7


  • Учителю
  • Тренинг Ұжым арасындағы қарым-қатынасты нығайту

Тренинг Ұжым арасындағы қарым-қатынасты нығайту

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жақсыбайқызы АйнагүлТренинг Ұжым арасындағы қарым-қатынасты нығайту

«Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының психологы

Қостанай облысы, Арқалық қаласы



</<font color="#0070c0">Тақырыбы: «Ұжым арасындағы қарым-қатынасты нығайту»

Мақсаты: Жеке тұлғаға өзіндік «Менің» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімдік қабілетін дамыту, ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын

Көрнекілігі: сөздер жазылған карточкалар, музыка, слайд.



І. Сәлемдесу (дәстүрлі емес)

Мақсаты: Әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылулық сыйлау.

Топтағы қатысушылар сыртқы және ішкі шеңберге бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Содан кейін бір-бірімен мынадай қимыл-қозғалыстар арқылы сәлемдесіп шығады: алақанның сырт жағымен, саусақпен, шынтақпен, иықпен, тіземен, т.б.



ІІ. «Бұл мен...»

Мақсаты: қатысушылардың өздері туралы айтуына, жақынырақ танысуға көмектесу.

Әрбір қатысушы 5мин ішінде өзін мінездейтін 5 сөз жазып, теңеу ойлап тауып, оны қағазға жазып, оны кеудесіне тағып қояды. Біршама уақыт бойы қатысушылар әрі-бері сапырылысып, бір-бірінің мінездемесін оқуға кіріседі. Барлық жазулар оқылған соң, барлығы дөңгелене отырады. Сосын пікірталас басталады: әрбіреуіндегі нендей нәрсе ерекше есте қалды, таңқалдырған нәрсе бар ма?, күлкілі нәрсе ше? т.б



ІІІ. «Өзіңді тереңірек тани біл»

Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жеміс-жидектер көрсетіледі. Сол жеміс-жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай, соған тоқталайық.



Қарбызды ұнататындар-орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.



Жүзімді ұнататындар -өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.

Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз жоқ емес.

Шабдаланы ұнататын адамдар көпшіл, кез-келген адаммен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз-қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.

Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.

Егер сіз шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуанышпен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік-өсек сөзге жоқсыз, есесіне анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады.

Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады.



ІV. Сергіту сәті «Мен ең сұлумын»

Бұл сергіту жаттығуы үшін екі жеңсіз көйлек (немесе алжапқыш) және екі үшкіл орамал қажет. Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Командалардың алдында 8-10 метр қашықтықта орындықтар қойылады, оларға бір жеңсіз көйлек пен үшкіл орамалдан қойылады. Жаттықтырушының белгісі бойынша команданың бірінші қатысушысы орындыққа жүгіріп келіп, жеңсіз көйлекті киеді де, үшкіл орамалды басына тағып, дауыстап: «Мен ең сұлумын»,- деп айтады. Содан соң жеңсіз көйлек пен үшкіл орамалды шешеді де, оларды орындыққа қойып, мәре сызығына қайтып оралады. Оның соңынан келесі қатысушы дәл соны жасайды.



V.«Балалық шақтан қызықты оқиға»

Мақсаты: эмпатияны дамыту.

Жүрісі: Қорапшаға билеттер салынады. Ол билеттердің арасында «Балалық шақтан қызықты оқиға» деп жазылған. Кімге «Балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол педагог өзінің балалық шақта бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.

Өздеріңізді қалай сезінудесіз?

VІ. Қорытынды



Тренингіміздің соңында қатысушыларға өзіне және өзге адамға тілек жазу тапсырмасы беріледі. Тілектерді жаттанды сөздер арқылы, теңеу арқылы және әдеби көркем сөздер арқылы жазуға болады. Сабақты «Тілек» тренингімен аяқтау және қатысушылардың пікірін тыңдау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал