- Учителю
- ҚАзақ әдебиеті 6-сынып Әбіш Кекілбаев 'Шыңырау'
ҚАзақ әдебиеті 6-сынып Әбіш Кекілбаев 'Шыңырау'
Күні: | Мұғалім : Оразалиева Мереке Ерболатқызы | ||||||
Сабақ №1 | Сынып : 6 «Б» | Пән :Қазақ әдебиеті | |||||
Тақырыбы: | Әбіш Кекілбаев «Шыңырау» | ||||||
Мақсаты: | Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысады. Жеті модульдің негізінде «Шыңырау» повесінің тақырыбы мен идеясын ашу. Еңсептің прототипін ашу арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу. | ||||||
Күтілетін нәтиже /табыс көрсеткіші | 1.Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет бере алады. 2.«Шыңырау» сөзінің мағынасын түсінеді. 3. Әңгіме мазмұнын біледі, тапсырмаларды түсініп орындайды. 4. Кейіпкерлермен танысып, өмірмен байланыстыра алады. | ||||||
Түйінді идеялар | Ойларын тиянақты жеткізе білу. Білім деңгейлерін бақылау. | ||||||
Жұмыс түрі | Топтық жұмыс, | Модульдер: СТО , Қалай оқу керектігін үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау , Диалогтық оқыту | |||||
р/с | Сабақ кезеңдері, әдіс -тәсілдер. | Уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Күтілетін нәтиже | Ресурстар | |
1 | Ұйымдасты ру бөлімі | 2 мин | Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығын тексеремін, сабақ кезеңдерімен таныстырып, мақсат міндеттерді айтамын. | Оқушылар сәлемдеседі, сабақтың мақсат міндеттерімен танысады. | Сабаққа қызығушылығы артады, мұғалім мен оқушының арасында қарым -қатынас орнайды. | Білім стандарты, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ жоспары, Жалпы білім беретін мектептің 6- сыныбына арналған оқулық. «Атамұра» баспасы, Google,«YouTube», «Білімділер», «45 минут» сайттары | |
2 | Психологиялық ахуал
| 2 мин | Тақырыпқа байланысты әр түрлі мақал -мәтелдердің жартысын айтып, қалған бөлігін оқушылардың өздеріне айқызып көңіл- күйін сабаққа аудару. | Оқушылар мақал- мәтелдерді айтуға ұмтылады. Ұжыммен жұмыс жасайды. | Көтеріңкі көңіл- күй болады, оқушы мен оқушының, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық орнайды. | Мультимедиялық проектор, А- 3 , 4 қағаз,түсті маркерлер, қарындаш, стикерлер, видео материалдары, смайликтер | |
3 | Топқа бөліну «Жалғасын тап» . | 3 мин | Еңбек, бай мен кедей, ерлік, дос туралы мақал -мәтелдерді қобдишаға салып оқушыларға алдыртамын. | Оқушылар талапқа сай мақал -мәтелдерді алып, 5- топқа бөлінеді. Мақал -мәтелдерді айта отырып, бүгінгі өтілетін тақырыпты ашады. | Топқа брігеді, қарым- қатынас орнайды. | Үлестірме қағаздар Слайд, парақшалар, түрлі-түсті бояулар | |
4 | Үй тапсырмасын сұрау. | 2 мин | «Бәріміз бір өзеннің арнасы, Бір атаның баласымыз» деген сөзді қалай түсінеміз?
| Оқушылар топтасып жауап береді
|
| Бағалау :Стикер, бағалау бетшесі. | |
5 | Жаңа сабақты меңгерту. «Мағынаны тану».
| 5 мин | Бейнематериал арқылы шығарманың авторы жайлы мәліметтер көрсетемін. Авторға байланысты тапсырмалар беремін. Тапсырма: 1.Әбіш Кекілбаевтің өмірбаяны: Қай жерде , қай жылы туылған? 2.Әбіш Кекілбаевтің қызмет жолы: 1. 2. 3. 3.Шығармашылығы : 1. 2. 3. | Бейнематериалды көреді. Автор жайлы тапсырмаларға жауап береді. | Топпен бірігіп жұмыс жасайды, өз ойларын жүйелі жеткізе алады. | Интербелсенді тақта | |
Бағалау : түрлі- түсті қағаздар арқылы бағалайды. Жасыл - өте жақсы Қызыл - жақсы Сары -орташа | |||||||
6 | «Ой қозғау» Жаңа сабақты өрбіту. | 3 мин | Оқушыларға сұрақ беремін. Сұрақ арқылы шығарманың не туралы екенін түсіндіру. Сұрақ: Кәсіптің қандай түрлерін білесіңдер? Құдық қазу кәсібі туралы не білесіңдер? | Оқушылар сұраққа бірлесіп, ізденіп жауап береді.
Әңгіменің құдық туралы екенін жорамалдайды. | Ойын жүйелі жеткізе алады, «Құдық қазу» ұғымы туралы туралы біледі. | Интербелсенді тақта.
| |
Бағалау: Басбармақ жоғары қарай - Мен түсіндім. Басбармақ көлденең - Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай- Мен түсінбедім. | |||||||
7 | «Автобус аялдамасы» | 5 мин | Әр топқа шығармада кездесетін жаңа сөздерді таратамын. Сол жаңа сөздерді постер арқылы қорғайды. Шыңырау дегеніміз не? Шыңырау сөзі - шың және орау деген екі сөздің бірігуінен жасалған деген болжам жасалған. Қазақ тілінде шың сөзі- биік шың дегенді білдіреді.Маңғыстаулықтар тілінде Көлденең шың, Құба шың, Ала шың болып сан атауды иеленіп, құбылып, түрленіп кететіні бар. Ал орау - етістігі тұйықтап, доға жасап әрекеттену мағынасын береді. Орап байлау, орап тарту, т.б. Демек бұның түбірі шың бойлап, орап қазу дегеннен шығатындай.Ал түсіндірме сөздікте шыңырау - тұңғиық, терең мағынасында келтірілген. | Жаңа сөздермен танысады.
Оқшылар шыңырау сөзінің мағынасын дәптерлеріне жазып алады. Шың - биік екенін білсе, шыңырау тұңғиық, терең екенін біледі. | Оқушылардың белсенділігі артады. | Интербелсенді тақта А3 | |
Бағалау: Екі жұлдыз, бір ұсыныс | |||||||
8 | «Джигсо» | 12 мин | «Джигсо» -1 әдісі бойынша оқулықпен жұмыс орындалады. Оқушыларға қай беттерді оқу керектігін айтамын . 1-топ. 240-242- бет 2-топ. 242-243-бет 3-топ. 244-245-бет 4-топ. 245-247-бет 5-топ: 247-248-бет | Үзінділерді топ ішінде бөліп алады, содан соң талқылайды. Өз пікірлерін ортаға салады | Әдебиет тілінде алған білімдерін өмірмен байланыстыра алады. | Тынық әуен «Моцарт», 6- сынып қазақ әдебиеті. | |
Смайликтер арқылы бағалау. | |||||||
9 | «Кубизм» стратегиясы Жаңа сабақты бекіту. | 3 мин | Еңсепке құдық қазуға өтініш берген кім? Еңсептің арманы қандай? Еңсеп арманына жетті ме? Еңсептің еңбекқор адам екенін қай тұстарынан байқадыңыз? Құдық қазу оңай іс пе? | Оқушылар түсінгендерін айтады. Топтар бір-бірлеріне қойған сұрақтарға нақты жауап береді. Сабақты бекіту тапсырмасын орындайды | Сабақ басындағы мақал-мәтелдердің пайдасын толық түсінеді. | INSERT кстесі арқылы. Нені білдім. Нені білмедім. Нені білгім келеді. | |
10 | Қорытынды
| 3 мин | Оқушыларға стикер таратып беремін. Бүгінгі сабаққа деген көзқарасыңды білдір. Кері байланыс береді. 1.Шығарманы толықтай түсіндім 2. Бұл шығарма бойынша әлі де ізденуім керек. 3. Шығарманы толықтай түсіне алмадым. | Сабақтан алған әсерлері мен келесі сабакта не білгісі келетіндерін стикерге жазып іледі
|
|
| |
11 | Үйге тапсырма: «Шыңырау» повесін толық мазмұндау. Қосымша тапсырма: Қазақстанда ауыз су мәселесі қандай дәрежеде? | 2 мин | Тапсырманы беремін | Үй тапсырмасын жазып алады. Шығарманы толық мазмұндайды, қосымша ізденеді.
| Оқушылар қызығып ізденеді. | Интербелсенді тақта. | |
12 | Бағалау | 2 мин | Сабақ барысында оқушының жауаптарын, атқарған жұмысын мадақтап формативті бағалау жұмысын жүргіземін. | Оқушылар кері байланыс береді. | Өз ойларын жеткізеді. Сабақтан алған әсерін жазады. | Постер |