7


  • Учителю
  • 6 сыныпқа арналған сабақ жоспары 'Аялдамада'

6 сыныпқа арналған сабақ жоспары 'Аялдамада'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Күні:Пән: қазақ тіліСыныбы: 6 Сабақтың тақырыбы: Аялдамада. Сабақтың мақсаты:а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету; ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық
предварительный просмотр материала

Күні:

Пән: қазақ тілі

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Аялдамада.

Сабақтың мақсаты:

а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, аудару

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: аялдама жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

  • Бұл суретте не бейнеленген?

  • Біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар?

  • Бұл сурет жайында не айта аласыңдар?

1-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып, рөлге бөлініп әңгімелесіңдер.

Аялдамада

- Сәлеметсіз бе, апай!

- Сәлеметсің бе, балам!

- Балам, сенің атың кім?

- Менің атым - ... .

- Апай, ... қандай автобуспен баруға болады?

- Вокзалға ... автобустармен баруға болады.

- ... көп тосамын ба?

- Жоқ, ол автобустар жиі-жиі ... тұрады.

- Апай, сізге көп рақмет!

- Оқасы жоқ, ...!

2-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңдар. Бір сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.

Аялдама, жолаушы, қарт адам, оқиға, жүргізуші, апат.

3- тапсырма. Сөздерді дұрыс аударыңдар.

Жүргізуші безопасность

Бағдаршам транспорт

Әрекет светофор

Қауіпті пешеход

Көлік поступок

Жаяу жүргінші водитель

Аялдама введенный

Сақтау правила

Қауіпсіздік остановка

Ереже соблюдать

Енгізілген опасно


4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып жазыңдар.

Жол ...ойнауға болмайды.

А) алдында

Ә) үстінде

Б) шетінде

Ертеде көлік ретінде ... пайдаланған.

А) кемені

Ә) шаңғыны

Б) жануарларды

... автобус тосып тұрмын.

А) көшеде

Ә) үйде

Б) аялдама

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту. Арнайы көлікті шақыратын телефон нөмірлерін еске түсіру.

V. Үйге тапсырма

«Аялдамада» тақырыбында 5 сөйлемнен тұратын диалог құрастыр.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал