- Учителю
- Методическая разработка 'Жаңылтпаштар' (5 класс)
Методическая разработка 'Жаңылтпаштар' (5 класс)
Сабақтың тақырыбы: Жаңылтпаштар. Қазақ әдебиет. 5- сынып .
Мақсаты :
Білімділік : Оқушыларға жаңылтпаш пен жұмбақ арқылы оқушылардың
зерделілік , танымдық , еріктілік ерекшеліктерін ұштау.
Тәрбиелік : Көпшілік алдында өзін- өзі еркін ұстауға , білімін кеңінен қолдана
білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық : Өз беттерімен ізденіс үрдісін , адамгершілік
дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ типі :дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілдері : топпен жұмыс, жеке жұмыс, кестемен жұмыс,
көрнекіліктері : интербелсенді тақта , оқулық, «Қазақ балалар әдебиетінің
хрестоматиясы»
Сабақ барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығына көңіл бөлу.
Сабаққа оқушыларды әзірлеу, оқу құралдарын түгелдеу.
ІІ. Үй жұмысын пысықтау. «Мақал мен мәтелдер»
Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі.
Ы. Алтынсарин
ІІІ. Жаңа сабақ « Жаңылтпаштар»
Жаңылтпаш- адамның есте сақтау қабілетін арттырып , жылдамдық пен шапшаңдыққа шыңдайтын ауыз әдеиетінің бір түрі.
Топ бала , топ бала ,
Ойнап жүр топтала.
Зымырап допты ала,
Қуады көп бала.
ІҮ. Топпен жұмыс. Оқушыларды үш топқа бөліп, І топ жаңылтпаш ойлайды, ІІ топ жаңылтпашты жатқа айту, ІІІ топ жаңылтпаштың мағынасына жұмбақ құрайды.
Асық ойнаған азар, допты қуған тозар, бәрінен де малды баққан озар
І топқа ІІ топқа ІІІ топқа
1.Өнер алды- қызыл тіл 2. Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді 3. Әдепті бала- арлы бала
ҮІ. Жаңа сабақты бекіту. «Зымыран» ойыны
Қағаздан ұшақ жасап, І топ жаңылтпаш жазып , келесі ІІ топқа зымыранды ұшырады. Топ бірігіп зымырандағы жаңылтпашты оқып, жатқа айтады. Зымыранға жаңылтпаш жазып, келесі ІІІ топқа ұшырады. Ол топта зымырандағы жаңылтпашты оқып, жатқа айтып береді. І топқа зымыранға жаңылтпаш жазып, ұшырады . Ойын әрі қарай жалғасын табады. Оқушылар топпен бірге жұмыс жасайды. Жаңылтпашты жатқа қатесіз айтқан топ жеңіске жетеді.
І топ жаңылтпашы : Есет атам ет асатар, ет асатса бес асатар.
ІІ топ жаңылтпашы : Анау арал , қай арал?
Қайыңды арал , талды арал.
ІІІ топ жаңылтпашы : Үш кіші ішік піштім,
бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?
ҮІІ. Қорытынды бөлімі :
Мақалдың жартысын табу. «Кім тапқыр?» ойыны.
1.Туған жердей жер болмас, ....................
3.Аз сөз алтын,.........................................
2.Шебердің қолы ортақ ,...........................
3.Аңдамай сөйлеген ,...............................
4.Күшіңе сенбе ,......................................
5.Оқу- білім азығы,..................................
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.
Стикер арқылы әр оқушының берген жауабына байланысты
қызыл түсті стикер- «Өте жақсы»
жасыл түсті стикер- «жақсы»
сары түсті стикер- «қанағаттанарлық»
Әр топтың жинаған стикерлерін есептеп бағалап, жеңімпаз топты табу.
ІХ. Үй тапсырмасы :
Жаңылтпаштар. Әр оқушы 5 жаңылтпаш жаттау.