7


  • Учителю
  • Қазақ тілінен сабақ жоспары Сөздіктің түрлері (7 сынып)

Қазақ тілінен сабақ жоспары Сөздіктің түрлері (7 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 7 А, Б Мерзімі: 28.09.2016

Сабақтың тақырыбы: Сөздіктердің түрлері

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың лексика туралы түсінігін кеңейту,қазақ тілінің құрамы туралы түсінік беру, меңгерту; ә) Жаңа сабақты түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту; б) Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы оқушыларды табиғатты сүюге, сөздерді дұрыс қолдана білуге, ана тілін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : түсіндіру сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,деңгейлік тапсырмалар т.б

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсатын,барысын айту.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ:

1-тапсырма.. Мәтінді түсініп оқы.

Сөздіктің түрі көп.Олардың мақсаттары мен міндеттері әр түрлі.

Орфографиялық сөздікте сөздердің дұрыс жазылуы көрсетіледі.Орфоэпиялық сөздік дұрыс айтылуын, дұрыс оқылуын үйретеді.

Түсіндірме сөздік сөздердің мағыналары мен тіліміздің байлығын ұғындырады. Екі тілді аударма сөздік басқа тілді үйретеді және оның сөздік құрамын меңгертеді.

Сөздіктер - әрбір оқушының,әрбір сауатты адамның білім алуы, дамуы күнделікті керекті құрал.

2-тапсырма. Оқушылар бір -бірінің сұрақтарына жауап береді.

3-тапсырма. Есептік сан есімдерді жазбаша түрде дәптеріңе жаз.

40,86,92,2012,192,605,120,555,3225,800.

4-тапсырма. Берілген сөздерден туынды етістік жасап, сөйлем құра.Тіс, оқы, арқа, кел.

5-тапсырма. Мәтінді мазмұндап,негізгі ойын анықта

6-тапсырма. Етістікті өткен шақ және келер шақ есімше түрінде жұптап,жекеше түрде тәуелде.

Күт, шыда,сыйла, жібер, аш, жаса.

7-тапсырма. Фразеологизмдердің мағынасын анықтау:

1. қой аузынан шөп алмас - жуас

2. ит жанды - көнбіс

3. таяқ тастам - жақын

4. көзді ашып - жұмғанша - лезде

IY. Бекіту

Оқулықта берілген сызба бойынша сөздіктердің түрлерімен,атқаратын міндеттерімен танысу.

Y. Үй тапсырмасы. Мәтінді мазмұндау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал