- Учителю
- Қыс Ашық сабақ 4 сынып
Қыс Ашық сабақ 4 сынып
«Рудный қаласы әкімдігінің № 4 мектеп - лицейі» КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Қыс»
3 - сынып
Мұғалімі:Мусапирова Айнагүл Сагандыковна.
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Қыс.
Сабақтың мақсаты: а) «Қыс » тақырыбы бойынша қысқаша әңгімелей білуге,тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс пайдалана білуге машықтандыру.
Сабақтың міндеттері:
1.Буын түрлерін ажырата білу , қыс тақырыбы бойынша білімдерін жетілдіру.
2.Оқушылардың ауыз екі сөйлей білу қабілетін дамыту,тапсырмаларды орындау белсенділіктерін арттыру.
3.Адамгершілік құндылықтарды жетілдіріп, қоғамдық ортаға икемді жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: компьютер, қыс мезгілінің суреті.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Кезекшімен сұхбат.
Тіл дамыту сұрақтары
Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Жаңа сабақ.
-
Грамматикалық тақырып.Тұйық буын дегеніміз не?Оқушыларға түсінік беріп, мысал келтіру
Ереже: Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітеді. (Көбінесе бірінші буында кездеседі) ат, ант, киік, ақ
-
Қыс туралы әңгімелесу
3)Сөздік жұмысы. 1) Тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерту ,сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерге жазу.
2) Дұрыс айтуға дағдыландыру:
-мұғалім мәнерлеп оқиды;
-оқушылар дауыстап қайталайды;
- оқушылар тізбекпен оқиды.
-
көрінбейді - не видно
ұлпа қар - пушисты снег
жиі-жиі-часто бейнелеу -описывать
қысқа - короткий
қыстыгүні- зимой
аязды- морозный
қарлы боран - снежный буран
солқылдаған - тряскучий
3) Сөз тіркестерін құру.
Мысалы:күн қысқа, ұлпа қар жауды, әбден тоңды, аязды күн, кыстыгүні аяз. Т.б.
IV. Мәтінмен жұмыс.
- мәтінді мәнерлеп оқып беру
--оқушыларға оқыту
- мәтінді аудару
- мәтін бойынша сұрақ-жауап.
Қыс.
Қыс айлары - желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста күн суық, әрі қысқа болады. Қар жауады, қатты аяз болады. Жер көрінбейді, аппақ ұлпа қар басады. Қаңтар - бұл жыл басы. Бұл айда күн қысқарып, түн ұзарады.
VI. Тапсырмалармен жұмыс.
Суретпен жұмыс.
1-тапсырманы орындау.
Сурет бойынша сұрақтар құрастыру:
-
Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
-
Суреттен нелерді көріп тұрсыңдар?
-
Далада не жауып тұр?
-
Ағаштар мен үйлер не жамылған?
Суретке басқа ат қойғызу.
1) 2 - тапсырма. Диалогті толықтырыңдар.
- Қыс айлары қай айлар?
- ---------------------------------
- Қыста ауа райы қандай болады?
- -------------------------------------------
- Қыста не жауады?
- ------------------------------------------------------------------------------
- Қаңтар айында қандай өзгерістер болады?
- ----------------------------------------------------------
- Ақпан айында қыс қандай болады?
- --------------------------------------------------
2) Септікті еске түсіру
Жатыс септік5-тапсырма. Төмендегі сөздерге жатыс септігінің жалғауларын жалғаңдар.
Қыс, қар,ақпан,тон,құлақшын
-
7 -тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
1. Қыс сөзін септеңдер.
2. Септіктердің сұрақтарын, жалғауларын атаңдар.
-
6- тапсырма. Ассоциация
Қыс
VIІ. Сабақты қорытындылау:
-Қазір қай жыл мезгілі?
- Қыс айларын ата.
-Қыста ауа райы қандай болады?
- Сен бұл жыл мезгілін ұнатасың ба?
VIІІ. Үй тапсырмасы.
«Қыс» тақырыбына шағын әңгіме құрап жазу.
ІХ. Бағалау.