- Учителю
- ҚАзақ әдебиеті. Тақырып. 'Абайдың 17 қара сөзі'. 8-сыныпқа арналған.
ҚАзақ әдебиеті. Тақырып. 'Абайдың 17 қара сөзі'. 8-сыныпқа арналған.
Тақырыбы Абайдың « Он жетінші» қарасөзі
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы шығармашылығы туралы тереңірек ұғынуға жол сілтеу. Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат , жүрек , ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге , өз бойларында осы асыл қасиеттер болу үшін күресе білуге , ақынның қарасөздерінің мәнін , ғылыми философиялық ойды түсінулерін анықтау. Абай сөзімен айтқанда болашақ «кемел адам» бейнесін , моделінің жобасын жасау.
-
Мәтіннің танымдық сипатын , құрылымдық бөліктерін өздері байқай алатын , түсіне алатын нәтижеге жеткізу. Көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру , оқып- түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру, бір - біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге жетелеу.
-
Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып , елін сүюге , адамгершілік , адалдық , ізгілікке , ғылым- білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.
Сабақ түрі жаңа білім беру сабағы.
Сабақ типі жобалау технологиясы
Сабақтың әдіс - тәсілдері : түсіндіру , топпен жұмыс , топтастыру , модель жасау , жобалау әдісі , мәнерлеп жатқа оқу , ой қорыту .
Сабақтың көрнекілігі слайд , Абай портреті , « Абай моделі» , « қара сөз» жоба моделі , топтарға арналған тапсырмалар , « кемел адам» моделі ( жобасы).
Міндеттері :
-
Абайдың шығармалары мен қарасөздеріндегі философиялық көзқарасын оқып , талдау арқылы мейірім , әділет , шапағат , ар- ұят ұялаған жылы жүректі жан және бұл адам жылы жүректің жетекшісі болған нұрлы ақыл мен ыстық қайраттың иесі «толық адам» бейнесін жасау.
-
Оқушылардың топтағы жұмыстарын жүйелі жүргізіп жобалауға , жоспарлауға , бағыттауға , ой қоытуға пікір айтуға , дүние танымдық көзқарасын арттыру.
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа қажетті көрнекіліктерді әзірлеу, сынып ішін сабаққа дайындау .
Оқушыларды түгендеу . Сынып оқушыларын топқа бөлу .
ІІ Жаңа сабақ
-
Балалар , кәне , ойларыңа түсіріңдерші , өткен сабақтарда қай ақын шығармасымен танысып келеміз .
-
Абай кім ?
1 - слайд
Топтастыру
Сонымен , балалар , Абай ақын ғана емес , аудармашы , мысалшы , әсем ән жазған сазгер болумен қатар ғалым , философ , ойшыл адам екен . басқа ақындардан ерекшелігі неде ? ( «Қара сөз» жазған .)
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты - ұлы ақынның философиялық ойларын , қарасөздерінің идеясын түсіну , топпен жұмыс жасай отырып « Он жетінші» қарасөзін меңгеру .
2- слайд
-
Қарасөз дегеніміз не ?
Ғылым туралы , философия туралы , дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек . Абай Құнанбаевтың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар . «Ғақлия» деген өсиеттері .
Қарасөз - арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес. Ғақлия - көркем сөз , дана сөз , асыл сөз деген мағынаны береді . Абайдың қарасөздері адамзат баласына ортақ сөз . Кейіпкері адам , толық адам ( кемел адам) . Қарасөздері алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді . Орыс , қытай , француз т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абай қарасөзін 45 жасында жазған .
3- слайд «Қарасөз» моделі
-
Бүгін біз 17- қарасөзінен «кемел адам» моделін жасап көреміз
-
« Кемел адам» дегенді қалай түсінеміз ?
-
Сен қандай адамсың ?
-
« Мен» моделін дәптерге жазу .
-
Абай қарасөздерін не үшін жазды ?
Диктофоннан 1- қарасөзінен үзінді тыңдату .
« Ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін , ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын , кімде - кім ішінен керекті сөз тапса , жазып алсын , я оқысын , керегі жоқ десе , өз сөзім өзімдікі дедім де , ақыры осыған байладым , енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ .»
-
17- қарасөзін оқып , керегімізге жаратсақ алайық , жаратпасақ қалсын .
Топпен жұмыс « Қарлы кесек» ойыны
4 топқа тапсырма беру
-
Топ - мәтіннің басы « қайрат»
-
Топ - мәтіннің ІІ абзацы «ақыл»
-
Топ - мәтіннің ІІІ абзацы «жүрек»
-
Топ - мәтіннің соңы « ғылым»
Әр топ өздеріне берілген мәтін бөлігін оқып түсінеді. Мәтіннің мазмұнымен түгел танысу үшін әр топтан 1 оқушыдан топтарға жіберіліп , өзге топ мүшелеріне өз топтарының мәтін бөлігін түсіндіреді . Нәтижесінде 4 топта мәтінің толық мазмұнымен танысады . Мәтін мазмұныны анықтау үшін ұжымға сұрақтар қойылады .
-
Қайрат , ақыл , жүрек не жөнінде таласты ? Әрқайсысы өз ісін қалай дәлелдеді?
-
Олар неге ғылымға жүгінді?
-
Ғылым оларға қандай төрелік айтты?
-
Слайд ( Сөздік жұмыс )
Мәдмәлат - мақсат , мұрат .
Ғақлия - көркем сөз , дана сөз , асыл сөз .
Нәфсі - құмар
Ахирет - бақиға аттанар кездегі пенде киетін киім
-
Неге Абай адамның көп қасиеттері ішінен қайрат , ақыл , жүрек үшеуін ғана таңдап алған ?
-
Слайд
« Ақыл , қайрат , жүректі бірдей ұста ,
Сонда толық боласың елден ерек»
-
Слайд ( Ұлы Абайдың мынандай сөзі бар . )
« Адам баласы адам баласынан ақыл , ғылым , ар , мінез деген нәрселермен озбақ . Одан басқа нәрселерден оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық»
« Нұрлы ақыл , ыстық қайрат және оларға әмірі жүретін жылы жүрек бір кісіден табылса , онда ол «қасиетті адам» болмақ .»
-
Осының бәрін үйрететін не ? ( ғылым)
-
Топпен жұмыс ( Әр топ өз кейіпкер жобасын( моделін) жасайды)
І топ - « қайрат» ІІ топ - « ақыл» ІІІ топ - « жүрек»
ІУ топ - адамға тиетін кеселдерді топтастырады.
-
Слайд ( Әр топ өз кейіпкер моделін талдап болған соң , қасиеттерін « Кемел адам» моделіне енгізеді . )
-
Абайдың ( үй тапсырмасы ) « Әбдірахман өлгенде» өлеңін жатқа сұрау . Әбіш бейнесін айтқызу . Ақын Абай Әбіш бейнесі арқылы нені армандады , меңзеді , айтпақ ойы не болды? Ер бала қандай болу керек ? ( Ер бала тәрбиесі , ер бала бейнесі )
-
Әбіштің адамгершілік қасиеттерін « кемел адам» бейнесіне енгізейік .
-
« Кемел адам» бейнесін толық шығарып , оқу . Осы «кемел адам» моделінен өзіңе керегі бар ма ? Өзіңе қандай сипаттарын енгізер едің ?
« Мен» моделіне өзіне керектісін керектісін жаздырту . ( Дәптер- мен жұмыс )
Қорытынды
Сонымен Абайдың 17- қарасөзінен керегімізге жарарын таптық па ?
« Қарасөз» моделі бойынша сабақты қорытындалау .
17- қарасөздің мәселесі - адамдыққа үйрету ; түрі - айтыс , талас түрінде ; мақсаты - өсиет , ғибрат қалдыру .
Елбасымыз Н. Назарбаев « Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз . Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» - деген .
Бағалау (Оқушылар білімін анализ, талдау жасай отырып бағалау .
Үй тапсырмасы 17- қарасөзін оқу. Әдебиеттерден , баспасөз беттерінен Абай туралы не айтады екен іздеу , зерттеу . Ауыл ақсақалдары мен әжелеріміздің артынан қалдырған ғибрат сөздерін жинақтау .
( Қосымшада сабақтың презентациясы, топтар бойынша үлестірілетін сызбалар берілген )
Қосымша -1
Топтар бойынша таратылатын сызбалар
І топ « Қайрат» тобы ( Қайрат қасиеттерін топтастыру )
ІІ топ «Ақыл» тобы (Ақыл қасиеттерін топтастыру )
ІІІ топ « Жүрек» тобы ( Жүрек қасиеттерін топтастыру )
ІУ топ «Ғылым» тобы ( адамға тиетін кеселдерді топтастыру )