- Учителю
- ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫ ОТАНДЫҚ ӨНІМ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫ ОТАНДЫҚ ӨНІМ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫ ОТАНДЫҚ ӨНІМ
Қазіргі таңда қолданыстағы темір жол бірден пайда болған жоқ. Оны құрайтын үш элемент, яғни темір жол, жылжымалы құрам және қозғалтқыштардың әр қайсысы өзінің даму кезеңдерінен өтті. Сөйтіп олар бір салада тоғысты. Темір жол XV-XVI ғ. - өзінде шахталар мен рудниктерде кенмен толтырылған арбаларды тасымалдау үшін қолданылған болатын. Бірақ ол кездегі жол ағаш брустар мен жол табанынан тұрды. XVIII ғ. ортасында ағаш табандар Англияның таскөмір шығаратын кен орындарында біртіндеп желтіле бастаған темір рельстерге айналды. Сонымен қатар осы рельстермен қозғалатын вагондар мен арбаларға арнайы дөңгелектер ойлап табылды. Соның нәтижесінде IX ғ.басында трамвай желісін орнатуға мүмкіндік ашылды. Атарбалы трамвай желісін ұйымдастыру 1801 жылы Англияда тауар және көмір тасымалын Темзадан Лондонның оңтүстік бөліктеріне жеткізу үшін ұсынылған болатын. Ал одан кейін 1825 жылы Англияда осы трамвай желісін салуға 29 концессия бөлінді; оның көп бөлігі кеніштерде өткізілді. Осы аралықта бу двигательдері тез дами бастады. Енді қазіргі темір жолға қол жеткізу үшін тек осы қозғалтқыштарды темір жолдың қалған екі бөлігімен қосу ғана қалды. Осынау маңызды жұмысты әйгілі Стефенсон іске асырды.
Паровозды темір жолдың мүмкіндіктері өте көп болды - олар бір бағытта бірнеше млн. тонна жүкті жылдың кез келген уақытында қиыншылықсыз жеткізуге мүмкіндік берді.
Темір жол желісі IX ғ. басы мен XX ғасырда әскери бағытта пайдаланып тез дамыды. Көп елдерде темір жол салуға мемілекеттен түрлі көмек көрсетілді.
Екінші дүние жүзілік соғысқа дейін темір жолда бу қозғалтқыштары пайдаланылды, ал соғыстан кейін көп елдерде электрлі және жылуқозғалтқыштары кеңінен қолданылды.
Бүгінгі таңда темір жол-еліміздің барлық аймақтарын біріктіретін, техникалық және интелектуалдық потенциялы бар алып көлік кешені. Ол еліміздің символы және экономикамыздың тірегі. Бір жарым ғасырдан бері темір жол көлігі жолаушы және жүк тасымалында тұрақты әрі сенімді қызмет көрсетуде. Жәнеде ең алғашқы кәсіптік мейрам болып осыдан 110 жылдан астам уақыт бұрын енгізілген темір жолшылар күні болуы бекерден бекер емес. Егер еліміздің картасына көз салсақ Қазақстанның барлық аймақтарын темір жол тармақтары қамтып жатқанын көреміз. Қазақстандағы жолаушылар тасымалының 94%-ы осы көлік түрімен жүзеге асады.
Өмір ырғағы өсіп жатыр соған байланысты біз- де аса бағалы уақытты үнемдеу үшін ең қысқа жолдарды, ең қауіпсіз көлік түрін жәнеде жүрдек пойыздарды таңдаймыз. Бірақ теміржолдардың тозуына байланысты көптеген жүк және жолаушы тасымалымен айналысатын пойыздар рельс жолынан шығып, апатқа ұшырап та жатыр. Мысалы өткен жылдың сәуір айында рельстен тайған Алматы- Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы, ал мамыр айында Черноводск- Бадам станциялары аралығында жүк тиелген құрам апатқа ұшыраған болатын. Мамандардың айтуы бойынша тасымалдың қауіпсіздігі теміржол төсемі мен рельстердің сапасына тікелей байланысты. Кез келген аумағы үлкен мемлекеттерде индустрияланудың жаңа бағытына көшуі теміржол кұрылысынсыз жүзеге аспаушы еді. Еуропа елдерінде, АҚШ-та, Жапонияда, Қытай және Аустралияда жүрдек пойыздар белсенді қолданысқа ие. Олар сағатына 350 км қашықтықты бағындыра алады екен.
Қазақстанда да жүрдек пойыздар қозғалатын бағыттар күн өткен сайын артып келеді. Тек жаз айларының өзінде 289 мың жолаушы, осы жүрдек пойыздармен тасымалданған. Бірақ дамыған елдермен салыстырғанда біздің пойыздардың жылдамдығы бірнеше есе артта қалады. Жылдамдықтың келесі режиміне ауысу, тек жаңа заманға сай рельстерді пайдаланумен жүзеге асырыла алады.
Рельстерді адамзат баласы XVI ғасырдан бері
пайдаланып келеді. Ол кезде рельстер кен тиелген арбаларды оңай
қозғалту үшін қолданды, бірақ темір жол түгелдей ағаштан болатын.
Уақыт өте келе олардың орнына нәзік те сапасы төмен шойын рельстер
қолданысқа енді. Кейіннен техникалық өрлеу өз орнын таба келе-
шойын орнына темір, содан соң төзімділігі жоғары берік болат
рельстер қолданылып келеді.
Келесі кезеңде термоөңдеуден өткен ұзын рельстерді атауға болады.
Ал дәл осы рельстер «Ақтөбе рельс балкалық заводында» шығарылады.
Өндіріс 2015 жылдың ортасынан бастап жұмыс жасауда. Завод ұзындығы
120 метр болатын шыңдалған дайын прокаттарды шығарады. Жұмыс барысы
толық бақыланып, тиянақты тексеруден өткізіледі. Заводта орнатылған
"Simens VAI" құрылғысы мінсіз технологияның қайталанбас бөлігі
болып табылады. Өндірстің әр кезеңі қатаң бақыланады және де
өндіріске қатысты барлық ақпарат құпия түрде сақталып сыртқа
шығарылмайды. Осы кезге дейін жүрдек пойызға арналған рельстердің
бұл түрі Ресейден, Украинадан, басқа да еуропа елдерінен
импортталып келді. Қазіргі таңда АРБЗ-мен «Қазақстан Темір Жолы» АҚ
арасында он жылдық келісім шарт жүзеге асырылған. Зауыт қуаты-
жылына 230 мың тонна орта пішінді прокат және 200 мың тонна темір
жол рельстерін жасап шығарады. Зауыт Қазақстанның осы саласындағы
қажеттілігін толығымен қамтып отыр. АРБЗ үлкен кәсіптік потенциялға
ие. Бүгінде Өзбекстанмен, Тәжікстанмен, Түркіменстанмен және
Белоруссиямен арадағы келісім шарттар талқылануда.
Рельстерді дайындау бірнеше кезеңнен тұратын күрделі процесс. Алдымен бұйым қыздырғыш пешке, кейін индукциялық қыздыруға, артынан адымдық балкалармен тоңазытқышқа жөнелтіледі. Содан соң зертханалық тәжірибелерге сынамалар алынады. Осыдан кейін дайын бұйым қолданысқа жіберіледі. Тағы бір айта кетерлік жәйт, жоғарыда айтып өткен пештің құрылысы үшін өлшемі 9 метр 30 сантиметр,блюмді тазарту үшін 14 метр котлован қазылған болатын. АРБЗ ұзын рельс прокатын шығаратын әлем бойынша үшінші зауыт болып табылады. Ұзартылған рельстердің артықшылығы дәнекерленген бөліктердің азайуымен ерекшеленеді. Осының арқасында қауіпсіздік пен пойыз жылдамдығы арта түседі, рельстердің жалпы тозуы кемиді. Болатты шынықтыру барысы принципиалды ерекшеленеді. Бұл Қытайда сыналған ең жаңа технология. Теориялық тұрғыда бұл жүйе ең үнемді болып саналады, себебі шынығу тәртібі ингредиендтер қатынасына қарай өзгеріп отырады. Зауыттың қазіргі таңдағы сапа категорияларын ескеруге толық мүмкіндігі бар. Олар бұл жүйені 24 метрге ұзартты.
Елбасының халыққа арнаған жолдауындағы - «Мүмкіншілігіңізге қарай өмір сүр» деген нақыл сөзді бюджет саласының моделі ретінде ұсынған Елбасы үнемдеу мәселесі басты бағдар болу керек екенің отандық өнімді пайдаланып, оның сапасын арттырып, беделін көтерудің қажеттілігін айтты.
Ақтөбе қаласы- көптеген себептермен осы құрылысқа ең қолайлы жер ретінде таңдалды. Ең алдымен зауыттағы газпоршенді электростанция жұмысына қажетті арзан табиғи газға қол жетімді болды. Станция қуаты кең ауқымды- жылына 40мВт энергия береді. Алынған электроэнергиясының жартысы қаланың кейбір бөліктерін қамтиды. Өңір аумағынан Орта Азия мен Еуропа елдерін байланыстыратын көптеген маңызды темір жол және автомобиль магистральдары өтіп жатыр, соның арқасында Ақтөбе Батыс Қазақстандағы стратегиялық көлік торабы болып табылады. Рельс және арнайы пішінді прокаттың өндірісі - пештің іске қосылуынан дайын өнімнің шығарылуына дейінгі толық циклден өтеді.
ТОО «АРБЗ» өнімі
-
Р-65 маркадағы 120 метрлік рельс
-
Орта пішінді прокат (бұрыштар, швеллер, балкалар)
-
Көлденең қиманың негізгі өлшемдері (мм)
Р65рельсі-нің көлде- нең қимасы-ның өлшемдері
Рельс биікті-гі
Мойны-ның биіктігі
Басының ені
Табаны-
ның ені
Мойны-ның қалыңды-ғы
Табан жиегінің биіктігі
Белгіленуі
H
h
b
B
e
m
Рельс типіне қарай өлшемі
180
105
75
150
18
11,2
ТОО «АРБЗ»-ның негізгі жұмыс бағыты- ол жоғарғы жылдамдықты темір жол магистраль құрылысына рельстер шығару, сонымен қатар отандық бірлестіктерді әлемдік стандарттарға сай отандық өніммен қамтамасыз ету.
Зауыттың жобадағы мақсаты- 430 мың тонна дайын өнім, соның ішінде 200 мың тонна рельс және 230 мың тонна арнайы пішінді прокат ала отырып Қазақстан рынконың қажеттілігін толықтыру мен экспортты жүзеге асыру болып табылады.
Жоғары жылдамдықтағы магистральдарға арналған 120 метрлік жетілдірілген рельстерін шығаратын ТОО «АРБЗ»- ТМД мемлекеттерінің ішінде бірден-бір зауыт болып табылады. Рельстердің сапасы ең қатал климат жағдайларының өзінде қозғалысты ұйымдастырудағы барлық талаптарды қанағаттандырады. «Primetals Technologies Italy S.r.l ("Simens-VAI")» атаулы әлемдік прокат станы және прокатты қадағалауда Италияндық мамандар шығарылатын өнімнің жоғарғы сапалылығына толықтай кепілдік береді.
ТОО «АРБЗ» Қазақстан Республикасының экономикасына жаңа серпін берген инвестициялардың бірі.
Қарапайым экономикалық есеп:
Ақтөбе-Новокузнецк маршруты бойынша арақашықтық-2517 км;
Жобамен жолда болу уақыты-36 сағ 45 мин;
Ақтөбе-Депропетровскмаршруты бойынша арақашықтық-1970 км;
Жобамен жолда болу уақыты-28 сағ 43 мин.
Рельс Р-65 (жаңа) Новокузнецкідегі бағасы-44000 руб/т (курс 1 рубль-4,54 тенге)
Бағасы: 44000*4,54=199760 тг/т
Рельс Р-65 (жаңа) Днепропетровскідегі бағасы-13000 гр/т (курс 1 гривна-13,10тенге)
Бағасы: 13000*13,10=170300 тг/т
Ақтөбе (АРБЗ)маршруты бойынша арақашықтық- 25-30 км
Жобамен жолда болу уақыты-60-65 минБағыты
Арақашықтық, км
Уақыт
Бағасы, тенге/т
Ақтөбе-Новокузнецк(Ресей)
2517
36 сағ 45 мин
199760
Ақтөбе-Депропетровск(Украина)
1970
28 сағ 43 мин
170300
Ақтөбе (АРБЗ)
25-30
60-65 мин
****
Тиімділігі сөзсіз Ақтөбедегі баға
Баяндама соңында айтарым,қазақтың нақыл сөзі бар: «Алыстан арбалағанша-жақыннан дорбала».Дәл қазіргі дағдарыс кезінде,тиімділігін ұйғарып, отандық өнімге бет бұрып,қолдау көрсететін уақыт келді.Сөзсіз,сол кезде Қазақстан Республикасының беделі мен экономикасы көтеріледі деп нық сенемін.
Назарларыңызға рахмет!
Әдебиет
-
Тихомиров В.И., «Темір жол торабын жөндеу және күту», М., «Транспорт», 1987ж
-
Волков В.Н., Жол шаруашылығы,М., «Транспорт»,1990
-
Каменский В.Б., Жол шебері мен бригадирінің аңықтамалығы, М., «Транспорт»,2001ж
-
Темір жол торабы. Темір жол көлігіндегі білім бойынша оқу-әдістемелік.(ГОУ «УМЦ ЖДТ)Крейнис З.Л. Москва, 2000
-
Темір жолды жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Крейнис З.Л. Москва, 2001
-
Крейнис, Темір жолға техникалық қызмет көрсету және жөндеу, М., «Транспорт»,1997ж
-
Н.Назарбаев Халыққа арнаған жолдауы, 2015ж
</