7


  • Учителю
  • Самопазнание на тему Тәртіп пен парыз1-сынып

Самопазнание на тему Тәртіп пен парыз1-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:

Мектеп: Үстірт орта мектебі

Мерзiмі: 20.09.2016ж

№ 3 -сабақ

Мұғалiм: Н.Уразниязова

Сыныбы: 1 «а», «ә», «б», «в»

Тақырып: Тәртіп пен парыз

Құндылық: дұрыс іс-әрекет

Қасиеттер: адал, тәртіпті , жауапкершілік

Сабақтың мақсаты оқушыларға тәртіп пен парыздың мәнін түсіндіре отырып, дұрыс іс-әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға тәртіп пен парыздың мәнін түсіндіре отырып, , адалдық қасиеті туралы түсінік беру

Дамытушылық: оқушыларды шынайы қарым-қатынас жасауға үйрету дұрыс іс-әрекеттерін жауапкершілік сезімін дамыту

Тәрбиелік: оқушыларды адал, тәртіпті , жауапкершілікке тәрбиелеу





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.



Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Оқушылармен амандасу, сынып тазалығына мән беру , оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

Қажетті заттар: А-4 ақ қағаз, стикер қағаздар мен түсті қарындаштар

2.Үй тапсырмасын тексеру

«Сыпайы қоян» ертегісін оқып мазмұндап келу.

3. Дәйексөз

Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде, үлгісімен қуантады түбінде

Ж. Баласағұни

Ескерту: оқушылар мғынасын ашып өз ойларын айту

4.Әңгімелеу

Сыпайы қоян

Ертегі

  • Қоян қандай дұрыс әрекет жасады?

  • Жылан неліктен қоянға тиіспеді?

  • Адамның тәртіптілігі неден көрінеді?

  • Өздеріңнің өммірлеріңде сыпайылықтың көмектескен кездері болды ма?

Мұғалім сыйы

Жаңаны білеміз

Тәртіп- барлығымызға ортақ орындалуы міндетті ереже ,заң. Ол ережелер мен заңды амалсыз атқаратын міндет ретінде емес іштей мойындап өзіңе қажет санап талап қойғанда ғана тәртіптілік болады.Белгіленген ережеге, заңға бағынатын, үлгілі өнегелі адамды тәртіпті дейді.

Нағыз тәртіптілік- ойының, ісінің, сөзінің жақсы болуы.

Тәртіп болса талап болады, сол кезде өзің де айналаңда тыныш болады, тыныштық бар жерде тазалық болады, тазалық бар жерде татулық бар деген сөз.

Тәртіп адамды жетістіктерге жетелейді.

5. Шығармашылық іс- әрекет, топтық тапсырма

1-тапсырма

Дәптерде берілген суреттерге қарап, ондаа бейнеленгенбалаға қандай тәртіптілік ережесін ұсынатындарын топ болып талқылайды.

2-тапсырма

« Мен тәртіпті баламын» тақырыбында суретке қараап әңгіме құрастыру.





6.Топпен ән айту

Менің дағдым-күн тәртібім

Өлеңін жазған: С. Қалиев

Әнін жазған: С. Жанғабылов

Ерте тұрып күнде мен

Терезені ашамын

«Сәлем» деймін күнге мен



Шаттық әнге саламын

Айналаңа қарасаң

Ғажайыптар қаншама

Сан жетпейді санасаң

«Сәлем» дейін баршаңа



Ұшқан құстай қалықтап

Мектебіме бет алам

Не тындырып жарытпақ

Бұл дағдыдан шет адам



7.Үйге тапсырмасы.

«Алғыс» мәтінін оқып мазмұндап, халық қаһарманы Б. Момышұлының даналық сөздерін жаттап келу.























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал