- Учителю
- 5 сынып Махамбет Өтемісұлы 'Соғыс' өлеңі тақырыбында сабақ жоспары
5 сынып Махамбет Өтемісұлы 'Соғыс' өлеңі тақырыбында сабақ жоспары
Пән қазақ әдебиеті
Сынып 5
Күні
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Соғыс» өлеңі.
Мақсаты
білімділік: өлеңнің авторы туралы мәлімет беріп, өлеңдегі айтайын деген ойын,батырлық тұлғаларын түсіндіру;
дамытушылық: батырлықты дәріптеу, оқушы бойында қызығушылық, ізденушілік қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік: ұлтжандылыққа, болашақта өз отанын қорғай білетін азамат болуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа білімді дамыту сабағы
Сабақтың әдісі: шығармашылық жұмыс
Пәнаралық байланыс : қазақ тілі, тарих
Көрнекілігі : Шешендік шиырлары
Сабақтың барысы
1. Психологиялық дайындық.
Оқушының зейінін сабаққа аудару, түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру
1.А. Байтұрсынұлы кім?
2. Аллегория дегеніміз не?
3. Мысалдарына байланысты мақал- мәтел.
«Өгіз бен бақа» - «Әлін білмеген әлек»
«Егіннің бастары» - «Тәкаппарлық - жаман қасиет»
Жаңа сабақ.
а) Қызығушылықты ояту. («Соғыс» өлеңін электронды оқулықтан тыңдату)
-Балалар, бұл қай аұынның өлеңі?.
-Махамбет кім? (дәлелде)
ақын батыр
Күйші
ә) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын айтып, оқушыларға мақсатын қойғызу.
Махамбет жаратылысында әрі батыр, әрі жырау-ақын, әрі күйші-домбырашы болыпты. Мінезі өте қызулы, бет алған жағынан қайтпайтын, қайсар ер адам болған.
М. Әуезов.
б) Оқулықпен жұмыс.
Алдымен өлеңдерін дауыстап мәнерлеп оқыту.
Өлеңнің тақырыбын анықтап, тіл көркемдігіне, өлең құрылысына талдау.
«Соғыс» өлеңі.
Тақырыбы:
Идеясы:
Шумақ: 4 шумақты
Тармақ: 35 тармақты
Бунақ: 2 бунақты
Буын: 7-8 буынды
Ұйқас: аралас ұйқас
Көркемдегіш құралдар:
Эпитет: қайсар батыр
Метафора: Исатай-басшы, мен-қосшы,
Метонимия: зығырданы қайнайды,
Теңеу: ақ бөкендей, маңыраған қойдай
Шығармашылық жұмыс.
Жүрегін оятты тіркесін пайдалана отырып 4 жолды өлең жазу.
Пікірталас.
-Бүгінгі өмірімізде Махамбеттер бар ма?
Қорытындылау.
«Махамбет-өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы.» Өзін емес, өзге жайын, ел қамын ғана ойлаған. Отбасынан баз кешіп, өз рахатынан өзі безіп, ылға ғана елінің ертеңі, дәлірек айтқанда, біздің бүгінгі күніміз, азат қазақ мемлекетінің егемендігі.
З.Қабдолов.
Үй тапсырмасы.
-
Махамбет туралы деректерді оқу.
-
«Соғыс» өлеңін жаттау.
-
Афоризмдерді жазу