7


  • Учителю
  • Ыбырай Алтынсарин 'Дүние қалай етсең табылады?' 5 - Сынып

Ыбырай Алтынсарин 'Дүние қалай етсең табылады?' 5 - Сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тапсырмалар арқылы Ыбырай Алтынсаринның «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесі туралы меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен ізденісін қалыптастырып, тез ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелілік: Оқушыларды ізденімпаздылыққа, шапшаңдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Жаңа сабақ бекіту

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, мәтінмен жұмыс

Көрнекілігі: топшамалар

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі:

- Оқушылармен амандасу;

- Оқушыларды түгендеу;

- Жаңа сабаққа дайындық:


Психологиялық дайындық:

«Сендер білесіңдер, бірақ білмейсіңдер!»

Оқушылар шеңберге тұрып, кезекпен «сендер білесіңдер менің осы сыныптп оқитынымды, бірақ білмейсіңдер билейтінімді.», т.с.с. басқалар білмейтін жағдайларды айтады.


II. Үй тапсырмасын тексеру:

Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығы, «Өзен» өлеңін жатқа оқып, мәнерлеп оқу.

III. Өткен материалды бекіту:

  1. Оқушылар біз кім туралы білдік?

  2. Біз Ыбырайдың қандай өлеңімен таныстық?

  3. Осы өлеңнің негізгі идеясы қандай екен?


IV. Өткенмен жаңа материалды байланыстыру.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысында ....... келген.


V. Жаңа сабақ

«Дүние қалай етсең табылады?»

Француз жұртының бір білімді адамы жазады:

-1791 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүргенде жігіт күнімде, әр жеті күн сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып қайтып тұрушы едім. Сонда әрдайым жолымда Антон деген тіленші отырып, қайыр сұрап алып жүруші едім. Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жөніміз бір болған соң бірге келе жатқанымызда әдетше манағы Антон алдымыздан шығып, қайыр сұрады. Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты:

Сен қарауға еп есті кісі көрінесің және жұмыс істеуге де қуатың да бар сияқты көрінеді, сөйтіп тұрып мұндай жаман іспен өзіңді кемшілікке салып жүрсің. Бай болғың келсе, мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ тіленшілік қылғаным жоқ. Ел ішінен шүберек сұрап жиып жүрдім. Ол шүберектерді алып, қағаз шығаратын фабриктерге сатып,соныменен азды көпті ақша болған соң бір есек, бір арба алдым. арбамен жүріп сауда ете бастадым.


Сөзмаржан

Өксіген - шөлдеген мағынасында.

Қынарда - жағасында, маңында.

Жай - орын, қоныс.

Жанабында - жаныңда, маңында.

Франк - Француз ақшасы


Венн диаграммасы:

Екеуі де адам бойына дарыған мінез- құлық болып табылады.


Еңбекқор


Жалқау

Әңгіме бойынша қалып қойған сөздерді тап.


1.Француз жұртының бір білімді

2 . ,қайыр сұрап алып жүруші еді.

3.Қасымдағы кісі тоқтап, тұрды да

4.Сонда ойыма түсіп,

5. Ел ішінен сұрап жиып жүрдім.

6. Сен қарауға еп есті кісі көрінесің көрінеді.

7. Ол шүберектерді алып, сатады.

8. деген үлкен школда оқып жүргенде жігіт күнімде.

9. , мен саған ақыл айтайын.

10. Версаль қаласындағы қайтып тұрушы едім.




VI.Үйге тапсырма:

«Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін оқып келіп, түсінгенін айту.

«Еңбекпенен тапқан нан» тақырыбында шағын шығарма жазу.


Бағалау Бағалау парақтары бойынша жауап береді.

Қорытынды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал