- Учителю
 - 7 сынып қазақ тілі сабағы 'Қолқанат' Сын есімді қайталау
 
7 сынып қазақ тілі сабағы 'Қолқанат' Сын есімді қайталау
Сабақтың тақырыбы: «Қолғабыс»
 Сабақтың мақсаты:
 Білімділік: Оқушыларға М. Төрежанов және қазақ халқының салт - дәстүрлері жайлы мағлұмат беру. «Қолғабыс» мәтінін түсіндіру, тәрбиелік мәнін ұғындыру.
 Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
 Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
 Көрнекілігі: оқулық
 Сабақтың түрі: аралас сабақ
 Сабатың әдісі: ой шақыру, топтастыру, сұрақ - жауап, түсіндіру
 І Ұйымдастыру кезеңі
 Оқушыларды сабаққа даярлау
 ІІ Үй тапсырмасын тексеру
 «4 тапсырма сурет бойынша әңгіме құрастыру» 
ІІІ Білімді жан - жақты тексеру
 «ІV Жаңа білімді сапалы және белсенді игеруге даярлау игеруге даярлау
 Ребус шешу «Қолғабыс»
 Қолғабыс деген сөзді қалай түсінеміз?
 «Топтастыру»
 М. Төрежанов - балалар әдебиетінің жазушысы. 
1 - тапсырма: мәтінді оқып, түсінгенін айту, ат қою.
2 - тапсырма: Мәтінді оқып, рөлдік ойын жүргізуге болады.
Қатысушылар: автор - бірінші оқушы, атасы - екінші оқушы, Арғын - үшінші оқушы.
Тапсырма: оқушылардан образға еніп оқу талап етіледі. Қалған оқушылар түсінгендерін айтқызу.
Жазылым:
3- тапсырма «Қолғабыс» мәтініндегі қарамен жазылған сөздерді теріп, тәуелдік жалғауын белгілеңдер. Үлгі: Атасы - сы -( Т ж 3 жағы)
5 - тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқытып, сұрақтарға жауап беру.
 V Жаңа білімді меңгерту.
 VI Алған білімдерін тиянақтау
 А) Әңгімені оқушыларға оқыту. Рөлге бөліп оқыту
 Мазмұнын ашатын сұрақтар
 - Арғынның атасының көңілді болу себебі неде?
 Арғын атасына қандай өтініш айтты?
 Арғын қандай қолғабыс көрсетті?
 *Әңгімедеге мақалды тауып қой
 
 VII Қорытынды
 «Шөп шабу» ойыны
 Арғын атасына қандай көмек көрсетті?
 Ендеше біз де шөп жинап көрейік
 Сұрақтарға жауап алу
 - Әңгімеде халықтың қандай дәстүрі сөз етілген?
 - Бидайық деген не?
 - Бала тәрбиесіне байланысты халықтың қандай дәстүрлерін білесіңдер
 - Әңгіменің авторы кім?
 - Арғын қандай қолғабыс тигізді?
 VІІІҮйге тапсырма
 Мәтінді мазмұндау.
 ІX Бағалау
 Мақтау, мадақтау арқылы оқушыларды бағалау