7


  • Учителю
  • Сайын Мұратбеков 'Қылау' әңгімесі

Сайын Мұратбеков 'Қылау' әңгімесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Күні:

Сыныбы: 6 «б»

Пәні:Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Сайын Мұратбековтың «Қылау» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты:Сайын Мұратбековтың өмірімен танысу, «Қылау» әңгімесінің мазмұнын меңгерту.

Міндеттері:

а)білімділік: Сайын Мұратбековтың «Қылау» шығармасының мазмұнымен танысып, кейіпкерлеріне талдау жасау.

ә)дамытушылық: Оқушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік туғызу, пікірлерін тыңдай отырып, талдау жасауға жағдаят жасау.

б)тәрбиелік: Мәтін мазмұны арқылы оқушыларды еңбек сүйгіштікке,адалдыққа, мейірімділік пен қайырымдылық қасиеттеріне баулу.

Сабақтың көрнекілігі: жазушы туралы деректер, портреттері, үлестірме қағаздар, слайд.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жоспар құру, сұрақ-жауап, талдау жасау, венн диаграммасы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылармен сәлемдесу рәсімі;

-оқуышлардың сабаққа қатысу туралы кезекшінің мәліметі;

-оқу құралдарын ретке келтіру;

-сабақтың мақсатымен таныстыру;

II.Үй тапсырмасын тексеру:

III.Жаңа сабақ:

Эпиграф: «Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,

Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа»

Жазушы өмірінен мәлімет.

Сайын Мұратбеков туған. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, Мәскеудегі бітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. , бөлім меңгерушісі, кеңесші, директоры, 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1984-1986 жж. директоры, 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XI сайланған депутаты. Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, [2004 жыл]]ы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.

«Қалың қар», «Өліара» повестері кітап боп шықты.

марапатталған.

«Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, атағы берілген. лауреаты.

Сөздікпен жұмыс:

Қылау - қыста сілбіреп жауатын ұлп, майда қар.

Шәугім - су қайнататын темір ыдыс.

Ішік - қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны әр түрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады.

Зират - дүниеден өткен адамдардың жатқан жері.

Мәтінді әңгімелеу жоспарын құру:

  1. Әкесі Сатайды ұйқыдан оятып, шанаға жұмсауы.

  2. Сатайдың жолға шығуы, зират жанынан өтіп бара жатқандағы қорқынышы.

  3. Жол бойынан Рәбиға атты кезіктіруі.

  4. Рәбиға екеуінің әңгімелесуі.

  5. Рәбиғаның жол жиегінен түсіп қалуы.

  6. Сатайдың Рәбиға үшін алаңдауы, іздеуі.

  7. Рәбиғаның Сатайға оқулық сыйға тартуы.

Әңгімеге композициялық талдау жасау:

Әңгіменің басталуы: Әкесі Сатайды ұйқыдан оятып, көрші ауылға шанаға жұмсауы.

Әңгіменің дамуы: Сатайдың Рәбиғаны кезіктіріп, өз шанасы отырғызып алуынан дамиды.

Әңгіменің шиеленісуі: Рәбиғаның ауыл бұрылысынан түсіп қалуы.

Әңгіменің шарықтау шегі: Сатай Рәбиғаны уайымдап, ауылына дейін жеткізіп салу үшін артына қайтып, Рәбиғаны іздеуі.

Әңгіменің аяқталуы: Рәбиға Сатайға ризашылық ретінде оқулық беруі.

Сергіу сәті:

Мақал-мәтелдерді жалғастыр:

1.Адамның ұяты бетінде,

Адамгершілігі .............. . (ниетінде)

2.Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің .............. . (көрерсің)

3.Жақсылық етсең, .................... . (жарты ерпе)

4.Әдептілік белгісі - ................... . (иіліп сәлем бергені)

5.Таршылықты көрмесең, ......................... . (кеңшілікті білмейсің)

IV.Бекіту бөлімі:

1-қатар

Тақырыбы


Идеясы


Кейіпкерлері


Кейіпкерге мінездеме


Кейіпкерлердің іс-әрекеті


2-қатар

Сатайдың іс-әрекеті

Оқушының талдауы мен пікірі


3-қатар

Әңгімедегі оқиғалар

Кейіпкердің көңіл-күйі

Себебі




V.Қорытынды бөлім:

Венн диаграммасы

Сайын Мұратбековтың Ұқсастығы Бердібек Соқпақбаевтың

«Қылау» әңгімесіндегі «Менің атым Қожа» повесіндесі

Сатай бейнесі Қожа бейнесі

Сұрақтар мен жауаптар:

1.Сайын Мұратбеков кім, қандай шығармаларын білесіңдер?

2. «Қылау» сөзінің мағынасы қандай?

3. Әңгіме неге «Қылау» деп аталған?

4.Басты кейіпкер Сатайдың мінез-құлқы шығармада қалай танылған?

5.Сатай Рәбиғаға деген алғашқы сезімін қалай білдірді? Оның үлгілі жағы неде?

VI.Үйге тапсырма:

Сайын Мұратбековтың «Қылау» әңгімесін оқу, әңгімелеу.

VII.Бағалау:

Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал