- Учителю
- Урок по казахскому языку на тему Ата - ананың қарызы (9 класс)
Урок по казахскому языку на тему Ата - ананың қарызы (9 класс)
Қазақ тілі 9 сынып
</ Сабақтың тақырыбы: Ата - анаңның парызын өтеу - сенің
қарызың
Сабақтың мақсаты:
Ауызеку тілде еркін сөйлеп, қисынды ойлау қабілеттерін арттыру.
Міндеті:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, мезгіл
бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын
ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушының өзінше ойлау қабілетін дамыту, қорытынды
жасауға үйрету, үйренген сөздерін ұтымды пайдаланып, сөйлеуге,
өзгенің пікірімен санасуға, бұйыру шартымен емес, дәлелмен сөйлеуге
үйрету
Тәрбиелік: Отан - отбасынан басталады демекші, отбасындағы тәрбиені
нығайту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап,, тірек сызбалар арқылы
әңгімелеу,
Сабақтың көрнекілігі: маркер, ватман, компьютер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Сәлемдесу, сыныпты түгендеу
Бағалау парақшаларын таратамын
Оқушыларды санау арқылы, әділ тәсілмен 3 топқа бөлдім.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Үлестірмелі қағаздар таратамын
2.Эмоциялық күй келтіру (Сұрақ - жауап арқылы)
- Кімді сүйесіңдер?
- Неге сүйесіңдер?
- Жақсы көресің делік, олар үшін не істей аласыңдар?
- Кімнің алдында қарызсыңдар?
- Неліктен деп ойлайсыңдар
3. Топпен жұмыс
Сыныпты яғни 12 оқушыны 3 топқа бөліп, отырғызамын. Жаңағы айтылып
кеткен сұрақтарды негізге ала отырып, плакат жасау керекті құрал -
жабдықтарын таратып, бірден репортер, төраға, хатшы, уақыт
төрешісін өз топтарында тағайындату. Тақтада алдын - ала даярланған
бағалау парақтары ілініп тұрады, мұғалім әр жұмыс сайын бағалап
отырады.
Қорғаған плакаттарынан сабақ тақырыбына негіз болатын сөздерді алып
шығу керек.
М: ата, ана, парыз, сен, қарыз
Сонымен сабақтың тақырыбын құрастыру.
3. Жұппен жұмыс
Әр топқа мәтіндер таратылады
1топ «Ата - ананың бала алдында парызы»
2 топ «Баланың ата - ана алдында қарызы»
3 топ «Ата - ана, баланың қоғам алдында парызы»
Оқып болған соң, топтар бір - бірінің тақырыптарын түсіндіреді.
Сергіту сәті
4. Проблемалық сұрақтар
1 топ
А) Дария Сәбитқызы 75 жаста
Қартайған шағында қолы дірілдеп, алдына қойған тамағын, шайын төгіп
- шашып ішеді. Үйіндегі жандар оған көмек бере алмады.
Сендер не істер едіңдер?
Ә) Марат Мұратұлы - 11 жаста
Анасы - сатушы. Біреудің жалғыз баласы, ерке. Анасының күні бойы
жұмыста екенін басынып, күнде компьютерден ойын ойнайды. Басқа
нәрседе жұмысы жоқ.
Не істер едіңдер?
(ақыл - кеңес сұраймыз) Б)......
«Көз» туралы видео роликті көрсету
5. Жаттығулармен жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар таратамын
Рефлексия
(стикер таратамын)
- Не білдім?
- Қай тапсырмаларда қиыншылықтар болды?
- Не ұнады?
Бағалау. (формативтік бағадан сумативтік бағасын шығару)
Үйге тапсырма:
Бүгінгі мәліметтерді пайдаланып, тақырыпқа байланысты эссе жазу