңілдері көп нәрсені қимайды.

Олар жолға шықты. Бірер сағатта машина бейтаныс әсем үйдің ауласына келіп тоқтады.

- Міне, біздің үйіміз осы,- деді аналары. Ботагөз бен Қарагөз жаңа үйді тамашалап, аралауға кірісті. Бір кезде Қарагөз терезе жақтауындағы Қарылғаштың ұясын көріп:

- Алақай! - деп қуана айғайлай жіберді. Аң- таң болған Ботагөз жүгіріп сіңілісінің қасына келді. Екеуі қарылғаш ұяасын ұзақ тамашалады. Жып- жинақты. Тостаған секілді. Қандай шебер жасалған! Ішінде қарлығаш балапан басып отыр. Жәудіреп екі қызға кезек қарап қояды.

Әкесі:

- Қарлығаш- адамға ең жақын құс. Ұясына тиіспеңдер, қайта ертең балапандары шықса, жем- су құйып, қамқорлықтарыңа алыңдар, - деді. Осыдан кейін екеуі күн сайын ұя алдына жем- су қоятын болды. Мұны қарлығаш түсінді. Қыздарға бауыр басып кетті. Көп ұзамай балапандар да пайда болды. Шиқ- шиқ етіп тамақ сұрайды. Ана қарлығаштың жұмысы тіпті көбейді. Күні бойы құрт- құмырысқа, шегіртке тасумен әуре.

-Бір күні аулада ойнап жүрген қос қыз дәл жандарынан зу-зу етіп өте шыққан қарлығаштарды байқады.Қараса, аспанда төрт қарлығаш түгелімен ұшып жүр. Екеуі қол шапалақтап мәз болды.Қарлығаштар да оларды айнала ұшады. Қуанғаны болар.


Сөздік: терезе жақтау, бауыр басу.

Мазмұндау жоспары:

  1. Көшу

  2. Жаңа үй

  3. Қарлығаштың ұясы

  4. әке ақылы

  5. Қамқорлық

  6. Қарлығаштардың қуанышы




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал