- Учителю
- Риясыз сүйспеншілік (10 сынып)
Риясыз сүйспеншілік (10 сынып)
Өзін-өзі тану пәні бойынша қысқа мерзімді ашық сабақ жоспар
Берілген уақыт 45 минут
Пәні: Өзін-өзі тану
Мерзімі:22.02.2015жыл
</
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы:
Риясыз сүйіспеншілік
Сабақтың реті:
Құндылық:
Қасиеттер:
23-сабақ
Сүйіспеншілік
Махаббат және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету, мейірімділік
Жалпы сабақтың мақсаты:
Рухани - адамгершілік сүйіспеншілік құндылығының негізінде махаббат және кішіпейілділік, мейірімділік қасиеттерінің маңызын кеңірек ұғыну.
Міндеттері:
Оқушылардың жақсы көру және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету туралы білімдерін тереңдету.
Оқушылардың мейірімділік қасиетін дамыту.
Оқушыларды жақсы көруге, аянбай қызмет етуге тәрбиелеу.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Оқушылар тақырыпты жетік меңгереді.
Өзара еркін пікіралмасуды үйренеді.
Ұжымда, шағын топта, жұпта жұмыс жасай отырып, бірін-бірі тыңдауды, сыйлауды үйренеді.
Сабақтың типі:
Жаңа білімді зерделеу мен алғашқы есте сақтау және іс-әрекеттер тәсілдері
Сабақтың түрі:
Тренинг
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:
«Нұрға бөлену», «Топ ережесі», «Мен саған, сен маған», «Еркін талқылау», «Конференсия»,«Көңіл күй аралы»
Жұмыс түрлері:
Ұжымдық, жеке жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер:
Интерактивті тақта, бейнебаян, стикерлер, А-4 қағазы,бағалау парақшасы ,маркерлер.
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
1-әрекет .Ұжымдық жұмы:.
«Көшбасшылық жасау»
Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру.
Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Оқушылар ыңғайланып отырады.Өздерін еркін ұстайды. Жай музыка тыңдап тынығады.
2-әрекет.Топқа бөлу: оқушылар кезекпен «ақыл», «қайрат», «жүрек», «ғылым» деген сөздерді айтып, топқа бөлінеді.
Оқушылар сөздерді айту арқылы топтарға бөлініп отырады.
3-әрекет.«Топ ережесі» бойынша топ мүшелерін сайлап алуды, топ ережесін сақтап отыруды тапсыру.
Топ мүшелерін бір уақыт қадағалаушы және топ басшысын сйлап алады. Топ ережесін жасайды, ережені сақтауға уәде береді.
4-әрекет. Үй тапсырмасын тексеру:
«Мен саған, сен маған» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру.
1.Оқушы дәптердің 28 - бетіндегі 2 - тапсырма
2.Ел үшін еңбек етіп жүрген адамдар туралы мәлімет әкелу.
Сол адамның бойындағы рухани - адамгершілік қасиеті туралы айту
5-әрекет: Мұғалім сыйы. «Еркін талқылау» әдісі арқылы Аудиодискіден Абайдың 17 - і қара сөзін тыңдау.
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің дауласуының себебі неде?
Сіз қайсысын жақтар едіңіз? Неліктен?
Адам қай кезде өз жүрегін тыңдайды?
- Өз жүрегіңізді қашан тыңдадыңыз? Не ұқтыңыз?
Оқушылар сұраққа, жауап беру арқылы топпен жүргізілген
жұмыстарын қорғайды.
6-әрекет.Шығармашылық іс - әрекет. Топтық жұмыс.
«Ақыл» тобы: Абайдың он жетінші қара сөзіне жоспар құру
«Қайрат» тобы: сахналық көрініс көрсету. Рөлдерге бөліп артистік шеберлікпен, шынайы сезіммен орындау.
«Жүрек» тобы: қарасөздегі ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның бойындағы рухани - адамгершілік қасиеттерді анықтау.
Рахмет, жауаптарыңызға. Жарайсыңдар балалар!
Оқушылар сұрақ бойынша өз пікірлерін ортаға салады.
7-әрекет.Дәйексөз.
«Махаббатпен жаратқан адамзатты» Абай сөзі
деген нақыл сөзін мағынасын
«Көзқарас - себеп - мысал - қорытындылау бірізділігімен талдау. (дәйексөзі дәптерге жаздыру)
-
Көзқарас - Абайдың көз қарасымен келісемін.
-
Себебі - табиғат пен адам өзара үйлесімді
-
Мысалы, қарапайым біздің тыныс алуымыздың өзі дәлел бола алады
Рахмет жауаптарыңызға!
Оқушылар берілген қанатты сөзді мұқият оқып шығады.Топта бірге талқылып,ой қорытынды шығарады.
8-әрекет. Ұжымдық жұмыс:
«Конференция » әдісі бойынша оқушыларға меңгерген тақырып бойынша сұрақтар дайындату, өзара пікіралмасуды ұсыну.
Оқушылар тақырып бойынша пікіралмасып, ойларын ортаға салып, қорытынды жасайды.
9-әрекет.Сабақты қортындылау кезеңі:
Балалар, бүгінгі сабағымызда өз мәресіне жетті.
Риясыз сүйіспеншілік - адамдық өлшемнің белгісі. Адамның риясыз сүйіспеншілігі күллі тіршілікке, болмысқа, адамзатқа арналғанда өзара үйлесімділікке қол жеткізуге болады.
Бүгінгі сабағымызда айтылған ойларды зерделей келе, сүйіспеншілік құндылығының негізінде махаббат және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету, мейірімділік қасиеттерінің маңызын ұғынып жүрегіміздің түбіне түйіп қояйық.
10-әрекет. Үйге тапсырма:
«Риясыз сүйіспеншілк-адамзат бақытының негізі» тақырыбында эссе жазу.
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
11-әрекет. Кері байланыс:
«Көңіл күй аралы» әдісі арқылы кері байланыс жасау.
•Балалар бүгінгі сабаққа белсенділікпен қатысқандарыңа рахмет!
•Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді арқылы көрсетейік.
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерді жабыстыру арқылы көрсетеді.