7


  • Учителю
  • Сабақ тақырыбы: Бұйрықты сөйлем

Сабақ тақырыбы: Бұйрықты сөйлем

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақмола облысы

Қоянды ауылы

Қоянды орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Кенжетай Бердігүл

Сыныбы:8

Пәні:қазақ тілі

Сабақ тақырыбы: Бұйрықты сөйлем

Сабақ мақсаты: а) Оқушылардың сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерінен алған білімдерін пысықтау

б) алынған сөйлемдер арқылы оқушыларды туған елінің табиғатын сүюге тәрбиелеу

ә) оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: тест, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:дидактикалық материалдар, табиғат көріністері бейнеленген түрлі-түсті суреттер, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу

ә) Үй тапсырмасын сұрау

1) Үйге берілген жаттығу жұмыстары бойынша талау жұмыстарын тексеру.

Жаңа сабақ. а) Сабақ мақсатымен таныстыру,ә) кестеде топтастыру б) мағынаны тану в)ой қозғау г) Қорытынды д) үйге тапсырма е) Бағалау

Кестеде топтастыру

бұйрықты сөйлем туралы түсінік.

Мысалдар


1

Біреуге бұйыру, не бірдеңені талап ету мақсатында айтылатын сөйлем.


2

Іске қосуды, кеңес беруді, жалынуды, тілек, өтінішті білдіреді.


3

Бұйрық мәнін беретін дауыс ырғағы. (интонация)


4

Баяндауыш тұлғалар


5

Етістіктің бұйрық райының ІІ жақ жекеше,көпше түрі мен ІІІ жақ түрі.

Дұшпанға тастай қатты бол, досыңа балдай тәтті бол.

Жылай жырлай өлгенде, арттағыға сөз қалсын.

6.

Бұйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.


7

Хабарлы сөйлемге жуық интонациямен


8

Лептік интонациямен айтылады


ІІІ. Кубизм: 28,29,30-жаттығуларды берілген шарттары бойынша орында.

ІҮ. Деңгейлік тапсырмалар. І деңгей

Мына сөйлемдерді оқып, айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түріне ажырат, тиісті тыныс белгілерін қой.

  1. Жадырап, жапырағынжайып жаз да келді.

  2. неткен ғажап көріністер. Тау бауырынан жылжып аққан бұлақ суы қандай тұп-тұнық.

  3. Түкті кілем жайғандай кең жазира даланы көргендерің бар ма.


ІІ деңгей. Тест тапсырмалары.

  1. Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді?

а) беске ә) үшке б) төртке

2. хабарлы сөйлемнің аяғына қандай тыныс белгісі қойылады?

а) сұрақ белгісі ә) үтір б) нүкте в) леп белгісі

3. Сұраулы сөйлемнің аяғына қандай тыныс белгісі қойылады?

а) нүкте ә) сұрақ белгісі б) сызықша в) жақша

4. Леп белгісі қандай сөйлемге қойылады.

а) құрмалас ә) хабарлы б) сұраулы в) лепті

5. Мына сөйлемдерден кейін қандай тыныс белгісі қойылады?

1.Шіркін, Көкшенің тынық түні сені кім сүймес.

а) нүкте ә) сұрақ белгісі б) сызықша в) жақша

2. Арайлап атқан таңның шуағын шашқан күннің бейнесін кім көрді

а) леп белгісі ә) сұрақ белгісі б) сызықша в) нүкте

3. Жол бойындағы бұталар анда-санда сілкініп, жапырақтары суыл тартып, назданады.

а) сұрақ белгісі ә) тырнақша б) леп белгісі в) нүкте


Үйге тапсырма: Бұйрықты сөйлем.

2. 44-беттегі пысықтау сұрақтарына жауап бер.

3. Қосымша мәліметті түсініп оқыңдар.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал