7


  • Учителю
  • «Аққу, шортан, һәм шаян» мысалы. 6 Сынып сабақ жоспары

«Аққу, шортан, һәм шаян» мысалы. 6 Сынып сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ахмет Байтұрсынұлы,

«Аққу, шортан, һәм шаян» мысалы.


(Ашық сабақ жоспары).



Сабақтың тақырыбы: Ахмеn Байтұрсынұлы, «Аққу, шортан, Һәм шаян» мысалы.


Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Қазақ халқының бір тума ұлы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орнын таныту. Мысал жанры туралы түсінік қалыптастыру. Әдебиет теориясынан білімдерін тереңдету.

ә) дамытушылық: Оқушылардың әдеби білік - дағдыларын: ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

б) тәрбиелік: Ахмет Байтұрсынов тұлғасын үлгі ете отырып білімге, ізденімпаздыққа баулу. Мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу. Бейбіт өмірдің тірегі «ынтымақ» екендігін ұғындыру.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру.

Сабақтың жабдықтары:

а) Байтұрсынұлы, И.А. Крылов портреттері.

ә) мысал бойынша салынған сюжеттік сурет.

б) оқушыларды ынталандыру үшін сайыстың кезеңдері белгіленген сурет.

в) жаңа сөздер.

г) оқушылар жасаған тақырып бойнша тірек үлгілер.

Д )үнтаспа

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті .

Сабақта қолданылатын әдістер:

- аквариум әдісі ( топтық жұмыс);

-түсіндіру әдісі;

-қатысымдық әдіс;

-әңімелеу;

-іздендіру, өздігінен білім алу әдісі;

-салыстырмалық әдіс;

-талдау әдісі;

-кубизм әдісі;

-сөздік жұмысы.

Сабақтың өту барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармең амандасу, сабаққа даярлығын тексеру.

2. Кезекшімен жұмыс.

  • Балалар, сабақты бастамас бұрын «кезекшімен жұмысты» жүргізелік.

  • Сонымен, бүгін сыныпта кім кезекші?

  • Тақтаға шық, балалардың сұрақтарына дұрыс жауап беруге тырыс.

  • Ал, балалар, өз сұрақтарыңды қойыңдар...

ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру:

-Балалар, бүгін біз сабақта қазақтың бір тума ұлы А. Байтурсынұлы шығармашылығымен танысамыз, әдебиеттің мысал жанры жөнінде сөз қозғап, мысал өлеңнің ерекшелігін айқындаймыз. Сондай - ақ қазақ тілінде сөйлеу біліктілігімізді жетілдіреміз.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру:

  • Бүгінгі сабақтің айдары: « Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

«Легка груз который поднят сообща»

  • Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?

  • Сендер тек жұмыла, біріге жұмыс жасау арқылы сабақтың мақсатына жетесіңдер.

  • Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтпек.

  • Мынау - I топ

  • Мынау - II топ

  • Сайыстың ерекшелегі топ жетекшісі жоқ. Барлығымыз бірлесе отырып жұмыс атқарамыз.

  • Мына суретке көңіл бөліңдер:

  • Мынау не? (мектеп, кітапхана, кітап дүкені)

  • Ал, мынау - арбаға жүк артқан адамдар, ол сендер, сонымен қай топ кітаптарды мектепке бірінші болып жеткізеді екен?! Іске сәт!

  • Ойынды А.Байтұрсынұлы «Тарту» өлеңімен басталық:

Балалар, бұл - жол басы даналыққа,

Келіңдер: түсіп, байқап, қаралық та.

Даналық-өшпес жарық, кетпей байлық,

Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!

I кедергі

- Екі топқа әр түрлі үй тапсырмалары берілген, сендер өз сұрақтарың төңірегінде жан-жақты ізденіс жүргізіп, оны тірек-үлгілері арқылы қорғауларың керек.

I топ: А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы.

II топ: Әдебиеттегі мысал жанры.


II кедергі. Көрініс қою.

Сендерге әр түрлі мысалдар берілді, сол мысалдардыы қарастырып, рөлдерге бөліп, көрініс дайындауларың керек болған. Ал, енді шығармашылық жұмыстарыңды ортаға салыңдар!

I топ: А.Құнанбаев"Қарғамен түлкі"

II топ: А.Тоқмағанбетов «Бидай мен қаңбақ».

-Жақсы балалар ,өз шеберліктеріңді көрсеттіңдер ,рахмет!Сендер үй тапсырмаларын жақсы орындадыңдар .Енді менің сұрақтарыма жауап беріңдер :

-Абай Құнанбаев Крыловтың неше мысалын аударған ?

-Дұрыс . Соның бірі бүгінгі «Қарға мен түлкі » мысалы.

-И.А.Крыловтың тағы қандай мысалдарын білесіңдер?

-Ахмет Байтұрсынов Крыловтың неше мысалын аударған?

-Мысалдар жинағы қалай аталады?

-Ол кітап қай жылы, қайда басылған?

-Сонымен, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов мысан жанрын қазақ әдебиетіне енгізуші аудармашы-ақындар.Ал,"Бидай мен қаңбақ" мысалының авторы Асқар Тоқмағанбетов ұлылар үрдісін басқа алған жаңашыл мысалшы . Ол мысалдарын өзі шығарады. Осы адамдардың арқасында мысал жанры қазақ әдебиетіне еніп, дамып келе жатқан жанр.

- Өздерің анықтағандай А. Байтұрсынұлы белгілі аудармашы.

Аударма қиын жұмыс. Жай аударма емес өлең сөзді аударма өте қиын, әсіресе мысалдарды аударуда ақынға шеберлік өте қажет.

Түн нұсқадан, автордың айтар ойынан алыстар кетпей, өз оқырмандарына ұғынықты етіп жеткізу айрықша шеберлікті, даналықты талап етеді. Бүгін біз А. Байтұрсынұлының «Аққу, шортан, һнәм шаян » мысалымен танысамыз.

  • Мысал орысша қалай атылады?

  • Бұл кімнің мысалы?

  • Біз бүгін осы мысалдың қазақша нұсқасымен жұмыс жасаймыз.

III кедергі. «Жаңа сөздерді игеру»

Тақтадағы жаңа сөздерді көшіріп жазып, қайталап оқып, есте сақтауға тырысалық.

1). жегіліп - впряглись

2). тартты - тянули

3). мәз болмады - не были рады

4). ғибрат - назидание, пример

5). әуелі - с начало, с перва

6). бірлік - единство

7). айқанына көнбеу - не слушаться

8). ынтымақсыз - без согласия

9). ісің оңбас - на лад твоё дело не пойдёт

10). түйінді ой - мораль

  • көшіріп жазу:

  • мұғалімнің оқуы;

  • іштей оқу;

  • хормен қайталау

  • Енді көрелік қай топ есте сақтады екен?

IV кедергі Аудару:

- Енді мысалмен танысалық. Ынта қойып дұрыс тыңдаңдар, мен өлеңді оқимын, ал сендер, мағынасын түсінуге тырысыңдар. (мұғалімнің мәнерлеп, сурет арқылы көрсете отырып оқуы)

  • Ал, балалар, іске сәт, мен сендерге 5 минөт уақыт беремін, қай

топ дұрыс аударар екен?

- I топ: I, II шумақты, II топ: III, IV шумақтың аудармасын оқиды. Қосып, аларлары болса толықтыруға болады.

  • Сонымен, мысал жолдары бізге ұғынықты болды, олай болса

И.А. Крыловтың мысалының түп нұсқасын тыңдалық.(үнтаспа)

  • Аудармаларың дұрыс па екен?

  • Екі мысалдың, екі ақынның айтар ойы бірдей ме екен?

  • А. Байтұрсынұлы қазақ балаларына мысалды дұрыс жетізіп пе?

  • Ал, олай болса бұл кедергіден де өттік.

V кедергі: Мәнерлеп оқу, жоспар құру.

- Дайындалуға 3 минут уақыт беремін. Топтан бір бала мәнерлеп оқиды. Бір бала жаспар бойынша талдап оқиды.

  • Балалар сендер білігіп жұмыс істеп соңғы кедергіден де өттіңдер, екі топ та өз білімдерін көрсетті, бірақ сендер кітаптарды мектептің табылдырығына ғана әкелдіңдер, енді есікті ашу үшін алған бімдерімізді бекітіп, мысалды талдап, ерекшелігін анықталық.

ІV. Білімдерін бекіту:

-Білімімізді бекіту үшін II топтың тірек-үлгісіне оралып, бүгінгі мысалды талдайық.

мысалавторы аллегория,

аллегориялық

образдар


түйінді ойы тәрбиелік мәні

(мораль)


- Мысалдың аты: «Аққу, шортан, һәм шаян!

  • Авторы - А. Байтұрсынұлы.

  • Аллегориялық образды: аққу, шортан, шаян.

  • Балалар, олар қайда өмір сүреді?

  • Олар не істемек болды?

  • Олардың жүктері неге қозғалмады?

  • Ал, егер олардың бірі күшті болса, не болмақ?

  • Сонда ақын бұл образдар арқылы қандай адамдары бейнелеп отыр?

  • Мұндай бейнелеу қалай аталады?

  • Сонымен: аллегория дегеніміз - астарлы, тұспал мәнді суреттеу.

  • Мысалда түйінді ой болады дедік.

  • Түйінді ой дегеніміз - ақынның айтар өсиеті.

  • Балалар И.А. Крылов мысалының түйінді ойын кім айтып береді?

  • Ол шығарманың қай жерінде орналасқан?

  • Ал, А. Байтұрсынұлының түйінді ойын кім тауып оқып береді?

  • Ол қайда орналасқан?

  • Сонымен, мысалда түйінді ой шығарманың басында, немесе аяғында беріледі. Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінді ой арқылы ашылып, айқындалады.

  • Мысал бізді неге шақырады?

  • Мысалдың тәрбиелік мәні балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру. Екі ақынның айтар ойы астарласып жатыр, айтар, ойы ,өсиеті де бір болып шықты.

  • Балалар, енді қазақ әдебиетінің жанр түрлерін қайталап, мысалдың алар орнын анықталық.

  • Қазақ әдебиетінде жанр негізгі үш бөлімнен тұрады:

Жанр


эпос

эпос


лирика



драма





  • Мысал қай жанрға жатады? (эпос)

  • Эпос жанрының өзі үш түрге бөлінді:

эпос

шағын көлемді эпикалық түр


орта көлемді эпикалық түр


кең көлемді эпикалық түр


аңыз, ертегі, әңгіме

повесть,

поэма

роман,

эпопея




















- Сонда « мысал» қай түрге жатпақ?

- Мысал - эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әр қашан сатиралық сипатта, сықақпен сыналады.

Анықтама: « мысал» - шағын көлемді эпикалық шығарма. ( дәптерлеріне жаздыру)

V. Қорытындылау, бағалау:

  • Бүгін сабақта не істедік, неге үйрендік?

  • Балалар, біз бүгін қазақтың қандай белгілі адамымен таныстық?

  • Ол кім?

  • Біз де осы ғалым атамыздға еліктеп, көп жұмыстар атқардық.

  • Енді мына кестеге назар аударыңдар,мұнда адамның әр түрлі қасиеттері жазылған. Сендер қалай ойлайсыңдар, біздің қоғамымызға қандай адамдар қажет? Кәне, мына қасиеттерді оқып, қажеттісін белгілейік:

1)еңбекқор

2)әдепсіз

3)мейірімді

4)ақылсыз

5)надан

6)дарынды

7)зиялы

8)залым

9)Өз Отанын сүйетін патриот

10)еріншек

11)сауатты

12)білімді

- Сендерден осы қасиеттерді көремін деп ойлаймын.

- Сендер біріге жұмыс жасап мектеп есігін аштыңдар, екі топ та өз білімдері мен біліктілігін көрсетті. Бүгінгі сабақта сайыста «достық» жеңді. Бірге жұмыс атқарғандықтан барлығына бір баға «5» қоямын. Талаптарыңа нұр жаусын!

VІ. Үйге тапсырма:

-Мысалды мәнерлеп оқу, түйінді ойды жаттау. Әр топ өзі қойған мысалды талдап келу.

Сабақтың соңыңда «Әрқашан дос біргеміз» әнін шырқалық.

Сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал