7


  • Учителю
  • Адам еңбекпен шыңдалады өзін өзі тану пәні бойынша (5 сынып)

Адам еңбекпен шыңдалады өзін өзі тану пәні бойынша (5 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектеп: №2 орта мектеп КММ

Мұғалім: Сыздыкова Б.Б. Мерзімі: 23.11.15.

Сынып: 5 «Ә» Оқушылар саны: 14

Тақырып: Адам еңбекпен шыңдалады Сабақ № 19

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: еңбекті бағалай білу, үлкенді сыйлау, елге абыройлы қызмет ету.



Сабақ мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығын негізге ала отырып, еңбектің керектігі туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін ұғындыру;

Міндеттері:

  1. Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру;

  2. Оқушылардың еңбекті бағалай білу, үлкенді сыйлау қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

  3. Еліне, халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу;

Ресурстар:(АКТ, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,оқулық, дәптер,ватман,маркер,

сөздер жазылған қима қағаздар,суреттер,желім, қайшы)





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»



</

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, 39 сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.

Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, институтқа қарай аяңдаймыз. 39 сыныпқа келіп өз орнымызға отырайық.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.

- Тыныштық сәтінен алған әсерлеріңіз қандай?

Сабақ барысын талдау:

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Ер балалар мен қыз балалар арасындағы достық » тақырыбында жазылған шығарманы оқу. (1-3 оқушы)



3. Дәйексөз.

Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді.

Л.Н.Толстой.

3.1. Дәйексөзді оқу

3.2. Дәйексөздің мәнін ашу

- Дәйек сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

- «Еңбексүйгіш», деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

- Қандай адамды еңбекқор дейміз?

- Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?

3.3. Дәйексөзді есте сақтай отырып дәптерге жазу

Қортынды: Табандылықпен еңбек ету адамның өмірін көркейтеді және адамның өзіне, өзгелерге қуаныш, бақыт әкеледі.





  1. Әңгімелеу/Мұғалім сыйлығы.



Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі

Бір адам баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп баласына айтады:

- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деді.

Бала әкесіне:

- Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір - бірлеп алып жеп, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма - жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие сонымен әр жерде әкесінің қолынан түскен шиені оншақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтады:

- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең - көптен де құр боласың, - деді.



Сұрақтар:

4.1. Әкесі баласына «аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең - көптен де құр боласың» дегенді қалай түсінесіңдер?

4.2. Әкесінің істеген іс-әрекетін қалай бағалайсың?

4.3. Үлкенді сыйлау қасиетін қай жерден байқадыңдар?

4.4. Еңбекқор бала болу үшін не істеу керек?

4.5. Сен баланың орнында болсаң не істер едің?





  1. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

5.1. Топқа бөлу. Үш түрлі кәмпиттерді дорбаға салып, тарату арқылы үш топқа бөлу.

1-топ. - Өлең шығару. «Дұрыс әрекет жасайық!» (қасиеттерді пайдалану, 1 шумақ өлең жазу)

2-топ. - Коллаж жасау.«Еңбек адамға қуаныш, бақыт әкеледі» ( сызба, сурет, т.б. теңеу).

3-топ. - Сурет салу. «Еңбектің жемісі»

5.2. Тапсырманы қорғау. Топтардың жұмыстарын талдау.

5.3. Тапсырманы қорытындылау.

















  1. Топпен ән айту. Ата - ананы тыңдаймыз.

Сөзі мен әнін жазған:Б.Бейсенова

1.Айтқан таңда тыңдаймыз

Әке мен ананың

Еңбек етіп шыңдаймыз

Білім мен сананы

Қайырмасы

Біз бақытты баламыз

Айтқан тілді аламыз

Аман болсын әке мен анамыз. 2 рет



2.Мейірім мен шапағат

Анашымнан тарайды

Әділдік пен парасат

Әкешімнен арайлы

Қайырмасы

Біз бақытты баламыз

Айтқан тілді аламыз

Аман болсын әке мен анамы . 2 рет



3.Ата анамның айтқанын

Жадымызда сақтаймыз

Жарқыратып әр таңын

Сенімдерін ақтаймыз

Қайырмасы

Біз бақытты баламыз

Айтқан тілді аламыз

Аман болсын әке мен анамыз. 2 рет

Сұрақ: Өлеңде қандай қасиеттер мен құндылықтар туралы айтылған?

Қорытынды: Үлендерді сыйлай білген адамның жүрегі мейірімге толы, сүйіспеншілігі мол болады және ерінбей еңбек ету адамның мақсатына жетуіне көмектеседі. Сондықтан балалар дұрыс әрекет жасап, ақиқатты тани жүрейік.















7.Үй тапсырмасы

7.1. Сабақ №19,67 беттегі сұрақтарға жауап беру.

7.2 Сабақ №20, 69 бет оқып келу.











8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті





Енді,бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай әсер алдық, осының барлығын жүрегімізде сақтап, көкейімізге түйіп алайық. Бүгінгі сабақта жақсы болудың бір қыры-еңбексүйгіштіктен,сыйластықтан, елге абыройлы қызмет ету болудан екенін айта отырып, адам еңбек арқылы тәрбие алады, өзін де, өзгені де еңбек арқылы таниды.

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей- деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Сабаққа жақсы қатысқандарыңа рахмет!



























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал