- Учителю
 - Сабақ жоспары. Тақырыбы: 'Қазақ тілін үйренейік'
 
Сабақ жоспары. Тақырыбы: 'Қазақ тілін үйренейік'
7- сынып 
 Тақырыбы: Қазақ тілін үйренейік 
 Мақсаттары: 
 Білімділік: тұйық етістік формасын, сан есімді қайталатып, түрлі жаттығулар арқылы пысықтау. 
 Дамытушылық: алған білімдерін ізденіспен қолдана білуге үйрету, ойлау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту. 
 Тәрбиелік: оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына ықпал ете отырып, қазақ тіліне қызығушылықтарын арттыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу. 
 Оқыту әдістері: сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс, интерактивті оқыту, ойландыру, диалог құру. 
 Көрнекті құралдар: интерактивті тақта, кітаптар. 
 Сабақтың барысы: 
 I. Ұйымдастыру кезеңі: 
 1. Амандасу; 
 2. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру; 
 3. Оқушылардың іске тез арада қосылуы; 
 4. Сабақ мақсаты мен жоспарының тұжырымдалуы 
 II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 
 Міндеті: барлық оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс, толық және түсініп орындауын пысықтау. 
 - Сабаққа жақсы дайындалып келдіңдер. Ал бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Қазақ тілін үйренейік». Мынадай сұраққа жауап беріңдерші: - Қазақстан Республикасында жұмыс істеу үшін нені үйрену керек? 
 - Дұрыс, қазақ тілін үйрену керек. Қазақ тілін жақсы білетін мамандар жақсы жұмысқа орналасады.Көрейік, қалай сендер қазақ тілін білесіңдер! Сендер бірнеше сынақтан өтесіңдер: мәтін бойынша тапсырма орындайсыңдар,сан есім мен тұйық етістікті қайталайсыңдар. 
 Сынақтан өту үшін 3 топқа бөлінеміз. Мына геометриялық пішіндерді таңдап алыңдар, кім қайсын таңдайды, сондай пішін жатқан үстелдің қасына отырады. 
 1-сынақ. Тіл туралы мақалды жалғастыр / бірінші топ бастайды, екінші немесе үшінші топ жалғастырады/: 
 Тіл жетпейтін түкпір ... / жоқ/ 
 Сөз - ... /дүниенің сәні/ 
 Сөйлесе білген, ... /үйлесе біледі/ 
 Тілдің құлпы.../ тіс/ 
 Тәтті сөз... / тас балқытады/ 
 Халықтың тілі... / қайнар бұлақ/. 
 Өте жақсы. Келесі тапсырма:1- топ: берілген мәтінді жалғастыру, мәтіндегі тұйық етістікті септеу; 2 -топ: мәтінді мазмұндау, мәтіндегі реттік сан есімдерді атау; 3- топ: мәтін бойынша диалог құру, мәтіндегі есептік сан есімдерді атау. 
 2- Бұл сынақтан да жақсы өттіңдер. Ал көрейік, қалай диалог құра аласыңдар. 
 1- ҚР рәміздері туралы; 
 2- қазақ тілі сабағы туралы; 
 3- ҚР спортшылары туралы. 
 3- Ал енді ойын түрінде сан есімдерді қайталайық. Ойын жүргізушісі Адель болсын. Жүргізуші : - мен сан есімдерді атап тұрамын, сендер жинақтық сан есімдерді естігенде, 1 рет шапалақтайсыңдар; болжалдық сан есімді естігенде, 2 рет шапалақтайсыңдар,т.б. 
 4- Келесі тапсырма оқулықтың 215-бетіндегі 3- тапсырма: 
 а) тапсырманы оқу,мәтінді оқу. 
 ә) сөздік жұмысы / жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру/. 
 б) тапсырмаларды орындау. 
 5- Ал енді сөзжұмбақ шешеміз 
 C 
 А 
 Н 
 Е 
 С 
 I 
 M 
 Бұл сынақтан да жақсы өттіңдер. 
 6- Қазір «Кім көп біледі?» ойынын өткіземіз. Қай топ көбірек мақал - мәтел, жаңылтпаш айтып береді, солар ұтады. 
 7- Рефлексия. Ал енді «Қазақ тілін білу үшін не істеу керек?» деген сұраққа кластер құрып, жауап беріңдер. 
 8- Өте жақсы, осымен сабағымызды қорытындылаймыз, әрбір топ өз-өзін бағаласын. 
 - Бәрекелді,сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар, сендер болашақта жақсы маман боласыңдар деп сенемін. 
 Үй тасырмасы: 216 - б., 4 - тапсырма, жаңа сөздерді жаттау. 
 Осымен сабағымыз аяқталды, сендерге рақмет