7


  • Учителю
  • Морфологиядан өткенді қайталау. 5-сынып

Морфологиядан өткенді қайталау. 5-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

6-класс Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Морфологиядан өткенді қайталау



Сабақтың мақсаты: Морфология тарауынан алған теориялық білімдерін жүйелеу

Сабақтың міндеттері:

Білімдік: Оқушылардың сөздің түрлері, сөз таптары бойынша алған теориялық білімдерін жүйелеу, бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.

Тәрбиелік: Адамгершілік ізгі қасиеттерге, отаншылдыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту технологиясы: Сатылай кешенді талдау.

Оқытудың әдіс-тәсілдері: Көрнекілік арқылы қайталау, сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау, логикалық тапсырма, cәйкестендіру тесті

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Морфологияға арналған сызба

Пәнаралық байланыс - Әдебиет, психология



Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Кіріспе бөлім.

а) Абай Құнанбаевтың жетінші қарасөзін тыңдату (аудиотрэк).

Мұғалімнің сөзі (сабақ мақсатымен таныстыру): Міне, балалар, ұлы Абай атамыз сіз бен біздің алдымызға адамдықтың тура жолын көрсетіп берді. Осы жолдан таймай отырған кімде-кім бұл өмірде өз орнын таба алары анық. Білсем екен деген жан құмарлығы арқасында сендер дәл бүгінге дейін 6-кластың қазақ тілі курсынан көп нәрсені біліп, үйрендіңдер. Ендеше төмендегідей жоспар бойынша жұмыс жасап, морфология бойынша алған білімдерімізді жинақтайық.

ә) Жұмыс жоспары:

1. Қайтала, ойла, пайымда (сызбамен жұмыс)

2. Тұнықтан қанып іш... (Абайдың қарасөздеріне СКТ жасау)

3. Түйткілдің түйінін шеш (Сәйкестендіру тесті)

4. Сандар сиқырын аш (бекіту)



ІІІ. Негізгі бөлім.

1) «Морфология» сызбасымен жұмыс (флипчарт)

МОРФОЛОГИЯ

СӨЗДІҢ ТҮРЛЕРІ

Сөз таптары...

Сұрақтары...

Түрлері...

Құрамы...

Тұлғасы...

Атауыш сөздер...

одағай сөздер

көмекші сөздер



2) Морфологиялық талдау жасау.

Отыз сегізінші сөз

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшінші - залымдық деп білесің.



3) Сөздің құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау жасау.

Отыз бірінші сөз

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.



4) Берілген сөздегі дыбыстарға математикалық жолмен мінездеме беру

Он тоғызыншы сөз

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.

5) Сәйкестендіру тестін орындату.



ІV. Қорытынды бөлім

1) Бекіту. «Сандар сиқырын аш». Қазақ тіліндегі 2, 3, 4 және 7 сандарына байланысты ұғымдарды атаңдар. Мысалы, 2 - жалқы және жалпы есім; жұрнақ және жалғау; салт және сабақты етістік; т.б.

2) Сабақты қорытындылау (жоспар бойынша жасалған жұмыстарды қорытындылау). - Екі көз не үшін керек?

- Жақсыларды көру үшін.

- Екі қолың не үшін керек?

- Елге көмек беру үшін керек.

- Құлақ деген не үшін керек?

- Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

- Тіл мен жағың не үшін керек?

- Ақиқатты айту үшін.

- Ал аяғың ше?

- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.

- Ал білім не үшін қажет?

- Иә, туған жерге жету үшін екі аяғың қандай қажет болса, атаның емес, адамның баласы болып қалу үшін білімді болу керек. Жүйелі ойлау мен ой-өріс кеңістігінің кеңеюіне морфология тарауының қосар үлесі мол.



3) Үйге тапсырма. Бүгінгі сабақ бойынша алған мәліметтеріңді тағы да бір рет ой елегінен өткізіп, екшеп, ережелерді қайталаңдар. «Осы қайталау маған не үшін керек?» деген сұраққа ойланып келіңдер. «Наурыз - көгілдір көктем белгісі» деген тақырыпқа әңгіме жазыңдар.

4) Оқушыларды бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал