- Учителю
- Разработка урока по предмету Сауат ашу для 1 класса
Разработка урока по предмету Сауат ашу для 1 класса
27.04.2016 1 - сынып «Ә» Саяхимова О.К.
Пәні :Сауат ашу
Тақырыбы:Қ.Тоқмырзин «Малта»
Сабақтың мақсаты: Заттың атын білдіретін сөздерге, дұрыс сұрақ
қоя білуге үйрету. Қазақтың ұлттық тағамдары туралы түсініктерін
кеңейту. Түрлі тапсырмалар бере отырып, терең және тиянақты білім
беру.
Шығармашылық жұмысын қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды адамгершілікке, бірлікке, достыққа,
ұжымшыл болуға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін
арттыру.
Әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Ал, қанекей, балалар,
Бері қарай қарайық.
Қажет - құрал, кітапты,
Алдымызға алайық.
Алаңдамай басқаға,
Сабаққа назар салайық
Топқа бөлу,топ басшысын сайлау.Топ ережесімен таныстыру.
2.Үй тапсырмасын қайталау .
Ыбырай өлеңін мәнерлеп оқу.
Бұл мәлімет шындық па,жалған ба? «иә», «жоқ» жауаптары арқылы
1.Ыбырай- тұңғыш ұстаз.
2.Заттың атын білдіретін сөз қандай ?- деген сұраққа жауап береді.
3. Ыбырай балаларды оқуға шақырды.
4.Сынып деген сөз кім? деген сұраққа жауап береді.
5.Кел ,балалар, оқылық! Ыбырай атамыздың өлеңі.
I.Қызығушылықты ояту
-Балалар, сендер қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер?
2.Топпен жұмыс - буындардан сөз құрау.
Құрт. ( Құрт туралы не білесіңдер? Ол қалай жасалады?)
Құрт туралы мағлумат беру. «Құрт» сөзі- «құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді.Құрт- құнарлы,адамға тоқтық беретін тағам.Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік. қайнатып, кептіріп алынған құрт жыл бойына, кейде екі-үш жылға дейін сақтала береді.. Сондай-ақ «кепкен құртты мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады» дейді дәрігерлер.Құрттың жасалу жолына қарай бірнеше түрлері болады.
Құрттың түрлері:
1) Жас құрт
2) Көбік құрт
3) Ыстық құрт
4) Сықпа құрт, немесе сүзбе құрт
5) Малта құрт
6) Езген құрт
7) Ақ малта
8)Ұнтақ құрт
9) Ақ құрт
10) Қара құрт
3. Жаңа сабақ
Бейнефильм тамашалайды « Құрт және оның пайдасы »
Мағынаны тану
Автор туралы мәлімет беру - Қ.Тоқмырзин(слайдтың көмегімен).
Топпен жұмыс.( топтарға бетшелер таратылады)
І топ - 1 үзінді
ІІ топ - 2 үзінді
ІІІ топ - 3 үзінді
Үзінділерді әр топ іштей оқып шығады.
1.Малта - езілген құрттың ұсақ түйіршіктері. Ол әрі жұмсақ, әрі дәмді ас саналады. Ұзақ сапарларда, ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі тамақ яғни қорек болып саналады. Батырлар елді, жерді қорғап аттан түспей жүрген кездерде малтаны ауыздарына салып талғажау еткен. Адам аштыққа бір айға дейін шыдауы мүмкін ал шөлге бір жетіге де шыдай алмайды. Егер де ұзақ жолға шығатын адам алдын ала сақтық шарасымен әлдеқалай болып қалар деген оймен қалтасына бес - алты түйір малта құрт салып алса еш алаңдамауға болады.Себебі малта құрттың адамды шөлден құтқарар ерекше қасиеті бар.
2. Құрттың осы қасиетіне байланысты бір мысал айтып берейін:
«Ұлы Отан соғысының ардагері,қарт майдангер Қанат ата малта туралы бір хикая шерткен екен. Соғыс алдындағы қырғын шайқаста,қатарымыз селдіреп, біздің взвод қорғаныс шебін тастап, шегінуге мәжбүр болды. Күші басым жау әскерінің танктері екі қанаттан орап, ту сыртымызға өтіп кеткен. Тірі қалған бес жауынгер сай-жыраны сағалап, жаудың тылында қалып қойдық. Аштық пен шөл бірдей қысқанда жүк қапшығымды ақтарып отырып, бес-алты құрт тауып алдым. Майданға келгеніме сегіз ай болса да,<<елдің дәмі ғой>>,-деп ырымдап, жемей жүргенмін. Сенсеңіз,балам,сол тығылған жерімізде төрт күн,төрт түн тырп етпей жаттық. Өйткені мидай жазық далада жаудың көзіне түсіп қалудан қорықтық. Шынымды айтсам, ол уақытта тұтқын болғаннан гөрі, өлгенді артық санайтынбыз. <<Пленде болыпты>>деген қаңқу ілінген қызыл әскерге елдің бәрі сенімсіздікпен қарайды. Бесінші күні таң ата біздің бөлім қарсы шабуылға шығып, қару-жарағымызбен өз бөлімімізге қосылдық. Жанымызды сақтаған бес-алты құрт болды дегенге бөлімнің қызметкерін әрең иландырдық. Абырой болғанда дорба түбінде бір уыс құрт болыпты. Куәлікке соны тарттық. - Е,балам,сөйтіп жанымыз бен арымызды қазақтың құрты сақтап қалған еді»,-дейді.
3.Тағамтанушы: Әбдімәлік Айымбетов:
- Кеңес уақытында бір рет қазақтың құрты ғарышқа ұшып бара жатқан
ғарышкерлерге берілген. Кейін қайта оралған ғарышкерлер құртқа
деген таңданыстарын жасырмаған.
Топ спикерлері өз ойларымен бөліседі
6. Кітаппен жұмыс.
-Іліп алып оқу /3-4 оқушы/
7.Ой толғаныс сатысы. «Әдебиет үйірмесі» (оқушыларды 3 топқа бөліп,
сұрақтар қойылады)
1. топ Зерттеуші: Малта қалай жасалады?
2.топ Сөз тапқыш: Мәтін мазмұнына байланысты мақал - мәтел айтып,
дәлелде.
3.топ Тв шоу : Мәтінге қатысты сұрақтар дайында.
Қорытынды
- Бүгінгі сабақта не өттік?
-Малта туралы өту мақсатымыз не?
-Қазақтың ұлттық тағамы құрттың бүгінгі таңда маңызы бар ма? Неге?
Құрт пайдалы,тойымды,қарттарға қуат,балаларға қуаныш.
13.Балаларға, қонақтарға құрт тарату.
Сабақ аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға көп РАХМЕТ»
Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазу.
Бағалау - смайликтер арқылы