- Учителю
- Разработка на казахском языке 'Талаптыға нұр жауар'
Разработка на казахском языке 'Талаптыға нұр жауар'
Тақырып: Талаптыға нұр жауар
Құндылық: «білім», «өнер» құндылығы
Қасиеттер: ізденімпаздық,талапшаңдық
Мұғалiм: Н.Уразниязова
Сыныбы: 4 «а,ә,б,в»
Сабақтың мақсаты: Балалардың «білім», «өнер» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-
талаптанудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру;
-
шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-
ізденімпаздыққа тәрбиелеу;
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Тыныштық сәтi. Баяу әуен ойналады. Терең тыныс ала отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл - күй орнату.
Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады.
«Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл - күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді.
Дәйексөз.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз,өнерсіз болады ақыл тұл
Ш.Құдайбердиев
Мәтінмен жұмыс
Қанат пен Жанат
Қанат пен Жанаттың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?
Қанат домбыраны үйрену ниетіне қалай жетті?
Талапты бала қалай болады деп ойлайсыңдар?
Сергіту сәті
Өнер
Домбырам күмбірлеп (Сол қолын жанына көтеріп, домбыра тартады)
Күй шерте аламын
Бұрала би билеп, (Екі қолын кезекпен көтеріп би қимылдарын жасайды)
Суретте саламын. (Қылқалам ұстаған қимыл көрсетеді)
Ұқсатып кілемге (Ауада төртбұрыш сызады)
Кесте де тігемін (Ине ұстап тігін тіккен қимыл жасайды)
Жалықпай талай күн
Жасаймын мүсін де (Ермексаз илегенді қимылмен көрсетеді)
Қорытындылау
Сыныпты топқа бөліп талапқа байланысты мақал- мәтелдер айтқызып мағынасын ашуға тырыстыру.
Үйге тапсырма: «Талап» сөзіне сөзжұмбақ жасап келу