7


Открытый урок в 6 классе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты:1. Түрлі интерактивтік  әдістерді  қолдана отырып,                                                                                             оқушыларға пайдалы істер жайлы мағлұмат беру арқылы                                              
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім

Сабақтың мақсаты:

1. Түрлі интерактивтік әдістерді қолдана отырып, оқушыларға пайдалы істер жайлы мағлұмат беру арқылы ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру;

2.Пайдалы, сүйікті ісі жайлы айту арқылы тілдік әрекеттердің барлық түрлерін қолдана отырып коммуникативтік құзіреттілін қалыптастыру;

3.Пайдалы істермен айналысуға баулу, жаманнан жақсыны айыра алу, проблеманы шешу құзіреттілігін қалыптастыру;

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, жеке жұмыс, ауызша, жазбаша, ізденіс,

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, жұмыс парағы, бағалау парағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, түгендеу

Оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ой қозғау


  • Мен сурет сала аламын.

  • Мен бауырсақ пісіре аламын.

  • Мен домбырада ойнай аламын.

  • Мен жүзе аламын.

  • Бұл кісілердің сүйікті ісі екен.

  • Соған байланысты біздің сабағымыздың тақырыбы

  • қандай болмақ? (Менің сүйікті ісім)

  • Мақсатымен таныстыру.

Тақтаға назар аударайық.

ІҮ. Сөздік жұмысы:

Әуес - склонный

Әуестік - склонность

Әуестену - увлекаться чем либо, пристраститься

Әуесқой - любитель

Ермек - хобби

-Осы сөздердің арасында қандай түбірлі сөздер бар?

Әуес, әуестік, әуестену, әуесқой

Осы сөздермен сөз тіркесін жасап, дәптерлеріңе жазыңдар.


Үлгі: Айгүлдің сүйікті ісі - ән салу,

Қайраттың сүйікті ісі -....................... .

Әселдің сүйікті ісі- ............................. .

1. Менің сүйікті ісі - сурет салу, теннис ойнау, би билеу

2. Сурет салу өте жақсы, қызық, қиын

3. Арман дойбыны, теннистті жақсы көреді

4. Олжас шахматты сенбіде, демалыста, жексенбіде ойнайды

5. Жандос шашканы досымен, ағасымен ойнайды

6. Әсемнің сүйікті ісі - ән салу, домбыра тарту, коньки тебу

7. Айдос белгілі суретші болғысы келеді, биші

Ү. Оқылым.

1. Берілген мәтінді түсініп оқыңдар.

А) Мәтінді іштей оқыңдар,

Ә) Кезек - кезек дауыстап оқыңдар


Менің сүйікті істерім

Жастайымнан ән айтуды, билеуді жақсы көремін. Қазір уақытта мен мектепте жұмыс істеймін. Музыкадан сабақ беремін. Мен сағат 6,30 тұрамын. Жүгіремін, таңғы ас ішемін. Жұмыс сағат сегізде басталады. Кешке жұмысқа дайындаламын. Домбырада ойнаймын. ойнаймын, ән айтамын. Қолым бос кезінде Медеуде коньки тебуді ұнатамын. Демалыс уақытында достарыммен концерттерге,киноға барамын.

б) Берілген мәтінге бірнеше сұрақ құрастырыңдар.

в) Мәтін негізінде берілген сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтау


сөйлемдер

дұрыс

бұрыс

(дұрыс емес)

1. Мақпал ән айтқанды өте жақы көреді.

+


2.Мақпал мектепте қазақ тілінен сабақ береді.


+

3. Мақпал таңертең жаттығу жасайды.

+


4. Ол кешке пианинода ойнамайды.


+

5. Мақпал коньки тебе алады.


+

6. Мақпал анда-санда дүкен аралайды.

+



ҮІ. Жазылым

1.Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, өткен шақ, келер шақ есімше жасап жазыңдар, олармен бірнеше сөйлем құрастырыңдар.

Мысалы: жақсы көремін, жұмыс істеймін, беремін, тұрамын, жүгіремін, ішемін, басталады, дайындаламын, ойнаймын, айтамын, ұнатамын, барамын, аралаймын.

Мысалы:

Өткен шақ есімше Келер шақ есімше

Мен бұрын суда жүзуді жақсы көргенмін. Ол кешке де жұмыс істемек. Мен кітабымды досыма бермекпін.

ҮІІ. Тілдесім.

Балалар, бір-бірлеріңе сұрақ қоя отырып өздеріңнің сүйікті істерің жайлы айтыңдар, бір-бірлеріңмен сұхбаттасыңдар

Оқушылар біріне сұрақ қояды:

- Сенің сүйікті ісің қандай?

- Менің сүйікті ісім ..................................... айналысу, т.б.

- Сен немен айналысқанды ұнатасың?

ҮІІІ . Сабақты бекіту кезеңі. Шығармашылық кезең:

-Балалар, енді «Менің сүйікті ісім» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.

Оқушылар жазған шағын әңгімелерін оқиды

ІХ. Үйге тапсырма: Өздерің ұнататын сүйікті іс туралы жазып келіңдер


Қортынды:Балалар, алдарыңа қойған мақсаттарыңа жеттіңдер ме?


Х. Бағалау. Оқушылардың білімдерін бағалаймын.

.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал