- Учителю
- Маргарин майлары
Маргарин майлары
«Бекітемін»
Директордың оқу-өндірістік
Жұмыстары жөніндегі орынбасары: А.Сағынбаева
Пәні:Тауартану
Курс:ІІІ
Топ:54
Күні:27.11.2010ж
Сабақтың тақырыбы: Маргарин майлары
Сабақтың мақсаты:Оқыту:Маргарин майларының маңызын,негізін,құндылығын,адам денсаулығына әсерін меңгерту.
Дамыту:оқушылардың ой-өрісін кеңейту,жалпы тақырып бойынша білімін дамыту.
Тәрбиелік:жауапкершілікке,белсенділікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын,ассосация
Сабақтың көрнекілігі:Сызба плакаттары,кесте,карточкалар,маргарин түрлері,өсімдік майларының түрлері,жетондар.
Пәнаралық байланыс:Нарықтық экономика,сауда мекемелерінің жабдықтары
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:Оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
1.Сіз үйіңізде қандай өсімдік майын пайдаланасыз?
2.Сіздің үйіңізге қонақ келетін болды.Сіз салат жасап,бауырсақ пісіріп,балық қуыруыңыз керек.Үйіңізде май жоқ.Ақшаңыз тек бір ғана май алуға жетеді.Сіз қандай май алар едіңіз?
3.Сізге сатушы майдың сыртындағы жапсырмасы жоқ майды ұсынды.Сіз аларма едіңіз?
4.Сіз өсімдік майын аларда ең әуелі қандай белгісіне назар аударар едіңіз?
5.Тұтынушы дүкенге келіп сізден «Қайнар» майы мен «Шедевр» майының айырмашылығын сұрады.Сіздің жауабыңыз?
ІІІ.Жаңа сабақ.
Маргарин-өсімдік майларынан және оған шыжғырылған мал майын қосу арқылы жасалатын тоң майлардың қосындысы.Маргарин тамаққа салатын қатты май.Химиялық құрамы,құрылымы,жұғымдылығы,сыртқы түрі,дәмі мен иісі жағынан сары майға жақын.Маргарин жасау үшін сүтті ең алдымен пастерезациялаймыз және барлық майды мұқият тазалайды,соның нәтижесінде олар керексіз май қышқылдарынан бояу,хош иісті заттардан,қажетсіз қоспалардан арылады.Тек қана өсімдік майынан жасалатын маргариндер малдың майына қарағанда ,әсіресе орта жастағы және егде тартқан адамдар үшін ең жақсы май болып табылады.Қазіргі сауда орындарында маркалы маргариндердің бірнеше түрлері бар.
Үй жағдайларында маргариндерді әртүрлі ас дайындау мақсаттарына пайдаланады.Маргарин бөгде иістерді тез сіңіретіндіктен оны азық-түліктен бөлек сақтау керек.
Маргарин түрлері
Құндылығы
(100гр)
Түсі
Сақтау мерзімі
Майлылығы (200гр)
Өндірілген жері
Хозяюшка
540Ккал
Ақ
-20С-10С-8ай.
+1С+6С-5ай
+7С+15С-2ай
60гр
«Нижегород май өнімдері комбинаты»
ААҚ Ресей
3 желание шоколадты
644Ккал
сұры
-9С-0С-3ай
+5С-45 күн
+5С+10С-35күн
+10С+15С-25күн
60гр
«Евразин Фудс»
АҚ ҚР
3 желание
пампушка
697 Ккал
сарғыш
-20С-10С-8ай
-9С-0С-6ай
0С-+4С-4ай
+5С+10С-40күн
55гр
«Евразин Фудс»
АҚ ҚР
Жар печка
540 Ккал
ақ
-20С-10С-8ай
+1С+6С-5ай
+7С+15С-2ай
60гр
су
эмульгатор лимон қышқылы
Маргарин
сүт ваниль
қант
тұз өсімдік майы
ақуыз
ІV.Жаңа сабақты бекіту: «Халық таңдауы» бағдарламасы
Тақырыбы:Маргарин майлары
Халық назарына ұсынылатын маргариндер:Хозяюшка,3 желание (шоколадты), 3желание (пампушка), жар печка
Қойылатын талаптар:Назарларына ұсынылған маргарин майларына таңдау жасау,дауыс беру
Нәтижесін қорытындылау.
V.Жаңа сабақты қорытындылау,оқушыларды бағалау
VІ.Үйге тапсырма беру.
Пән мұғалімі: Г.Каниева