- Учителю
 - Сабақ Қазақ тілі 'Сөйлем түрлеріне жаттығу' (3-сағ)
 
Сабақ Қазақ тілі 'Сөйлем түрлеріне жаттығу' (3-сағ)
Қоразова С.Б. қазақ тілі пәнінен 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімдік жоспары
23.09.2014
10.00-10.45
Қазақ тілі
 
3-сабақ
2-күн
 
8 а,б- сынып
 
Сабақ тақырыбы:
Сөйлем түрлеріне жаттығу-талдау (3-сабақ)
 
Жалпы мақсат:
Сөйлем синтаксисі, сөйлем түрлеріне жаттығу-талдау арқылы білімдерін пысықтау
Сілтеме:
-  
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
 -  
Қазақ тілі оқулығы. 8-сынып С.Аманжолов А.Аманжолов Г.Қосымова
 -  
Ғаламтор материалдары
 
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
Грамматикалық талдауға үйреніп, шығармашылықпен ізденеді.
 
Негізгі идеялар:
Блоктап оқыту арқылы жинақтап білім беріледі.
Сабақта қолданылатын материалдар:
-  
А-3 парағы
 -  
Оқулық
 -  
Роwer point таныстырылым, бейне таныстырылым
 
 
Оқыту әдістері:
Жаңа әдістер
СТО
Оқыту үшін бағалау
1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3. Жұппен жұмыс
4. Топтық жұмыс
Дерек көздері:
Оқулық, ғаламтор 
 
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Психологиялық ахуал туғызу
(2 мин)
-  
Сергіту сәті
 -  
Жан-жануарлар суреттерімен топқа бөлінеді.
 
 
Оқушылар сергіту сәтін жасайды, топқа бөлінеді.
Топ міндеті нақтылана-ды.
 
І.Қызығушы-лықты ояту»
Миға шабуыл
3 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті
23-ж. «Ғасырлар сомдаған қазақ» тақырыбында өз толғанысын (эссе) оқиды. (Сөйлем түрлері қамты-лады).
 
Оқушының іс-әрекеті
«Автор орындығына» отырып, жазғанын оқиды.
ІІ. Мағынаны тану.
 
25 мин
 
 
Сөйлемнің түрлеріне жаттығу
-  
«Ырым-тыйымды кім көп біледі?» Талдау, мазмұндау.
 -  
30-ж. Құрмалас сөйлемді бұйрықты жай сөйлемге пйналдыру.
 -  
32-ж. Қарғыстың ең жаманы.
 
Шығармашылық жұмыстар:
-  
«Дені саудың жаны сау» Хаб. Сұр. сөйлем
 -  
Бұйрықты, лепті сөйлемдермен әңгіме құрау
 -  
Көркем шығармалардан үзінділер
 
Әр оқушы сөйлемнің барлық түрлерін қамтып, бір шығарманы мазмұндады.
 
Жаттығуларды орындай отырып, қосымша морфологиялық, синтак-систік талдаулар жасайды. Топ мүшелері жеке жұмыс (оқу, түсіну), содан соң жұппен, топпен талқылап, ортақ шешімдерін ұсынады, тақтаға жазылады.
ІІІ. Ой толғаныс
(10 мин)
 
Сөйлем түрлері - сауаттылық негізі (Диалог, анкета, үндеу, сырласу үлгісінде жазу)
 
Үй тапсырма-сын беру
(1 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Көркем шығармаларды мазмұндау
Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Бағалау
(2 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топтарға екі жұлдыз бір тілек айтылып, стикерге жазылады.
Оқушының іс-әрекеті
Күнделікке бағасын қойдырады.
 
Рефлексия
(2 мин )
Мұғалімнің іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады.